Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 694 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 487 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.08.2017 № 487 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 694 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру,
пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының Энергетика бірінші вице-министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-Теңіз Күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу, бақылау және мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штабы 5-ші басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Бас штабы 6-шы басқармасының аға консультанты, 2-рангілі капитан (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мұнай-газ өнеркәсібін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау мониторингі және мұнай жобаларын дамыту басқармасының бастығы

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 694 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

      3. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары

      4. Комиссияның негізгі міндеті Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

      5. Комиссияның функцияларына:

      1) теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы өтінімдерді қарау;

      2) теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселесін шешу үшін ұсынымдар енгізу кіреді.

      6. Комиссия өз құзыреті шегінде:

      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      2) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша отырыстарға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, лауазымды адамдарды және азаматтарды шақырады және тыңдайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды сұратады және алады.

2. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      7. Комиссияның төрағасы өзінің қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін орынбасары атқарады.

      8. Комиссия төрағасын қоса алғанда, Комиссияның әрбір мүшесі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін өзінің атынан өкілдік ететін мемлекеттік органның құзыреті шегінде дербес жауап береді.

      9. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

       10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      12. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       13. Комиссияның отырыстары Комиссия материалдарын қарау мерзімдерін ескере отырып қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      14. Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.

      15. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі.

      16. Комиссия теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану мәселесін шешуге қажетті құжаттар (бұдан әрі - құжаттар) алынған күннен бастап он бес күнтізбелік күні ішінде теңізде мұнай операцияларын жүргізуге арналған теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы ұсынымдар әзірлейді.

      17. Қосымша материалдар сұратылған жағдайда, Комиссияның өтінішті қарау мерзімі Комиссияның мұндай материалдарды алған күнінен бастап есептеледі, ол күнтізбелік он бес күннен аспауы керек.

      18. Ұсынылған материалдарды қарау Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып жүргізіледі.

      19. Қарау қорытындылары бойынша Комиссия Қазақстан Республикасында теңіз құрылыстарын құру, пайдалану және қолдану туралы тиісті ұсынымдарды әзірлейді.

      20. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.

      Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      21. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      22. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

       23. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

3. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

      24. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтату үшін негіз болады.