Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың қаржылық қызметтерді сатып алуының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 960 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
3) тармақшадағы "Мооd's" деген сөзден кейін "Investors Service (бұдан әрі - Мооdу's)" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА, Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Ғіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес кредит рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) шетелдік банктердегі (Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Ғіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес кредит рейтингі бар) салымдарға (депозиттерге) және шетелдік банктер (Standard & Рооr's шкаласы бойынша ААА немесе Мооdу's шкаласы бойынша Аааl төмен емес немесе Ғіtсһ Ratings шкаласы бойынша ААА төмен емес кредит рейтингі бар) шығарған депозиттік сертификаттарға;".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоспағанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылатын және табиғи монополиялар субъектілерін, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамын және пруденциалдық нормативтер мен активтерді әртараптандыру дәрежесіне қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қаржы ұйымдарын қоспағанда, акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеті мемлекетке тиесілі ұйымдардың (бұдан әрі - Ұйымдар) акцияларының (үлестерінің) бақылау пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
Standard & Рооr's шкаласы бойынша ВВВ, Мооdу's шкаласы бойынша Ваа3 төмен емес немесе Ғitсһ Ratings шкаласы бойынша ВВВ төмен емес кредит рейтингі бар шетелдік эмитенттердің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына;
2) шетелдік банктердегі (Standard & Рооr's шкаласы бойынша ВВВ немесе Мооdу's шкаласы бойынша Ваа3 немесе Ғitch Ratings шкаласы бойынша ВВВ төмен емес кредит рейтингі бар) салымдарға (депозиттерге) және шетелдік банктер шығарған депозиттік сертификаттарға бұрын орналыстырылған уақытша бос ақшаны Ұйымдардың осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қаржы құралдарына 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов