Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 24 мамырдағы
№ 565 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Әскери мүліктің жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 тамыздағы № 1039 қаулысында:
1-тармақтағы «қару-жарақтан басқа,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақ алып тасталсын.
2. «Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 787 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери мүлікті есепке алу және есептен шығару ережесінде:
2-тармақтағы «1995 жылғы 26 желтоқсандағы» деген сөздер «2007 жылғы 28 ақпандағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мүлкін есепке алуды және есептен шығаруды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитетімен келісу бойынша осы мүлік жедел басқаруында тұрған тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;
3. «Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 115 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
4. «Әскери мүлік айналымының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 шілдедегі № 687 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 338-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын әскери мүлікті тапсыру, сату және кәдеге жарату, сондай-ақ қорғаныс объектілерін мүліктік жалға беру (жалгерлікке беру) ережесінде:
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан өтінімдер алынғаннан кейін пайдаланылмайтын әскери мүліктің түпкілікті тізбесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің жанындағы Әскери-техникалық комиссияның отырысында қаралады.»;
10-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери кұралымдарының жедел басқаруына әскери мүлікті беру, сондай-ақ ғылыми-зертеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындарына қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген үлгілерін беру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Пайдаланылмайтын әскери мүлік уәкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери-техникалық комиссияның ұсынымдары негізінде сатылады.».