Міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлерін өндіру үшін егістік алқаптың бір гектарына жұмсалатын шығындар нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 410 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 802 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне 2009 жылғы көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою жөніндегі бірінші кезектегі іс-шараларды өткізуге Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған резервінен ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 451351600 (төрт жүз елу бір миллион үш жүз елу бір мың алты жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К.Мәсімов