Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 694 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 694 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.01.2013 № 19 Қаулысымен.

Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы      министрi, төраға

Толымбаев              - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берiк Зиябекұлы          вице-министрi, төраға орынбасары

Бимұратов              - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Берiк Шәдімұратұлы       министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi
                         мемлекеттiк инспекциялау комитетi
                         төрағасының орынбасары, хатшы

Жанзақов               - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Жандарбек Сәдуұлы        Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы,
                         контр-адмирал

Момышев                - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Талғат Амангелдiұлы      министрлiгi Мұнай-газ кешенiндегi
                         мемлекеттiк инспекциялау
                         комитетiнiң төрағасы

Тәутеев                - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Әуесбек Зпашұлы          қорғау министрлiгi Экологиялық реттеу және
                         бақылау төрағасының орынбасары

Жұмажанов              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Бауыржан Жұмажанұлы      министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi
                         төрағасының орынбасары

Жиенқұлов              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Оңдасын Елубайұлы        министрлiгi Су шаруашылығы комитетi төрағасының              орынбасары

Әбікеев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Кенжеберген Қабышұлы     комитетiнiң Шекара қызметi Бас штабы
                         бастығының орынбасары – 6-шы басқарманың
                         бастығы, контр-адмирал (келiсiм бойынша)

Ыбыраев                - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
Әлібек Зәрубекұлы        комитетi Шекара қызметiнің Бас штабы 6-шы
                         басқармасының аға консультанты, 2-рангiлi
                         капитаны (келiсiм бойынша)

Оразбағамбетов         - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Асқар Ұзақбайұлы         министрлiгi Төтенше жағдайларды және
                         өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк
                         бақылау комитетi Мұнай-газ өнеркәсiбiн
                         мемлекеттiк бақылау басқармасының бастығы

Рүстемов               - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
Нұржан Арыстанұлы        министрлiгi Мұнай тасымалдау мониторингі
                         және мұнай жобаларын дамыту басқармасының
                         бастығы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 694 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану  және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.
      5. Комиссияның функцияларына:
      1) теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы өтінімдерді қарау;
      2) теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселесін шешу үшін ұсынымдар енгізу кіреді.
      6. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
      2) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша отырыстарға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, лауазымды адамдарды және азаматтарды шақырады және тыңдайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды сұратады және алады.

2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның төрағасы өзінің қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.
      8. Комиссия төрағасын қоса алғанда, Комиссияның әрбір мүшесі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін өзінің атынан өкілдік ететін мемлекеттік органның құзыреті шегінде дербес жауап береді.
      9. Комиссия жұмысын ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етуді Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      10. Комиссияның жұмыс органы функцияларын Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі жүзеге асырады.
      11. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
      12. Комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды және Комиссияның отырысына Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті өзге материалдарды әзірлеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Дайындалған материалдар Комиссия отырысын өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Комиссия мүшелеріне жіберіледі.
      13. Комиссияның отырыстары Комиссия материалдарын қарау мерзімдерін ескере отырып қажеттілігіне қарай өткізіледі.
      14. Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
      15. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
      16. Комиссия теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселесін шешуге қажетті құжаттар (бұдан әрі - құжаттар) алынған күннен бастап он бес күнтізбелік күні ішінде теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы ұсынымдар әзірлейді.
      17. Қосымша материалдар сұратылған жағдайда, Комиссияның өтінішті қарау мерзімі Комиссияның мұндай материалдарды алған күнінен бастап есептеледі, ол күнтізбелік он бес күннен аспауы керек.
      18. Ұсынылған материалдарды қарау Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып жүргізіледі.
      19. Қарау қорытындылары бойынша Комиссия Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы тиісті ұсынымдарды әзірлейді.
      20. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
      21. Ұсынылған материалдарды қарау нәтижелері бойынша хаттама ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады. Комиссия отырысының хаттамасына отырысқа қатысқан барлық Комиссия мүшелері қол қояды.
      22. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде баяндалуға және хаттамаға тіркелуге тиіс.
      23. Қол қойылғаннан кейін хаттаманы құзыретті орган үш жұмыс күні ішінде теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына жібереді.

3. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

      24. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болады.