«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына және «2011 - 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуіріндегі № 473 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен кондоминиумның объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттің қатысумен мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 8000000000 (Сегіз миллиард) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 маусымдағы
№ 693 қаулысына
қосымша
Мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың жарғылық капиталын ұлғайту үшін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу
Р/с |
Облыстардың атауы |
ұйым атауы |
Шығыстар сомасы, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
Барлығы: |
8 000 000 |
||
1. |
Ақмола облысы |
«Көкше жәрдем» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
201 700 |
«Горкоммунхоз» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
25 000 |
||
«Тазалық сервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
73 300 |
||
2. |
Ақтөбе облысы |
«Табыс Ақтөбе» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
500 000 |
3. |
Алматы облысы |
«Қапшағай тұрғын-үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
101 112 |
«Жилищно-эксплуатационный комплекс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
11 333 |
||
«Жилищная служба» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
287 555 |
||
4. |
Атырау облысы |
«Коммунальное обслуживание жилых домов города» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
500 000 |
5. |
Шығыс Қазақстан облысы |
«Многоотраслевое эксплуатационное предприятие» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
250 000 |
«Өскемен-Тәртіп көпсалалы мекемесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
650 000 |
||
6. |
Жамбыл облысы |
«Тұрғын үй жөндеу-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
300 000 |
7 |
Батыс Қазақстан облысы |
«Орал Құрылыс Жөндеу Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
400 000 |
8 |
Қарағанды облысы |
«Городское коммунальное хозяйство» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
750 000 |
9 |
Қостанай облысы |
«ЖЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
350 000 |
10 |
Қызылорда облысы |
«Тұрғын үй қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
400 000 |
11 |
Маңғыстау облысы |
«Ақтау тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
400 000 |
12 |
Павлодар облысы |
«Горкомхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
400 000 |
13 |
Солтүстік Қазақстан облысы |
«Жилищно-эксплуатационная служба» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
400 000 |
14 |
Оңтүстік Қазақстан облысы |
«Тұрғын үй» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
500 000 |
15 |
Астана қаласы |
«Городская недвижимость» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны |
500 000 |
16 |
Алматы қаласы |
«Алматы тұрғын үй» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
1 000 000 |