Теңiзде жүзу кiтапшасының, дипломдарды растаудың үлгiсiн, оларды ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      2) теңізде жүзу кітапшасының үлгісі;
      3) дипломды растау үлгісі;
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидасы;
      6) Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгісін (сипаттамасы) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 тамыздағы № 941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 317-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресімдеу, беру, оның мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 1134 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 42, 572-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің үлгісі

      Ескерту. Үлгі алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен 
бекітілген  

Теңізде жүзу кітапшасының үлгісі

      1. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің өлшемі 88 х 125 милиметр және мұқабадан, мұқабаға желімделген өңірбеттерден және қағаз парақтардан тұрады.
      Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады. 1-парақ титульдік болып табылады. Онда теңізде жүзу кітапшасы иесінің жеке деректері орналастырылады. 2-беттен бастап 32-беттер – ауысатын ақпараттарды жазуға арналған. Ішкі 1-беттен бастап 32-бетті қоса алғандағы беттер көгілдірден ашық-қоңыр реңктерге иристік ауысуды қолданумен офсеттік тәсілмен басылған.
      Алдыңғы және артқы өңірбеттердің ашық-көк аялы және офсеттік және металлографтық басылу тәсілмен басылған.
      Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі беттерінің нөмірлері 2-беттен бастап 32-бетті қоса алғанда бүктеу сызығында парақ бетінің жоғарғы бұрышында орналасқан. 1-бет нөмірленбейді.
      Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі түбіршек ұзына бойына УК-сәулемен үзік-үзік жалтырайтын жіппен тігілген.
      2. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі арнайы қағазды пайдаланумен дайындалады.
      1-беттен бастап 32-бетке дейін 3 түрлі қорғаныш талшығынан тұратын, саңылаудан көрінетін екі реңктік су белгісінің бейнесі бар.
      Өңірбеттер үшін су белгісі жоқ және қорғаныш талшығының екі түрі бар қағаз қолданылады.
      3. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің сериясы мен нөмірі жоғары баспа тәсілімен 1, 4, 5, 8, 9, 12, 13, 16, 17, 20, 21, 24, 25, 28, 29 және 32-беттерде қызыл бояумен шығарылады.
      4. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің мұқабасы Қазақстан Республикасы Туының түсіндей – тез тозбайтын көгілдір түсті материалдан дайындалады.
      5. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі мұқабасының жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және ағылшын тілдерінде мынадай жазулар орналасқан:
      "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      REPUBLIC OF KAZAKHSTAN".
      Ортасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (бұдан әрі – Елтаңба) орналастырады.
      Елтаңба бейнесінің астыңғы жағында құжаттың атауы көрсетіледі:
      "ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ
      SEAMAN’S BOOK".
      Елтаңба бейнесі және жазулар күміс түсті фольгамен баспа-таңбамен орындалады.
      6. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің алдыңғы және артқы өңірбеттерінде теңізде жүзу кітапшасының иесі үшін ақпарат орналастырылған:
      алдыңғы өңірбетте – мемлекеттік және орыс тілдерінде мәтін:
      "Теңізде жүзу кітапшасының иесі үшін АҚПАРАТ
      1. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады.
      Мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна.
      2. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жеке куәлігі болып табылмайды.
      Мореходная книжка не является удостоверением личности моряка.
      3. Теңізде жүзу кітапшасы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыс беруші беретін еңбек кітапшасын ауыстырмайды.
      Мореходная книжка не заменяет трудовую книжку, выдаваемую работодателем в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан.
      4. Теңізде жүзу кітапшасын теңіз портының әкімшілігі береді.
      Мореходная книжка выдается администрацией морского порта.
      5. "Кемедегі қызметтік жағдайы" бөліміне енгізілетін мәліметтерді (кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен портты қоспағанда) жұмыс беруші кеме иесі немесе теңіз порты әкімшілігінің уәкілетті лауазымды адамы куәландырады.
      Сведения, вносимые в раздел "Служебное положение на судне" (за исключением даты и порта начала работы на судне), заверяются судовладельцем-работодателем или уполномоченным должностным лицом администрации морского порта.
      Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен порт туралы мәліметтерді және "Жұмысты аяқтау" бөліміне енгізілетін мәліметтерді кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды адам куәландырады.
      Сведения о дате и порте (регионе) начала работы владельца мореходной книжки на судне и сведения, вносимые в раздел "Завершение работы", заверяются капитаном судна или назначенным им должностным лицом.
      6. Теңізде жүзу кітапшасының қолданылу мерзімі шектелмеген.
      Срок действия мореходной книжки не ограничен.
      7. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жазбаша келісімімен кеме капитанында сақталатын жағдайларды қоспағанда, үнемі теңізшімен бірге болады.
      Мореходная книжка всегда находится у моряка за исключением случаев, когда с письменного согласия моряка она хранится у капитана судна.".
      Артқы өңірбетте – ағылшын тіліндегі мәтін:
      "INFORMATION for Seaman’s Book holder
      1. The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel.
      2. The Seaman’s Book is not the seafarer’s identity document.
      3. The Seaman’s Book cannot be considered as a substitute for the work record book issued by an employer in accordance with Article 66 of the Labour Code of the Republic оf Kazakhstan.
      4. The Seaman’s Book is issued by a shipowner-employer, sea port administration, water transport educational institutions.
      5. Records written down in “Position on the vessel” section (except date and port of signing on) are certified by a shipowner-employer or by an authorized official of sea port administration or state basin authority on inland water transport.
      Records on date and port (region) of signing on and records written down in “Signing off” section are certified by the shipmaster or the officer authorized by the shipmaster.
      6. Validity of the Seaman’s Book is not limited.
      7. The Seaman’s Book shall remain in the seaman’s possession at all times, except when it is held by the shipmaster with the seaman’s written consent.".
      7. 1-беттің жоғарғы бөлігінің ортасында Елтаңбаның контурлық бейнесі орналасқан.
      Елтаңбаның сол жағынан мынадай жазу орналасады:
      «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ»
      Елтаңбаның оң жағынан мынадай жазу орналасады:
      «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN»
      Елтаңбаның астыңғы жағынан мынадай жазу орналасады:
      «ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ
      SEAMAN’S BOOK
      Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады. Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады.
      Настоящая мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна. Мореходная книжка содержит 32 страницы.
      The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel. It contains 32 Pages.
      Берген мемлекеттік коды / Code of issuing State
      Құжат № / Document No
      Тегі/Фамилия / Surname
      Аты/Имя, отчество / Given names
      Азаматтығы/ Гражданство / Nationality
      Туған күні/ Дата рождения / Date of birth
      Туған жері/ Место рождения / Place of birth
      Жынысы/ Пол / Sex
      Берілген күні/ Дата выдачи / Date of issue
      М.О.
      иесінің қолы/ подпись владельца / holder’s signature
      Уәкілетті адамның лауазымы, тегі, қолы/ Должность, фамилия, подпись уполномоченного лица / official’s position, name, signature қолы /подпись / signature".
      "Берген мемлекеттің коды / Code of issuing State" деген бағанда Қазақстан Республикасының коды "КAZ" енгізілген.
      "Құжат № / Document No" деген бағанда жоғарғы басылу тәсілімен қызыл түспен "МК" сериясы және теңізде жүзу кітапшасының жеті мәнді нөмірі басылған.
      1-беттің төменгі сол жақ бөлігінде теңізде жүзу кітапшасы иесінің 30х40 миллиметр өлшемдегі фотосуретін орналастыру үшін орын бар.
      Жеке деректерін қолдан жасаудан және сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғау мақсатында 1-бетте салқындай домалату тәсілімен ламинат жағылған пленка жапсырылады. Ламинат жағылған пленканы дифракциялық элементтермен қорғауға рұқсат етіледі.
      8. Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің 2-бетінен бастап 32-бетінде мынадай жазулар орналастырылған:
      «КЕМЕДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ
      СЛУЖЕБНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ НА СУДНЕ
      POSITION ON THE VESSEL»
      "(лауазымы /должность / seaman’s position)
      (кеменің атауы, ұлты, ИМО нөмірі / название, национальность, ИМО номер судна / name, flag, IMO number of vessel)
      (кеме иесі / судовладелец / shipowner)
      (кеме түрі / тип судна / type of vessel)
      (тіркеу порты / порт регистрации/ port of registry)
      (жалпы сыйымдылығы / валовая вместимость / gross tonnage)
      (түрі, маркасы, қозғалтқыш қуаты кВт / тип, марка, мощность двигателя, кВт / type, model, propulsion power, kW)
      М.О. /М.П. / (seal)
      (лауазымы, тегі, қолы / должность, фамилия, подпись / position, name, signature)
      (Жұмыстың басы (жылы, айы, күні) /начало работы (год, месяц, день) / the position was taken (year, month, day)
      порт / port
      М.О. (кеменің мөрі) / М.П. (судовая печать / vessel’s seal)
      (тегі, қолы / фамилия, подпись / name, signature)
      ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ / ЗАВЕРШЕНИЕ РАБОТЫ / SIGNING OFF
      Жұмысты аяқтау (жылы, айы, күні) / завершение работы (год, месяц, день) / the position was left (year, month, day)
      порт / port
      М.О. (кеменің мөрі) М.П. (судовая печать / vessel’s seal)
      (тегі, қолы / фамилия, подпись / name, signature)".
      9. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісінде енгізілетін жазулардың сақталуын арттыруға арналған және бланкіні және оған жүргізілген жазуларды қолдан жасаудан қорғау үшін қосымша арнайы әзірленген элементтер қолданылады.

1-сурет. Сыртқы мұқаба


Қазақстан Республикасы
Republic оf Kazakhstan

Қазақстанның Елтаңбасы

ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ

SEAMAN’S BOOK

2-сурет

Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің сыртқы өңірбеті

Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің бірінші беті

ИНФОРМАЦИЯ
для владельца мореходной книжки

Теңізде жүзу кітапшасының иесіне
АҚПАРАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қазақстан Елтаңбасы

REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

1. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз  кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады.
Мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна.
2. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жеке куәлігі болып табылмайды. Мореходная книжка не является удостоверением личности моряка.
3. Теңізде жүзу кітапшасы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 66-бабына сәйкес жұмыс беруші беретін еңбек кітапшасын ауыстырмайды.
Мореходная книжка не заменяет трудовую книжку, выдаваемую работодателем в соответствии со статьей 66 Трудового кодекса Республики Казахстан.
4. Теңізде жүзу кітапшасын кеме иесі – жұмыс беруші, теңіз портының әкімшілігі, су көлігі оқу орындары береді.
Мореходная книжка выдается судовладельцем-работодателем, администрацией морского порта, учебными заведениями морского транспорта.
5. «Кемедегі қызметтік жағдайы» бөліміне енгізілетін мәліметтер (кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен портты қоспағанда) жұмыс беруші кеме иесі немесе теңіз порты әкімшілігінің уәкілетті лауазымды адамы куәландырады.
Сведения, вносимые в раздел «Служебное положение на судне» (за исключением даты и порта начала работы на судне) заверяются судовладельцем-работодателем или уполномоченным должностным лицом администрации морского порта.
Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемеде жұмыс істеуді бастаған күні мен порт туралы мәліметтерді және «Жұмысты аяқтау» бөліміне енгізілетін мәліметтерді кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды адам куәландырады.
Сведения о дате и порте начала работы владельца мореходной книжки на судне и сведения, вносимые в раздел «Завершение работы», заверяются капитаном судна или назначенным им должностным лицом.
6. Теңізде жүзу кітапшасының қолданылу мерзімі шектелмеген. Срок действия мореходной книжки не ограничен.
7. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жазбаша келісімімен кеме капитанында сақталатын жағдайларды қоспағанда, кездерден басқа үнемі теңізшімен бірге болады.
Мореходная книжка всегда находится у моряка, за исключением случаев, когда с письменного согласия моряка она хранится у капитана судна.

ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ
SEAMAN’S BOOK

Осы Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі экипажының мүшесі ретінде теңізші жұмысы туралы мәліметтерден тұратын құжат болып табылады.
Теңізде жүзу кітапшасы 32 беттен тұрады
Настоящая мореходная книжка является документом, содержащим сведения о работе моряка в качестве члена экипажа морского судна.
Мореходная книжка содержит 32 страницы The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel. It contains 32 pages

Берген мемлекет коды/Code of issuing State

ФОТО

Құжат №/
Document №

МК 0000000

Тегі/Фамилия/Surname
Аты/Имя, отчество/
Given names


М.О.
 
 
 
 
 

Уәкілетті адамның лауазымы,
Тегі Қолы/
Должность, фамилия, подпись уполномоченного лица/ official ‘ s position,name, signature

Азаматтығы/Гражданст о/Nationality

Туған күні/Дата рождения/

Date of birth

Туған жері/Место рождения/
Place of birth

Жынысы/Пол/Sex

Берілген күні/Дата выдачи/
Date of issue

_________________
(иесінің қолы/подпись владельца/ holder' s signature)

_________________(қолы/подпись /signature)

3-сурет

Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің
2, 3, 6, 7, 10, 11, 14, 15, 18, 19, 22, 23, 26, 27, 30, 31-беттері

                    2

КЕМЕДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ
СЛУЖЕБНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ НА СУДНЕ
POSITION ON THE VESSEL

________________________________
(лауазымы/должность/ seaman’s position)

3

КЕМЕДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ
СЛУЖЕБНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ НА СУДНЕ
POSITION ON THE VESSEL

__________________________________________
(лауазымы/должность/ seaman’s position)

______________________________________
(кеменің атауы, ұлты ИМО нөмірі/название, национальность, ИМО номер судна/ name, flag, IMO number of vessel

кеменің атауы, ұлты, ИМО нөмірі/название, национальность, ИМО номер судна/ name, flag, IMO number of vessel

____________________________________
кеме иесі/судовладелец/shipowner)

_________________      ________________
(кеме түрі/тип судна/ (тіркеу порты/порт  type of vessel) регистрации/port of registry)

______________________________________
(кеме иесі/судовладелец/shipowner

_______________________________
(кеме түрі/тип судна/ (тіркеу порты/порт регистрации/
type of vessel)         port of registry)

_________________     ________________
(жалпы сыйымдылығы/валовая түрі,маркасы,
              двигатель қуаты кВт/тип,
              марка, мощность двигателя,
Вместимость/      кВт/ type,model, 
gross           propulsion power, kW)
tonnage          

______________________     ________________
(жалпы сыйымдылығы/валовая (түрі, маркасы,
                          двигатель қуаты
                        кВт/тип, марка,Вместимость/            мощность двигателя,
gross                   кВт/ type, model,
tonnage               propulsion power, kW)

М.О./М.П./ (seal)

_______________
(лауазымы, тегі, қолы/должность, фамилия подпись/ position, name, signature)

М.О.М.П./ (seal)

_____________________
(лауазымы, тегі, қолы/должность, фамилия, подпись/ position, name, signature)

____________
Жұмыстың басы (жылы, айы, күні)/начало работы (год, месяц, день)/the position was taken (year, month, day)



________________
(порт/порт/port)

____________
Жұмыстың басы (жылы, айы, күні)/начало работы (год, месяц, день)/the position was taken (year, month, day)



_________________
(порт/port)

М.О. (кеменің мөрі/ М.П.судовая печать/ vessel’s seal)

________________
(тегі, қолы/фамилия, подпись/ name, signature)

М.О. (кеменің мөрі/ М.П. судовая печать/ vessel’s seal)

________________
(тегі, қолы/фамилия, подпись/ name,  signature)

ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ/ЗАВЕРШЕНИЕ РАБОТЫ/SIGNING OFF

ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ /ЗАВЕРШЕНИЕ РАБОТЫ/SIGNING OFF

_______________

Жұмысты аяқтау (жылы, айы, күні)/завершение работы (год, месяц, день)/the position was left (year, month, day)



________________
(порт/порт/port)



Жұмысты аяқтау (жылы, айы, күні)/завершение работы (год, месяц, день)/the position was left (year,month, day)



_________________
(порт/port)

М.О.
(кеменің мөрі/ М.П.судовая печать/ vessel’s seal)

________________
(тегі, қолы/фамилия, подпись/
name, signature)

М.О.
(кеменің мөрі/ М.П.судовая печать/ vessel’s seal)

________________
(тегі, қолы/фамилия, подпись/
name, signature)

4-сурет

Теңізде жүзу кітапшасы бланкісінің
4, 5, 8, 9, 12, 13, 16, 17, 20, 21, 24, 25, 28, 29, 32-беттері

Теңізде жүзу кітапшасының артқы өңірбеті

КЕМЕДЕГІ ҚЫЗМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ 32 
СЛУЖЕБНОЕ ПОЛОЖЕНИЕ НА СУДНЕ
POSITION ON THE VESSEL

INFORMATION
for Seaman’s Book holder

--------------------------------------------
1. The Seaman’s Book is a document containing information of seaman activity as a crew member at sea-going vessel.

2. The Seaman’s Book is not the seafarer’s identity document.

3. The Seaman’s Book cannot considered as a substitute for the work record book issued by an employer in accordance with Article ___ of the Labour Code of the Republic of Kazakhstan.

4. The Seaman’s Book is issued by shipowner-employer, sea port administration or maritime educational institutions.

5. Records written down in “Position on the vessel” section (expert date and port of signing on) are certified by a shipowner-employer or by an authorized official of sea port administration or state basin authority on inland water transport.

___________________________
(лауазымы/должность/ seaman’s position)

_________________________________
Кеменің атауы, ұлты, ИМО нөмірі/название, национальность, ИМО номер судна/ name, flag, IMO number of vessel

_________________________________
(кеме иесі/судовладелец/shipowner)

_______________________________
(кеме түрі/тип судна/ (тіркеу порты/порт регистрации/ type of vessel) port of registry)

_______________________________
(кеме түрі/тип судна/ (тіркеу порты/порт                            регистрации/
type of vessel)   port of registry)

Records on date and port of signing on and records written down in “Signing off” section are certified by the shipmaster or the officer authorized by the shipmaster.

6. Validity of the Seaman’s Book is not limited.

7. The Seaman’s Book shall remain in the seaman’s possessions at all times, except when it is held by the shipmaster with the seaman’s written consent.

________________________________
________________________________
(жалпы сыйымдылығы/валовая(түрі,маркасы,
                         двигатель қуаты
                        кВт/тип, марка,
Вместимость/        мощность двигателя,
gross               кВт/ type, model, tonnage)           propulsion power, kW)

М.О. М.П./ (seal)

____________________
(лауазымы, тегі, қолы/должность, фамилия, подпись/ position, name, signature)

____________
Жұмысты бастау (жылы,айы,күні) начало работы (год, месяц, день)/the position was taken (year, month, day)

_________________
(порт/порт/port)

М.О.
(кеменің мөрі/ М.П.судовая печать/vessel’s seal)

_____________________
(тегі, қолы/фамилия, подпись/ name, signature)

ЖҰМЫСТЫ АЯҚТАУ/ЗАВЕРШЕНИЕ РАБОТЫ/ SIGNING OFF

_______________
Жұмысты аяқтау (жылы, айы, күні)/завершение  работы (год, месяц, день)/the position was left (year, month, day)

________________
(порт/порт/port)

М.О.
(кеменің мөрі/ М.П.
судовая печать/ vessel’s seal)

________________
(тегі, қолы/фамилия, подпись/
name,signature)

МК 0000000


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен 
бекітілген    

Дипломды растау үлгісі

Қазақстан Республикасының
Елтаңбасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN

1995 ЖЫЛҒЫ ТҮЗЕТУЛЕРІМЕН
1978 ЖЫЛҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕР
ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ ДИПЛОМДАУ
ЖӘНЕ ВАХТАНЫ АТҚАРУ
ТУРАЛЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
КОНВЕНЦИЯНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
НЕГІЗІНДЕ ДИПЛОМДЫ ТАНУДЫ
КУӘЛАНДЫРАТЫН РАСТАУ

ENDORSEMENTS ATTESTING THE ISSUE OF A CERTIFICATE UNDER THE PROVISIONS OF THE INTERNATIONAL CONVENTION
ON STANDARDS OF TRAINING, CERTIFICATION AND
WATCHKEEPING FOR
SEAFARERS, 1978, AS AMENDED
IN 1995

_________________ портының теңіз әкімшілігі (иесінің тегі) _______________________ уәкілетті органы (мемлекет) берген немесе оның атынан берілген № ___ дипломды жоғарыда көрсетілген түзетулерімен Конвенцияның I/10 ережесінің талаптарына сәйкес куәландырады және заңды иесіне төмендегі функцияларды көрсетілген деңгейде __________ дейінгі немесе екінші жағында көрсетілуі мүмкін осы растаудың қолданылу мерзімінің ұзартылуы өткен күнге дейін кез келген көрсетілген шектеулер ескеріле отырып орындауға рұқсат етіледі.
      he administration of port ______________ certifies that Certificate № ________. issued to __________________________ by or on behalf of the Government of _____________________ is duly recognized in accordance with the provisions of regulation I/10 of the above Convention, as amended, and the lawful holder is authorized to perform the following functions, at the levels specified, subject to any limitations indicated until ____________________ or until the date of expiry of any extension of the validity of this endorsement as may be shown overleaf:

ФУНКЦИЯЛАР FUNCTION

ДЕҢГЕЙ
LEVEL

ШЕКТЕУЛЕР (егер бар болса)
LIMITATIONS APPLYING (if any)
















      Осы растаудың заңды иесі мынадай лауазымда немесе кемелердің экипаждарын қауіпсіз жинақтауға қатысты Қазақстан Республикасының қолданылатын талаптарында көрсетілген лауазымдарда қызмет ете алады:
      The lawful holder of this endorsement may serve in the following capacity or capacities specified in the applicable safe manning requirements of the Republic of Kazakhstan.

ЛАУАЗЫМ /
CAPACITY

ШЕКТЕУЛЕР (егер бар болса)
LIMITATIONS APPLYING (if any)







№ растау / Endorsement № _________
берілген (күні) / issued on _____________

                               Тиісті түрде уәкілеттік берілген
                               лауазымды адамның қолы /
                ______________ Signature of duly authorized official

     (М.О.)                    Тиісті түрде уәкілеттік берілген
(Official Seal)                лауазымды адамның тегі /
                ______________ Name of duly authorized official

Осы растаудың түпнұсқасы Конвенцияның I/2 ережесінің 9-тармағына сәйкес кемеде болуы тиіс.
      The original of this endorsement must be kept available in accordance with Regulation I/2 paragraph 9 of the Convention while serving on a ship.

Диплом иесінің туған күні / Date of birth of the holder of certificate________________
Подпись владельца диплома / Signature of the certificate_______________

                                                        ___________

Диплом иесінің фотосуреті/                              | Өлшемі   |
Photograph of the holder of the certificat              | 3 х 4 см |
                                                        ____________

      Осы растаудың қолданылу мерзімі ___ ұзартылған / The validity of this endorsement is hereby extended until ____________

                         ____________________________
               Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның
               қолы / Signature of duly authorized official

    (М.О.)
(Official Seal)
                        ____________________________
            Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның тегі/
              Name of duly authorized official

Ұзарту мерзімі / Еxtension date _____________________

      Осы растаудың қолданылу мерзімі ___ ұзартылған / The validity of this endorsement is hereby extended until ____________

                       _____________________________
             Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның қолы/
             Signature of duly authorized official

  (М.О.)               
(Official Seal)        ____________________________
             Тиісті түрде уәкілеттік берілген лауазымды адамның тегі/
             Name of duly authorized official

  Ұзарту мерзімі / Еxtension date _____________________

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігін ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы

      Ескерту. Үлгі алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.08.2013 № 863 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен 
бекітілген 

Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру қағидасы

      1. Осы Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу мен беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу, беру және жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Теңізде жүзу кітапшасы теңіз кемесі (бұдан әрі – кеме) экипажының мүшесі ретінде теңізшінің жұмысы туралы мәліметтерді қамтитын құжат болып табылады және еңбек кітапшасын ауыстырмайды.
      3. Теңізде жүзу кітапшасы теңізшінің жазбаша келісімімен кеме капитанында сақталған жағдайды қоспағанда, кемемен теңізге шыққан кезде осы кеменің бортында айналысатын қызметін растау үшін, әрқашан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемесі экипажының әрбір мүшесінің қолында болады.
      4. Теңізде жүзу кітапшасы:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін теңіз кемесі бортында кез келген қызметтегі шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға;
      2) жүзу практикасынан өту үшін теңіз кемелеріне жіберілетін, оқу мекемелерінің курсанттарына (оқушыларына) беріледі.
      5. Теңізде жүзу кітапшасын осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген тиісті құжаттарды ұсына отырып, осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген адамдардың осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес теңізде жүзу кітапшасын беру туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) жүгінген кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі – Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі – ПТӘ) ресімдейді және береді.
      6. Теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу және беру осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттар ұсынылған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      7. Теңізде жүзу кітапшасы алу үшін өтініш беруші мыналарды ПТӘ-ге ұсынады:
      өтініш;
      жеке тұлғаны куәландыратын құжат;
      келесі құжаттардың бірі:
      өтініш беруші кеме иесімен жасасқан еңбек шарты;
      жарамды диплом, кәсіптік дайындық деңгейіне сәйкестігін растайтын маманның біліктілік және арнайы куәлігі, сондай-ақ өтініш берушінің денсаулық жағдайының теңіз кемесі экипаждарының мүшелері үшін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар.
      Құжаттармен бір уақытта жоғарыда көрсетілген ұйымдарға екі фотосурет ұсынылады. Фотосурет ақ-қара түсті немесе түрлі-түсті 30х40 милиметр өлшемде және күңгірт қағазда ашық реңде орындалған болуы тиіс. Суретте теңізде жүзу кітапшасының иесі бас киімсіз бейнеленеді.
      8. Теңізде жүзу кітапшасы техникалық құралдарды пайдалана отырып немесе қара түсті сиямен анық жазумен былайша толтырылады:
      теңізде жүзу кітапшасы иесінің тегі, аты, әкесінің аты қазақ немесе орыс тілінде бас әріптермен көрсетіледі. "/" белгісі арқылы үлкен әріптермен латын алфавитінің белгілерін пайдалана отырып, тегі және аты көрсетіледі;
      "Жынысы" бағаны: "М" - ер адамдар үшін, "F" - әйел адамдар үшін;
      "Азаматтығы" бағаны;
      Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – "Қазақстан/Kazakhstan";
      шетел азаматтары үшін азаматтығы «/» белгісі арқылы орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі;
      азаматтығы жоқ адамдар үшін "азаматтығы жоқ/statless" деп көрсетіледі.
      "Туған күні", "Берілген күні" және "Қолданылу мерзімінің аяқталған күні" деген бағандар араб цифрларымен мынадай жүйелікпен көрсетіледі: күні/айы/жылы (күні мен айы екі таңбалы, ал жылы төрт таңбалы болып жазылады, мысалы, 23/02/2011);
      "Туған жері" деген бағанда республиканың, облыстың, қаланың атауы көрсетіледі. Жазу жеке тұлғаны куәландыратын негізгі құжатта көрсетілген теңізшінің жеке куәлігі иесінің туған жері туралы деректер негізінде жүргізіледі.
      Теңізшінің жеке куәлігінің иесі туған мемлекетті көрсету кезінде "/" белгі арқылы мемлекеттік аббревиатурасы ағылшын тілінде немесе оның атауы көрсетіледі.
      "Уәкілетті адамның лауазымы, тегі, қолы/ Должность, фамилия, подпись уполномоченного лица/ official’s position, name, signature" деген бағанда теңізде жүзу кітапшасын беруге рұқсат еткен адамның лауазымы, тегі және аты-жөні көрсетіледі. Ағылшын тілінде лауазымы "/" белгісі арқылы көрсетіледі (мысалы, Порт капитаны "Актау"/Harbor master "Aktau");
      "Қолы /подпись/signature" деген бағанда теңізде жүзу кітапшасын беруге рұқсат еткен лауазымды адамның қол қойылады.
      Теңізде жүзу кітапшасы иесінің фотосуреті шектеу рамкасы ашық қалатындай етіп желімделеді. Фотосурет теңізде жүзу кітапшасын берген ұйымның мөрімен бекітіледі.
      9. Теңізде жүзу кітапшасына теңізшінің кемедегі жұмысы туралы мынадай мәліметтер енгізіледі:
      1) "Кемедегі қызметтік жағдайы" деген бөлімде:
      кемедегі теңізшінің қызметі;
      кеменің атауы;
      кеменің ұлты;
      Халықаралық теңіз ұйымы берген кеме нөмірі;
      кеме үлгісі;
      кеме иесінің (жұмыс берушінің) атауы және Халықаралық теңіз ұйымы берген оның сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);
      кеме тіркелген порт (орын);
      жалпы сыйымдылығы;
      басты энергетикалық қондырғының үлгісі, маркасы және қуаты;
      кемедегі жұмыс басталған күн;
      кемедегі жұмыс басталған порт (өңір);
      2) "Жұмыстың аяқталуы" деген бағанда:
      кемедегі жұмыс аяқталған күн;
      теңізші кемедегі жұмысты аяқтаған порт (өңір).
      10. Кемеде жұмыс істеу басталған күн мен портты қоспағанда, осы Қағиданың 9-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген теңізшінің жұмысы туралы мәліметтерді онымен еңбек шартын жасасқаннан кейін теңізде жүзу кітапшасы ізденушісінің (кеме иесінің) жұмыс беруші кеме иесі растайды.
      11. Теңізде жүзу кітапшасы иесінің кемедегі жұмысының басталу күні және оның кемедегі жұмысы басталған порт туралы, сондай-ақ осы Қағиданың 9-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтерге кеме капитаны немесе ол тағайындаған лауазымды тұлға қол қояды және кеме мөрімен расталады.
      12. Өтініш берушіге теңізде жүзу кітапшасын беру ол жеке тұлғасын куәландыратын негізгі құжатты ұсынған кезде жеке жүзеге асырылады.
      Теңізде жүзу кітапшасын алу кезінде өтініш беруші осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес теңізде жүзу кітапшасын беруді есепке алу журналына қол қояды.
      13. Жүргізілуі тоқтатылған теңізде жүзу кітапшасында соңғы парағына оны жүргізу тоқтатылғаны туралы және осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес пайдаланылғанның орнына жаңа теңізде жүзу кітапшасын беру туралы мөртабан қойылады.
      Теңізде жүзу кітапшасы аяқталған соң, ол иесінде қалады.
      14. Теңізде жүзу кітапшасы жоғалған жағдайда жаңа теңізде жүзу кітапшасын ресімдеу оның кемедегі жұмысы туралы анықтаманы немесе кемедегі жұмыс туралы соңғы еңбек шартының көшірмесі қоса берілген өтініш негізінде осы Қағиданың 8-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
      Кемедегі жұмысы туралы анықтама кемедегі жұмысы туралы келесі мәліметтерден тұрады: кемедегі жұмысы басталған күні және кемедегі жұмысы басталған порт, кемедегі жұмысы аяқталған күні және теңізші кемедегі жұмысын аяқтаған порт.

Теңізде жүзу кітапшасын    
ресімдеу және беру қағидасына 
1-қосымша        

_____________________________________________________________________
      (теңізде жүзу кітапшасын беруге құқығы бар ұйымның атауы)  

                                                           _________
                                                          |Фотосурет|
                                                          |  үшін   |                                                            |  орын   |
                                                          | (мөрмен |
                                                          |куәланды-|
                                                          | рылады) |
                                                          |_________|

Теңізде жүзу кітапшасын беру туралы
ӨТІНІШ

1. Тегі, аты, әкесінің аты___________________________________________
_____________________________________________________________________
тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), егер ол өзгертілсе, қашан және қайда)

2. Туған күні, айы, жылы __________________ 3. Жынысы________________
4. Туған жері
_____________________________________________________________________                   (республика, облыс, жергілікті пункт)
5. Тұрғылықты (тіркелген) жері
____________________________________________________________________
                  (индекс, республика, өлке, облыс,)

_____________________________________________________________________
             (елдімекен, көшесі, үй, корпус, пәтер, телефон)

6. Азаматтығы
_____________________________________________________________________
7. Басқа мемлекеттің азаматтығы (егер болса көрсету керек)___________
8. Жеке басты куәландыратын негізгі құжат

_____________________________________________________________________
сериясы _____________ нөмірі _______________ 20__ жылғы ___
__________берілді.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        (кім бергенін көрсету керек)
Теңіз кемесінде жұмыс істейтінімді растау үшін мыналарды ұсынамын:
____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(ұсынылған құжаттарды, олардың нөмірлерін, қашан және кім бергенін атап өту)

20__ жылғы ____________ _____________ ___________________
              (күні)      (қолы)         (аты-жөні, тегі)

ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ КІТАПШАСЫ БЕРІЛДІ

№ ТЖК _____________        Берілген күні 20___ жылғы "____"_______.

___________________________________   ___________ __________________
(теңізде жүзу кітапшасын беру туралы    (қолы)         (аты-жөні)
шешімді қабылдаған тұлғаның лауазымы)

Теңізде жүзу кітапшасы №________ журналда №___________ тіркелді.

Теңізде жүзу кітапшасын  
ресімдеу және беру қағидасына 
2-қосымша    

Теңізде жүзу кітапшаларын беруді есепке алу журналы

Р/с №

Теңізде жүзу кітапшасының нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы, кеменің атауы, кеме иесі (жалға алу және жұмыспен қамту ұйымының атауы)
жазбаша өтініш

Кеме бортында жұмыс істейтінін растайтын құжат

Берілген
күні

Алған кездегі қолы

1

2

3

4

5

6

7

Теңізде жүзу кітапшасын  
ресімдеу және беру қағидасына
3-қосымша        

Теңізде жүзу кітапшасын жүргізуді тоқтату және пайдаланылғанның орнына жаңадан берілген теңізде жүзу кітапшасын беру туралы мөртабан

___________________________           _______________________________

                                      Теңізде жүзу кітапшасын жүргізу
                                              тоқтатылды.

                                       Теңізде жүзу кітапшасы берілді

                                         № ТЖК 20__ жылғы_______ "__"                                             ________

                                         ____________________________
                                                (ұйым атауы)

___________________________               _________ _____ __________
                                         (лауазымы) (қолы) (аты-жөні)

                                          ___________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 797 қаулысымен   
бекітілген   

Дипломдарды растауды ресімдеу, беру,
мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою
қағидасы

      1. Осы Дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабының 2-тармағының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және дипломдарды растауды ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін айқындайды.
      2. Дипломдарды растау:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына;
      2) шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
       3. 1978 жылғы Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару конвенциясына және осы Конвенцияның түзетулеріне (бұдан әрі – ТДДВА) конвенциясына қатысушы басқа мемлекеттер берген дипломдар ТДДВА конвенциясында көзделген жағдайларда және шет мемлекеті берген дипломын тану туралы растауды бере отырып, дипломдарды өзара тану туралы халықаралық келісімдер болған кезде танылады.
      4. Шет мемлекеті берген дипломдарды растауды осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсына отырып, өтініш жасаған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі – Порттың теңіз әкімшілігі ресімдейді және береді:
      осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дипломды растау немесе мерзімін ұзарту туралы өтініш қолмен, анық жазумен немесе жазу құрылғысымен толтырылады, түзетулерге рұқсат етілмейді;
      фотосурет 30х40 миллиметр – 2 дана;
      теңізшінің жеке куәлігінің немесе теңізшінің паспортының көшірмелері (болған жағдайда);
      өтініш берушінің тұлғасын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрған жері немесе уақытша тұрған жері бойынша тіркелуі туралы анықтама;
      тұруға ықтиярхат көшірмесі және тұрған жері немесе уақытша тұрған жері бойынша тіркелуі туралы анықтама (шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін);
      қолданылу мерзімі кемінде алты айдан кейін аяқталатын диплом көшірмесі;
      көруге және естуге қатысты жарамдылықты қоса алғанда, мерзімділігі екі жылдан аспайтын денсаулық жағдайы бойынша кемелердегі жұмысқа жарамдығын растайтын құжат көшірмесі. Шетелдік денсаулық жағдайы туралы куәлік және анықтама қабылданбайды;
      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж төлемін растайтын құжаттың көшірмесі.
      Дипломды растаудың қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда бұрын берілген растаудың түпнұсқасы ұсынылады.
      Теңіз білім беру мекемелерінің түлектері оқу кезінде тренажерлық дайындықтың өткені туралы өтініш-анықтама ұсынады.
      Жоғарыда аталған құжаттардың барлық көшірмелері түпнұсқаларымен бірге салыстыру үшін ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін өтініш берушіге қайтарылады.
      5. Жоғарыда аталған құжаттарды ұсынғаннан кейін үміткер біліктілік сынақтарынан өтуге жіберіледі.
      6. Біліктілік сынақтарын өткізу үшін ПТӘ Теңіз біліктілік комиссиясын (бұдан әрі – ТБК) құрады. ТБК жұмысына ПТӘ, білім беру мекемелерінің, ғылыми, қоғамдық ұйымдардың және кеме иелерінің қызметкерлері тартылады.
      Біліктілік сынақтары сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті орган бекітетін бағдарлама бойынша практикалық емтиханнан өту әдісімен жүргізіледі. Біліктілік сынақтарының қорытындылары бойынша кандидатқа біліктілік сынақтарынан өткені туралы хаттама беріледі.
      Біліктілік сынақтарынан өтудің нәтижесі теріс болған жағдайда үміткер күнтізбелік үш ай өткеннен кейін дипломға растауды беруге қайта жүгінуі және біліктілік сынақтардан өтуі мүмкін.
      Дипломдарды растауды беру немесе беруден бас тарту туралы шешімді ПТӘ біліктілік сынақтардан өту жөніндегі хаттама негізінде қабылдайды.
      7. Дипломды растау мемлекеттік (немесе орыс) және ағылшын тілдерінде толтырылады.
      8. Біліктілік сынақтарынан өтудің оң нәтижесінде дипломдарды растау немесе олардың мерзімін ұзартуды растау үміткердің өтініші қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде және дипломның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
      9. Дипломдарды растау кеме капитаны кеме экипажы мүшесіне төмендегідей ақпарат ұсынған кезде:
      экипаж мүшелері дипломға сәйкес өз міндеттерін орындау кезінде олардың құзыретсіздігі, әрекет еткені немесе әрекет етпегені, тәртіптік бұзушылықтар туралы;
      теңізде адамдар өміріне, мүліктің сақталуына тікелей қауіп төнген немесе теңіз ортасына залал келтірілген жағдайда ПТӘ алып қояды.
      10. Дипломдарға растау расталған дипломның қолданылу мерзімі өткен соң, сондай-ақ осы Қағиданың 9-тармағында көрсетілген жағдайларда күшін жоғалтады.
      11. Жоғалғандарының орнына және бүлінген (зақымданған) кезде оларды одан әрі пайдалану үшін жарамсыз ететін жағдайда дипломдардың жаңа растауын беруді ПТӘ дипломдардың бастапқы растауы үшін осы Қағидада белгіленген мерзімде және тәртіппен жүзеге асады.
      12. Дипломдардың растауын алып қою кезіндегі әрекет мынадай рәсімдерді қамтиды:
      1) дипломдар растауының иесіне оның біліктілік сынақтардан өту кезінде қойылатын талаптарға сай келмейтіндігі туралы, ол алған диплом растауларын ПТӘ-ға тапсырсын және хабарламамен бірге пошта жөнелтілімі арқылы ПТӘ-ға дипломдар растауын жіберсін деген ұсыныспен бір мезгілде хабардар ету;
      2) дипломдарды растауды алып қою туралы ақпаратты дерекқорға енгізу;
      3) дипломдарды растауды алып қою туралы ақпаратты баспасөзге орналастыру.
      ПТӘ есеп жүргізеді және тоқсан сайын сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы уәкілетті органға берілген және алып қойылған растаулар туралы мәлімет ұсынады.

Дипломдарды растауды    
ресімдеу, беру, мерзімін ұзарту,
сондай-ақ алып қою қағидасына
қосымша           

ДИПЛОМДАРДЫ РАСТАУДЫ (РАСТАУДЫҢ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУДЫ)
БЕРУГЕ ӨТІНІШ

A

Тегі

B

Аты (аттары)

C

Туған күні (кк-аа-жжжж)

D

Ту мемлекетінің растауды қайтаруға арналған мекенжайы





E

ТДДВА         қағидасына сәйкес лауазымы
(II\1 ережесі, вахта жұмысын атқаруға жауапты командалық құрамдағы лауазым)

F

Диплом №___________                                            _________
Берілген күні __________                                      |Фотосурет| 
Қолданылу мерзімі __________                                  | мөлшері |
                                                              |30х40мм  |
                                                              |         |
                                                              |         | 
                                                              |________ |

____________      _________________          ______________________
Қол қою орны       Қол қойған күні           Өтініш берушінің қолы

G

Кеме қатынасы компаниясының растауы:


(Экипажды жасақтау бойынша шетелдік агенттік тек кеме қатынасы компаниясы уәкілетті органға сондай агенттікті өз атынан өтінішті бекіту үшін уәкілеттенгенін анықтайтын жазба өтінішті жолдаған жағдайда ғана кеме қатынасы компанияны ұсына алады)

______________                ___________________       _____________
Қол қою орны                 Қол қойған күні          Өтініш берушінің қолы


Бағалау:




|__| Жұмыс сынағынан өтеуге тиіс өтініш беруші


|__| Қосымша лауазымдарда жұмыс істеу үшін өтініш беруші