Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 наурыздағы № 297 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 тамыздағы № 938 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.06.2014 № 696 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 297 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Осы Қағиданың 3-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарларға әрбір облыс, Астана және Алматы қалалары үшін тұқым мен көшеттің әрбір түрі бойынша Министрлік белгілеген квоталар шегінде жүгерінің, күнбағыстың және көшеттердің Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген сорттарының элиталық тұқымдары мен көшеттерін арзандатылған бағамен отандық тауар өндірушілерге нақты сатылған көлемі үшін төленеді.
      Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мақтаның элиталық тұқымының арзандатылған құны бойынша нақты сатылған көлемі үшін бюджеттік субсидиялар аттестатталған элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілерге төленеді.
      Элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер мақтаның, жүгерінің, күнбағыстың элиталық тұқымдарын және көшеттерді отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге Министрліктің бұйрығымен белгіленген шекті бағадан аспайтын баға бойынша сатады.
      10. Әрбір элиталық тұқымның түрі бойынша әрбір тұқымшарға және тұқым тұтынушыға, мақтаның, жүгерінің, күнбағыстың элиталық тұқымдары және көшеттің әрбір түрі бойынша әрбір элиттұқымшар және тұқым өткізуші үшін квоталарды белгіленген тәртіппен облыстардың жергілікті атқарушы органдары белгілейді.»;
      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бюджеттік субсидияларды төлеу сатып алынған тұқым үшін толық төлем жасаған сатып алушылармен қатар, сатып алынған тұқым үшін тұқымның нарықтық құнының елу пайызынан кем емес мөлшерде ішінара төлем жасаған сатып алушыларға да жүргізіледі.»;
      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Қағиданың 19-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың тізбесін;»;
      23-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың тексерілген тұқымның мөлшері мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы анықтамасының көшірмесін тапсырады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Арзандатылған құн бойынша сатылған мақтаның, жүгерінің және күнбағыстың элиталық тұқымдары мен көшеттерге (бұдан әрі – элиталық тұқымдар мен көшеттер) бюджеттік субсидиялар алу үшін:
      1) Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда, элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер ауданның жергілікті атқарушы органына лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым өткізушіге (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді;
      2) элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер ай сайын 1-күніне қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің мөлшері мен сапасы туралы ақпарат береді;
      3) элиттұқымшарлар мен тұқым өткізушілер элиталық тұқымдар мен көшеттерді сату фактісін растау үшін тиісті жылдың 20 маусымына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына:
      элиттұқымшар мен тұқым өткізуші нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
      элиталық тұқымдар мен көшеттерді өндіруге арналған бастапқы материалдың шығу тегін растайтын құжаттарды (сынақтан өткізу актісі және сынақтан өткізу туралы есепті, ал молықтыру питомниктерінің тұқымдары мен суперэлитаны сатып алған жағдайда – тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін) (тұқым өткізушілер - мақтаның элиталық тұқымдарының сорттық және егу сапасын растайтын құжаттарды (тұқым аттестатының көшірмесін));
      тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) саны мен сапасының стандарттардың талаптарына сәйкестігі туралы тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын;
      сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ көшеттерді тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін;
      элиттұқымшар (тұқым өткізуші) мен сатып алушының арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі туралы элиталық көшеттерді сатып алу-сату шартын ұсынады.
      Элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шарты төрт данада жасалады: біріншісі – элиттұқымшар (тұқым өткізуші) үшін, екіншісі – сатып алушы үшін, үшіншісі – ауданның жергілікті атқарушы органы үшін, төртіншісі – облыстың жергілікті атқарушы органы үшін.
      Химиялық әдіспен тазартылған мақтаның тұқымын отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арзандатылған құны бойынша сатқан элиттұқымшарлар бюджеттік субсидиялар алу үшін қосымша мақта тұқымын химиялық әдіспен өңдеуге арналған шарттардың көшірмелерін және химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін (тұқым өткізушілер - химиялық әдіспен тазарту бойынша орындалған жұмыстардың актісін) тапсырады;
      4) ауданның жергілікті атқарушы органы ұсынылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады және өзінің мөрімен куәландырады. Куәландырылған бастапқы төлем құжаттарының көшірмелері, элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің бір данасы және сатып алу-сату шартының бір данасы ауданның жергілікті атқарушы органында сақтауға тапсырылады;
      5) ауданның жергілікті атқарушы органы тиісті жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде облыстың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды:
      элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттер көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді;
      элиттұқымшар (тұқым өткізуші) мен сатып алушы арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымдар мен көшеттердің саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шартын;
      тексерілген тұқымның (көшеттерді қоспағанда) мөлшері мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқымдардың сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын тапсырады;
      6) облыстың жергілікті атқарушы органы:
      он бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді, облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөніндегі жиынтық актіні жасайды және бекітеді;
      облыс бойынша элиталық тұқымдар мен көшеттердің нақты сатылған көлемі жөнінде бекітілген жиынтық актілер бойынша, онда көрсетілген элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі мен бекітілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде тиесілі бюджет қаражатының көлемін анықтайды;
      әрбір элиттұқымшарға (тұқым өткізушіге) белгіленген квоталар шегінде осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттер құнын ішінара арзандатуға бюджеттік субсидиялар төлеуге арналған жиынтық ведомость жасайды;
      7) ұсынылып отырған элиталық тұқымдар мен көшеттерді сатып алу-сату шартының, элиттұқымшар (тұқым өткізуші) нақты сатқан элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық тізілімнің, облыс бойынша сатылған элиталық тұқымдар мен көшеттердің көлемі жөніндегі жиынтық актінің нысандарын Министрлік бекітеді.»;
      көрсетілген Қағидаға 9-қосымшадағы 2-бағанның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Элиттұқымшардың (тұқым өткізушінің) атауы».
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.06.2014 № 696 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов