Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 тамыздағы № 906 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының республикалық мемлекеттік кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорын) осы қаулының қосымшасына сәйкес қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы кәсіпорындарға және «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындар мен «Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының базалық дәріханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғыларына тиісті өзгерістерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) кәсіпорындардың мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. «Республикалық мемлекеттiк меншiктiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жалпымемлекеттiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы» деген бөлімде:
      реттiк нөмiрлерi 107, 108, 109, 114-1 және 114-2-жолдар алынып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Медициналық орталығы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 296, 297, 298, 299, 300-жолдармен толықтырылсын:
«296. «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы
      Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы»
      шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк
      кәсiпорны
297. «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы
      Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргiзу
      құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
298. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс басқармасы
      Медициналық орталығының «Қазiргi заманғы медициналық
      технологияларды енгiзу орталығы» шаруашылық жүргiзу
      құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
299. «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы
      Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық
      сараптама орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы
      республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
300. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы
      Медициналық орталығының базалық дәріханасы шаруашылық
      жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                             К. Мәсiмов

      Қазақстан Республикасы
      Үкiметiнiң    
      2011 жылғы 4 тамыздағы
      № 906 қаулысына 
      қосымша   

Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының қайта аталатын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесi 

      1. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.
      2. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.
      3. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Қазiргi заманғы медициналық технологияларды енгiзу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Медициналық орталығының «Қазiргi заманғы медициналық технологияларды енгiзу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.
      4. «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны «Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Медициналық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына.