Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасын бекіту және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 шілдедегі № 783 Қаулысы

Қолданыстағы

      "2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысының 7-2 тармағына және "Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілеті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
      2."Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасында (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру):
      "Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 7-бөлімде мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1 жолмен толықтырылсын:

"

4-1

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті)

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының

2011 жылғы 2-тоқсан


(кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасының жобасын әзірлеу.


жобасы


".

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 9 шілдедегі
№ 783 қаулысымен  
бекітілген     

" Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

     1 Осы Қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасына (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес әзірленді және бағдарлама шеңберінде консультанттардың қызметтеріне ақы төлеуді республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тәртібін анықтайды.
     2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     1) әлеуетті қатысушы - Бағдарламаға қатысуға құқығы бар және Бағдарламаға қатысушыларды іріктеуге қатысуға ниет білдірген кәсіпорын;
     2) консультанттар - әлеуетті қатысушылардан және олардың кредит берушілерінен және меншік иелерінен тәуелсіз, сауықтыру жоспарын әзірлеу үшін кредит берушілер комитеті таңдаған адамдар;
     3) кредит берушілер комитеті - еңбекақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жөніндегі кредит берушілердің, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі кредит берушілердің өкілдерінен, кредит беруші - мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органның, сондай-ақ кәсіпорынға талап қою сомасы неғұрлым көп кредит берушілердің өкілдерінен қалыптастырылған алқалы орган;
     4) сауықтыру жоспары - іске асыру мерзімін, қол жеткізілетін нәтижелер мен ресурстарды, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді көрсете отырып, қолданыстағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында кредит берушілер мен кәсіпорындардың меншік иелері, сондай-ақ мемлекет тарапынан тепе-тең негізде жүзеге асырылатын қолдау шараларын қолдану кезінде кәсіпорынды сауықтыруға бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;
      5) Сауықтыру кеңесі - мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы өкілдерінен тұратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қалыптастырылған консультациялық-кеңесші орган. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сауықтыру кеңесінің төрағасы болып табылады;
      уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі.

2. Бағдарлама шеңберінде консультанттардың қызметтерін республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру тәртібі

      3. Консультант қызметтерінің құнын төлеуге арналған 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі шығыстар республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландырылады, бұл ретте сауықтыру жоспарын сүйемелдеу құнын қоса алғанда, әрбір әлеуетті қатысушыны бірлесіп қаржыландырудың ең көп сомасы шарт сомасының 50 (елу) пайызынан немесе 35 (отыз) миллион теңгеден аспауға тиіс.
      4. Сауықтыру жоспарын әзірлеу және сүйемелдеу үшін әлеуетті     қатысушы кредит берушілер комитеті таңдайтын консультантты тартады.
      5. Сауықтыру жоспарын әзірлеу мақсатында бірлесіп қаржыландыруды алу үшін әлеуетті қатысушы уәкілетті органға әлеуетті қатысушы мен консультант арасында жасалған сауықтыру жоспарын әзірлеуге және сүйемелдеуге арналған шартты қоса бере отырып, уәкілетті орган бекіткен нысанға сәйкес жасалған өтінімді жібереді.
      6. Өтінімде кредит берушілер комитеті сауықтыру жоспарымен келіспеген, сауықтыру жоспарын әзірлеу мерзімінен асып кеткен, Сауықтыру кеңесінің теріс қорытындысы алынған немесе қатысушы бағдарламадан алып тасталған жағдайда әлеуетті қатысушының республикалық бюджеттен жіберілген бірлесіп қаржыландыру сомасын қайтару міндеттемесі қамтылады.
      7. Уәкілетті орган бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асыруға өтінімді алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімде көрсетілген сома негізінде төлеуге берілетін шотты қалыптастырады және ақшалай қаражаттың сомасын консультанттың банктік шотына аударуды жүзеге асырады.