"2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 583 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24 және 25-жолдармен толықтырылсын:

"

24

«Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде (Давос, Швейцария  Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу»

Талдамалық зерттеулер жүргізу

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ

007 «Экономика  сауда және мемлекеттік  басқару саласындағы  қолданбалы зерттеулер жүргізу»

32 000

25

«Шағын және орта бизнесті айқындау өлшемдерін заңнамада синхрондау жөнінде, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдаудың (реттеудің) тиімді тетігін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу»

Талдамалық зерттеулер жүргізу

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ

007 «Экономика, сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулер жүргізу»

15 000

".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов