Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 410 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 146-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерінде:
міндетті сақтандыруға жататын өсімдік щаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін қолдану жөніндегі ескертпенің 3-тармағы мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте осы тармақтың қолданысы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға арналған шарттарға таралады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов