"Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 695 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
      «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі» деген 2-бөлімде:
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы (Астана қаласы)»;
      мынадай мазмұндағы 25 және 26-тармақтармен толықтырылсын:
      «25. Туризм басқармасы (Алматы қаласы);
      26. Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Алматы қаласы)».
      2. Алматы қаласы әкімдігі:
      1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
      2) жергілікті атқарушы органның туризм, дене шынықтыру және спорт салаларындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерін құрсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов