"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 779 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Ғарыш жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 1087 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 8 шілдедегі
№ 779 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2005 жылғы 31 қазандағы
№ 1087 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы

Шөкеев                   - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы           бірінші орынбасары, төраға

Мұсабаев                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш
Талғат Аманкелдіұлы        агенттігінің төрағасы, төрағаның
                           орынбасары

Қазиев                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Бағлан Нұрланұлы           агенттігінің Ғарыш қызметін дамыту
                           стратегиясы департаменті директорының
                           міндетін атқарушы, хатшы

Исекешев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы            орынбасары - Қазақстан Республикасының
                           Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Әшім                     - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы        қорғау министрі

Қазыханов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
Ержан Хозеұлы              министрі

Жұмағалиев               - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы            ақпарат министрі

Мамытбеков               - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы         министрі

Түсіпбеков               - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы

Камалиев                 - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы            коммуникация министрі

Ермегияев                - Қазақстан Республикасының Туризм және
Талғат Амангелдіұлы        спорт министрі

Келімбетов               - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы            даму және сауда министрі

Жақсыбеков               - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Әділбек Рыскелдіұлы        министрі

Жәмішев                  - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Мыңбаев                  - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы        министрі

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы         министрі

Божко                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович          жағдайлар министрі

Әбіқаев                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай                     комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қожаметов                - Қазақстан Республикасы Президентінің
Сәбит Нұрмаханұлы          «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі
                           (келісім бойынша)

Молдабеков               - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Мейірбек Молдабекұлы       агенттігі төрағасының орынбасары

Шаймағамбетов            - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Еркін Мұстафаұлы           агенттігі төрағасының орынбасары

Мырзақұлов               - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық
Гавыллатып Тұрғанбайұлы    компаниясы» акционерлік қоғамының
                           президенті (келісім бойынша)

Ахматов                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
Иван Идрисович             агенттігінің «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей
                           бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының
                           бас директоры (келісім бойынша)

Жантаев                  - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен
Жұмабек Шәбденамұлы        технологиялар орталығы» акционерлік
                           қоғамының президенті (келісім бойынша)

Лефтер                   - «Ғарыштық байланыс республикалық орталығы»
Виктор Дмитриевич          акционерлік қоғамының президенті (келісім
                           бойынша)