Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 581 Қаулысы

Жаңартылған

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 47) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 25 мамырдағы
№ 581 қаулысымен   
бекітілген     

Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер
қойнауын пайдалану құқығын беру, сондай-ақ барлаумен
немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын
салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асыру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабының 47) тармақшасына және 44-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және тікелей келіссөздер негізінде пайдалы қазбаларды барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын берудің, сондай-ақ барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
      2. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келiсiмшарт жасасу жолымен берiледi.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын
пайдалану құқығын беру тәртібі

      3. Тікелей келіссөздер негізінде барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын:
      1) автомобильге жанармай құю стансаларын қоспағанда, мұнай мен газды сақтауға арналған жерасты немесе топырақ қабатынан төмен  тереңдіктегі құрылыстарды;
      2) жер астындағы тереңдігі үш метрден астам тоннельдерді, метрополитендерді, жерасты жолдары мен инженерлік құрылыстарды;
      3) қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстарды;
      4) қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды және өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі қалдық қоймаларын, қойыртпақ қоймаларын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшарттар жасалады.
      4. Барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi тiкелей келiссөздердi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жұмыс тобы жүргiзедi.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарттар жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге заңды және жеке тұлғалар қатысуға құқылы.
      6. Келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлға тiкелей келiссөздерге қатысу үшiн осы қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiмдi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жiбередi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім:
      1) заңды тұлғалар үшін — өтініш берушінің атауын, оның орналасқан жерін, мемлекеттік тиесілігін, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы мәліметтерді, жарғылық капиталдағы олардың үлестерінің мөлшері (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) көрсетіле отырып, өтініш берушінің басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтерді, бағалы қағаздардың жалпы саны көрсетіле отырып, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында заңды тұлғаның құнды қағаздарының айналуы туралы мәліметтерді, өтінім берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтерді;
      2) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің аты мен тегін, заңды мекен-жайын, азаматтығын, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттары туралы, өтініш берушінің салық органдарында тіркелуі туралы, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы мәліметтерді;
      3) өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректерді;
      4) ұлттық компанияларды қоспағанда, барлық өтініш берушілердің өтінімінде көрсетілетін өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы деректерді қамтуға тиіс.
      Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келісімшарт жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімге мынадай мәліметтерді:
      1) зиянды, улы заттарды, қатты және сұйық қалдықтарды кему объектілерінің, сарқынды және өнеркәсіптік суларды ағызатын жердің, оның ішінде объектінің орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, ұстауға арналған шығындарды, жерасты сулары, қоршаған орта мен жер қойнауы мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуының жалпы сипаттамасын;
      2) объектілердің физикалық сипаттамасын - оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, жиып қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, көмудің, сақтаудың және тастаудың арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын;
      3) қызметі зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың түзілуіне әкеп соғатын ұйымдар туралы мәліметтерді;
      4) өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасын;
      5) уәкілетті органның алдағы құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытындысын;
      6) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қамтитын құжаттар қосымша берілуге тиіс.
      8. Өтінімде көрсетілген мәліметтерді растайтын, тиісті түрде куәландырылған құжаттар (не олардың нотариат куәландырған көшірмелері) өтінімге қоса беріледі.
      9. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтiнiмдi қабылдайды, арнайы журналда тiркейдi және өтiнiш берушiнi тiкелей келiссөздер жүргiзу туралы немесе тiкелей келiссөздер жүргiзуден бас тарту туралы шешiмнiң қабылданғаны туралы он жұмыс күні iшiнде хабардар етеді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Тікелей келіссөздер Заңның 58-бабының талаптарына сәйкес ресімделген өтінім келіп түскен күнінен бастап екі ай ішінде жүргізіледі.
      Тікелей келіссөздер жүргізу мерзімі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен ұзартылуы мүмкін.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күн тiкелей келiссөздердiң қорытындысы бойынша шешiм қабылданған күн болып есептеледi.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтiнiш берушiнi тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша қабылданған шешiм туралы тiкелей келiссөздердің хаттамасына қол қойған күнiнен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы не беруден бас тарту туралы шешім өтініш берушінің келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі туралы куәландыратын деректердің негізінде қабылданады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруден бас тарту туралы шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша шешiм облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобының хаттамасымен ресiмделедi.
      Хаттама тікелей келіссөздер жүргiзілген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жасалады және оған қол қойылады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттары жобалауға қажетті лицензиялары бар жобалау ұйымының шарты негізінде міндетті тарту арқылы әзірленеді.
      15. Жобалау құжаттамалары бекітілгеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тау-кендік бөлу жобасын және жұмыс бағдарламасын жібереді. Тау-кендік бөлу жер қойнауын пайдаланушының, барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізетін жер қойнауы учаскесін графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын келісімшарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      16. Уәкілетті орган тау-кендік бөлудің жобасы берілген күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен кешіктірмей тау-кендік бөлуді береді.
      17. Жұмыс бағдарламасы келісімшарттың міндетті бөлігі (қосымшасы) болып табылады, белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалау құжаттарының негізінде жасалады және уәкілетті органмен келісілуге тиіс. Жұмыс бағдарламасын уәкілетті органмен келісу келісімшарт жобасына сараптама жүргізумен бір мезгілде жүзеге асырылады. Жұмыс бағдарламасын келісу мерзімі уәкілетті органға жұмыс бағдарламасы келіп түскен күннен бастап бір айдан аспайды.
      18. Жобалау құжаттарының көрсеткіштері өзгерген кезде, соның нәтижесінде жұмыс бағдарламасының көрсеткіштері өзгерсе, жұмыс бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілуге тиіс.
      19. Өтiнiш берушi тiкелей келiссөздер барысында ұсынған және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдаған жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу шарттары мiндеттi түрде тiкелей келiссөздер хаттамасына, ал кейiннен келiсiмшартқа қамтылады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Келісімшартты жасасу үшін барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының тікелей келіссөздер хаттамасы негіз болып табылады. Тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылған күнінен бастап үш ай ішінде келісімшарт жасалады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келiсiмшарт жасалған сәттен бастап бес жұмыс күні iшiнде барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшартты мемлекеттiк тiркеу актiсiн бередi.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүзеге
асырудың тәртібі

      22. Жер қойнауын пайдаланудағы барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жарамды жер қойнауы учаскелерін беру геологиялық ақпаратқа мемлекеттік сараптама жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
      23. Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салу, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салу, уәкілетті органның және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның рұқсатымен пайдалы қазбаларды өндіру мүмкіндігі қамтамасыз етілген немесе құрылыстар салудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жүргізіледі.
      24. Жер қойнауын пайдаланушы жобаланатын және жүргізілген жұмыстардың қоршаған ортаға тигізетін әсеріне бағалау жүргізуі, осы бағалаудың нәтижелерін жер қойнауын зерттеу мен пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсынуы тиіс.
      25. Барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізудің шарттары мен тәртібі келісімшартта айқындалады.
      26. Жерасты құрылыстарын келісімшартта көрсетілген өзге мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.
      27. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану құрылыс саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, келісімшарттың, жобаның шарттарына және жерасты құрылыстарын салу және пайдалануға арналған технологиялық схемаға сәйкес жүргізіледі.
      28. Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргізу құқығын алған жер қойнауын пайдаланушы тау-кендік бөлуде белгіленген жер қойнауы учаскесінің шегінде ғана жер қойнауын пайдалану жөнінде тиісті операциялар жүргізеді.

Барлаумен немесе       
өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға жер қойнауын пайдалану
құқығын беру, сондай-ақ барлаумен
немесе өндірумен байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуды
және (немесе) пайдалануды жүзеге
асыру қағидасына     
1-қосымша         

Облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың
жергілікті атқарушы органы

_______________________ облысында орналасқан ______________________

      «Жер қойнауын барлаумен және (немесе) пайдалы қазбаларды өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану» үшін тікелей келіссөздерді жүргізу жолымен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға

ӨТІНІМ

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Өтініш беруші туралы деректер:
      Заңды тұлғаның атауы: ______________________________________
      Орналасқан жері_____________________________________________
      Меншік нысаны ______________________________________________
      Мемлекеттік тиесілігі_______________________________________
      Тіркеу құжатының нөмірі: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу туралы куәлік* немесе анықтама________________________
      Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСК)_____________________________
      Басшылар мен қатысушылар (немесе олардың жарғылық капиталдағы үлесінің көлемін көрсете отырып (жарғылық капиталдың жалпы көлемінен) акционерлер) туралы мәліметтер ______________________________________
      Бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында осындай қағаздардың жалпы санын көрсете отырып, заңды тұлғаның бағалы қағаздарының айналымы туралы мәліметтер___________________________________________
      Өтініш берушінің еншілес ұйымдары туралы мәліметтер____________
      Деректемелер: _______ қ. ____________ е/шоты БСК ______________
      Мекенжайы, телефоны, факс, e-mail______________________________
      Құрылтайшылар: ________________________________________________
      Құрылған күні:_________________________________________________
      Өтініш берушінің тегі мен аты (жеке тұлғалар үшін):____________
      Заңды мекенжайы _______________________________________________
      Азаматтығы ____________________________________________________
      Жеке куәлік № _________________________________________________
      Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)________________________________
      Өтініш берушіні кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркеу _____________________________________________________________________
      1) Өтініш берушінің мүддесін білдіретін басшылардың немесе өкілдердің өкілеттіктері туралы мәліметтерді қоса алғанда, мұндай тұлғалар туралы деректер_____________________________________________
      2) Қызметтің негізгі түрі:_____________________________________
      3) Жұмыс тәжірибесі:___________________________________________
      4) Кәсіпорынның қаржылық жай-күйі, қаржыландыру көзі:__________
      2. Қазақстанның жер қойнауын пайдаланумен байланысты жұмыстардың мақсаттық белгіленімі:
      1) Объектінің атауы:___________________________________________
      Қысқаша геологиялық сипаттамасы:_______________ орналасқан ____
      2) Объектілердің жалпы сипаттамасы:____________________________
____________________________________________________________________
(орналасқан жері, пайдалану кезеңі, ұстауға арналған шығындар, қоршаған орта мониторингінің қадағалау желісінің болуы мен орналасуы).
      3) Объектілердің тау-кен-геологиялық және гидрогеологиялық сипаттамасы:____________________________________________________________________________________________________________
(оқшаулау сипаттамасы, тау-кен жыныстарының типі, коллектор қаттарының жерасты тереңдігі және тиімді қуаты, оның алаңы, кеуектілік коэффициенті, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасы, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығы, су ағызуды сақтау және басқа, көму (жиып қою) мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштері, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары).
      4) Зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар және ағынды сулар түзілетін ұйымдар туралы мәліметтер:_________________________________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері және ведомстволық тиесілігі, зиянды заттардың, сарқынды сулардың сипаттамасы: өнімнің атауы, өнім түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты компоненттердің болуы, өрт-жарылыс қауіптілігі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі және басқа сипаттамалары, тасымалдау жүйесінің сипаттамасы).
      3. Сұратылатын аумақтың кеңістік шекарасы, оның алаңы:
(жер қойнауын пайдалану объектісінің әкімшілік-аумақтық байланыстылығы, алаң гектармен)

      4. Жер қойнауын пайдалану құқығы сұралатын мерзім:
____ ж. басталған жұмыстардың ұзақтығы _____ жыл ( ________ жж).

      Өтініш беруші облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына барынша жәрдемдесуге және өтінімге сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу кезінде қажетті кез келген ақпаратты ұсынуға міндетті.

      Өтініш беруші өтінімдегі және қосымшадағы барлық ақпарат нақты және шынайы екендігіне кепілдік береді.

      Өтініш берушінің қолы
      (заңды тұлға, жеке тұлға) __________________

      Мөр орны

2011 ж.________ № _________
Барлаумен немесе       
өндірумен байланысты емес жерасты
құрылыстарын салуға және (немесе)
пайдалануға жер қойнауын пайдалану
құқығын беру, сондай-ақ барлаумен
немесе өндірумен байланысты емес
жерасты құрылыстарын салуды
және (немесе) пайдалануды жүзеге
асыру қағидасына     
2-қосымша         

__________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы)

 

Қазақстан Республикасында барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және/немесе пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған келісімшартты мемлекеттік тіркеу
АКТІСІ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.09.2013 № 981 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

___________ қ.                                20___ ж. «_____» _____

      Осымен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының 20___ жылғы « ____ » _____ тікелей келіссөздер хаттамасының негізінде
____________________________________________________________________
(облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының атауы) және

__________________________________________________ арасында жасалған
                  (Мердігер)

_______________________________________________ келісімшарт тіркеледі
      (тікелей келіссөздер объектісінің атауы)

Тіркеу № __________

      Облыстың, республикалық маңызы
      бар қаланың, астананың әкімі