"Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 шілдедегі № 834 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.02.2013 № 101 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарламада:
      «Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Нысаналы индикаторлар» деген жолда:
      бірінші бөліктегі:
      жетінші, он екінші, он төртінші және он бесінші абзацтар алынып тасталсын;
      бесінші абзацта «111» деген сандар «135» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қаржыландыру көздері мен көлемдері» деген жолда:
      «17,973,495», «23,249,269» деген сандар тиісінше «15,343,838», «24,532,181» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ағымдағы жағдайды талдау» деген 3-бөлімнің «Саланың дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау» деген 3.5-кіші бөлімнің алтыншы бөлігі 1-тармағының 12) тармақшасы алынып тасталсын;
      «Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
      «Бағдарламаның мақсаты» деген 4.1-кіші бөлімнің 2) тармақшасындағы «IT» деген аббревиатура «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Нысаналы индикаторлар» деген 4.2-кіші бөлімде:
      бірінші бөлікте:
      6), 12), 13) және 14) тармақшалар алынып тасталсын;
      4) тармақшада «111» деген сандар «135» деген сандармен ауыстырылсын;
      екінші бөліктің бірінші абзацындағы «IT» деген аббревиатура «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаның міндеттері» деген 4.3-кіші бөлімде:
      «Ақпараттық-коммуникациялық инфроқұрылымды жаңғырту және дамыту» 4.3.1-тарауда:
      «Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту» деген кіші бөлімнің екінші бөлігінің 4) тармақшасы алынып тасталсын;
      «Пошта саласын дамыту» деген кіші бөлімнің бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алынып тасталсын;
      «Жоғары технологиялық жабдықтың отандық өндірісін дамыту» деген 4.3.5-тарауда:
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бұдан басқа, АКТ саласында елдің зерттеу әлеуетін қалыптастыру және дамыту мақсатында бағдарламада шетелдік серіктестердің қатысуымен ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін қарастыру көзделген. Қазақстан Республикасында ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құрудың АКТ бойынша ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелер, стандарттау және нормативтік құжаттамалар, сертификаттау және метрология, жобалау-консалтингтік және коммерциялық қызмет салаларындағы мәні зор»;
      тоғызыншы бөлік «болып табылады.» деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      «Бұл ретте, «Алатау» АТП АЭА базасында жоғарғы технологиялар саласындағы инвестициялық IT-жобаларды қаржыландыру жөніндегі мамандандырылған ұйымдар шеңберінде болашағы бар IT-стартап зерттеулерді қолдау мен дамыту және оларды одан әрі нарыққа шығару үшін бизнес-платформаны құруға мүмкіндік беретін бизнес-инкубаторларды енгізу.»;
      «Әрбір міндет бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 4.4-кіші бөлімде:
      «Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту» міндеті» деген 1-тармақта:
      «Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы» деген жолдың 4-бағанындағы «111» деген сандар «135» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділік тұтынушыларының тығыздығы» деген жолда «тұтынушыларының» деген сөз «абоненттерінің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

Интернет пайдаланушыларының тығыздығы

100 тұрғын-ға

33,9

44,5

Орта мерзімді

Салалық стандарттау деңгейі халықаралық нормаларға дейін жеткізілген және Қазақстан Республикасында АКТ-ның дамуына ықпал ететін құқықтық негіз қалыптастырылған (үйлестірілген стандарттардың саны ақпараттық- коммуникациялық технологиялар стандарттарының жалпы санынан 76%)

%


76

Орта

мерзімді

»;

      «БҚ-ны әзірлеу және ІТ-қызметтер секторын дамыту» деген 5-тармақта:
      «ІТ-нарығының жалпы көлеміндегі қазақстандық қамтудың үлесі» деген жол мынадай мазмұнда жазылсын:

«

Қазақстандық қамтудың ІТ-нарығының жалпы көлеміндегі үлесі

млрд. тг

6,3

55

Орта мерзімді

»;

      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
      «17,973,495», «23,249,269» деген сандар тиісінше «15,343,838», «24,532,181» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамытудың 2010 - 2014 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірі 40-жолдың төртінші абзацтың 4 және 5-бағандардағы «Әділетмині» деген сөз және «2010» деген сандар сәйкесінше «ІІМ» деген сөзбен және «2011» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 47-жолдың 7-бағанындағы «023» деген сандар «022» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 65, 69-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 76-1-жолмен толықтырылсын:

«

76-1

Қазақстан Республикасының аумағында жаңа буын 4G ұялы байланысының стандартын енгізу

БАМ-ға ақпарат

«Қазақте-леком» АҚ (келісім бойынша)

2013-2015 жылдар

Байланыс операторы-ның меншікті қаражаты


»;

      реттік нөмірі 78-жолдың 6-бағанындағы «422 000*» деген сандар «420 400*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 79-жолдың 5-бағанындағы «2010-2011» деген сандар «2010-2012» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 88-жолдың 2-бағаны «Алатау» АТП АЭА базасындағы бизнес-инкубация» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 90-1, 90-2-жолдармен толықтырылсын:

«

90-1

Ақпараттық технологиялардың ғылыми-зерттеу институтын құру мәселесін қарау

БАМ-ға ақпарат

«Зерде» АҚ (келісім бойынша)

2011-2012 жылдар

Қаржыландыруды қажет етпейді


90-2

«Алатау» АТП АЭА аймағында АКТ-кластерінің құрылысы мәселесін қарау

БАМ-ға ақпарат

«Зерде» АҚ (келісім бойынша)

2011-2012 жылдар

Қаржыландыруды қажет етпейді


»;

      реттік нөмірі 92-жолдың 6-бағанындағы «352 000*» деген сандар «351 821*» деген сандармен ауыстырылсын:
      реттік нөмірі 99-жолдың 2-бағанындағы ««Электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйесiн қолдану үшiн нормативтiк-анықтамалық ақпараттың бiрыңғай жүйесiн әзiрлеу» деген сөздер «Қазақстан Республикасының бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратының жіктеуішін өзекті ету және ұсыну жүйесі» ақпараттық жүйесін дамыту» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-бағанда:
      реттік нөмірі 100-жолда «2010-778 000», «788 531*» деген сандар тиісінше «778 366*», «654 923*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 101-жолда «5 919 503*», «4 391 601*» деген сандар тиісінше «4 457 415*», «4 859 744*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 103-жолда «308 577*» деген сандар «275 577*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 112-жолда «1 239 860*» деген сандар «744 713*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 113-жолда «654 370*» деген сандар «592 154*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 116-жолда:
      5-бағанда «2011-2013» деген сандар «2012-2013» деген сандармен ауыстырылсын;
      6-бағанда «2011-10 000*» деген сандар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 120-жол мынадай мазмұнда жазылсын:

«

120.

«Электрондық үкімет» шеңберінде заманауи ақпараттық технологиялардың базасында Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін (ББМЖ) құру

Пайдалануға беру актісі

МГМ

2010-2012 жылдар

ТЭН-ге*** сәйкес

112

»;

      6-бағанда:
      реттік нөмірі 121-жолдағы «2 113 049*», «2 463 103*» деген сандар сәйкесінше «1 495 406*», «3 080 746*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 122-жолдағы «1 127 817» деген сандар «1 347 817» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 123-жолдағы «629 720*» деген сандар «732 954*» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 125-жолда:
      6-бағанда:
      «15 000*» деген сандар «9 850*» деген сандармен ауыстырылсын;
      «2010-34 000» деген сандармен толықтырылсын;
      7-баған «004» деген сандармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов