Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 18 шілдедегі
№ 819 қаулысымен  
бекітілген  

Микрокредиттік ұйымдарға және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы ұйымдарына беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттарын айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;
      2) уәкілетті өңірлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық басқарушы холдинг және акциясының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым;
      3) микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер;
      4) микрокредиттік ұйым – "Микрокредиттік ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы № 392 Заңында айқындалған тәртіппен микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
      5) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;
      6) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      7) өңірлік комиссия – Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар жергілікті атқарушы орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;
      8) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалау палатасының бірінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
      9) тіркеуші органдар – кепілдік мүлікке Кепіл шартын және/немесе құқық белгілейтін құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуге уәкілетті органдар;
      10) кредиттік ресурстар – қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушының сыйақы төлеуімен, уәкілетті өңірлік ұйым МҚҰ-ға белгілі бір кезеңге беретін ақшалай қаражат;
      11) кредит бойынша сыйақы ставкасы – берілген кредиттік ресурстарға кредит сомасында пайызбен көрсетіліп белгіленген төлем мөлшері;
      12) МКҰ үшін соңғы қарыз алушы – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар және заңды тұлға болып табылмайтын ауылдық кәсіпкерлер;
      13) КС үшін соңғы қарыз алушы - ауылдық кәсіпкерлердің, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтардың қатарынан оған қатысушылар;
      14) қарыз алушы – Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру жөніндегі конкурста жеңген МҚҰ;
      15) техникалық сарапшылар – микроқаржы ұйымдары ұсынатын қызметтердің конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкестігі туралы сараптау қорытындысын әзірлеуге қатысу үшін тартылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып белгіленген сараптау комиссиясы.
      3. Республикалық бюджеттен облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарға қайтарымдылық, жеделділік және ақылылық қағидаттарында 0,01% жылдық сыйақы ставкасымен бюджеттік кредит беріледі.
      4. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды және 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес онымен келісім жасайды.
      Мыналар үшін:
      1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін жылдық сыйақы ставкасы 0,01% мөлшерінде белгіленеді;
      2) басқа заңды тұлғалар үшін жылдық сыйақы ставкасы айналыс мерзімі бюджеттік кредит мерзіміне сәйкес келетін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленеді.
      5. Уәкілетті өңірлік ұйым осы Қағидада белгіленген шарттарда МҚҰ-ға конкурстық негізде кредиттік ресурстар ұсынады.
      6. МҚҰ кредит беруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті өңірлік ұйым:
      1) конкурсқа қатысатын МҚҰ-ға қойылатын талаптарды, оларға кредиттік ресурстар беру және соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын айқындайды;
      2) өтініштерді бағалау және МҚҰ-ды іріктеу арқылы конкурс өткізеді;
      3) МҚҰ-ға кредиттік ресурстарды беруді қамтамасыз етеді;
      4) кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

2. Микроқаржы ұйымдарына кредит беру шарттары

      7. МҚҰ-ға кредиттік ресурстар жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.
      МҚҰ-ға кредит беру шарттары:
      1) кейіннен соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін МҚҰ-ның айналым қаражатын толықтыруды;
      2) кредиттік ресурстарды игеру мерзімі – бес айға дейін;
      3) кредит беру мерзімі – бес жылдан аспайды;
      4) уәкілетті өңірлік ұйымның МҚҰ үшін ұсынатын кредиті бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттік ресурстар бойынша сыйақы ставкасына және оның кредит беруді ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай, бірақ уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттік ресурстар бойынша сыйақы ставкасының үстінен 1%-дан асырмай белгіленеді.
      МҚҰ үшін қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым беретін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы өңірлік комиссиямен келісім бойынша белгіленеді.
      5) негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді көздейді.
      8. Кредиттік ресурстар:
      1) кредиттік серіктестіктерге КС барлық мүшелерінің немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарына жауап беретін үшінші тұлғалардың кепілдіктерінің негізінде кепілсіз;
      2) микрокредиттік ұйымға міндетті кепілдік қамтамасыз ету негізінде беріледі. Бұл орайда бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.
      МКҰ-ны кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы Қағидаға 2-қосымшада көрсетілген.
      9. МКҰ-ның кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық негізде белгілеген бағалаушы жүргізуге тиіс.
      10. МҚҰ соңғы қарыз алушыларға мынадай шарттарда микрокредиттер береді:
      1) кредит осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы бекіткен өңірдегі кәсіпкерлікті (сауда саласын қоспағанда) дамытудың басым бағыттарына сәйкес келетін жеке істі ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі;
      2) кредит беру мерзімі – бес жылдан аспайды;
      3) кредиттің ең жоғары сомасы 3 млн. теңгеден аспайды;
      4) соңғы қарыз алушы үшін кредит бойынша жылдық ең жоғары тиімді сыйақы ставкасының мөлшерін өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді.
      Кредиттік ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиімді сыйақы ставкасының мәні кәсіпкерлік қызмет түріне байланысты саралануы мүмкін;
      5) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспауға тиіс;
      6) соңғы қарыз алушылардың кредиттік ресурстарды қамтамасыз етуі МҚҰ ішкі кредиттік саясатына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Микрокредиттер соңғы қарыз алушыларға тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға, сондай-ақ "Жеке кәсіпкерлік туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағында белгіленген кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға берілмейді.
      12. МҚҰ-на қойылатын біліктілік талаптары осы Қағидаға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтиды.
      13. МҚҰ-ға іріктеу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады:
      1) МКҰ үшін:
      берілген микрокредиттердің саны;
      ұсынылған микрокредиттердің орташа мөлшері;
      өзіндік капиталдың мөлшері;
      портфель қатері;
      соңғы қарыз алушыға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасы;
      ауыл тұрғындарына микрокредит беру саласында жұмыс тәжірибесі және кредит беру нарығында кәсіби біліктілігі;
      2) КС үшін:
      өзіндік капиталдың мөлшері;
      соңғы қарыз алушыға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасы;
      кредит беру нарығында қызметкерлердің кәсіби біліктілігі.
      Іріктеу өлшемдерін бағалау балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. МҚҰ іріктеу өлшемдерінің мәні осы Қағидаға 4-қосымшада берілген.

2. Микроқаржы ұйымдарын кейіннен кредит беру үшін іріктеу жөнінде конкурс өткізу

      14. Уәкілетті өңірлік ұйым осы Қағидаға 5678910111213-қосымшаларға сәйкес:
      1) лоттардың атауы мен саны көрсетілген қызметтердің тізбесін;
      2) техникалық ерекшелікті;
      3) конкурсқа қатысуға өтінім нысанын;
      4) біліктілік туралы мәліметтер нысанын;
      5) бағалар кестесінің нысанын;
      6) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысанын (банк кепілдігі);
      7) кредит беру туралы шарттың жобасын;
      8) кепіл шартының жобасын;
      9) кредиттік портфельдің құрылымы туралы ақпараттың нысанын қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.
      15. Уәкілетті өңірлік ұйым жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өңірлердегі Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы өкілдерінің, уәкілетті өңірлік ұйымның және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің қатарынан конкурстық комиссияны қалыптастырады.
      16. Конкурстық комиссия конкурс комиссиясы мүшелерінің тақ санынан тұрады және кемінде бес адамды қамтуға тиіс.
      Конкурс комиссиясының құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурс комиссиясының мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
      17. Конкурс комиссиясының төрағасы уәкілетті өңірлік ұйымның басшысы не оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысын жоспарлайтын және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын басшының орынбасарынан төмен емес адам болып табылады.
      18. Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Комиссия мүшесінің өзінің дауысын комиссияның басқа мүшесіне беруіне болмайды. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы комиссия отырысына қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.
      19. Конкурстық комиссияның хатшысы уәкілетті өңірлік ұйымның конкурсты ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты қызметкері болып табылады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды.
      20. Конкурстық комиссияның хатшысы МҚҰ-ға конкурстық құжаттаманы ұсынады, олардан конкурстық өтінімі бар конверттерді қабылдайды, конкурстық комиссияның конверттерін ашу бойынша конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін отырыс хаттамаларын ресімдейді; келіп түскен конкурстық өтінімдерді және конкурстық өтінімдері бар конверттерді МҚҰ беру уақыты мен күні және МҚҰ уәкілетті өкілінің (конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсынған және конкурсқа қатысатын адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген МҚҰ-ды тіркеу журналын жүргізеді.
      21. Конкурстық құжаттама уәкілетті өңірлік ұйым белгілеген, бірақ бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын төлемге ақылы негізде ұсынылады, және оны уәкілетті өңірлік ұйым конкурс өткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
      22. Конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі оны ашқан күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күнге белгіленеді.
      23. Жарамдылық мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімнен анағұрлым қысқа конкурстық өтінімнен бас тартылады.
      24. МҚҰ дайындаған конкурстық өтiнiм, сондай-ақ конкурстық өтiнiмге қатысты барлық хат-хабар мен құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерінде жасалып, ұсынылады. МҚҰ ұсынып отырған iлеспе құжаттама мен баспа әдебиет, оларға нақты, нотариалды куәландырған мемлекеттік немесе орыс тілінде аудармасы қоса берілген жағдайда, басқа тiлде жасалуы мүмкiн және бұл жағдайда конкурстық өтiнiмдi дұрыс пайымдау мақсатында, мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жазылған құжаттар басымдыққа ие болады.
      25. Конкурстық өтiнiмдi МҚҰ тiгiлген түрде, беттерiн нөмiрлеп ұсынады және соңғы бетiне қолы қойылған болады және мөрмен куәландырылады. Банктiк кепiлдеменiң түпнұсқасы конкурстық өтiнiмге бөлек тiркеледi.
      26. Конкурстық өтiнiм басылуға немесе өшпейтiн сиямен жазылуға және оған МҚҰ басшысы қол қоюға тиiс.
      27. Уәкілетті өңірлік ұйым (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдердің ешқайсысын ашпайды және оларды табыс еткен әлеуетті қатысушыларға қайтарады.
      28. МҚҰ өзiнің конкурстық өтiнiмiн кепілдікті қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмдерiн өзгертуге немесе керi қайтаруға құқығы бар.
      29. Кері қайтарып алу туралы хабарлама МҚҰ-ға жазбаша нысанда, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірмей жіберілуге тиіс.
      30. Осы Қағиданың 28-тармағында көзделген конкурстық өтінімді өзгертуді МҚҰ дайындауға, оған мөр басуға тиіс және ол конкурстық өтінім сияқты ұсынылуға тиіс.
      31. Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдерге өзгерiс енгiзуге жол берілмейді.
      32. МҚҰ конкурстық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру туралы жазбаша сұрай жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінім ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмеуі керек. Уәкілетті өңірлік ұйым сұрау тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұраудың кімнен келіп түскенін көрсетпей, мұндай түсініктемелерді конкурстық құжаттаманы берген барлық МҚҰ-ға хабарлайды.
      33. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің жеке бастамасымен не конкурстық құжаттаманы алған МҚҰ өкілдерінің сұрауына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгеріс енгізуге құқылы.
      34. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттаманы алған МҚҰ өкілдерімен кездесу өткiзуге құқылы. Мұндай кездесудің хаттамасы тез арада конкурстық комиссияға және барлық әлеуетті қарыз алушыларға жiберiледi.
      35. Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң келесі күні конкурсқа қатысушылардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланады.
      36. Конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалуға тиіс. Әрбір лот бойынша барлық қажетті құжаттарымен екі МҚҰ-дан кем өтінім берілген жағдайда конкурс өткізілмеген болып есептеледі.
      37. Егер конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi санының болмауы себебiнен конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы белгiленген күн мен уақытында өтпеген жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi және жарияланған мерзiмнен 24 сағаттан кешiктiрмей, конверттердi ашуды өткізу күнi мен уақыты туралы жариялайды. Бұл ретте жаңадан берiлген өтiнiмдер қабылданбайды.
      38. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді барлық келген қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
      Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан кезде қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы МҚҰ-ның атауы мен мекенжайын, соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасын көрсете отырып, олар сұратқан қарыз сомасын, егер олар құжат жүзінде көрсетсе, конкурстық өтінімнің кері қайтарып алынуын және өзгертілуін, осы Қағидаға 14-қосымшаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты жариялайды.
      39. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындысын шығарады.
      40. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi олардың толық болуына қарай зерделейді, сондай-ақ жалпы конкурстық өтінімдердің ресімделуінің дұрыстығын тексереді.
      41. Конкурстық комиссия осы Қағиданың 40-тармағында айтылған сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда конкурстық өтiнiмнен бас тартады.
      42. Конкурстық өтiнiм Конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермейді деп белгiленiп, конкурстық комиссия одан бас тартқан жағдайда, кейiн оны белгіленген талаптарға сәйкес деп тануға болмайды.
      43. Конкурстық өтінім сәйкес болған жағдайда конкурстық комиссияның мүшелері балдық жүйе бойынша бағаланатын осы Қағидаға 4-қосымшада көзделген өлшемдер негізінде МҚҰ-ны іріктеуді жүзеге асырады. Конкурстық комиссия балдарды есептеу арқылы МКҰ мен КС қатарынан кредиттік ресурстарды алуға әлеуетті үміткерлердің тізімін айқындайды. Ең жоғары балл жинаған МКҰ мен КС жеңген болып есептеледі.
      44. Қажет болған жағдайда заңнамаға сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым техникалық сарапшылардан тұратын сараптау комиссиясын құра алады.
      45. Техникалық сарапшылар (сараптау комиссиясы) үш жұмыс күні ішінде МҚҰ ұсынған қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде сараптамалық қорытынды бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде олардың дауыс беруге құқығы болмайды.
      46. Техникалық сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау кезiнде, ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған жағдайда ғана ескерiледi.
      47. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған техникалық сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және ол конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.
      48. Конкурсқа қатысушы МҚҰ-ның конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының нәтижелері бойынша:
      1) Төраға, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары конкурстық өтінімдерді бағалау және салыстырып қарау күні:
      конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:
      конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға өткізілген конкурс нәтижесін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;
      конкурс жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;
      конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкілетті өкілдеріне өткізілген конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін ұсыну күні, уақыты және орны туралы ақпаратты береді;
      2) конкурстық комиссияның хатшысы:
      конкурсқа қатысушы МҚҰ-ның конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс қорытындысы туралы хаттама жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы өзінің қол қоюын және әрбір бетін дәйектеуін қамтамасыз етеді;
      конкурсқа қатысушы кез келген МҚҰ-ның талап етуі бойынша (ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген) мұндай жазбаша сұрауды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті өкілдерге өткізілген конкурс қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жіберуді не ұсынуды ұйымдастырады.
      Өткізілген конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.
      49. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол жазбаша жазылуға және конкурстық комиссияның отырысы хаттамасына қоса берілуге тиіс. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі өндірістік немесе басқа да себептер бойынша болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хаттамаларында оның болмауының себебі және осы фактіні растайтын қағаз құжатқа сілтеме көрсетіледі.
      50. Жеңімпаздарды бекіткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы бұқаралық ақпараттық құралдарына конкурс қорытындысын жариялау мәселесі жөнінде хабарландыру беруге бастамашы болады.
      51. Егер конкурс жеңімпазы үш жұмыс күні ішінде тиісті шарттарға қол қоймаса немесе берілген кепілдікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, уәкілетті өңірлік ұйым МҚҰ-мен (конкурсты жеңген) кепілдікті қамтамасыз ету құнына сәйкес тиісті кредиттік ресурстар беруге немесе жеңімпаздан кейінгі ең көп балл жинаған конкурстың басқа қатысушысымен шарт жасауға құқығы бар.
      52. Кредиттік серіктестікке кредиттік ресурстар төленген жарғы капиталдың көлеміне байланысты (жарғы капиталының 1 бірлігіне кредиттің 10 бірлігінен асырмай) беріледі.

4. Микроқаржы ұйымдарына кредит беру тәртібі

      53. МҚҰ-ға кредит беру жөніндегі өткізілген конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті өңірлік ұйым мен МКҰ және/немесе КС (конкурсты жеңген) арасында:
      кредит ұсыну шарттары, соңғы қарыз алушыға микрокредит беру шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленген кредит беру туралы шарт;
      кепіл беруші мен кепіл ұстаушының өтініштері мен кепілдіктері, кепіл заттан өндіріп алу және тараптардың жауапкершілігі көзделген кепіл шарты жасалады.
      54. Кредиттік ресурс беру ақша аудару арқылы ғана жүзеге асырылады.
      55. Төлемдерді өтеу кестесі кредиттік ресурстарды берген күні дайындалады және ресімделеді.
      56. Кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың түпнұсқаларын қарыз алушы уәкілетті өңірлік ұйымға қабылдау-тапсыру актісі бойынша жібереді.
      57. Барлық құжаттар, хат алмасу, шоттардан үзінді-көшірмелер, төлем тапсырмалары, МҚҰ-мен келіссөздердің актілері олардың кредиттік досьесіне тігіледі.

5. Кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізу

      58. Кредиттік ресурстарды бергеннен кейін уәкілетті өңірлік ұйым кредиттік ресурстар беру шартына сәйкес мониторингтің жасалған актілерін міндетті түрде қоса отырып мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Кредиттік ресурстар мақсатсыз пайдаланылған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым кредит беру және кепіл туралы шарттарда көзделген қаржы санкциялары шараларын қолданады.
      59. Кредиттік ресурстар толық өтелген кезде уәкілетті өңірлік ұйым кепіл мүлігін есептен шығаруға өкімді және құжаттарды дайындайды және ауыртпалықты алып тастау үшін тіркеуші уәкілетті органға басшының қолы қойылған хат жібереді.
      60. Уәкілетті өңірлік ұйым қабылдау-тапсыру актісінің негізінде қарыз алушыға құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары мен хат жібереді.

Микрокредиттік ұйымдар мен    
кредиттік серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру қағидасына  
1-қосымша            

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының екінші бағыты шеңберіндегі жобаларға кредит беру туралы келісім

      _________қ. 20___ж. "___"__________

      "_________________" (толық атауы) мемлекеттік мекемесі 20__ ж. "___" ______ _________ сенімхат негізінде жұмыс істейтін бұдан әрі "ЖАО" деп аталатын "_____________________" ММ-нің (толық атауы) бастығы ________________ (Т. А. Ә.), атынан бұдан әрі "Уәкілетті өңірлік ұйым" деп аталатын екінші тараптан Жарғы негізінде жұмыс істейтін "______________________" АҚ (толық атауы) басшысы ____________ (лауазымы) ___________________ (Т. А. Ә.) атынан Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру мақсатында бірлесіп "Тараптар" деп, әрқайсысы жеке "Тарап", не жоғарыда көрсетілгендей аталатындар өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы осы келісімде төмендегілер туралы келісті.
      Осы Келісімде мынадай негізгі түсініктер қолданылады:
      жергілікті жұмыспен қамту органдары – Бағдарлама аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу функцияларын іске асырушы жергілікті атқарушы органдардың аудандық (қалалық) Жұмыспен қамту орталықтары;
      Бағдарлама операторы - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіретін орталық атқарушы орган;
      микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі - МҚҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметті жүзеге асыратын микрокредиттік ұйымдар және кредиттік серіктестіктер;
      микрокредиттік ұйым (бұдан әрі - МКҰ) – "Микрокредиттік ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға;
      кредиттік серіктестік (бұдан әрі - КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар өз қатысушыларының кредиттерге және басқа қаржылық, соның iшiнде банктiк қызмет көрсетуге деген қажеттерiн олардың ақшаларын жинақтау жолымен және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да көздер есебiнен қанағаттандыру үшiн құрған заңды тұлға;
      өңірлік комиссия – Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар жергілікті атқарушы орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;
      соңғы қарыз алушы – МҚҰ-мен кредит беру туралы шарт жасаған ауылдық кәсіпкерлер, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар, кредиттік серіктестіктердің мүшелері (ауылдық кәсіпкерлердің, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтардың қатарынан);
      адамдар – Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және оралмандар;
      өңір – облыс (республикалық маңызы бар қала, астана).

2. Келісім мәні

      1. Осы Келісім ЖАО мен уәкілетті өңірлік ұйым арасындағы өзара іс-әрекет тәртібін, осы Келісімнің 1-қосымшасына сәйкес ауылда кәсіпкерліктің басым бағыттарының тізбесін, Соңғы қарыз алушылар жобаларын іріктеу және бекіту тәртібін, сондай-ақ өңірде Бағдарламаны іске асыруға қатысты өзге де маңызды шарттарды бекітеді.
      2. Тараптардың келісімі бойынша Бағдарлама бойынша өңірге қаржыландыру көлемі мынадай мөлшерде белгіленді:
      1) ЖАО қаражатынан – ____ млн. теңге;
      2) уәкілетті өңірлік ұйымның қаражатынан (микрокредит беруге тиісті құқықтары болған жағдайда) – ____ млн. теңге;

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      1. Жергілікті атқарушы орган:
      1) соңғы қарыз алушыларға (Бағдарламаға қатысушыларға) кредит беру үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлуге;
      2) уәкілетті өңірлік ұйымды белгілеуге және онымен кредиттік ресурстар беру туралы шарт жасауға;
      3) осы Келісімнен туындайтын өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      2. Жергілікті атқарушы орган:
      1) микрокредит алуға МҚҰ үміткерлерінің (соңғы қарыз алушының) тізімін ұсынуға;
      2) МҚҰ мен соңғы қарыз алушыларға кредиттік ресурстар беру шарттарын келісу үшін өңірлік комиссияға шығаруға;
      3) ішкі рәсімдерге және уәкілетті өңірлік ұйым мен МҚҰ кредиттік процесіне араласпау қағидатын сақтауға;
      4) кредиттік шартқа сәйкес уәкілетті өңірлік ұйымның кредиттік ресурстарын игеру және мақсатты пайдалану мониторингін жүргізуге;
      5) уәкілетті өңірлік ұйымның сұрауы бойынша осы Келісімнің орындалуымен байланысты ақпарат беруге;
      6) Осы Келісімнен туындайтын өзге де міндеттемелерді мойнына алуға міндеттенеді.
      3. Уәкілетті өңірлік ұйым:
      1) өңірлік комиссияның келісімі бойынша МҚҰ мен соңғы қарыз алушыларға кредиттік ресурстар беру шарттарын белгілеуге;
      2) кредиттік ресурстар беру жөнінде конкурс өткізуге және МҚҰ-ны өз бетінше белгілеуге;
      3) ЖАО-ға кәсіпкерлік негіздеріне үйретуді талап ететін үміткерлердің тізімін жіберуге;
      4) ЖАО-дың сұрауы бойынша осы Келісімнің орындалуымен байланысты ақпаратты беруге;
      5) МҚҰ кредит беру механизмдерін және қағидасын жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізуге;
      6) осы Келісімнен туындайтын өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
      4. Уәкілетті өңірлік ұйым:
      1) ЖАО-дан алынған кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
      2) кейіннен өңірде соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін конкурстық негізде МҚҰ-ға кредиттік ресурстар беруге;
      3) кредиттік шартқа сәйкес МҚҰ-ның кредиттік ресурстарды игеру және мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізуге;
      4) осы Келісімнен туындайтын өзге де міндеттерді мойнына алуға міндеттенеді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      Осы Келісімде тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

5. Құпиялылық

      1. Тараптар осы Келісім шарттарына қатысты ақпарат, қаржылық, коммерциялық және өзге де Келісім жасау және орындау барысында алынған ақпараттың құпия болып табылатыны және Келісімде және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жариялауға жатпайтынымен келіседі.
      2. Бағдарламаны іске асыру туралы осы Келісімнің 2 - қосымшасына сәйкес есеп беру шеңберінде ЖАО уәкілетті өңірлік ұйымға, уәкілетті өңірлік ұйымның акционеріне және де өзге мемлекеттік органдарға осы Келісімді жасауға және орындауға қатысты ақпарат беруге құқық береді.

6. Дауларды шешу

      1. Келісімге байланысты және одан туындайтын барлық даулар мен таластар Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
      2. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және реттеледі.

7. Қорытынды ережелер

      1. Келісімнің ережелерін өзгертуге және/немесе толықтыруға болады. Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың келісімі бойынша жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың өкілетті өкілдері қол қойған өзгерістер мен толықтырулар ғана Тараптар үшін жарамды және міндетті болып танылады.
      2. Осы Келісім Тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей 2 (екі) данада жасалды, олардың әрқайсысының тең заңдық күші бар.
      3. Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар Келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданыста болады.
      4. Тараптар Келісімге қол қойылғаннан кейін барлық алдыңғы талқылаулар, ұсынымдар, сондай-ақ хаттар заңдық күшін жоғалтатынына және Келісім мәтініне ауыстырылатынына келіседі.
      5. Келісімде көзделмеген барлық өзге жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

8. Тараптардың мекенжайы, банк
деректемелері және қолдары

     ЖАО атауы

     МҚҰ атауы

"___________________" мемлекеттік
мекемесі
Мекенжайы:___________________
СТН __________________________
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Қазынашылық комитеті ММ
БИК ____________
IBAN ______________
БСН _________________

____ "_________________________"

Мекенжайы: _____________________
СТН _____________________________
Банк: "___________________"

БИК: _______________
IBAN: (шот нөмірі) _______________

"_________________________" ММ
бастығы

Басшы "________________________"

(Т.А.Ә.)

(Т.А.Ә.)

Тараптардың қолдары





Жұмыспен қамту 2020   
бағдарламасының екінші бағыты 
шеңберіндегі жобаларға кредит
беру туралы келісімге  
1-қосымша        

Экономика салалары бөлінісінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының үлгілік тізбесі*1

ЭҚЖЖ коды

Атауы

Агроөнеркәсіптік кешен

01

Өсімдік өсіру және мал шаруашылығы, аң аулау және 01.11 Дәнді дақылдарды өсіруді қоспағанда, осы салаларда қызмет көрсету

02

Орман шаруашылығы және ағаш дайындау

10

Азық-түлік тағамдары өндірісі

11.06

Мия өндірісі

11.07

Минералды сулар мен басқа да алкогольсіз сусын өндірісі

Жеңіл өнеркәсіп

13

Тоқыма бұйымдар өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Тері және соған жататын өнім өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдары өндірісі; сабаннан жасалған бұйымдар және тоқуға арналған материалдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдері өндірісі

Құрылыс материалдарының өндірісі

23

Құрылыс материалдарының өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату


Туризм

55

Тұруды ұйымдастыру қызметтері

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, мұрағаттар, мұражайлар мен басқа да мәдени қызмет көрсету мекемелерінің қызметі

93.1

Спорт саласындағы қызмет

Өзге де қызметтер көрсету

95

Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу




Тараптардың қолтаңбалары



______________________
"Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚРЗ 6-бабының 4-тармағында белгіленген кәсіпкерлік қызмет түрлерін қоспағанда

Өңірлердегі   
жобаларды қаржыландыру
туралы келісімге 
2-қосымша     

________________әкімдігіне

Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру туралы есеп

Соңғы қарыз алушының атауы

Жобаның атауы

МҚҰ атауы

Қарызға берілетін қаражаттың нысаналы мақсаты (әрбір қарыз қаражаты бағытының атауы және сомасы көрсетіледі)

Кредит берген күні

Кредит беру мерзімі, айлар

Кредит сомасы, теңге

Кредит бойынша сыйақы ставкасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Барлығы:




Кестенің жалғасы

Іске асырылатын орын (аудан, қала)

Экономика саласы

Жобаны іске асыру есебінен құрылатын жаңа жұмыс орындары

күні

күні

Конкурс комиссиясының хаттамасы

Кредит беру туралы шарттар

10

11

12

13

14

15

16








Лауазымды тұлға ____________________ ТАӘ
                      қолы, мөр

Жауапты қызметкер ____________________ ТАӘ
                          қолы

Микрокредиттік ұйымдар мен      
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына 
2-қосымша        

Микроқаржы ұйымдарының кепілдікті қамтамасыз етуіне қойылатын талаптар

Кепіл беруші


Қамтамасыз ету түрі

Міндеттемелердің орындалу деңгейі

Қамтамасыздандырылу коэффициенті (кепілдікті қамтамасыз ету құнына сыйақы сомасын ескере отырып кредиттік ресурстар сомасының арақатынасы)

I және II топтарды қосқанда кепіл құрылымындағы үлесі

кемінде (ең төмен үлесті шектеу),%

асырмай (ең жоғары үлесті шектеу),%

1. Қарыз алушы (заңды тұлға);
 
 
 
 
 
 

2. Кез келген үшінші тұлға (заңды не жеке тұлға)

I топ

ақшалай қаражат (депозит, кепілдікке берілген ақша)

сұратылып отырған қарыздың барлық сомасына міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қабылдауға болады

1:1

50%

шектеусіз

жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-жайлар, пәтерлер және т.б.)

1:1,3

50%

шектеусіз

жылжымалы мүлік (автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы, автожол техникасы және т.б.)

1:2

шектеусіз

60%

II топ

жер учаскесі немесе жерді пайдалану құқықтары (дәнді дақылдарды, көкөніс және т.б. (жайылым жерлерді қоспағанда) өсіруге арналған жер учаскелері. Жерді пайдалану мерзімі кредит беру мерзімінен кемінде 3 (үш) жылға артық болуы керек

І топты қосқанда міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қабылдауға болады


шектеусіз

40%

өсімдік өсіру өнімдері (астық)


шектеусіз

35%

ауыл шаруашылығы малдары (жылқы, түйе, ірі қара мал)


шектеусіз

35%

Микрокредиттік ұйымдар мен     
кредиттік серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру қағидасына 
3-қосымша         

Микроқаржы ұйымдарына қойылатын біліктілік талаптары

Р/с

Талаптардың атауы

Микроқаржы ұйымдары

МКҰ

КС

1

2

3

4

1

Заңды мәртебесі

ҚР заңнамасына сәйкес МКҰ

ҚР заңнамасына сәйкес КС

2

Нарықтағы микрокредит беру қызметін көрсету жөніндегі үздіксіз қызметті жүзеге асыру мерзімі

кемінде 3 ай (мерзім бірінші кредит берген күннен бастап белгіленеді


-

3

Бюджет немесе ЕДБ алдында берешектің болуы немесе болмауы

мерзімі өткен берешектің болмауы:
- өтініш берген күннен алдыңғы соңғы 3 (үш) айда бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша;
- ЕДБ мен басқа да қаржы институттарының алдында соңғы есепті күнге (өтініш берген ағымдағы ай)

мерзімі өткен берешектің болмауы:
- өтініш берген күннен алдыңғы соңғы 3 (үш) айда бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша;
- ЕДБ мен басқа да қаржы институттарының алдында соңғы есепті күнге (өтініш берген ағымдағы ай)

4

Қызметкерлердің біліктілігі

біліктілігі туралы мәліметтер

біліктілігі туралы мәліметтер


6

Кредиттік операцияларды есепке алу жөнінде автоматтандырылған жүйенің болуы

МКҰ кредиттік портфелін есепке алу ААЖ-ның болуы және жұмыс істеуі. ААЖ мынадай талаптарды қолдап отыруға тиіс: өтінімдер мен кредиттік досьенің есебін жүргізу, қарыз/кепіл/кепілдік шарттарын жүргізу, кредиттерді өтеу кестелерін қалыптастыру (қолмен, не автоматты түрде), кредиттік портфель және барлық берілген кредиттер жөнінде ақпарат беру

құпталатын талаптар: МКҰ кредиттік портфелін есепке алу ААЖ-ның болуы және жұмыс істеуі. ААЖ мынадай талаптарды қолдап отыруға тиіс: өтінімдер мен кредиттік досьенің есебін жүргізу, қарыз/кепіл/кепілдік шарттарын жүргізу, кредиттерді өтеу кестелерін қалыптастыру (қолмен, не автоматты түрде), кредиттік портфель және барлық берілген кредиттер жөнінде ақпарат беру


7

Белсенді несие портфелінің болуы(активтердің жалпы көлеміне қарағанда өтелмеген кредиттердің ара салмағы)

жалпы активтің кемінде 50 %



8

Кеңсенің болуы

МКҰ-ның жеке кеңселік үй-жайы не кеңсені жалға алу шарты болуы керек (кеңсені жалға алу мерзімі 1 жылдан асқан жағдайда, мұндай шарт тиісті уәкілетті органда тіркелген болуы керек)

заңды мекенжайдың болуы


9

Ішкі нормативтік құжаттардың міндетті түрде болуы

микрокредиттер беру қағидасы және/немесе кредиттік саясат туралы ереже

кредиттік серіктестіктің ақшаларын орналастыру тәртібі және есеп саясатының қағидасы


10

МКҰ өңірлерде (облыс, аудан) филиалдық желісінің немесе өкілдігінің болуы

құпталатын талаптар


-

Микрокредиттік ұйымдар мен      
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына   
4-қосымша            

1. МКҰ үшін іріктеу өлшемдері және балл берудің ұсынылатын шәкілі

Р/с

Іріктеу өлшемдері

Көрсеткіштің мағынасы

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

6 балл

7 балл

8 балл

9 балл

10 балл

1

Берілген микрокредиттердің саны (бірлік)
(мағынасы жоғары болған сайын, балы көп)

65-ге дейін

65-те н 130-ғ а дейін

130-д ан 195-к е дейін

195-те н 260-қа дейін

260-т ан 325-к е дейін

325-т ен 390-ғ дейін

390- нан 455- ке дейі н

455-т ен 520-ғ а дейін

520-д ан 585-к е дейін

585-т ен жоғар ы

2

Берілген микрокредиттердің орташа мөлшері (мың теңгемен)
(мағынасы төмен болған сайын, балы көп)

3 001-д ен жоғар ы

2501- ден 3 000-ғ а дейін

2 001-ден 2 500-г дейін

1 601-де н 2 000-ға дейін

1 201-д ен 1 600-г е дейін

801-д ен 1 200 ге дейін

401-ден 800-ге дейін

201-д ен 400-г дейін

101-ден 200-ге дейін

100-ге дейін

3

Өзіңдік капиталдың активтерге қатынасы (%-бен)
(қатынасы жоғары болған сайын, балы көп)

15

17

19

21

23

25

27

29

32

35

4

Портфель қатері (%-бен)
(негізгі қарыз бойынша 30 күнінен асатын ағымдағы мерзімі өткен берешекпен микрокередиттер сомасының МКҰ жалпы несие портфеліне ара қатынасы)
(мағынасы жоғарылаған сайын, балы төмен)

18,1- ден 20-ға дейін

16,1- ден 18-ге дейін

14,1- ден 16-ға дейін

12,1-ден 14-ке дейін

10,1- ден 12-ге дейін

8,1-д ен 10-ға

6,1-ден 8-ге дейін

4,1-д ен 6-ға дейін

2-ден 4-ке дейін

2-ге дейін

5

Конкурстық құжаттамада көзделген соңғы қарыз алушы үшін ең жоғары тиімді жылдық сыйақы ставкасы(%-бен),
(белгіленген ставкадан мағынасы төмендеген сайын, балы жоғары)

Конкурстық құжаттамада белгіленген

0,2% аз

0,4%аз

0,6%аз

0,8%аз

1%аз

1,2%аз

1,4%аз

1,6%аз

1,8% аз және одан артық

6

Кредит беру нарығындағы ауыл халқына микрокредит беру саласында жұмыс тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі(ай бойынша) МКҰ қызметінің мерзімі көбейген сайын балы жоғары)

6

10

16

22

30

37

42

48

54

60

2. КС үшін іріктеу өлшемдері мен балл беру үшін ұсынылатын шәкіл

р/с №

Іріктеу өлшемдері


көрсеткіш мәні

1 балл

2 балл

3 балл

4 балл

5 балл

6 балл

7 балл

8 балл

9 балл

10 балл

1

Өзіндік капитал мөлшері (мың теңге)
(көп болған сайын балл да жоғары)

100

101- ден 150- ге дейін

151- ден 300- ге дейі н

301-д ен 450-г е дейін

451-д ен 600-г е дейін

601- ден 750- ге дейін

751-д ен 900-г дейін

901-ден 1050-ге дейін

1 051- ден 1 300- ге дейін

1 501-ден жоғары

2

Соңғы қарыз алушы үшін конкурстық құжаттамада көзделген ең жоғары тиімді жылдық сыйақы ставкасы (%-бен)
(белгіленген ставкадан мәні аз болған сайын балл да жоғары )

Конк урстық құжа ттамада белг ілен ген

0,2% аз

0,4% аз

0,6% аз

0,8% аз

1% аз

1,2% аз

1,4% аз

1,6% аз

1,8% аз және одан жоғары

3

Ауылды елді мекендерге микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесі мен кредит беру нарығындағы кәсіби біліктілігі (аймен)
(МКҰ қызмет мерзімі үлкен болған сайын балл да жоғары)

6-ға дейі н

6-дан 8-ге дейі н

8-де н 10-ғ дейі н

10-на н 12-гедейін

12-де н 14-ке дейін

14-т ен 16-ғ а дейі н

16-да н 18-ге дейін

18-де н 20-ға дейін

20-д ан 22-г е дейі н

22-де н 24-ке дейін

Микрокредиттік ұйымдар мен      
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына 
5-қосымша         

Микроқаржы ұйымдарына кредит беру конкурсы жөніндегі қызметтер тізбесі

Конкурсты ұйымдастырушының атауы -
____________________________________________________________________
      уәкілетті өңірлік ұйымның толық атауы)

Р/с №

Лот атауы

Лот сомасы, теңгемен



















Микрокредиттік ұйымдар мен     
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына 
6-қосымша         

Микроқаржы ұйымдарына кредит беру конкурсы бойынша техникалық ерекшелік

Конкурсты ұйымдастырушының атауы -_____________________________
                           (уәкілетті өңірлік ұйымның толық атауы)

МҚҰ кредит беру шарттары:

Р/с №

Әлеуетті қарыз алушы

Микроқаржылық ұйымдар

Микрокредиттік ұйым(толық атауы)

Кредиттік ұйым (толық атауы)

1

Кредит мақсаты

ауылдық кәсіпкерлерге, өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздарға және табысы аз азаматтарға микрокредиттер беру үшін МКҰ айналым қаражатын толықтыру

өз бетінше жұмыспен айналысушыларға, жұмыссыздарға және табысы аз азаматтар қатарынан КС мүшелеріне микрокредиттер беру үшін КС айналым қаражатын толықтыру

2

Кредит беру мерзімі

60 айға дейін

60 айға дейін

3

Сыйақы ставкасы

__ % (ҚР ҚМ эмитеттеген МБҚ орташа табыстылығы)

__ % (ҚР ҚМ эмитеттеген МБҚ орташа табыстылығы)

4

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең

жеңілдік мерзімінің ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауы қажет

жеңілдік мерзімінің ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауы қажет

5

Валюта

теңге

теңге

6

Негізгі қарызды өтеу кезеңділігі

төлемдердің бекітілген кестесі бойынша

төлемдердің бекітілген кестесі бойынша

7

Кредиттік қаражатты игеру мерзімі

5 айға дейін (2011 жылы)

5 айға дейін (2011 жылы)

8

Қайтарымдылығы

100%

100%

9

Кредитті қамтамасыз ету

міндетті түрде кепіл беру

КС барлық мүшелерінің кепілдік беруі (алып жатқан кредит үшін КС мүшелерінің жауапкершілігі)

МҚҰ соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттары

Р/с №

Шарттардың атауы

Жергілікті атқарушы органдар қоятын шарттар

МКҰ конкурстық негізде кредит беру кезінде

кредиттік серіктестіктерге кредит беру кезінде

1

2

3

4

1

Соңғы қарыз алушы

ауылдық кәсіпкерлер, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар

өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар қатарындағы кредиттік серіктестік мүшелері

2

Соңғы қарыз алушылардың кредит алу шарты

бір соңғы қарыз алушы бір қарыз алады

бір соңғы қарыз алушы бір қарыз алады

3

Бір соңғы қарыз алушыға микрокредит беру сомасы

3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейін

3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейін

4

Соңғы қарыз алушының микрокредитті мақсатты пайдалануы

өңірде кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары аясында, сауданы қоса алғанда жеке ісін ұйымдастыру ("Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚРЗ 6-бабы 4-тармағында белгіленген кәсіпкерлік қызмет түрін қоспағанда)

өңірде кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары аясында, сауданы қоса алғанда жеке ісін ұйымдастыру ("Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚРЗ 6-бабы 4-тармағында белгіленген кәсіпкерлік қызмет түрін қоспағанда)

5

Соңғы қарыз алушыға қарыз беру мерзімі

60 (алпыс) айға дейін

60 (алпыс) айға дейін

6

Соңғы қарыз алушы үшін ең жоғары жылдық сыйақы ставкасы

__ % (жергілікті атқарушы органдар белгілейді)

__ % (жергілікті атқарушы органдар белгілейді)

7

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең

__ай (кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бір бөлігі)

__ ай (кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бір бөлігі)

8

Кредит беру тәсімі

кредитті траншпен беру мүмкіндігі

кредитті траншпен беру мүмкіндігі

9

Кредитті қамтамасыз ету

МКҰ ішкі кредиттік саясатына сәйкес

КС ішкі кредиттік саясатына сәйкес

      Қолы ____________________
      м.о.

      Лауазымы ________________ _____________________________
                                         ( Тегі, А.Ә.)

Микрокредиттік ұйымдар мен     
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына 
7-қосымша          

(Кімнен) _______________________
(қатысушының атауы)

20__ж. "_____"________

Конкурсқа қатысуға өтінім

      Микрокредиттік ұйымдар арасында қарыз алу құқығына ашық конкурс өткізу жөніндегі конкурстық құжаттаманы қарап, конкурстық құжаттамаға сәйкес жалпы сомасы (санмен және жазумен).____, (қатысушының атауы) мынадай лоттар бойынша әлеуетті қарыз алушы ретінде: (лот нөмірін және облыстың және ауданның атауын көрсету керек), қарастыруды сұраймыз.
      Біз өзіміздің конкурстық өтініміміз ұтты деп танылған жағдайда, қарыз алған күннен бастап (бес айдан асырмай) ай ішінде кредиттік қаражатты игеруге және 100 % қайтаруды қамтамасыз етуге міндеттенеміз.
      Біз Сіздердің конкурстық құжаттамада жазылған кредитті ресімдеу шарттарымен келісеміз. Мынадай баламалы шарттарды: (егер баламалы шарттар болатын болса, солар тізбеленеді) немесе басқа да шарттарды ұсынамыз (көрсету керек:_____________________________________), бұл ретте (пайыз түрінде, жазумен көрсету керек) мөлшерде соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасы бойынша жеңілдік береміз.
      Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап(60 күннен кем емес) күн ішінде жарамды болады.
      Кредиттік тарих бойынша ақпаратты кредиттік бюроға беруге және кредиттік есеп беруге келісімімізді растаймыз.

___________________                  ____________________________
      Қолы)                         (Лауазымы, тегі, А.Ә.)
                                                М. О.

Ескерту:
Конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай жазулар, сызулар немесе қосып жазулар болмауға тиіс. Конвертте әлеуетті өнім берушінің (конкурстық өтінім: қабылданбаған, жеңген болып есептелмесе немесе "кешіккен" болып жарияланған жағдайда, конкурстық өтінімді қайтару мақсатында) атауы, мекен-жайы және телефоны көрсетілуге тиіс.

Микрокредиттік ұйымдар мен      
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына   
8-қосымша           

Біліктілігі туралы мәліметтер

      1. Қатысушының атауы___________________________________________
      Тіркелген жері: _______________________________________________
      Қызметінің мекенжайы және негізгі орны:________________________
      2. Соңғы екі жыл ішінде берілген кредиттердің жыл сайынғы көлемі, теңгемен:
_________________________________________________________________

      3. Сипаты бойынша ұқсас соңғы жыл ішінде берілген микрокредит. Сомасы мың теңгемен көрсетіледі

Атауы

Қарыз алушылардың саны

Микрокредит сомасы










4. Қатысушы ұйымының негізгі лауазымдағы қызметкерлерінің біліктілігі мен тәжірибесі.

Лауазымы*

Т. А. Ә.

Білімі

ЖОО, диплом бойынша мамандығы

Жалпы жұмыс тәжірибесі (жыл)

Қарыз беруші ретінде жұмыс тәжірибесі (жыл)

Директор






Бас бухгалтер






Кредиттік офицер






Кредиттік инспектор






Заңгер






      *Қатысушы ұйымның штаттық кестесіне сәйкес лауазымын көрсетеді

      5. Соңғы екі жыл ішінде жасалған шарттар бойынша қатысушының міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін соттың жауапкершілікке тартуы туралы мәліметтер.

Тексеріп қараудың басқа да жақтары

Даудың нысаны

Сот өткізілген мерзімдер

Сот шешімінің № мен күні













      6. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Басқа да заңды және жеке тұлғалардың ұсыным хаттарын, пікірлерін (бар болса) көрсетіп, қоса беру керек.
___________________________________________________________________      Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын және толықтығын растаймын.

      Қолы ____________________
                          м.о.

      Лауазымы____________________ ____________________________
                                                  Т. А. Ә.)

Микрокредиттік ұйымдар мен  
кредиттік серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру қағидасына
9-қосымша         

Қатысушының конкурстық өтінімі бағалар кестесі
_________________________________________
(қатысушының атауы)
№ __ лот
(әрбір лотқа жеке толтырылады)


Атауы

1. Қысқаша сипаттамасы (лот атауы)


2. Өлшем бірлігі

теңге

3. Қарыз (лот) сомасы


4. Соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасы


      Қарыз шарттары: Біз конкурстық құжаттамада көзделген базалық кредит шарттарымен келісеміз. Мынадай балама шарттарды ұсынамыз:(егер болса шарттары көрсетіледі).

      Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінім салынған конверттерді ашқан күннен бастап (60 күннен кем емес) күн ішінде (толық жазу) жарамды.

_____________               ________________________________________
    (Қолы)                        (Лауазымы, тегі, А.Ә.)

М. О.

Микрокредиттік ұйымдар мен   
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына  
10-қосымша        

Конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны
(банк кепілдігі)

      Кепіл:_________________________________________________________
      Тұратын орны:
      Деректемелері:

      Кімге:_________________________________________________________
      Тұратын орны:
      Деректемелері:

№______ кепілдік міндеттеме

      
      (орналасқан жері)                           «____»__________ж.

      Біз       (қатысушының атауы) микрокредиттік ұйымдар арасында ______________________________ ұйымдастырған кредиттік ресурстар алуға конкурсқа қатысатындығынан және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына қатысушыларға кейіннен микрокредиттер беру үшін (лот атауы) жалпы сомасы (сома сандармен және жазумен) теңгеге кредит алуға дайын екендігінен хабардармыз. Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада банк кепілдігі түрінде конкурстық өтінімді қ амтамасыз етуді енгізу көзделген.
      Осыған байланысты біз (Банк атауы) Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды және Қатысушы:
      конкурстық өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді
      қайтарып алғандығын немесе өзгерткенін;
      белгіленген мерзімде шартқа қол қоймағаны туралы жазбаша растауыңызды алғаннан кейін Сізге Сіздің талабыңыз бойынша (санмен жә не жазумен) теңгеге тең соманы қайтарып алусыз төлеу міндеттемесін өзімізге аламыз.
      Осы кепілдік міндеттеме конкурс өтінімдерін ашқан күннен бастап күшіне енеді.
      Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап 60 (алпыс) күн ішінде қолданылады және егер Сізді жазбаша талабыңызды біз 20 ж. ____ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толы және автоматты түрде күшін жояды.
      Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      Кепілгердің қолы мен мөрі                 Күні мен мекенжайы

Микрокредиттік ұйымдар мен     
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына 
11-қосымша          

№_____ кредит беру туралы шарт
(конкурстық өтінім бойынша)

20_ ж. "___" _______

      Конкурс ұйымдастырушысы (бұдан әрі – Кредит беруші): Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын Уәкілетті өңірлік ұйым (толық атауы) _______________________ атынан бір жағынан және
      Конкурс жеңімпазы (бұдан әрі - Қарыз алушы): Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын "_________(толық атауы)" "Микрокредиттік ұйым (кредиттік серіктестік)" ______________________ атынан екінші жағынан төмендегi туралы шарт жасасты.

Осы Шартта қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

Кредитор

Уәкілетті өңірлік ұйым (толық атауы)
Мекенжайы:___________, БСК, СТН, ЖСК

Қарыз алушы

ЖШС__________(толық атауы)
Мекенжайы:_____________, ағымдағы шоты (бар болса)
БСК, СТН, ЖСК

Кепіл беруші:

ЖШС (АҚ)
Мекенжайы:
БСК, СТН, ЖСК немесе
Қазақстан Республикасының азаматы
Жеке куәлігінің №_____ ҚР ІІМ (Әділетмині)
"__" ____ ______ ж. берген. Мекенжайы:____________
Ағымдағы шоты (бар болса) СТН, ЖСК

Кепіл туралы шарт

Кредит беруші мен кепіл берушінің арасында 20__ ж. "__" ____ жасалған №___кепіл шарты

1. Шарттың мәні

      1.1. Осы Шартқа сәйкес Кредитор Қарыз алушыға осы Шарттың 3.1-тармағында көзделген шарттарды сақтай отырып, соңғы қарыз алушыға микрокредит беру үшін 20__ жылғы "___" _____ дейінгі мерзімге _________ (_________) теңге сомаға кредит береді.
      1.2. Жылдық тиімді сыйақы ставкасы Шарт жасау күніне жылдық _____ % -н құрайды.
      1.3. Кредит қайтарымдылық, қамтамасыздық, жеделділік және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.
      1.4. Қарыз алушының осы Шарттағы міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету:
      1. (қамтамасыз ету түрлері көрсетіледі) болып табылады.
      Мүлік құны ______ (________) теңге сомада белгіленді.

2. Кредит беру шарттары

      2.1. Кепіл шартын жасағаннан және мемлекеттік тіркегеннен кейін, Кредитор Қарыз алушыға осы Шарттың 1.1-тармағында белгіленген мөлшерде оның шарттарына сәйкес кредиттік ресурстар береді.
      2.2. Сыйақы сомасы Қарыз алушының кредитті пайдаланған нақты уақыты үшін кредит бойынша негізгі берешектің қалдығына есептеледі. Сыйақы есептеу үшін жылдағы 360 күн және айдағы 30 күн не толық емес айда өткен күндердің нақты саны есепке алынады.
      2.3. Сыйақы төлемін Қарыз алушы осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын төлемдер кестесіне (төлем кестесі осы шартқа қоса берілуге тиіс) сәйкес тоқсан сайын жүргізеді. Сыйақының соңғы төлемі кредит мерзімінің соңында негізгі берешек сомасы өтелгенде бір уақытта жүргізіледі.
      2.4. Негізгі берешекті өтеу күні және оларға есептелген сыйақы күні жұмыс күніне тура келмесе (демалыс, ресми мерекелер), өтеу күні келесі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады. Кредит беру және толық көлемде қайтару күні бір күн бұрын қабылданады, бұл ретте бір жыл 360 күнге, бір ай 30 күнге тең қабылданады.
      2.5. Қарыз алушы кредитті, осы Шарттың талаптарын бұзғаны үшін есептелген сыйақыны қайтару жөніндегі берешекті және айып төлемін (айыппұл, өсімақы) өтеген кезде, Кредитор берешекті өтеуге ақшаны мынадай кезектілікте жібереді:
      салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баж);
      айыппұлдар;
      сыйақы және негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен берешек үшін есептелген өсімақы;
      мерзімі өткен сыйақы;
      мерзімі өткен негізгі қарыз;
      кредитті пайдаланғаны үшін сыйақы;
      Негізгі қарыз.
      2.6. Қарыз алушының кредитті мерзімінен бұрын ішінара өтеу туралы жазбаша хабарламасының негізінде, Кредит беруші мерзімінен бұрын ішінара өтеуді жүзеге асырады, Қарыз берушімен кредит бойынша кезекті төлемді енгізген күннен кешіктірмей келешектегі төлемдер үшін негіз болып табылатын төлемдердің Жаңа кестесін жасайды және қол қояды. Күні кейінірек қойылған кесте төлемдер үшін негіз болып табылады, осы Шартқа Қосымша ретінде қосылады және жаңа кестеге қол қойылған күннен бастап күшін жоятын алдыңғы кестенің орнын басады.
      2.7. Осы Шарт бойынша кредитті мерзімінен бұрын ішінара немесе толық өтеуге Қарыз алушы Кредиторға үш банктік күн бұрын жазбаша хабарлаған жағдайда жол беріледі, бұл ретте сыйақыны қайта есептеу негізгі қарыз және ол бойынша сыйақы біржолғы өтелген жағдайда осы Шартқа қоса берілген Төлемдер кестесіне сәйкес кредит бойынша ай сайынғы/тоқсан сайынғы жарналардың кемінде ________________ пайызы сомасында жүргізіледі.
      2.8. Қарыз алушының кредитті мерзімінен бұрын ішінара өтеуі туралы жазбаша хабарламасының негізінде және Қарыз алушының ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың берілген сомасы жеткілікті болғанда, Кредитор мерзімінен бұрын өтеуді жүргізеді, Қарыз алушымен кредит бойынша кезекті төлем енгізген күннен кешіктірмей, келешектегі төлемдер үшін негіз болып табылатын жаңа Төлемдер кестесін жасайды және қол қояды. Күні кейінірек қойылған кесте төлемдер үшін негіз болып табылады, осы Шартқа Қосымша ретінде қосылады және жаңа кестеге қол қойылған күннен бастап күшін жоятын алдыңғы кестенің орнын басады.
      2.9. Тараптар мерзімінен бұрын ішінара өтеу кезінде осы Шартқа қосымша келісімді ресімдеу кредит берудің бастапқы параметрлері (қарызды пайдалану мерзімі, сыйақы ставкасы, қарыз валютасы, қамсыздандыру түрі) сақталған жағдайда талап етілмейтіндігімен келіседі.

3. Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру шарттары

      3.1. Соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

Соңғы қарыз алушы

МКҰ үшін: ауылдық кәсіпкерлер, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз азаматтар;
КС үшін: кредиттік серіктестік мүшелері

Бір соңғы қарыз алушыға микрокредит сомасы

3 000 000 теңгеге дейін

Микрокредиттің мақсатты пайдаланылуы

өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың негізгі бағыттары аясында жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту

Кредит беру мерзімі

60 (алпыс) айға дейін

Микрокредит бойынша ең жоғары тиімді сыйақы ставкасы

___ %
(уәкілетті өңірлік ұйым айқындайды)

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең

__ ай (кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен асырмай)

Кредит беру тәсімі

(траншпен беруге болады)

Кредитпен қамтамасыз ету

(кепіл құны немесе КС мүшелерінің кепілдігі)

4. Кредит беруден немесе алудан бас тарту

      4.1. Кредитор Қарыз алушыға берілетін сома мерзімінде қайтарылмайтыны туралы айқын куәландыратын мән-жайлар, сондай-ақ Қарыз алушы бюджет, екінші деңгейдегі банктер, үшінші тұлғалардың алдында мерзімі өткен және кепілдік міндеттемелері және берілген қаржылық есептіліктің және конкурс өтінімін берген кезде өзге де мәліметтердің дұрыс еместігі туралы фактілер анықталған, сондай-ақ уәкілетті органда Кепіл шарттарын тіркемеген жағдайда Қарыз алушыға кредит беруден бас тартуға құқығы бар.
      4.2. Қарыз алушы Кредиторға жазбаша хабарлай отырып, кредит алудан толық немесе ішінара бас тартуға құқығы бар.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5.1. Кредитор:
      5.1.1. Он күндік мерзімде Қарыз алушының мекенжайына Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің шешімдеріне негізделген өзгерістерге байланысты бір жақты тәртіппен енгізілген осы Шарт талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жазбаша түрде жіберуге міндеттенеді.
      5.2. Кредит беруші:
      5.2.1. Алдын-ала хабарламай-ақ Қарыз алушының ағымдағы қаржылық жағдайына тексерулер жүргізуге және сол туралы қажетті мәліметтерді алуға;
      5.2.2. Қарыз алушыны ескертпей-ақ кредиттің мақсатты пайдаланылуын тексеруге құқығы бар. Мақсатты пайдаланбаған жағдайда кредитті және мақсатты пайдаланбау фактісі анықталған сәттен бастап осы Шарттың 6.1-тармағына сәйкес айыппұл санкцияларын есептей отырып, пайдаланған нақты уақытта есептелген сыйақыны мерзімінен бұрын қайтаруға;
      5.2.3. Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің шешімдеріне негізделген өзгерістермен байланысты Қарыз алушыға осы Шарттың 5.1.1-тармағында белгіленген мерзімде хабарлама бере отырып, осы Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге;
      5.2.4. Осы Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда Қарыз алушының банктегі кез келген ағымдағы шотынан берешекті акцепсіз есептен шығаруға (шотты тікелей дебеттеу);
      5.2.5. Біржақты тәртіппен Қарыз алушы осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда осы Шартты бұзуға құқылы.
      5.3. Қарыз алушы:
      5.3.1. Берілген нысаналы мақсаттағы кредитті осы Шарттың 1,1 және 3.1-тармақтарына сәйкес пайдалануға және 100% (жүз пайыздық) қайтарымдылықты қамтамасыз етуге міндеттенеді. Кредит алған күннен бастап 5 (бес) ай ішінде кредиттің мақсатты пайдаланылуын растайтын құжаттар беруге міндеттенеді. Кредитті мақсатты пайдалану жөнінде растайтын құжаттарды Шартта көрсетілген мерзімде бермеген жағдайда, қарызды мақсатсыз пайдаланған болып есептеледі.
      5.3.2. Берілген кредитті оны алған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде игеруге.
      5.3.3. Кредиторға осы Шарттың орындалу шеңберінде ол жазбаша сұратқан кез келген ақпаратты беруге.
      5.3.4. Кредиттің мақсатсыз пайдаланғаны анықталған жағдайда Кредитордың бірінші жазбаша талабы бойынша кредиттің мақсатсыз пайдаланған сомасын және мақсатсыз пайдаланғаны үшін есептелген айыппұл санкцияларын қайтаруды жүзеге асыруға;
      5.3.5. Кредиторға есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей шаруашылық-қаржылық қызмет туралы тоқсан сайын есеп беруге.
      5.3.6. Кредиторға оның ағымдағы шотына ақша аудару арқылы осы Шартта және төлемдер кестесінде белгіленген мерзімде негізгі қарыз және олар бойынша сыйақы сомаларын уақытылы өтеуге.
      5.3.7. Кемінде бір ай бұрын кредиторды өзінің болатын немесе болжанатын таратылуы/қайта құрылуы, өз құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу не мекенжайының, банк деректемелерінің, қосымша кредиттік қаражат тарту, кепілдік міндеттемелер беру және де басқа осы Шартқа сәйкес Кредит берушінің алдындағы қабылданған міндеттемелердің орындалуына ықпал ететін өзгерістер туралы хабардар етуге;
      5.3.8. Кредит берушінің уәкілетті өкілдеріне кез келген уақытта шаруашылық-қаржылық қызметіне тексеру жүргізуге кедергі жасамауға, барлық қажетті құжаттарды беруге, кеңсе мен өндірістік үй-жайға кіруді қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      5.3.9. Қарыз алушы осы Шарттың талаптарын орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Қарыз алушы:
      Кредитордың алдында меншік құқығында оған тиесілі өзінің барлық мүлкімен, шоттағы теңге және шетелдік валютадағы ақшаларымен жауап береді;
      Кредиторға екінші деңгейде қызмет көрсететін кез келген банктің теңгемен және шетелдік валютамен өз шоттарындағы ақшаларды акцепсіз шығару құқығын кері қайтарусыз және шартсыз беруге;
      Кредиторға екінші деңгейдегі кез келген банктен ашылған банк шоттарын блоктау құқығын беруге.
      5.3.10. соңғы қарыз берушілерге конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкес, жеңген лотқа қатаң сәйкестікте, сондай-ақ осы Шарттың 3.1-тармағына сәйкес кредит беруді жүзеге асыруға міндеттенеді.
      5.3.11. Осы Шарт бойынша қамтамасыз ететін кепілдің туындауын, өзгертуді және тоқтатуды тіркеу жөніндегі барлық шығыстарды Қарыз алушы көтереді.
      5.4. Қарыз алушы:
      5.4.1. Кредитордан осы Шартта жазылған сомада, мерзімде және шарттарда кредит беруді талап етуге;
      5.4.2. Кредиторға мерзімінен бұрын:
      Кредиторға алдын-ала жазбаша хабарламадан кейін үш банк күні үшін кредиттің ішінара сомасын;
      Кредиторға алдын-ала жазбаша хабарламадан кейін үш банк күні үшін кредитті пайдаланған кезеңге есептелген сыйақымен кредиттің толық сомасын өтеуге құқылы.

6. Жауапкершілік

      6.1. Кредитті мақсатсыз пайдаланған жағдайлар анықталған кезде, Қарыз алушы кредитті мақсатсыз пайдаланған сомасының __% мөлшерінде айыппұл төлейді және Кредит беруші үш күндік мерзімде мақсатсыз пайдаланған сомасын мерзімінен бұрын қайтарады.
      6.2. Осы Шарт бойынша төлемдердің мерзімі өткен жағдайда (сыйақы және негізгі қарыз) Қарыз алушы осы Шарттың 1.2-тармағында көзделген, оның ішінде кепілге берілген мүлікті сату уақытында екі еселенген сыйақы ставкасы бойынша төлейді.
      6.3. Кредит қаражаты осы Шарттың 5.3.2-тармақшаларында көрсетілген мерзімде толық игерілмеген жағдайда, Қарыз алушы игерілмеген соманың __% (__ пайызы) мөлшерінде айыппұл төлейді және Кредиторға кредиттің игерілмеген сомасын қайтарады.
      6.4. Осы Шарттың 5.3.3., 5.3.5., 5.3.7., 5.3.8-т. уақытылы орындамаған жағдайда Қарыз алушы кредит сомасының ___ % (__ пайызы) мөлшерінде айыппұл төлейді.
      6.5. Кредитор осы Шарттың орындалу барысында алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға жауапты болады.
      6.6. Қарыз алушыға басқа да жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
      6.7. Кредитордың қалауы бойынша айыппұл санкцияларын төлеу Қарыз алушыны міндеттемелерін орындаудан және бұзушылықтарды жоюдан босатпайды.
      6.8. Айыппұл санкцияларын төлеу Қарыз алушы Кредитордың жазбаша талаптарын алған сәттен бастап екі күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
      6.9. Кредитор өз таңдауы бойынша осы Шарттың кез келген міндеттемелерін Қарыз алушы бұзған жағдайда біржақты тәртіппен осы Шартты бұзуға құқылы. Кредитор Қарыз алушыға осы Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберген күні Шарттың бұзылған күні болып табылады.
      6.10. Қарыз алушы осы Шарттың талаптарына сәйкес міндеттемелерін орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Кредитордың алдында жауапты болады.

7. Микрокредитті және микрокредит бойынша сыйақыларды мерзімінен бұрын қайтару жағдайлары

      7.1. Кредитор Шарттан біржақты бас тарту және кредит сомасын есептелген сыйақысымен және өзге де осы Шартқа сәйкес Қарыз алушыдан тиесілі өзге де сомаларды толық көлемде өтеуге беру арқылы осы Шарттың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатуына, сондай-ақ Кредиторға кепілге берілген мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттан тыс тәртіппен, сондай-ақ Кепіл туралы шартқа сәйкес мынадай жағдайларда:
      осы Шарттың және/немесе Кепіл туралы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда;
      Қарыз алушы төлем кестесін және 1.1., 1.2., 2.3-т-да жазылған шарттарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда;
      Қарыз алушының кредит бойынша кезекті төлемді өтеуі үшін қаражаты болмаған және олардың түсуіне перспектива болмаған кезде;
      Қарыз берушінің/Кепіл берушінің мүлкіне және оның шотын пайдалануға тыйым салынғанда (немесе осындай нақты қауіп болса);
      егер Қарыз алушының осы Шарт бойынша мерзімі өткен міндеттемелері болса;
      кепілге берілген мүлікті мемлекеттік қажеттілік үшін алып қою (сатып алу) ұйғарылған болса;
      Қарыз алушының/Кепіл берушілердің мүлкіне және/немесе кез келген банктердегі банк шоттарына (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда және өзге де кредиттік ұйымдарда) қолдануға тыйым салынған немесе өндіріп алу жарияланған болса;
      кепіл туралы шарт бойынша кепілге берілген мүліктің құрамындағы кез келген өзгерістер мүлік туралы, оның нашарлауы және/немесе жоғалту немесе ондай мүліктің нашарлауы және/немесе жоғалту қаупі туындаған кезде;
      егер сотта Қарыз алушының/Кепіл берушінің қатысуымен осы Шарттың және/немесе Кепіл туралы шарттың жарамдылығын дауласу туралы тексеру жүргізіліп жатса;
      Кредит берушінің негізделген пікірі бойынша Қарыз алушының төлеу қабілеттілігіне олар осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне теріс ықпал ететін өзге де жағдайларда қайтаруына болады.

8. Форс-мажорлық мән-жайлар

      8.1. Тікелей немесе жанама табиғи апаттардың туындауынан пайда болған еңсерілмейтін күш жағдайлары (су тасқыны, жер сілкінісі, эпидемия), әскери қақтығыстар, әскери төңкерістер, террористік актілер, азаматтық толқулар, ереуілдер, ұйғарымдар, бұйрықтар немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің тарапынан әкімшілік араласуы немесе осы Шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерін орындауына ықпал ететін әкімшілік немесе үкіметтік шектеулер, қандай да бір басқа да қаулылар, немесе өзге де тараптардың белгілі бір бақылауынан тыс мән-жайлар туындаған жағдайда, бұл міндеттемелердің орындалу мерзімдері, егер Шарттың барлық немесе басқа да еңсерілмейтін күш жағдайлары туындағаннан кейін орындауға жататын оның бөлігінің орындалуына елеулі түрде ықпал ететін болса, бұл оқиғалар болып жатқан уақытқа шамалап шегеріледі.
      8.2. Аталған бөлімде көзделген Шартты орындауға кедергілер кез келген мемлекеттік орган беруге тиіс Шартты орындауға қажетті рұқсаттардың, лицензиялардың немесе болуға рұқсаттардың, немесе мақұлдаулардың болмауын қамтымайды.
      8.3. Екі Тарап та осы Шарт бойынша міндеттелердің орындалуына кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайларының басталуы және аяқталуы туралы бір-біріне дереу жазбаша хабарлайды.
      8.4. Еңсерілмейтін күш жағдайларына сілтеме жасайтын Тарап оларды растау үшін құзыретті мемлекеттік органның құжатын беруге міндетті.

9. Шарт бойынша талаптар құқығын қайта табыстау

      9.1. Қарыз алушы кредитордың жазбаша келісімінсіз осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін үшінші адамдарға беруге құқығы жоқ.
      9.2. Осы Шарт бойынша Тараптардың құқықтарын иеленуші осы Шартта жазылған талаптар мен міндеттемелерді, оның ішінде ықтимал даулар мен келіспеушіліктерді реттеумен байланысты талаптар мен міндеттемелер құқығын да тікелей өзіне қабылдайды.

10. Шарттың қолданылу мерзімі мен шарттары

      10.1. Шарт оған Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Қарыз алушы осы Шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.
      10.2. Осы Шартты орындау кезінде Тараптар Шарт талаптарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

11. Тараптардың келіспеушіліктері мен даулары

      11.1. Осы Шарттың талаптарын орындау процесінде туындайтын келіспеушіліктерді өзара тиімді шешімдер қабылдау мақсатында Тараптар алдын-ала тәртіппен қарайды.
      11.2. Келісімге қол жеткізілмеген Тараптар арасындағы барлық даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. Кредитор мен Қарыз алушының арасындағы даулар Кредитордың Шарт деректемелерінде көрсетілген тұратын жері бойынша қаралуға тиіс.
      11.3. Кредитор Шартта Қарыз алушы көрсеткен нақты тұратын жері/заңды мекенжайы бойынша жазбаша нысанда жіберген хабарламалар жеткізілген болып есептеледі.

12. Қосымша шарттар

      12.1. Қарыз алушы төлем кестесін осы Шарттың 2.1, 2.3, және 5.3.4-т. жазылған шарттарды орындамаған не тиісті түрде орындамаған жағдайда, кредит бойынша берешек және тиесілі сыйақылар мерзімінен бұрын қайтарып алуға ұсынылатын болады.
      12.2. Осы Шарттың талаптарын осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, жазбаша қосымша келісімде ресімделетін Тараптардың өзара келісімі бойынша өзгертуге болады.
      12.3. Осы Шарт бірдей заңды күші бар үш данада: 2 данасы – Кредиторға, 1 данасы – Қарыз алушыға жасалды.

13. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

   Кредитор:                            Қарыз алушы:

      ______________Т. А. Ә.                      __________Т. А. Ә.
   М.О.                                 М.О.

Микрокредиттік ұйымдар мен      
кредиттік серіктестіктерге конкурстық 
негізде кредит беру қағидасына   
12-қосымша             

№  үлгілік кепіл шарты
(МКҰ үшін)
 

      ______________                 20___ ж. "____"___________

      Бұдан әрі "Кепіл ұстаушы" болып аталатын, Жарғы негізінде
іс-әрекет жасайтын ____________________________ уәкілетті өңірлік
ұйым (толық атауы), ______________________________________ (заңды
тұлғаның толық атауы) атынан бір жағынан, бұдан әрі "Кепіл беруші"
деп аталатын _________________ негізінде іс-әрекет жасайтын
___________________________________ екінші жағынан төмендегі туралы
шарт жасасты:

      Осы Шартта қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

Кепіл ұстаушы

Атауы:
Мекенжайы:
БСК, СТН, ЖСК

Қарыз алушы

___________________
Мекенжайы:
БСК, СТН, ЖСК

Кепіл беруші:

___________________
Мекенжайы:
БСК, СТН, ЖСК

Қарыз шарты

Кепіл ұстаушы мен Кепіл берушінің арасында жасалған
20__ ж. "__" ____ №___ кредит беру туралы шарт

Мәлімдемелер мен кепілдіктер:

      Кепіл беруші мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:
      осы Шарт тиісті түрде санкцияланған, олар оны орындайды және осы Шартта баяндалған шарттарға сәйкес орындалуға тиіс Кепіл берушінің жарамды және заңды күші бар міндеттемесін білдіреді;
      осы Шарттың мазмұны және оның шарттарын тиісті түрде орындау кез келген келісімде немесе Кепіл беруші қатысушы тарап болып табылатын, немесе солар бойынша, оның міндеттемелері бар немесе оған қатысты кез келген заңнамалық актілер, нормативтік құқықтық актілер, қағидалар, сот шешімдерін қамтитын кез келген ережені бұзуға себеп болмайды;
      осы Шартқа қол қою сәтінде оның төленбеген жергілікті және жалпы мемлекеттік салықтар бойынша міндеттемелері жоқ;
      осы Шарт бойынша кепілге берілетін кепіл затының бұдан бұрын кепіл ұстаушылары болмаған.
      Кепіл ұстаушы мыналарды мәлімдейді және кепілдік береді:
      ол Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға бола отырып, өз атынан осы Шартты жасауға құқығы бар;
      осы Шарт тиісті түрде санкцияланған, олар оны орындайды және осы Шартта баяндалған шарттарға сәйкес орындауға жататын Кепіл берушінің жарамды және заңды күші бар міндеттемесін білдіреді.

1. Шарттың мәні

      1.1. Қарыз шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға осы Шартқа Қосымшаға сәйкес ресімделген, бұдан әрі Кепіл заты деп аталатын Кепіл берушіге меншік құқығында тиесілі:________ (кепілмен қамтамасыз ету түрлері) кепілге берді. Осы Шартқа және оның талаптарына сәйкес Кепіл ұстаушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті түрде орындалмаған кезде, Кепіл затының құнынан қанағаттануға құқығы бар.
      1.2. Қарыз Шартының талаптары бойынша Кепіл ұстаушы Кепіл берушіге ___________сомада (_______________) (санмен, жазумен, теңге) өтеу мерзімі 60 (алпыс) айға дейін кредит берді.
      Кепіл берушінің осы Шарт бойынша міндеттемелері Қарыз шарты бойынша сыйақының мөлшері немесе есептеу тәртібі өзгерген, сондай-ақ сонымен байланысты іс-қимылдар және өтеу мерзімінің өзгеруін қоса алғанда, төлем кестесі өзгерген кезде толық көлемде сақталады.
      1.3. "_____" ЖШС тәуелсіз бағалаушысының жылжымайтын мүлікті бағалау актісіне сәйкес Кепіл затының құны ___________ (санмен және жазумен) теңге сомада айқындалды. Өндіріп алу сәтіне Кепіл затының құны осы Шарт тараптарының талабы бойынша тәуелсіз бағалаушы жүргізген баға негізінде өзгертілуі мүмкін. Тәуелсіз бағалаушының қызметіне ақы төлеуді Кепіл беруші жүргізеді.
      1.4. Кепіл заты Кепіл берушінің иелігінде және пайдалануында қалады, ол осы Шартта белгіленген шеңберде иелік ету құқығынсыз тек оның мақсатына сәйкес пайдалануына болады.
      1.5. Кепіл берушінің меншік құқығы мен Кепіл затының болуы мынадай құжаттармен расталады:__________ (куәландыратын құжаттардың тізбесі)
      1.6. Кепіл беруші осы Шарт бойынша Кепіл ұстаушының алдындағы өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда, Кепіл заты есебінен оған нақты қанағаттандыру сәтіне қалай болса, сондай көлемде шығындар мен шығыстарды негізгі қарыз, сыйақы, тұрақсыздық айыбын, Кепіл затын сату бойынша қажетті шығыс сомасын қоса өтеуге міндеттенеді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

      2.1. Кепіл ұстаушы:
      2.1.1. Кепіл берушіден Кепіл затын сақтауға қажетті шараларды қабылдауды талап етуге;
      2.1.2. Кепіл берушіден, Кепіл затының жоғалуына немесе бүлінуіне қауіп тудыратын Кепіл затына қол сұғуды тоқтату шараларын қабылдауды талап етуге;
      2.1.3. Кепіл берушіден осы Шарттың қолдану мерзіміне Кепіл затына қатысты құжаттарды ұсыну және сақтауға жіберуді талап етуге;
      2.1.4. кез келген уақытта Кепіл затының құжаттары және нақты болуы, сақталуы, жағдайын тексеруге құқығы бар, ал Кепіл беруші оған жәрдемдесуге міндетті. Мұндай тексерулер бойынша шығыстарды Кепіл беруші көтереді. Кепіл затының бүліну қаупі туындаған кезде Кепіл ұстаушы Кепіл берушіден кредит беру туралы Шарт бойынша өз міндеттемелерін дереу орындауын талап етуге құқылы;
      2.1.5. Қарыз алушы Кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін мерзімінде орындамаған жағдайда, сондай-ақ осы Шартта белгіленген негіздемелер бойынша Кепіл затын шұғыл өндіріп алу кезінде оны дербес, соттан тыс сату арқылы Кепіл затының құнынан өз талаптарын қанағаттандыруға;
      2.1.6. үшінші тұлғаларға Кепіл берушіге қойылатын талаптарды қайта табыстауға.
      2.1.7. Кепіл ұстаушының келісімінсіз Кепіл затын қайта кепілдеу не Кепіл затын қайта кепілдеуді жүзеге асыру бөлігінде Кепіл берушінің теріс пиғылы байқалған жағдайда кредит беру туралы шарттың қолдану мерзімінің аяқталуын күтпей-ақ, кез келген уақытта Кепіл затын қайтарып алуға.
      2.1.8. Кепіл ұстаушы кепіл заты құнының төмендеу фактісін анықтаған жағдайда Кепіл затын қайта бағалауды жүргізуге құқығы бар Тәуелсіз бағалаушының қызметін төлеуді кепіл беруші жүргізеді.
      2.1.9. осы Шарт бойынша Қарыз беруші/кепіл беруші міндеттемелерін орындамаған жағдайда, кез келген екінші деңгейлі банктердегі Кепіл берушінің кез келген ағымдағы шотынан берешекті акцепсіз есептен шығаруды (шотты тікелей дебеттеу) жүргізуге құқығы бар.

      2.2. Кепіл ұстаушы:
      2.2.1. Кепіл заты құжаттарының түпнұсқаларын Кепіл беруші оның алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін Кепіл беруші сақтауға қандай түрде берген болса, сондай күйде сақтауға міндетті. Бұл ретте Кепіл ұстаушы жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқаларын сақтау кезінде ешқандай жауапкершілікте болмайды және оларды сақтаудан басқа, ешқандай міндеттеме қабылдамайды.
      2.3. Кепіл берушінің:
      2.3.1. Кепіл ұстаушының келісімімен: Кепіл заты басқа тең бағалы мүлікпен ауыстырылған жағдайда ғана Кепіл затын сатуға;
      2.3.2. Кепіл затының жалпы құны осы Шартта көрсетілгеннен кемімеген жағдайда және Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен ғана оның санын өзгертуге құқығы бар.
      2.4. Кепіл беруші:
      2.4.1. Осы Шарт жасалған күннен бастап ________ (______) жұмыс күнінен кешіктірмей өз есебінен тіркеу органында оны тіркеуді жүргізуге міндетті. Бұл орайда, осы Шарт бойынша кепіл құқығын туындау, өзгерту және тоқтатуды тіркеу шығыстарын Кепіл беруші көтереді.
      2.4.2. Кепіл ұстаушының талабы бойынша Кепіл ұстаушыға Кепіл затына қатысты барлық құқық беретін түпнұсқа құжаттарды, оның ішінде осы Шартты қолданудың барлық мерзіміне келешекте Кепіл затына қатысты түсетін құжаттарды беруге және сақтауға беруге;
      2.4.3. Кепіл затының жай-күйін айқындау үшін Кепіл ұстаушының талабы бойынша Кепіл затын Кепіл ұстаушының байқауына ұсынуға міндетті. Кепіл затының жай-күйі Кепіл ұстаушы мен Кепіл беруші қол қоятын "Тексеру актісінде" сипатталады;
      2.4.4. Кепіл затын тиісті түрде сақтау үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға
      2.4.5. Кепіл затының сақталуына толық жауапкершілікте болады. Ол жоғалған, жойылған жағдайда Кепіл беруші Кепіл затын басқа тең бағалы мүлікпен ауыстыруға міндетті. Аталған тармақ орындалмаған жағдайда, Кепіл ұстаушы Кепіл берушінің басқа мүлкін алуға құқығы бар;
      2.4.6. Кепіл ұстаушыға Кепіл затының сапасы нашарлаған және құны кеміген жағдайда бастапқыда кепілге берілген Кепіл затының құнына балама мүлікке қосымша кепіл құқығын беруге міндетті. Аталған міндеттемені орындау үшін Кепіл ұстаушының нұсқауы бойынша жүргізілген Кепіл затын сараптамалық бағалау актісі негіз болып табылады;
      2.4.7. Кепіл затының кездейсоқ жойылу қатерін көтеруге;
      2.4.8. Кепіл затына немесе оның кез келген бөлігіне қатысты кез келген төлемдерді төлеуге, барлық міндеттемелерді орындауға және сақтауға және Кепіл ұстаушының бірінші талабы бойынша олардың орындалуы мен сақталуын растауды ұсынуға;
      2.4.9. Кепіл ұстаушыға кез келген өкімді, нұсқауды, ресми жазбаша талапты, рұқсат қағазды, хабарлама немесе Кепіл затына қатысты болатын немесе қозғауы мүмкін болатын және Кепіл ұстаушыға қандай да бір үшінші тараптан берілетін кез келген құжатты дереу ұсынуға;
      2.4.10. кепілмен қамтамасыз еткен міндеттеме орындалмаған жағдайда Кепіл ұстаушының барлық талаптарын кез келген басқа мүліктің құнынан даусыз тәртіппен қанағаттандыруға;
      2.4.11. Кепіл ұстаушының Кепіл затына қол жетімділігін және оның барлығын, сақталуын, жай-күйін тексеруді жүргізуге жәрдемдесуге;
      2.4.12. Кепіл затын келесі кепілге қайта табыстамауға (қайта кепілге беру), өтеулі және өтеусіз мүлікті алмауға, оны басқа адамға жалға немесе өтеусіз пайдалануға бермеуге, оларды өзге де түрде Кепіл ұстаушының алдын ала жазбаша келісімінсіз иелік етпеуге;
      2.4.13. Кепіл ұстаушыны өзінің азаматтық хал-жағдайының (некеге тұру/ажырасу), азаматтығының, тұрақты тұратын немесе көбінесе тұратын жерінің және де өзге деректемелерінің ықтимал өзгеруі туралы аталған іс-әрекеттер жасауға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
      2.4.14. Кепіл ұстаушы белгілеген сақтандыру жағдайларынан сақтандыру компаниясында жыл сайын мерзімін ұзарта отырып, бір жылға Кепіл беруші Кепіл шарты бойынша міндеттемелерін толық орындағанға дейін Кепіл ұстаушыны пайда алушы ретінде көрсете отырып, Кепіл затын сақтандыруға.
      2.4.15. Осы Шарттың талаптарын Қарыз алушы/кепіл беруші орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда Кепіл беруші:
      Кепіл ұстаушының алдында оған меншік құқығында тиесілі барлық мүлкімен, есеп шоттарындағы теңгемен және шетелдік валютамен жатқан ақшамен жауап береді;
      Кепіл ұстаушыға кез келген қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердегі өз шоттарынан теңгемен және шетелдік валютамен жатқан ақшасын акцепсіз есептен шығару (шоттан тікелей дебеттеу) құқығын кері қайтарусыз және шартсыз береді;
      Кепіл ұстаушыға кез келген екінші деңгейдегі банктен ашылған банктік шоттарды блоктау құқығын береді.

3. Кепіл затын өндіріп алу

      3.1. Кепіл затын өндіріп алу Кредит беру туралы шарттың талаптары бойынша төленуге тиіс және/немесе оған есептелген сыйақы сомаларын Қарыз алушы Қарыз шартында белгіленген мерзімдер ішінде өтелмеген жағдайда туындайды.
      3.2. Кепіл шарты есебінен Кепіл ұстаушы Қарыз алушының негізгі міндеттемелері, сыйақы, комиссия, Кепіл шартының шарттарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін келтірілген шығындар сомасын, сондай-ақ тұрақсыздық айыбын (өсімақы, айыппұл) қосқанда, нақты қанағаттандыру сәтіне айқындалатын толық көлемде Қарыз шарты бойынша өз талаптарын қанағаттандыруға құқығы бар. Кепіл затын ұстау шығыстары мен Кепіл затын өндіріп алу жөніндегі шығыстар да өтелуге тиіс.
      3.3. Кепіл ұстаушының Кепіл затын өндіріп алуы үшін сот органдарының шешімі талап етілмейді. Кепіл ұстаушы Кепіл затын соттан тыс тәртіппен іске асырады.
      3.4. Кепіл ұстаушы талаптарын толықтай қанағаттандыру үшін Кепіл затының сомасы жеткіліксіз болған жағдайда, ол жеткіліксіз соманы заңнамаға сәйкес өндіріп алуға болатын Кепіл берушінің кез келген мүлкінен алуға құқығы бар.
      3.5. Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға олар Кепіл затын өндіріп алу шараларын қабылдау кезінде кез келген нысанда қарсы әрекет етуге құқығы жоқ.
      3.6. Кепілге берілген құқықты сатудан түскен сома Кепіл ұстаушының талаптарын толық қанағаттандыру үшін қажетті сомадан асқан жағдайда, Кепіл ұстаушы талаптарын толық қанағаттандырғаннан кейін қалған айырма Кепіл ұстаушыға төленуге тиіс.
      3.7. Кепіл беруші Кепіл затын өндіріп алуға қажетті шараларды қабылдаған кезде қарсы әрекеттер көрсеткен жағдайда, Кепіл ұстаушы өз талабын сот тәртібімен қанағаттандыруға құқылы. Аталған жағдайда барлық сот шығыстарын Кепіл беруші көтереді.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Кепіл беруші осы Шарттың 2.4-тармағының шарттарын бұзған жағдайда ол Кепіл ұстаушыға Кепіл затының құнының_______(пайызын) _________мөлшерінде айыппұл төлейді, ал Кепіл ұстаушы берілген кредитті және сол бойынша есептелген сыйақы сомаларын мерзімінен бұрын қайтаруды және кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалу мерзімдері туындағанға дейін Кепіл затын өндіріп алуды талап етуге құқылы.
      4.2. Берілген Өтініш және Кепілдіктерге сәйкес жалған ақпарат берген жағдайда, Кепіл беруші Кепіл ұстаушыға Кепіл заты құнының _______(пайызын) _________мөлшерінде айыппұл төлейді.
      4.3. Осы Шарт бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті түрде орындалмаған жағдайда, Тараптар бір-біріне келтірілген шығындарды, оның ішінде жіберіп алған пайданы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтейді.

5. Шарттың қолданылу мерзімі

      5.1. Осы Шарт Тараптардың уәкілетті өкілдері оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.
      5.2. Кепіл затына Кепіл құқығы осы Шарт уәкілетті мемлекеттік органда тіркелген сәттен бастап туындайды.
      5.3. Осы Шарттың күші осы Шарттың 1.1-тармағына сәйкес кредит беру туралы Шарт бойынша Қарыз алушы барлық міндеттемелерін орындаған кезден бастап тоқтатылады.

6. Дауларды шешу тәртібі

      6.1. Осы Шартты орындау процесінде туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар өзара тиімді шешімдерді әзірлеу мақсатында қарайды.
      6.2. Өзара тиімді шешімдерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда осы Шартқа байланысты және қатысты туындайтын барлық даулар (келіспеушіліктер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралуға тиіс.

7. Қосымша шарттар

      7.1. Тараптар осы Шарт бойынша жекелеген құқықтар мен міндеттемелерді үшінші тұлғаларға беруге осы Шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Шарттың әрбір Тарапының тек жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
      7.2. Осы Шарттың барлық өзгерістері мен/немесе толықтырулары, жазбаша нысанда және Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда ғана жарамды.
      7.3. Осы Шартта жазылған жағдайларды қоспағанда, осы Шартты орындаудан бір жақты бас тарту және осы Шартты бір жақты өзгерту және/немесе толықтыруға жол берілмейді.
      7.4. Кепіл ұстаушыдан Кепіл затына меншік құқығын үшінші тұлғаларға өткізуге Кепіл ұстаушының жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.
      7.5. Осы Шарт Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге тиіс.

8. Қорытынды ережелер

      8.1. Осы Шартта көзделмеген барлық қалған жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
      8.2. Келісу хаттамасы мен осы Шартқа басқа да қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
      8.3. Осы Шарт Кредит беру туралы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      8.4. Осы Шарт бірдей заңды күші бар үш данада: 1 данасы – Кепіл ұстаушыға, 1 данасы – Кепіл берушіге, 1 данасы – уәкілетті тіркейтін органға жасалды.

      М.О.              Кепіл ұстаушы____________________________
                                     қолы          (Т.А.Ә.)

      М.О.              Кепіл беруші ____________________________
                                     қолы           (Т.А.Ә.)

      20__ ж. "__" ___________ №___

Кепіл шартына
қосымша  

20___жылғы ________________ №____кредит беру туралы
шарт бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етуге
берілетін кепілдік мүлкі

р/с №

Кепіл затының атауы

Литердің аумағы (жалпы және тұратын шаршы метрмен, га)

(ЗУ және жылжымайтын объектінің) кадастрлық нөмірі

Тұрған жері

Құқық беретін құжаттар







Кепіл ұстаушы: _______________ (Т.А.Ә.)
М.о.

Қарыз беруші: _________________ (Т.А.Ә.)
Қолы

Кепіл беруші: ______________ _________________ (Т.А.Ә.)
                  Қолы

Микрокредиттік ұйымдар мен   
кредиттік серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру қағидасына
13-қосымша        

Кредиттік портфельдің құрылымы туралы ақпарат
(МКҰ атауы) "_______________________"

Кредиттік портфель
(қолданыстағы Шарттар бойынша негізгі қарыздың жалпы сомасы), мың теңгемен

Мерзімі өткен берешек,
оның ішінде:

мың теңгемен

кредиттік портфельге
пайыздық қатынаста
(%-бен)




МКҰ директоры "___________________"           ______________________
                                                  (Т. А. Ә.)

Қолы____________
                            м.о.

Бас бухгалтер "___________________"           ______________________
                                                   (Т. А. Ә.)

Қолы____________
                       м.о.

Микрокредиттік ұйымдар мен   
кредиттік серіктестіктерге конкурстық
негізде кредит беру қағидасына
14-қосымша           

МҚҰ-ның біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі

      1) Конкурсқа қатысуға өтінім;
      2) техникалық ерекшелік;
      3) бағалар кестесі;
      4) конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;
      5) біліктілік туралы мәліметтер;
      6) кредиттік портфель туралы ақпарат;
      7) аталған салық органының бірінші басшысының немесе қол қою құқығына ие адамның қолы қойылып, мөрі қойылған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кешіктірілген жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын мерзімде берілген салық берешегінің немесе жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы немесе болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      8) әлеуетті қатысушы орындайтын қызмет түрлерінің тізбесімен жарғыдан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме;
      9) жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшы құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарынан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме;
      10) қолтаңбалардың және мөртабанының үлгілері бар нотариалды куәландырылған карточка;
      11) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      12) статистикалық карточканың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      13) СТН нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      14) МҚҰ-ның банктің (банктердің) алдында мерзімі асқан берешегінің жоқтығы туралы банктің (банктердің) бірінші басшысының немесе расталуы болғанда оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған банктің (банктердің) мөрі соғылған анықтамасының түпнұсқасы (егер МҚҰ екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Егер банк анықтамасына оны берген банктің бірінші басшысы қол қойған жағдайда, банк анықтамасына қол қойған адамның қол қою құқығын растайтын құжат (сенімхат) қоса берілуі қажет;
      15) бірінші басшының немесе оның орнын басатын адамның, бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолымен бекітілген, қалыптасу күні және сипаты көрсетілген кредиторлық және дебиторлық берешектер таратылып жазылған қосымшамен соңғы есептілік күніне (тоқсан) қаржылық есептілігінің түпнұсқасы;
      16) ауылды жерлерде микрокредит беруді жүзеге асыруды растайтын мәліметтер (микрокредит беру туралы қол қойылған шарттың көшірмесі);
      17) кредит тарихы (кредитордың атауы, кредит сомасы және өтеу мерзімдері көрсетілген әлеуетті қатысушының бұдан бұрын алған кредиттері туралы ақпараттық анықтама);
      18) бірінші басшының немесе оның орнын басатын адамның қолымен және әлеуетті қатысушының мөрімен расталған Микрокредит беру қағидасының көшірмесі;
      19) кредиттік ресурстарды пайдалану және кепілге соттан тыс сату құқығымен мүлік беру туралы уәкілетті орган (құрылтайшы, құрылтайшылардың жалпы жиналысы) шешімінің (хаттамасының) түпнұсқасы;
      20) адамның кредит және кепіл беру туралы шарттарға қол қою өкілеттіктерінің жазбаша растамасының (құрылтайшының немесе мүлік иесінің бұйрығы, сенімхаты, шешімі) түпнұсқасы;
      21) кепілге берілген кепіл мүлігіне және кепіл мүлігін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда соттан тыс сатуға меншік иесінің, ерінің (зайыбының) (неке туралы куәліктің көшірмесі), /некеде тұрғаны және тұрмағаны туралы анықтама, барлық кәмелетке толған қосымша иегерлерінің (отбасы мүшелерінің, өзге де адамдардың) нотариалды куәландырылған келісімі;
      а) кепіл беруші заңды тұлға болған жағдайда құрылтайшылардың кепіл мүлкін соттан тыс сату құқығымен беруге шешімі хаттамасының түпнұсқасын не нотариалды куәландырылған көшірмесін, сондай-ақ жарғыдан немесе құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған үзінді көшірмесін беру қажет;
      б) кепіл беруші жеке тұлға болып табылған жағдайда отбасы құрамы туралы анықтаманың түпнұсқасын немесе кепіл берушінің үй кітапшасының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет;
      в) мүліктің иегері/қосымша иегері кәмелетке толмаған бала болған жағдайда қамқоршылық пен қорғаншылық органдарының кепілге және кепілге ұсынылатын мүлікті соттан тыс сатуға жазбаша рұқсаттың түпнұсқасын беру керек.
      22) кепіл берушінің жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі және СТН;
      а) кепіл беруші заңды тұлға болып табылған жағдайда заңды тұлғаның құқық беретін құжаттарының көшірмелерін және кредит пен кепіл беру туралы шарттарға қол қоюға уәкілетті адамның СТН-ін беру керек;
      23) кепілдік қамсыздандыруға ұсынылатын құжаттар:
      1. қамсыздандыруға ақша берілген жағдайда нотариалды куәландырылған құжаттың көшірмесі ұсынылады:
      банк шотының шарты;
      банкке ақшаны орналастыруды растайтын шарт;
      ақша кредит мерзімінен кем емес кезеңге шұғыл банк салымын ресімдеген кезде жинақ шоттарына орналастырылған Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қабылданады. Мынадай қажетті шарттар сақталған кезде:
      депозит шоттағы қалдықтарды жыл сайын растау;
      ақша орналастырылған банк Конкурс ұйымдастырушысының жазбаша рұқсатынсыз және келісімінсіз ақша қалдықтары бойынша іс-әрекет жүргізбе туралы кепілді міндеттемелер беруі.
      2. қамтамасыз етуге жылжымайтын мүлік ғимарат, құрылыс, тұрғын үй-жай, пәтер және т. с. с. берілген жағдайда меншік құқығының туындауына қарай мынадай нотариалды куәландырылған құжаттардың:
      сату-сатып алу шартының, жекешелендіру шартының, айырбастау, сыйға тарту шарттарының, (ғимараттар мен құрылыстар) пайдалануға беруді қабылдау актісінің, мұрагерлік құқығы туралы куәлігінің, сот шешімінің, жылжымайтын мүлікке және олармен мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, ғимараттар мен құрылыстарға техникалық паспорттың (үй кітапшасы), жер учаскесіне құжаттардың, ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтаманың көшірмелері беріледі.
      3. қамтамасыз етуге жер учаскесін немесе жерді пайдалану құқығын берген жағдайда меншік құқығының туындауына орай нотариалды расталған құжаттардың:
      сату-сатып алу шартының, жер учаскесін жалға беру шартының, сот органдары шешімінің, жер учаскесін беру туралы әкімнің шешімінің, жер учаскесіне жеке меншік құқығына актінің, тұрақты жерді пайдалану құқығына актінің немесе жерді уақытша (өтеусіз, ақылы) пайдалану құқығы актісінің; жер учаскесіне құқықты тіркеу туралы куәліктің, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің немесе жерді пайдалану актісінің; жер учаскесі шекарасы жоспарының, жер учаскесі бонитеті балдары көрсетілген тиісті құжаттың; ауыртпалықтардың жоқтығы туралы анықтаманың көшірмелері беріледі;
      аудандық әкімдіктен (аудандық статистика басқармасы) соңғы 3 жылда жүргізілген ауыл шаруашылығы жұмыстары туралы анықтама;
      салық комитетінен салық аударымдарын төлегені туралы растау-анықтаманы;
      Қазақстан Республикасының бағалау саласында қолданыстағы заңнамасына сәйкес және конкурс өтінімдері салынған конверттер ашылған күнге дейін кемінде күнтізбелік 90 күн бұрын жасалған бағалау актісі.
      Кепілге меншік құқығындағы немесе уақытша ақылы жерді пайдалану/жерді тұрақты пайдалану құқығындағы Кепіл берушіге тиесілі жер учаскелері қабылданады. Жерді пайдалану мерзімі кредит беру мерзімінен кемінде 3 (үш) жыл артық болуы керек. Кепілге дәнді дақылдар, көкөніс және т.с.с. өсіру үшін қолданылатын жер учаскелері кепіл берушілер келесі шарттарды орындаған кезде:
      1. соңғы 3 (үш) жылда агротехникалық іс-шаралардың сақталуы;
      2. берілген жер учаскелер бойынша топырақ бонитетінің балдары:
      Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстары үшін кемінде 25;
      Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары үшін кемінде 20;
      Маңғыстау, Атырау және Қызылорда облыстары үшін кемінде 18 болуға тиіс.
      3. кепіл берушінің бюджет алдында берешегінің болмауы.
      4. қамтамасыз етуге жылжымалы мүлікті (автокөлік, ауыл шаруашылығы техникасы, автожол техникасы және т.б.) беру жағдайында мүліктің түріне қарай нотариалды расталған құжаттардың көшірмелері:
      көлік құралдарын тіркеу туралы куәлігі, техникалық паспорт, мемтехқадағалау анықтамасы, ауыртпалықтардың болмауы туралы Жол полициясы департаменті анықтамасының;
      бағалау саласында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес және конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік 90 күн бұрын жасалған бағалау актісінің көшірмелері ұсынылады.
      Кепілге көлік құралдары, ауыл шаруашылығы, құрылыс-жол және де басқа кестеде көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын арнайы техника қабылданады.

Көлік құралдарының санаты

Пайдалану мерзімдері, жыл


Әзірлеуші:
Қытай

Әзірлеуші:
ТМД

Әзірлеуші: Азия, АҚШ

Әзірлеуші: Еуропа, Жапония

Ауыл шаруашылығы техникасы, аспалы жабдықтар**  

12* -ге дейін

20*-ға дейін

20*-ға дейін

20*-ға дейін

Жүк автокөлігі және олардың тіркемелері

10*-ға дейін

20*-ға дейін (Маз, КамАЗ үшін 25*-ке дейін)

12*-ге дейін

15*-ке дейін

Жүк автомобильдері базасындағы арнайы техника

10*-ға дейін

20*-ға дейін (Маз, КамАЗ үшін 25*-ке дейін)

12-ге дейін

15*-ке дейін

Өзге де арнайы техника

10*-ға дейін

15-ке дейін

15-ке дейін

15-ке дейін

Жеңіл автокөлік

8-ге дейін

12-ге дейін

15-ке дейін

20-ға дейін

Автобустар (15 орыннан жоғары

8*-ге дейін

8-ге дейін

12-ге дейін

20*-ға дейін

Микроавтобустар (15 орынға дейін)

5-ке дейін

5-ке дейін

10-ға дейін

15-ке дейін

      5. қамсыздандыруға өсімдік (астық) өсіру өнімдерін берген жағдайда нотариалды расталған құжаттардың көшірмелері:
      астық сатып алу туралы құжаттар (шот фактура, сатып алу-сату, айырбастау шарты, сауда-саттық хаттамасы және т.б.). Астық қолхатын ұстаушы дәнді өзі өндірген болса, егіс алаңдарының болуын растайтын құжаттар, аталған егіс алаңдарының түсімділігі туралы статбасқармасының анықтамасы, элеватордың директоры және өндірістік-техникалық зертхананың бастығы қол қойған Ф-47 дәнді талдау карточкасының түпнұсқасы, астыққа қолхаты, астық қолхатының куәлігі, сәйкестілік (сапа) сертификаты, ХПП-мен астықты сақтау туралы шарт, астықты сақтау қызметін төлеу туралы шарт қажет.
      қамтамасыз етуге ауыл шаруашылық малдарын (жылқы, түйе, ұсақ қара мал) берген жағдайда мынадай нотариалды расталған құжаттардың көшірмелері беріледі:
      ветеринарлық паспорт, ветеринарлық инспекцияның анықтамасы;
      Қазақстан Республикасының баға саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау актісі және конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін кемінде күнтізбелік 90 күн алдын жасалған бағалау актісінің көшірмелері ұсынылады.
      Ауыл шаруашылығы малдары мынадай шарттармен қабылданады:
      малды міндетті сәйкестендіру;
      малды ұстау және өсіруге қажетті шарттардың міндетті түрде болуы, азық базасы және азықпен қамтамасыз етілу;
      белгіленген мерзімдерде ұдайы ветеринарлық тексеруден өту және профилактикалық егуді жүзеге асыру.
      Қажеттігіне қарай уәкілетті өңірлік ұйымның шешімі бойынша кепіл заттарын мүліктік (малдың қырылуынан, ауруынан және т.б.) сақтандыруды жүзеге асыруға болады.
      24) кепілдік қамсыздандыруды (жылжымайтын мүлік) тәуелсіз бағалау.

____________________
* Жай-күйін, күрделі жөндеу жүргізуді бекітуді есепке ала отырып;
* аспалы жабдықтар қосалқы жабдығы болып табылатын ауыл шаруашылық техникасын кепілге алған кезде ғана қабылданады.
Ескерту: көлік құралдары мен басқа да техника сатуға меншік құқығын сенімхатпен растаған жағдайда кепіл заты бола алмайды.