Сауықтыру жөніндегі кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 660 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамда Сауықтыру жөніндегі кеңес құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 660 қаулысымен  
құрылған     

Сауықтыру жөніндегі кеңестің құрамы

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы         төраға

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары, төрағаның орынбасары

Шоқпытов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Андар Мәулешұлы           вице-министрі, хатшы

Ермегияев               - Қазақстан Республикасының Спорт және туризм
Талғат Амангелдіұлы       министрі

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы           ақпарат министрі

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы        министрі

Камалиев                - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы           коммуникация министрі

Келімбетов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Қайрат Нематұлы           және сауда министрі

Қайырбекова             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы         министрі

Мамытбеков              - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Асылжан Сарыбайұлы        министрі

Есенбаев                - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті
Мәжит Төлеубекұлы         қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
                          агенттік) төрағасы

Нокин                   - Қазақстан Республикасының Құрылыс және
Серік Кеңесұлы            тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері
                          агенттігінің төрағасы

Тәжияқов                - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Бисенғали Тамғалиұлы      төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Pay                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Альберт Павлович          технологиялар бірінші вице-министрі

Аханов                  - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
Серік Ахметжанұлы         кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Баталов                 - «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы»
Райымбек Әнуарұлы         қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
                          кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

Ошақбаев                - «Қазақстан экономистері қауымдастығы»
Рахым Сәкенұлы            қоғамдық қорының атқарушы директоры
                          (келісім бойынша)

Перуашев                - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы          экономикалық палатасы» заңды тұлғалар
                          бірлестінің басқарма төрағасы (келісім
                          бойынша)

Оразғұлов               - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық
Расұл Қабдоллаұлы         партиясының орталық аппараты басшысының
                          орынбасары (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 17 маусымдағы
№ 660 қаулысымен  
бекітілген    

Сауықтыру жөніндегі кеңес туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Сауықтыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Кеңестің міндеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасының (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушыларын анықтау болып табылады.
      4. Осы міндетті орындау үшін Кеңес:
      1) сауықтыру жоспарларына қойылатын талаптарды (формат, құрылым, көрсеткіштер) анықтайды;
      2) Жұмыс органы жасақтаған әлеуетті қатысушылардың деректерін, оның ішінде әлеуетті қатысушылардың сауықтыру жоспарларын қарайды;
      3) әрбір әлеуетті қатысушы бойынша қорытынды дайындайды;
      4) мынадай:
      Жұмыс органына кредиторлардың кәсіпорынды банкрот деп тану туралы талап арыз беруіне мораторий енгізу туралы сот шешімі ұсынылмаған жағдайда;
      Бағдарламаға қатысушылардың сауықтыру жоспарларын іске асыру мониторингі барысында мүдделі тараптардың сауықтыру жоспарын орындамағаны не сауықтыру жоспарының нәтижелеріне қол жеткізілмегені анықталған жағдайда қатысушыларды Бағдарламадан шығару туралы шешім қабылдайды;
      5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің уақытша бос ақшаны екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналастыруы үшін олардың кәсіпорындарды сауықтыруға қатысу дәрежесі жөнінде ұсынымдар береді;
      6) Бағдарламада туындайтын өзге де функцияларды орындайды.
      5. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін өз құзыреті шегінде:
      1) мемлекеттік органдармен, орта және ірі кәсіпкерлік саласындағы республикалық, облыстық және салалық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Кеңестің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша ақпарат сұрауға және алуға құқылы.

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

      6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
      8. Кеңестің жұмыс органы:
      1) Кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
      2) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
      3) Кеңес мүшелерінің жұмысын үйлестіреді;
      4) Бағдарламадан туындайтын өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      9. Жұмысты ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңестің отырыстарынан кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
      Хатшы Кеңестің мүшесі болып табылмайды.
      10. Кеңес отырыстарының материалдары Кеңес мүшелеріне Кеңестің отырысына дейін 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
      11. Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Кеңестің отырысына қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Кеңес мүшелері оның отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.
      12. Кеңес отырыстарының нәтижелері бойынша міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
      13. Кеңес мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Кеңес отырысының хаттамасына қоса берілуі тиіс.
      14. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оларға оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды болып саналады.
      15. Кеңестің отырыстарына Кеңестің мүшелері болып табылмайтын лауазымды адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

4. Кеңестің қызметін тоқтату

      16. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес тоқтатады.