Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 750 Қаулысы

Жаңартылған

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес және ауыл шаруашылығы жануарларын және құстарды аса қауіпті инфекциялық және инвазиялық аурулардан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 750 қаулысымен   
бекітілген    

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді
ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық
бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 090 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» (бұдан әрі - ағымдағы нысаналы трансферттер) республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін анықтайды.

2. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру
мен жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану тәртібі

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттер ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен жүргізуге байланысты шығыстарды жабуға бағытталған және мыналарды көздейді:
      1) ауыл шаруашылығы жануарларына (ұсақ мал, жылқы, түйе, шошқа) арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау жөніндегі қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;
      2) ауыл шаруашылығы жануарларын (ұсақ мал, түйе, шошқа) бірдейлендіруді жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын) сатып алуды жүзеге асыру;
      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған (таңбалауға және жапсырмалауға арналған) аппарат сатып алуды жүзеге асыру;
      4) жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді және өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтер сатып алуды жүзеге асыру.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1632 Қаулысымен.
      3. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2011 жылға арналған республикалық бюджеттегі қаражат шегінде игерілмеген қаражатты бұдан әрі пайдалану мәселесін қарастырады.
      4. Министрлік республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес, сондай-ақ қол қойылған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Келісім шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады.
      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ауыл шаруашылығы жануарларына арналған ветеринариялық паспорттарды дайындау қызметтерін (бұдан әрі - қызметтер), ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды (құлақ жапсырмаларын), ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аппаратты, жануарлардың жеке нөмірлерін салыстырып оқуға арналған сканерді, өзі желімделетін штрих-кодтарды басып шығаруға арналған принтерді (бұдан әрі - тауар) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.29 № 1632 Қаулысымен.
      6. Сатып алынатын құлақ жапсырмалар, жануардың жеке нөмірі, сондай-ақ жануарларға арналған ветеринариялық паспорт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесінде (бұдан әрі - Бірдейлендіру ережесі) көрсетілген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес болуы тиіс.
      Жапсырмалардың бірдейлендіру нөмірлерінің реттік нөмірленуін анықтауды ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган тауарларды жеткізушілермен шарттар жасалғанға дейін жүзеге асырады.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік сатып алудың нәтижелері бойынша өзге де шарттардан басқа:
      1) жеткізілетін тауардың сапасына бақылау жүргізудің тәртібі мен мерзімдері;
      2) жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің сапасына жеткізіп берушілердің жауапкершілігі;
      3) жеткізіп берушілердің сапасыз тауарларды ауыстыру мерзімдері қарастырылуы тиіс тауарларды жеткізіп берушілермен шарттар жасасады.
      8. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарында құрамына Министрліктің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстың (Астана, Алматы қаласының) аумақтық инспекциясының өкілін енгізіп (келісім бойынша) құрамы кемінде 3 (үш) адамнан тұратын сатып алынатын тауарлардың және көрсетілген қызметтердің сандық-сапалық жағдайын бағалау жөніндегі Комиссиялар құрылады.
      9. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері Комиссияның жұмыс органдары болып табылады.
      «Комиссия жеткізілген тауарларды және көрсетілген қызметтерді бағалауды олардың көрсетілуі мен жеткізілуіне қарай жүзеге асырып, кейіннен осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау актісін жасайды.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      10. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары бекітетін Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес сатып алынған тауарларды бөлуді жүзеге асырады.
      Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу Бірдейлендіру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Тауарды жеткізіп берушілер 2011 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына ақы төлеудің алдындағы мынадай құжаттарды:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізілген тауарларды және көрсетілген қызметтерді бағалау актілерін;
      2) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің актілерін ұсынады.
      12. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тексереді, олар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда ақы төлеуге жібереді.
      13. Ұсынылған құжаттар осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары үш жұмыс күні ішінде сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, оларды тауарларды жеткізіп берушілерге пысықтауға қайтарады.
      14. Тауарларды жеткізіп берген үшін тиісті тауарларды жеткізіп берушілердің банктік шоттарына қаржылай қаражат аударуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      15. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары Министрлікке ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, ал жылдың қорытындылары бойынша 2011 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей, ал қаражат толығымен игерілмеген жағдайдан себебі көрсетілген ағымдағы нысаналы трансферттер қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады.
      16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Министрлікке жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 30 шілдеден кешіктірмей аралық есепті, ал жылдың қорытындылары бойынша келесі қаржы жылының 15 ақпанынан кешіктірмей ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелерге іс жүзінде қол жеткізу туралы қорытынды есепті ұсынады.

Облыстық бюджеттердің, Астана және      
Алматы қалалары бюджеттерінің ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру мен
жүргізуге 2011 жылғы республикалық бюджеттен 
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді 
пайдалану қағидасына          
1 қосымша               

Сатып алынатын тауарларға сипаттама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.10.07 № 1146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Тауардың атауы

Тауардың сипаттамасы (сипаты)

1

2

3

1.

Түйелерге арналған құлақ жапсырмалары

Құлақ жапсырмалары және олардағы жануардың жеке нөмiрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде көрсетiлген iрi жануарларға (iрi қара мал, түйе) арналған талаптарға сәйкес болуы тиiс.

2.

Ұсақ малға, шошқаға арналған құлақ жапсырмалары

Құлақ жапсырмалары және олардағы жануардың жеке нөмiрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнде көрсетiлген ұсақ жануарларға (ұсақ мал, шошқа) арналған талаптарға сәйкес болуы тиiс.

3.

Ветеринариялық паспорттар

1. Ветеринариялық-паспорт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң талаптарына сәйкес болуы тиiс.
2. Ветеринариялық паспорттың мөлшерлері мынадай болуы тиiс: ұзындығы 20±1 см, биiктiгi 15±1 см. Мұқабасы: тығыздығы – 280, жылтыр, түстiлiгi 4+0. Iшкi парақтары: ксерокс қағазы, түстiлiгi 1+1, офсеттiк баспа.
Бiрiншi бетi, яғни беткi жағының ортасында мемлекеттiк тiлде «Ветеринариялық паспорт» және орыс тiлiнде «Ветеринарный паспорт» деген атауы, төменгi сол жағында мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде _______ аудан/район (қала/город) және ___________ облыс/область көрсетiлуi тиiс.
Екiншi бет Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi жалпы мәлiметтерден тұрады.
Үшiншi және келесi беттер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру ережесiнiң 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде кесте түрiнде бағандарға бөлiнген.
Барлығы 20-беттен кем болмауы тиiс.

4.

Жануарларға бiрдейлендiру жүргiзуге арналған аппарат (таңба)

Жануарларды бiрдейлендiруге арналған аппарат (таңба) жылқыларды ыстық және суық таңбалауға арналған жиынтықтардан тұрады:
1. Жылқыларды суықтай таңбалауға арналған жиынтық мыналардан тұрады: цифрлар мен әрiптерге арналған матрицадан; кемiнде 70 см жылу өткiзбейтiн тұтқасы бар матрицаға бекiтiлетiн тұтқадан; цифрлық символдар жиынтығы 0, 1, 2, 3,4, 5, 6, 7, 8, 9; әрiптiк символдар жиынтығы К, С, В, D, Е, F, Н, L, Р, М, N, R, S, Т, X, A, Z. Цифрлар мен әрiптердiң мөлшерлерi стандартты
2. Жылқыларды ыстықтай таңбалауға арналған жиынтықтың мынадай цифрлық символдардан: 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және әрiптiк символдардан К, С, В, D, E, F, H, L, P, M, N, R, S, Т, X, A, Z тұрады. Ересек жануарларға арналған таңбаның көлемi: биiктiгi 8 см, енi 5 см; төлдер үшiн: биiктiгi 5 см, енi 3 см.
Ыстық таңбалауға арналған таңба енi 18-30 мм, қалыңдығы 3 мм бетi тегiс жалпақ темiрден дайындалады. Тұтқаның ұзындығы кемiнде 70 см, жылу өткiзбейтiн тұтқасы бар.

Облыстық бюджеттердің,    
Астана және Алматы қалалары   
бюджеттерінің ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді  
ұйымдастыру мен жүргізуге   
2011 жылға арналған республикалық
бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану қағидасына
2-қосымша           

Жеткізілген тауарларды, көрсетілген қызметтерді
бағалау актісі

_______________                     20______ ж. "______" _______
(облыс, аудан)
__________________________________________________ құрылған комиссия,
(Комиссия кімнің шешімімен құрылды, шешімнің күні және нөмірі көрсетілсін)
құрамында: Комиссия төрағасы, _______________________________________
                                   (Т.А.Ә., атқаратын қызметі)
Комиссия мүшелері ___________________________________________________
                              (Т.А.Ә., атқаратын қызметі)
сондай-ақ 20____ ж. "_____" № ____________________ сенімхатқа сәйкес
______________________________________ мүдделерін білдіруге уәкілетті
(қызметтер көрсетушінің толық атауы)
______________________________________ мынадай қорытынды жасады:
      `            (Т.А.Ә.)

Тауардың/ қызметтердің толық атауы

Тауардың/ көрсетілген қызметтің қысқаша сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Тауардың/ көрсетілген қызметтердің көлемі

Бір бірлігінің бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)













Жеткізілген тауардың/көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
___________________________________________________________________
                              (атап шығыңыз)
Жеткізілген тауарларға наразылық жоқ (наразылық болған жағдайда атап
шығыңыз).____________________________________________________________

Комиссия төрағасы                  __________________________________
                                              Т.А.Ә., қолы

Комиссия мүшелері                  __________________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы)

Қызметтер көрсетушіден             __________________________________
                                             (Т.А.Ә., қолы)

Облыстық бюджеттердің,  
Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің ауыл шаруашылығы
жануарларын бірдейлендіруді 
ұйымдастыру мен жүргізуге  
2011 жылға арналған республикалық
бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы
трансферттерді пайдалану 
3-қосымша        

Жеткізілген тауарлардың/көрсетілген қызметтердің актісі

_______________                   20______ ж."_______" _________
(облыс, аудан)
 
Бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын ____________________________
                                                (мекеме атауы)
атынан 20____ ж. "______" ___________ бұйрығы негізінде әрекет ететін
____________________________________________ және бұдан әрі «Тауарлар
(Т.А.Ә. атқаратын қызметі)
жеткізуші» деп аталатын атынан ______________________________________
                  (тауарларды, қызметтер көрсетушінің толық атауы)
20__ ж. "______" № ________ Жарғы (сенімхат) негізінде әрекет ететін
________________ 20_____ ж. "____" _________ көрсетілген қызметтерді
(Т.А.Ә. атқаратын қызметі)
бағалау актісіне сәйкес төмендегі туралы осы Актіні жасады.
Тауарларды/ қызметтерді жеткізуші өзі және Тапсырыс берушінің
арасында жасалған 20___ ж. "_____" № _________ Шартқа сәйкес мынадай
сипаттамадағы қызметтерді көрсетті:

Тауардың/ қызметтердің толық атауы

Тауардың/ көрсетілген қызметтің қысқаша сипаттамасы

Өлшем бірлігі

Тауардың/ көрсетілген қызметтердің көлемі

Бір бірлігінің бағасы (теңге)

Сомасы (теңге)













Жеткізілген тауардың/көрсетілген қызметтердің қосымша сипаттамасы:
_____________________________________________________________________
                        (атап шығыңыз)
Жеткізілген тауарларға/көрсетілген қызметтерге наразылык жоқ
(наразылық болған жағдайда атап шығыңыз)
____________________________________________________________________
1. Алынған тауарлардың/көрсетілген қызметтердің жалпы құны
_____________________________________________________________________

2. Аванс сомасы                        ______________________________
3. Бұрын актіленген сомасы             ______________________________
4. Төленуі тиіс                        ______________________________

Тапсырыс беруші үшін            Тауарларды/қызметтерді жеткізуші үшін
_________________________       _____________________________________
(Т.А.Ә. атқаратын қызметі)           (Т.А.Ә. атқаратын қызметі)
__________________________      ___________________________________
(қолы, мөртаңба бедері)                (қолы, мөртаңба бедері)