«Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Сауықтыру жөніндегі кеңес құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 660 қаулысымен
құрылған
Сауықтыру жөніндегі кеңестің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.31 № 409, 2012.12.24 № 1663 Қаулыларымен.
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-
Серік Нығметұлы Министрі, төраға
Келімбетов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайрат Нематұлы Министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары
Теңгебаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ардақ Мырзабайұлы вице-министрі, хатшы
Жәмішев - Қазақстан Республикасының
Болат Бидахметұлы Қаржы министрі
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Қуанышұлы коммуникация министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі
Рау - Қазақстан Республикасының Индустрия
Альберт Павлович және жаңа технологиялар бірінші
вице-министрі
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы сақтау министрі
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл
Асылжан Сарыбайұлы шаруашылығы министрі
Мыңбай - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы және ақпарат министрі
Досаев - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарұлы Экономикалық даму және сауда министрі
Әбдірахымов - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахматоллаұлы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің
(Монополияға қарсы агенттік) төрағасы
Ермегияев - Қазақстан Республикасы Спорт және
Талғат Амангелдіұлы дене шынықтыру істері агенттігінің
төрағасы
Нокин - Қазақстан Республикасы Құрылыс және
Серік Кеңесұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
істері агенттігінің төрағасы
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Бисенғали Шамғалиұлы төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Аханов - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
Серік Ахметжанұлы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
Баталов - «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы»
Райымбек Әнуарұлы қауымдастығы» заңды тұлғалар
бірлестігі кеңесінің төрағасы
(келісім бойынша)
Ошақбаев - «Қазақстан экономистері қауымдастығы»
Рахым Сәкенұлы қоғамдық қорының атқарушы директоры
(келісім бойынша)
Мырзахметов - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық
Абылай Исабекұлы экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
бірлестігінің басқарма төрағасы
(келісім бойынша)
Оразғұлов - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық
Расул Қабдоллаұлы партиясының орталық аппараты
басшысының орынбасары (келісім
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 660 қаулысымен
бекітілген
Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ереже
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «сауықтыру жоспарын», «сауықтыру жоспарларын», «сауықтыру жоспарлары» деген сөздер тиісінше «оңалту (сауықтыру) жоспарын», «оңалту (сауықтыру) жоспарларын», «оңалту (сауықтыру) жоспарлары» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.02 № 1016 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Сауықтыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
3. Кеңестің міндеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушыларын анықтау болып табылады.
4. Осы міндетті орындау үшін Кеңес:
1) Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
2) Жұмыс органы жасақтаған әлеуетті қатысушылардың деректерін, оның ішінде әлеуетті қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын қарайды;
3) әрбір әлеуетті қатысушы бойынша қорытынды дайындайды;
4) мынадай:
Жұмыс органына кредиторлардың кәсіпорынды банкрот деп тану туралы талап арыз беруіне мораторий енгізу туралы сот шешімі ұсынылмаған жағдайда;
Бағдарламаға қатысушылардың оңалту (сауықтыру) жоспарларын іске асыру мониторингі барысында мүдделі тараптардың оңалту (сауықтыру) жоспарын орындамағаны не оңалту (сауықтыру) жоспарының нәтижелеріне қол жеткізілмегені анықталған жағдайда қатысушыларды Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдайды;
5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос ақшаны екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастыруы үшін олардың кәсіпорындарды сауықтыруға қатысу дәрежесі жөнінде ұсынымдар береді;
6) Бағдарламада туындайтын өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.19 № 1355 Қаулысымен.
5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік органдармен, орта және ірі кәсіпкерлік саласындағы республикалық, облыстық және салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға құқылы.
3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
8. Кеңестің жұмыс органы:
1) Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) Кеңес мүшелерінің жұмысын үйлестіреді;
4) Бағдарламадан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
9. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестің отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
10. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
11. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
12. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
13. Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
14. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.
15. Кеңестің отырыстарына Кеңестің мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
4. Кеңестің қызметін тоқтату
16. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес тоқтатады.