Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
"20-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
А. Мамин |