Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
«Нысаналы индикаторлар» деген жолда:
бірінші бөліктегі:
жетінші, он екінші, он төртінші және он бесінші абзацтар алынып тасталсын;
бесінші абзацта «111» деген сандар «135» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген жолда:
«17,973,495», «23,249,269» деген сандар тиісінше «15,343,838», «24,532,181» деген сандармен ауыстырылсын;
«Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімнің «Саланың дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау» деген 3.5-кіші бөлімнің алтыншы бөлігі 1-тармағының 12) тармақшасы алынып тасталсын;
«Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
«Бағдарламаның мақсаты» деген 4.1-кіші бөлімнің 2) тармақшасындағы «IT» деген аббревиатура «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Нысаналы индикаторлар» деген 4.2-кіші бөлімде:
бірінші бөлікте:
6), 12), 13) және 14) тармақшалар алынып тасталсын;
4) тармақшада «111» деген сандар «135» деген сандармен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «IT» деген аббревиатура «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Бағдарламаның міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде:
«Ақпараттық-коммуникациялық инфроқұрылымды жаңғырту және дамыту» 4.3.1-тарауда:
«Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» деген кіші бөлімнің екінші бөлігінің 4) тармақшасы алынып тасталсын;
«Пошта саласын дамыту» деген кіші бөлімнің бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алынып тасталсын;
«Жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін дамыту» деген 4.3.5-тарауда:
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұдан басқа, АКТ саласында елдің зерттеу әлеуетін қалыптастыру және дамыту мақсатында бағдарламада шетелдік серіктестердің қатысуымен ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін қарастыру көзделген. Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құрудың АКТ бойынша ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелер, стандарттау және нормативтік құжаттамалар, сертификаттау және метрология, жобалау-консалтингтік және коммерциялық қызмет салаларындағы мәні зор»;
тоғызыншы бөлік «болып табылады.» деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, «Алатау» АТП АЭА базасында жоғарғы технологиялар саласындағы инвестициялық IT-жобаларды қаржыландыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдар шеңберінде болашағы бар IT-стартап зерттеулерді қолдау мен дамыту және оларды одан әрі нарыққа шығару үшін бизнес-платформаны құруға мүмкіндік беретін бизнес-инкубаторларды енгізу.»;
«Әрбір міндет бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 4.4-кіші бөлімде:
«Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту» міндеті» деген 1-тармақта:
«Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы» деген жолдың 4-бағанындағы «111» деген сандар «135» деген сандармен ауыстырылсын;
«Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік тұтынушыларының тығыздығы» деген жолда «тұтынушыларының» деген сөз «абоненттерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«
Интернет пайдаланушыларының тығыздығы |
100 тұрғын-ға |
33,9 |
44,5 |
Орта мерзімді |
Салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға дейін жеткізілген және Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуына ықпал ететін құқықтық негіз қалыптастырылған (үйлестірілген стандарттардың саны ақпараттық- коммуникациялық технологиялар стандарттарының жалпы санынан 76%) |
% |
76 |
Орта мерзімді |
»;
«БҚ-ны әзірлеу және ІТ-қызметтер секторын дамыту» деген 5-тармақта:
«ІТ-нарығының жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі» деген жол мынадай мазмұнда жазылсын:
«
Қазақстандық қамтудың ІТ-нарығының жалпы көлеміндегі үлесі |
млрд. тг |
6,3 |
55 |
Орта мерзімді |
»;
«Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
«17,973,495», «23,249,269» деген сандар тиісінше «15,343,838», «24,532,181» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
реттік нөмірі 40-жолдың төртінші абзацтың 4 және 5-бағандардағы «Әділетмині» деген сөз және «2010» деген сандар сәйкесінше «ІІМ» деген сөзбен және «2011» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 47-жолдың 7-бағанындағы «023» деген сандар «022» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 65, 69-жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 76-1-жолмен толықтырылсын:
«
76-1 |
Қазақстан Республикасының аумағында жаңа буын 4G ұялы байланысының стандартын енгізу |
БАМ-ға ақпарат |
«Қазақте-леком» АҚ (келісім бойынша) |
2013-2015 жылдар |
Байланыс операторы-ның меншікті қаражаты |
»;
реттік нөмірі 78-жолдың 6-бағанындағы «422 000*» деген сандар «420 400*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 79-жолдың 5-бағанындағы «2010-2011» деген сандар «2010-2012» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 88-жолдың 2-бағаны «Алатау» АТП АЭА базасындағы бизнес-инкубация» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 90-1, 90-2-жолдармен толықтырылсын:
«
90-1 |
Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін қарау |
БАМ-ға ақпарат |
«Зерде» АҚ (келісім бойынша) |
2011-2012 жылдар |
Қаржыландыруды қажет етпейді |
|
90-2 |
«Алатау» АТП АЭА аймағында АКТ-кластерінің құрылысы мәселесін қарау |
БАМ-ға ақпарат |
«Зерде» АҚ (келісім бойынша) |
2011-2012 жылдар |
Қаржыландыруды қажет етпейді |
»;
реттік нөмірі 92-жолдың 6-бағанындағы «352 000*» деген сандар «351 821*» деген сандармен ауыстырылсын:
реттік нөмірі 99-жолдың 2-бағанындағы ««Электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйесiн қолдану үшiн нормативтiк-анықтамалық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратының жіктеуішін өзекті ету және ұсыну жүйесі» ақпараттық жүйесін дамыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-бағанда:
реттік нөмірі 100-жолда «2010-778 000», «788 531*» деген сандар тиісінше «778 366*», «654 923*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 101-жолда «5 919 503*», «4 391 601*» деген сандар тиісінше «4 457 415*», «4 859 744*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 103-жолда «308 577*» деген сандар «275 577*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 112-жолда «1 239 860*» деген сандар «744 713*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 113-жолда «654 370*» деген сандар «592 154*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 116-жолда:
5-бағанда «2011-2013» деген сандар «2012-2013» деген сандармен ауыстырылсын;
6-бағанда «2011-10 000*» деген сандар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 120-жол мынадай мазмұнда жазылсын:
«
120. |
«Электрондық үкімет» шеңберінде заманауи ақпараттық технологиялардың базасында Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін (ББМЖ) құру |
Пайдалануға беру актісі |
МГМ |
2010-2012 жылдар |
ТЭН-ге*** сәйкес |
112 |
»;
6-бағанда:
реттік нөмірі 121-жолдағы «2 113 049*», «2 463 103*» деген сандар сәйкесінше «1 495 406*», «3 080 746*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 122-жолдағы «1 127 817» деген сандар «1 347 817» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 123-жолдағы «629 720*» деген сандар «732 954*» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 125-жолда:
6-бағанда:
«15 000*» деген сандар «9 850*» деген сандармен ауыстырылсын;
«2010-34 000» деген сандармен толықтырылсын;
7-баған «004» деген сандармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов