Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 Қаулысы.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 625 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы
бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2014 № 577 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2021 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Президент

      2. Премьер-Министр

      3. Парламент Сенатының Төрағасы

      4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы

      5. Мемлекеттік хатшы

      6. Президент Әкімшілігінің Басшысы

      7. Конституциялық Кеңестің Төрағасы

      8. Жоғарғы Соттың Төрағасы

      9. Ұлттық Банк төрағасы

      10. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

      11. Премьер-Министрдің орынбасарлары

      12. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

      13. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары

      14. Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы

      15. Бас прокурор

      16. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      17. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы

      18. Сенат Төрағасының орынбасары

      19. Мәжіліс Төрағасының орынбасары

      20. Президенттің Іс басқарушысы

      20-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі

      21. Президенттің көмекшілері

      22. Президент Кеңсесінің басшысы

      23. Президенттің кеңесшілері

      24. Президентке бағынысты және есеп беретін агенттіктердің басшылары

      25. Министрлер

      26. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

      27. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      29. Астананың, Алматы қаласының және облыстардың әкімдері

      30. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің төрағалары

      31. Парламент депутаттары

      32. Төтенше және Өкілетті Елшілер

      33. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы

      34. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

      35. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері

      36. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі және Астана мен Алматы архиепископы

      37. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      38. Ұлттық компаниялардың басшылары

      39. Конституциялық Кеңестің мүшелері, Жоғарғы Соттың қадағалаушы сот алқаларының төрағалары мен судьялары

      40. Парламент палаталары, Конституциялық Кеңес және Жоғарғы Сот аппараттарының жетекшілері

      41. Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары

      42. Мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, министрлердің орынбасарлары және төрағалары, Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелері

      43. Қазақстандық саяси партиялардың жетекшілері

      44. Қазақстан Республикасының Президенті отбасының мүшелері

      45. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары

      46. Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенті Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, Мемлекеттік хатшысы, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Парламенті Сенаты және Мәжілісі төрағаларының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері

      47. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасына сапармен немесе жолай келетін делегацияларының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын басшылары мен мүшелері

      48. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары

      Ескертпе:* — қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісім бойынша, ал Астана және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісім бойынша жүргізіледі.