«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 47) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 581 қаулысымен
бекітілген
Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер
қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен
немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын
салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 47) тармақшасына және 44-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және тікелей келіссөздер негізінде пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын берудің, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
2. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісімшарт жасасу жолымен беріледі.
2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын
пайдалану құқығын беру тәртібі
3. Тікелей келіссөздер негізінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын:
1) автомобильге жанармай құю стансаларын қоспағанда, мұнай мен газды сақтауға арналған жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстарды;
2) жер астындағы тереңдігі үш метрден астам тоннельдерді, метрополитендерді, жерасты жолдары мен инженерлік құрылыстарды;
3) қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстарды;
4) қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды және өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі қалдық қоймаларын, қойыртпақ қоймаларын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшарттар жасалады.
4. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тікелей келіссөздерді уәкілетті органның жұмыс тобы жүргізеді.
5. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге заңды және жеке тұлғалар қатысуға құқылы.
6. Келісімшарт жасасуға үміткер тұлға тікелей келіссөздерге қатысу үшін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді уәкілетті органға жібереді.
7. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім:
1) заңды тұлғалар үшін — өтініш берушінің атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, жарғылық капиталдағы олардың үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш берушінің басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның құнды қағаздарының айналуы туралы мәліметтерді, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің аты мен тегін, заңды мекен-жайын, азаматтығын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, өтініш берушінің салық органдарында тіркелуі туралы, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтерді;
3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректерді;
4) ұлттық компанияларды қоспағанда, барлық өтініш берушілердің өтінімінде көрсетілетін өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректерді қамтуға тиіс.
Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге мынадай мәліметтерді:
1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды кему объектілерінің, сарқынды және өнеркәсіптік суларды ағызатын жердің, оның ішінде объектінің орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, ұстауға арналған шығындарды, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуының жалпы сипаттамасын;
2) объектілердің физикалық сипаттамасын - оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, жиып қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, көмудің, сақтаудың және тастаудың арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын;
3) қызметі зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың түзілуіне әкеп соғатын ұйымдар туралы мәліметтерді;
4) өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасын;
5) уәкілетті органның алдағы құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытындысын;
6) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қамтитын құжаттар қосымша берілуге тиіс.
8. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) өтінімге қоса беріледі.
9. Уәкілетті орган өтінімді қабылдайды, арнайы журналда тіркейді және өтініш берушіні тікелей келіссөздер жүргізу туралы немесе тікелей келіссөздер жүргізуден бас тарту туралы шешімнің қабылданғаны туралы өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде хабарлайды.
10. Тікелей келіссөздер Заңның 58-бабының талаптарына сәйкес ресімделген өтінім келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде жүргізіледі.
Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі уәкілетті органның шешімімен ұзартылуы мүмкін.
11. Тікелей келіссөздердің қорытындысы бойынша шешім қабылданған күн тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күн болып есептеледі.
Уәкілетті орган өтініш берушіні тікелей келіссөздердің қорытындысы бойынша қабылданған шешім туралы тікелей келіссөздерге қол қойған күнінен бастап он күннен аспайтын мерзімде хабарландыруға міндетті.
12. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы не беруден бас тарту туралы шешім өтініш берушінің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі туралы куәландыратын деректердің негізінде қабылданады.
Уәкілетті органның тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібінде шағым жасалуы мүмкін.
13. Тікелей келіссөздердің қорытындылары бойынша шешім уәкілетті органның тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыстық тобының хаттамасымен рәсімделеді.
14. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттары жобалауға қажетті лицензиялары бар жобалау ұйымының шарты негізінде міндетті тарту арқылы әзірленеді.
15. Жобалау құжаттамалары бекітілгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тау-кендік бөлу жобасын және жұмыс бағдарламасын жібереді. Тау-кендік бөлу жер қойнауын пайдаланушының, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізетін жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
16. Уәкілетті орган тау-кендік бөлудің жобасы берілген күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей тау-кендік бөлуді береді.
17. Жұмыс бағдарламасы келісімшарттың міндетті бөлігі (қосымшасы) болып табылады, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалады және уәкілетті органмен келісілуге тиіс. Жұмыс бағдарламасын уәкілетті органмен келісу келісімшарт жобасына сараптама жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады. Жұмыс бағдарламасын келісу мерзімі уәкілетті органға жұмыс бағдарламасы келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайды.
18. Жобалау құжаттарының көрсеткіштері өзгерген кезде, соның нәтижесінде жұмыс бағдарламасының көрсеткіштері өзгерсе, жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс.
19. Өтініш беруші тікелей келіссөздер барысында ұсынған және уәкілетті орган қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу шарттары міндетті түрде тікелей келіссөздер хаттамасына, ал кейіннен келісімшартқа қосылады.
20. Келісімшартты жасасу үшін барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы уәкілетті органның тікелей келіссөздер хаттамасы негізінде қабылдаған шешімі негіз болып табылады.
21. Уәкілетті орган осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт жасалған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу актісін береді.
3. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге
асырудың тәртібі
22. Жер қойнауын пайдаланудағы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелерін беру геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
23. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салу, уәкілетті органның және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды өндіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыстар салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жүргізіледі.
24. Жер қойнауын пайдаланушы жобаланатын және жүргізілген жұмыстардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бағалау жүргізуі, осы бағалаудың нәтижелерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуы тиіс.
25. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізудің шарттары мен тәртібі келісімшартта айқындалады.
26. Жерасты құрылыстарын келісімшартта көрсетілген өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.
27. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану құрылыс саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, келісімшарттың, жобаның шарттарына және жерасты құрылыстарын салу және пайдалануға арналған технологиялық схемаға сәйкес жүргізіледі.
28. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізу құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы тау-кендік бөлуде белгіленген жер қойнауы учаскесінің шегінде ғана жер қойнауын пайдалану жөнінде тиісті операциялар жүргізеді.
2011 жылғы _______ №___________
Барлаумен немесе
өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға жер қойнауын пайдалану
құқығын беру, сондай-ақ барлаумен
немесе өндірумен байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуды
және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру
қағидасына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің
Геология және жер қойнауын
пайдалану комитеті
____________________ облысында орналасқан ____________________
«Жер қойнауын барлаумен және (немесе) пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану» үшін тікелей келіссөздерді жүргізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға
ӨТІНІМ
1. Өтініш беруші туралы деректер:
Заңды тұлғаның атауы: _____________________________________________
Орналасқан жері _____________________________________________________
Меншік түрі _________________________________________________________
Мемлекеттік тиесілігі _______________________________________________
Тіркеу құжатының нөмірі: Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі _____________________________________________________________
СТН _________________________________________________________________
Басшылар мен қатысушылар (немесе акционерлерді олардың жарғылық қордағы үлесін көрсете отырып (жарғылық қордың жалпы көлемінен) туралы мәліметтер ___________________________________________________
Құнды қағаздардың ұйымдасқан нарығында осындай қағаздардың жалпы санын көрсете отырып, заңды тұлғаның құнды қағаздарының айналымы туралы мәлімет ______________________________________________________ Өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
Деректемелер: қ._______ ж.е/шоты ____________ ЖСН ___________________
Мекенжай, телефон, факс, e-mail _____________________________________
Құрылтайшылар: ______________________________________________________
Құрылған күні: _____________________________________________________
Өтініш берушінің тегі мен аты (жеке тұлғалар үшін): ___________
Заңды мекенжайы _____________________________________________________
Азаматтығы __________________________________________________________
___________________ жеке куәлік № ___________________________________
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) ________________________________
Өтініш берушіні кәсіпкерлік қызметі субъектісі ретінде тіркеу _______
_____________________________________________________________________
1.1 Өтініш берушіні, оның ішінде мұндай тұлғалардың өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғандағы басшылар немесе өкілдер туралы деректер ____________________________________________________________
1.2 Қызметтің негізгі түрі: _________________________________________
1.3. Жұмыс тәжірибесі: ______________________________________________ 1.4 Кәсіпорынның қаржылық жай-күйі, қаржыландыру көзі: ______________
2. Қазақстанның жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың мақсаттық белгіленімі:
2.1. Объектінің атауы: ______________________________________________
Қысқаша геологиялық сипаттама:_______________ орналасқан ___________
2.2. Объектілердің жалпы сипаттамасы:
(орналасқан жері, пайдалану кезеңі, ұстауға арналған шығындар, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуы).
2.3. Объектілердің тау-кен-геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы:
(оқшаулау сипаттамасы, тау-кен жыныстарының типі, коллектор қаттарының жерасты тереңдігі және тиімді қуаты, оның алаңы, кеуектілік коэффициенті төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасы, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығы, көмудің, жиып қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштері, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары).
2.4. Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар және ағынды сулар түзілетін ұйымдар туралы мәліметтер:
(орналасуы және ведомстволық тиесілігі, өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы).
3. Сұратылған аумақтың кеңістік шекарасы, оның алаңы:
(жер қойнауын пайдалану объектісінің әкімшілік-аумақтық жақындығы, алаң гектармен)
4. Жер қойнауын пайдалану құқығы сұралатын мерзім:
4.1.____ ж. басталған жұмыстардың ұзақтығы _____ жыл (________ жж.).
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне барлық жәрдемін көрсетуге және өтінімге сараптама ұйымдастыру мен жүргізу кезінде қажетті кез-келген ақпарат ұсынуға міндетті.
Өтініш беруші өтінімдегі және қосымшадағы барлық ақпарат нақты және шынайы екендігіне кепілдік береді.
Өтініш берушінің қолы
(заңды тұлға, жеке тұлға) __________
Мөр орны
2011 ж.________ № _________
Барлаумен немесе
өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға жер қойнауын
пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен
немесе өндірумен байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуды
және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру
қағидасына 2-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
МИНИСТРЛІГІ
ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ КОМИТЕТІ
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және/немесе пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу
АКТІСІ
Астана қ. 20 ж. " _____ " _______
Осымен уәкілетті органның 20 жылғы « ____ » _____ тікелей келіссөздер хаттамасының негізінде
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
мен
___________________________________________________ арасында жасалған
(Мердігер)
_____________________________________________ келісімшарты тіркеледі.
(тікелей келіссөздер объектісінің атауы)
Тіркеу № __________
Геология және жер қойнауын
пайдалану комитетінің төрағасы