Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2013 № 608 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында:
«Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі» деген 2-бөлімде:
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы (Астана қаласы)»;
мынадай мазмұндағы 25 және 26-тармақтармен толықтырылсын:
«25. Туризм басқармасы (Алматы қаласы);
26. Дене шынықтыру және спорт басқармасы (Алматы қаласы)».
2. Алматы қаласы әкімдігі:
1) өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін;
2) жергілікті атқарушы органның туризм, дене шынықтыру және спорт салаларындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерін құрсын;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов