Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2017 № 140 қаулысымен.
"2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту" мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 352 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Ғарыш жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 31 қазандағы N 1087 қаулысымен бекiтілген |
Қазақстан Республикасының Yкiметi
жанындағы Ғарыш жөнiндегi кеңес туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Ғарыш жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының ұлттық және ақпараттық қауiпсiздiгiн, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуын нығайту үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар iрi ғарыштық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға бағытталған ұсыныстарды әзiрлеуге жауапты консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Ғарыш қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілері мен осы Ереженi басшылыққа алады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 794 қаулысымен.2. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары
3. Кеңестің негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту үшiн ғылым, бiлiм, өндiрiс пен қаржы-кредит саласын ықпалдастыруды қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) экологиялық қауiпсiздiк проблемаларын шешу, табиғи апаттар туралы ескерту және қысылтаяң жағдайларда құтқару үшiн ғарыш құралдарын пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) ғарыш қызметiн дамыту үшiн "Байқоңыр" кешенін, мемлекеттiк ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
4) Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық, әлеуметтiк-экономикалық прогресi мен ұлттық қауiпсiздiгi мүддесi үшін ғарыш саласындағы ғылым жетiстiктерiн және жаңа технологияларды пайдалану жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
5) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 794 қаулысымен.4. Кеңестiң функциялары:
1) ғарыш қызметi саласында жұмыс iстейтiн қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау және зияткерлiк меншiктi құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) ғарыш қызметi саласы үшiн кадрларды даярлау, қайта даярлау, олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру және космонавтика жетiстiктерiн насихаттау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
3) Қазақстанның қорғаныс кешенiн конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетiн ғарыштық аспап құрастыруда тиiмдi пайдалану жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;
4) ғарыш саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалы және тиiмдi бағыттары бойынша ұсынымдар әзiрлеу;
5) "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) әлеуетті құрылымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ғарыш жүйелерін құру және қолдану бойынша өзара іс-қимыл жасауының тетіктерін әзірлеу;
7) ғарыш жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
8) ғарыш технологияларын енгізу және ғарыш аппараттарын оңтайлы жүктеу жөнінде шаралар әзірлеу.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 794 қаулысымен.5. Кеңестiң:
ғарыш қызметi саласында iрi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру барысын тыңдауға;
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ғарыш қызметiн дамыту мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
мемлекеттiк органдардан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру
6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басқарады. Кеңестің құрамына Кеңес төрағасының орынбасары, Кеңес хатшысы және мүшелері кіреді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.РҚАО-ның ескертпесі!
7-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 615 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
7. Кеңестiң төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған iс-шараларды айқындайды.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Кеңестің құрамына Ішкі істер, Сыртқы істер, Ұлттық экономика, Қорғаныс, Инвестициялар және даму, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары, Әділет министрінің орынбасары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының ғарыш қызметі мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары (келісім бойынша), Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы, сондай-ақ "Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі (келісім бойынша) кіреді.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.11.15. N 1087; 05.08.2013 № 794; 09.04.2014 N 329; 04.09.2014 N 970 қаулыларымен.8. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін Кеңес хатшысы хаттама ресімдейді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.9. Кеңестiң отырысы жылына кемiнде екi рет өткiзiледi. Кеңес құрамының 1/3 бөлiгi әрбiр екi жылда жаңартылып отырады.
Егер Кеңестің отырысына Кеңестің бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3-і қатысса, ол заңды болады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.10. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуге тиіс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.11. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңестің отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Кеңес хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
Ескерту. Ереже 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.12. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
Ескерту. Ереже 12-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 31 қазандағы N 1087 қаулысымен бекiтілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ғарыш жөніндегі кеңестің құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы
"Байқоңыр" кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы өкілі (келісім бойынша)