«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 11 мамырдағы
№ 493 қаулысымен
бекітілген
Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңына және «Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келісіміне (КҚЕК) қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2272 Жарлығына сәйкес әзірленді және жолаушылар мен жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастырудың және осы құрылғылармен жабдықталуға тиісті автокөлік құралдарында тахографтарды қолдану тәртібін анықтайды.
2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобильмен тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде автомобиль көлiгi құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе поштаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн және соған белгіленген нысанда берiлген лицензиясы немесе тиiстi рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға;
2) ақпаратты көшіру – электрондық (цифрлық) тахографтың жадындағы немесе жүргізушінің карточкасындағы ақпараттың бәрін немесе бөлігін тасымалдаушының бағдарламалық - техникалық құралдарына көшіру;
3) бақылау карточкасы – электрондық (цифрлық) тахографпен жабдықталған көлік құралдарын басқаратын жүргізушінің қозғалыс жылдамдығы режимдерін, еңбек және тынығу режимдерін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, бақылау органдары туралы ақпарат бар карточка;
4) басқа жұмыс – көлік немесе одан тыс сектордағы сол немесе басқа жұмыс берушіге жұмысты қоса алғанда, көлік құралын басқарудан басқа кез келген еңбек қызметі. Бұл термин күту уақытын және басқару үшін қолданылмайтын және жылжымалы көлік құралында, паромда немесе поезда өткізілген уақытты қамтымайды;
5) басқарудың апталық ұзақтығы – апта ішінде жалпы жиынтық басқару ұзақтығы;
6) басқарудың күнделікті ұзақтығы - күнделікті демалыстың кез келген екі кезеңі немесе күнделікті және апталық демалыс кезеңдері арасындағы басқару ұзақтығы;
7) бірнеше адамнан тұратын экипаж – көлік құралында демалудың жүйелі күнделікті кез келген екі кезеңі арасындағы немесе күнделікті демалыс кезеңі және демалудың апта сайынғы кезеңі арасындағы оны басқару үшін кем дегенде екі жүргізуші болатын жағдай;
8) демалыс – жүргізуші өз уақытын еркін пайдалана алатын кез келген үздіксіз кезең;
9) диаграммалық дискі – механикалық немесе электронды (аналогты) тахографқа енгізілетін және тіркелуге жататын ақпаратты үздіксіз жазу мен сақтауға арналған дискі;
10) доңғалақтар шиналарының тиімді шеңбері - автокөлік құралының бірнеше жетекші доңғалақтарының, сынақтардың қалыпты жағдайы кезіндегі бір толық айналымда өткен қашықтықтарының орташа мәні;
11) жүйелі желілер – белгіленген бағыттар бойынша алдын ала анықталған аялдамаларда жолаушыларды отырғызу мен түсуі арқылы қозғалыстың анық көрсетілген интервалдары арқылы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін желілер;
12) жүргізуші – жалдау бойынша жұмыс істейтіндігіне немесе істемейтіндігіне қарамастан автокөлік құралын басқаратын немесе автокөлік құралында қажет болған кезде оны басқару үшін болатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары бар кез келген тұлға;
13) жүргізуші карточкасы – жүргізушінің жеке тұлғасын сәйкестендіру және көлік құралдарын жүргізу кезінде жүргізушінің еңбек және демалыс кезеңдері туралы деректерді сақтау үшін қолданылатын карточка;
14) карточканы ұстаушы – осы Қағидада белгіленген тәртіппен берілген карточкасы бар жеке немесе заңды тұлға;
15) кезеңдік тексеру – тахогрфтың дұрыс қызмет етуін және тахографта үлгісінің ресми бекітілу белгісінің бар болуын, деректері бар тақтайшаның бар болуын, пломбалардың бүтіндігін тексеру;
16) көлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және тынығу режимі туралы ақпарат – карточка ұстаушы жүргізуші, жүргізуші карточкасының нөмірі, жүргізушінің жұмыс және демалыс кезеңдері, жүрген жолы, жылдамдығы және оның еңбек және демалыс режимі туралы басқа да ақпарат туралы қуат күштеріне тәуелсіз электрондық (цифрлық) тахографта немесе жүргізушінің карточкасында сақталатын және тіркелетін ақпарат;
17) көлік құралдарының параметрлерін орнату – көлік құралдарының параметрлерін жаңарту немесе бекіту рәсімдері. Көлік құралдарының параметрлеріне: көлік құралының коэффициенті (w), тахографтың тұрақтылығы (к), доңғалақтар шиналарының тиімді шеңбері (l), шиналар өлшемі, жылдамдықты шектеу (егер ол көлік құралына орнатылған болса) туралы ақпарат, дүниежүзілік үйлестірілген уақыт, одометр көрсеткіші, көлік құралының тіркеу белгісі кіреді;
18) күнделікті демалыс кезеңі – жүргізуші өз уақытын еркін пайдалана алатын және қалыпты күнделікті демалыс кезеңі мен қысқартылған күнделікті демалыс кезеңін қамтитын күнделікті кезең;
19) қалыпты күнделікті демалыс кезеңі – ұзақтығы кемінде 11 сағат демалыстың кез келген кезеңі. Балама нұсқа ретінде осы қалыпты күнделікті демалыс кезеңі екі кезеңге бөлінуі мүмкін, оның біріншісі ұзақтығы кемінде 3 сағат үздіксіз кезең және екіншісі ұзақтығы кемінде 9 сағат үздіксіз кезең;
20) қозғалыс (импульстер) датчигі – көлік құралдарының жылдамдығына және (немесе) жүріп өткен жолына сәйкес сигналдарды өндіретін құрылғы;
21) қысқартылған күнделікті демалыс кезеңі - ұзақтығы ең болмағанда 9 сағат, бірақ 11 сағаттан аз демалыстың кез келген кезеңі;
22) механикалық не электрондық (аналогты) тахограф – ақпаратты диаграммалық қағаз дискіге жазу принциптерінде жұмыс істейтін жүргізушінің еңбек және тынығу режимін, жүріп өткен жолды тіркеуді бақылау құрылғысы;
23) өтініш беруші – электрондық (цифрлық) тахографтың карточкасын беру үшін Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясына өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;
24) сервис орталығы (шеберхана) – тахографтарды орнату, дәлдеу және жөндеу жөнінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
25) сервис орталығының (шеберхананың) карточкасы – электрондық (цифрлық) тахографты дәлдеу және көлік құралдарының параметрлерін орнату үшін қолданылатын, сервис орталығы қызметкерлерінің деректемелері бар карточка;
26) тасымалдаушы карточкасы – тасымалдаушыға меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде тиесілі көлік құралдары жүргізушісінің еңбек және демалыс режимін бақылау және талдау үшін қолданылатын тасымалдаушының деректемелері бар карточка;
27) тахограф – жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркеудiң механикалық не электрондық (цифрлық) бақылау құрылғысы;
28) тахографты дәлдеу – тахограф пен қозғалыс (импульстер) датчигінің сипаттамаларын келісу рәсімі және кейіннен тахограф барлық көзделген қызметтерді орындай алатын көлік құралдарының параметрлерін орнату. Электрондық (цифрлық) тахографты дәлдеу сервис орталығы карточкасын қолданумен жүзеге асырылады;
29) тахографты жөндеу – тахографтың жұмысқа қабілеттілігін немесе жарамдылығын және оның ресурстарын қалыпқа келтіру жөніндегі операциялар жүйелігі;
30) тексеру - өлшем құралының белгiленген техникалық және метрологиялық талаптарға сәйкестiгiн анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қызмет немесе басқа аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын операциялар жиынтығы;
31) тексеру белгісі – «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының талаптарына өлшеу құралының сәйкестігін куәландыратын, оларды тексеру нәтижесі бойынша өлшеу құралына немесе олардың пайдалану құжатына басуға арналған белгіленген нысандағы шартты белгі;
32) үзіліс – жүргізуші көлік құралын басқара алмайтын немесе басқа жұмыспен айналыса алмайтын және күшін қайта қалпына келтіру үшін ғана қолданылатын кез келген кезең;
33) электрондық (цифрлық) тахограф - орнатылған чипы бар карточканың көмегімен кодталған цифрлық форматтағы автомобиль жұмысының параметрлері туралы ақпаратты алу принципінде қолданылатын жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін тіркеуді бақылау құрылғысы;
34) электрондық (цифрлық) тахографтың карточкасы (бұдан әрі – карточка) - жүргізушінің еңбек және демалыс режимі туралы деректерді, электрондық (цифрлық) тахографпен жұмыс үшін қажетті өзге ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін интегралды микросхемалы карточка.
3. Тахографтармен жабдықтауға автобустар, жүк автомобильдері, оның ішінде мыналарды жүзеге асырған кезде пайдаланылатын мамандандырылған автомобильдер:
1) қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдары;
2) жолаушылардың, багаждың және жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары;
3) жолаушылардың және багаждың облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік автомобильді тасымалдары.
4. Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа келісімінің (бұдан әрі – КҚЕК) қатысушы болып табылатын мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асырған кезде, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, тахографтармен жабдықталады.
5. КҚЕК-ге қатысушы болып табылмайтын мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асырған кезде осы автокөлік құралдары жүргізушілеріне еңбек және демалыс режимінің күнделікті тіркеу парақтарын жүргізуге рұқсат беріледі.
6. Тахографтармен жабдықтау мынадай автокөлік құралдарымен тасымалдарды жүзеге асырған кезде талап етілмейді:
1) жалпы жабдықталған салмағы тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің салмағын қоса алғанда, 3,5 тоннадан аспайтын, қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарын қоспағанда, жүк, соның ішінде мамандандырылған (жүктердің белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) автомобильдермен;
2) жолаушылар мен жүктерді, соның ішінде қауіпті жүктерді ұзақтығы 50 км аспайтын тұрақты желілерде тасымалдау үшін қолданылатын автокөлік құралдарымен;
3) жолаушыларды тасымалдау үшін қолданылатын және өз конструкциясының және жабдығының күшіне қарай жүргізушіні қосқанда, тоғыздан аспайтын адамды тасымалдай алатын және осы мақсатқа арналған көлік құралдарымен;
4) рұқсат етілген ең жоғарғы жылдамдығы 40 км аспайтын автокөлік құралдарымен;
5) қарулы күштер, азаматтық қорғаныс органдары, өрт сөндіру қызметі мен қоғамдық тәртіпті қолдау күштерінің қарамағындағы автокөлік құралдарымен;
6) төтенше жағдайларда немесе құтқару операциялары барысында пайдаланылатын автокөлік құралдарымен;
7) медициналық мақсатта пайдаланылатын арнайы автокөлік құралдарымен;
8) қауіпті жүктердің өндірісі, қайта өңделуі, сақталуы, қолданылуы немесе жойылуы жүзеге асырылатын ұйымдардың аумақтары ішінде олардың технологиялық қозғалысын жүзеге асыратын автокөлік құралдарымен, егер мұндай қозғалыстар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарына, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің көшелеріне, жалпы пайдаланымдағы автокөлік құралдарының қозғалысы рұқсат етілетін ведомстволық жолдарға шығусыз жүзеге асырылатын болса;
9) қауіпті жүктерді, мұндай жүктер Қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау туралы еуропалық келісіммен (бұдан әрі - ҚЖХЖТ) реттелген көлемдерден аспайтын мөлшерде бөлшек саудада сату үшін буылып-түйілген және тікелей тұтынуға, тұрмыста пайдалануға, демалысқа немесе спортқа арналған жағдайда, олардың тасымалдарын жүзеге асыратын автокөлік құралдарымен;
10) ҚЖХЖТ-ға сәйкес анықталған қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін емес және қауіпті емес жүктердің тасымалы деп есептеуге болатын қауіпті заттардың шектеулі мөлшерін бір автокөлік құралында тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарымен тасымалдауды қауіпті жүкті тасымалдау емес деп есептеуге болады;
11) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлік құралдары болып табылмайтын және ішкі немесе пайдалану жабдығында қауіпті жүктері бар машиналар мен механизмдерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарымен.
7. Қазақстан Республикасындағы автокөлік құралдарында қолданылатын тахографтар КҚЕК-дің талаптарына сәйкес болуы тиіс және «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес берілген тахографтың типін бекіту туралы сертификат, сондай-ақ тексеру және тексеру белгісінің бедері туралы сертификаты болуы тиіс.
2. Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiне және оны тiркеуге қойылатын талаптар
8. Басқарудың күнделікті ұзақтығы 9 сағаттан аспайды. Ол аптаның ішінде ең ұзақ дегенде 10 сағатқа дейін екі рет ұлғайтылуы мүмкін.
9. Басқарудың апталық ұзақтығы 56 сағаттан аспайды.
10. Басқарудың жалпы ұзақтығы кез келген жалғасқан екі аптаның ішінде 90 сағаттан аспайды.
11. Басқару кезеңдері КҚЕК Уағдаласушы тараптарының аумағында басқарудың кез келген уақытын қамтиды.
12. Үздіксіз төрт жарым сағат басқарған кезеңнен кейін, егер демалыс уақыты келмесе, жүргізуші кемінде 45 минут үзіліс жасайды.
13. Бұл үзіліс ұзақтығы кемінде 15 минут үзіліспен ауыстырылуы мүмкін, одан кейін басқару кезеңі ішінде немесе бірден осы кезеңнен кейін үлестірілетін ұзақтығы 30 минут үзіліс келеді.
14. Осы Қағиданың 12 және 13-тармақтарының негізінде сақталатын үзілістер күнделікті демалыс кезеңдері ретінде қаралуы мүмкін емес.
15. Жүргізуші күнделікті және апта сайынғы демалыс кезеңдерін пайдаланады.
16. Алдыңғы күнделікті демалыс кезеңінің немесе апта сайынғы демалыс кезеңінің бітуі бойынша жүргізуші әрбір 24 сағаттық кезеңі ішінде жаңа апта сайынғы демалыс кезеңін пайдаланады.
Егер осы 24 сағаттық кезеңге түсетін күнделікті демалыс кезеңінің бөлігі кем дегенде 9 сағат құраса, бірақ 11 сағаттан кем болса, онда осы күнделікті демалыс кезеңі қысқартылған күнделікті демалыс кезеңі ретінде қаралады.
17. Осы Қағиданың 16-тармағынан ауытқуда күнделікті немесе апта сайынғы демалыс кезеңі аяқталғаннан кейін 30 сағат ішінде бірнеше адамнан тұратын экипаждың құрамына кіретін жүргізушінің ұзақтығы кемінде 9 сағат жаңа күнделікті демалыс кезеңі болады.
18. Күнделікті демалыс кезеңі қалыпты апта сайынғы немесе қысқартылған апта сайынғы демалыс кезеңіне дейін ұзартылуы мүмкін.
19. Жүргізуші кез келген екі апта сайынғы демалыс кезеңінің арасында үш қысқартылған күнделікті демалыс кезеңін ала алады.
20. Жүргізуші кез келген екі жалғасқан демалыс аптасында кем дегенде екі қалыпты апта сайынғы демалыс кезеңін немесе бір қалыпты апта сайынғы демалыс кезеңін және ұзақтығы кемінде 24 сағат бір қысқартылған апта сайынғы демалыс кезеңін пайдаланады. Алайда бұл қысқарту осы аптадан кейін жалғасатын үшінші аптаның соңына дейін толығымен пайдаланылатын эквивалентті демалыс кезеңімен өтеледі.
Апта сайынғы демалыс кезеңі алдыңғы апта сайынғы демалыс кезеңі аяқталғаннан кейін басталатын алты 24 сағаттық кезеңнің аяқталуы бойынша кешіктірілмей басталады.
21. Апта сайынғы демалыс кезеңінің қысқартылғаны үшін өтемі ретінде қолданылатын демалыс ұзақтығы кемінде тоғыз сағат басқа кезеңге қосылады.
22. Егер онда көлік құралының құрылымымен қарастырылған әрбір жүргізушінің ұйқысы үшін арнайы орнатылған жабдық болса, осы көлік құралы тұрақта болса, жүргізушінің қалауы бойынша күнделікті демалыс кезеңі және қысқартылған апта сайынғы демалыс кезеңі тіркелу орнынан тыс көлік құралында пайдаланылуы мүмкін.
23. Бірнеше адамнан тұратын экипаж жүргізушілерінде әрбір аптада кемінде 45 сағат қалыпты апта сайынғы демалыс кезеңі болады. Бұл кезең 24 сағатқа дейін қысқартылуы мүмкін (қысқартылған апта сайынғы демалыс кезеңі). Алайда әрбір қысқарту эквивалентті демалыс кезеңімен өтеледі, егер ол қаралып отырған аптадан кейінгі үшінші аптаның соңына дейін толығымен қолданылса.
24. Екі аптаға түсетін апта сайынғы демалыс кезеңі осы апталардың кез келгеніне жатқызылуы мүмкін, бірақ екеуіне бірден емес.
25. Егер жүргізуші маршрут учаскесінде паромда немесе темір жол бойынша тасымалданатын автокөлік құралын алып жүрсе, оның ұйықтайтын орны болуы қажет және оның қалыпты күнделікті демалуы екіден артық емес үзілуі мүмкін. Бұл үзіліс тиеуге дейін немесе түсіруден кейін бір сағаттан аспайды. Бұл ретте кедендік рәсімдеу бойынша операциялар тиеу немесе түсіру операциясына қосылады.
26. Жол жүру қауіпсіздігіне қауіп төндірмеу және қолайлы тұрақ орнына қол жеткізу үшін жүргізуші автокөлік құралында бар тұлғалардың, автокөлік құралының немесе онда бар жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті мөлшерде осы Қағиданың ережелерінен ауытқуы мүмкін. Жүргізуші ережелерден ауытқудың сипаты мен себептерін тіркеу парағында, диаграммалық дискіде немесе бақылау құрылғысының басылымында тиісті тұрақ орнына келген сәттен кешіктірмей көрсетеді.
27. Тасымалдаушы экипаж мүшелерін осы Қағиданың ережелерін сақтай алуы үшін автомобиль тасымалын ұйымдастырады және оларға тиісті түрде нұсқау береді.
28. Тасымалдаушы жеке бақылау кітапшаларын пайдалана отырып, басқару уақытын, басқа жұмыс сағаттарын және демалыс уақытын әрдайым бақылап отырады. Егер осы Қағиданың бұзылуы табылған кезде оларды жойып, келешекте оларға жол бермеу үшін шаралар қабылдайды.
29. Тасымалдаушы тасымалдардың келісілген шарттық кестелерін жасау кезінде осы Қағида ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
30. Осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес диаграммалық дискілер бақылау құрылғысының қалыпты қолданылуын қиындатпайтындай, ал онда бар жазбалар өшірілмейтін және жеңіл оқылатындай болуы тиіс.
31. Диаграммалық дискілер өзінің өлшемі мен оған түсірілген жазбаларды, дымқылдық пен температураның қалыпты жағдайларында, кемінде бір жыл бойы сақтауы тиіс.
32. Жұмыс күнінің басында, тәуліктік жұмыс аяқталғаннан кейін, сондай-ақ автокөлік құралы ауыстырылған жағдайда, бір жұмыс күні ішінде әрбір жүргізуші диаграммалық дискіге осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес тиісті жазулар жазады. Диск үш автокөлік құралына дейін ауыстыру туралы жазуды қамтамасыз етеді.
33. Диаграммалық дискілердегі жазбалардың ең төменгі мүмкін ұзақтығы, олардың нысанына қарамастан, 24 сағатты құрайды.
34. Автокөлік құралдарының жүргізушілері:
1) тахографтардың дұрыс пайдаланылуын, оның уақтылы қосылуын және тахограф жұмысының тиісті режимдеріне ауыстырылуын қамтамасыз етеді;
2) диаграммалық дискілердің уақтылы орнатылуын, ауыстырылуын және тиісті толтырылуын жүргізеді, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Ластанған немесе зақымдалған диаграммалық дискілерді пайдалануға рұқсат етілмейді. Жазбалары бар диаграммалық дискі зақымдалған жағдайда, жүргізуші зақымдалған дискіні оны ауыстыру үшін пайдаланылатын қосымша дискіге қосады;
3) диаграммалық дискіні, оны қабылдап алған күннен бастап жүргізуші көлік құралын басқарған әр күн сайын пайдаланады;
4) тахограф істен шыққан кезде, еңбек және демалыс режимінің жазбасын диаграммалық дискінің сыртқы жағында оған түсірілген тиісті графикалық белгілерді пайдалана отырып жүргізеді және ақауларды жою үшін қозғалыс бағыты бойынша ең жақын сервис орталығына өтініш жасаумен шаралар қабылдайды. Жүргізушілер автокөлік құралынан тысқары болып, бақылау құрылғысын пайдалана алмаған жағдайда, олар өздерінің диаграммалық дискілеріне іс-әрекеттері мен демалысы туралы мәліметтерді қолмен енгізеді;
5) көліктік бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мамандарына алдағы аптаның өткен 28 күніне толтырылған диаграммалық дискілерін, тахографты тексеру туралы сертификатты, сонымен бірге тахографты кезең сайын тексеру туралы куәлікті тапсырады. Егер, жүргізуші ауыруына байланысты демалыста немесе жыл сайынғы еңбек демалысында болса немесе ол осы Қағида ережелеріне келмейтін көлік құралын жүргізген болса, ол осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрекетін растау бланкісін тапсырады.
35. Тасымалдаушы:
1) пайдалану ұзақтығын және бүліну немесе бақылау органдары алып қойған жағдайда ауыстыру мүмкіндігін ескере отырып, диаграммалық дискілердің қажетті санын жүргізушілерге береді;
2) әр жүргізушінің толтырылған диаграммалық дискілерін соңғы жазба жазылған күннен бастап кемінде 12 ай бойы және тахографтарды тексеру туралы куәліктерді тахографтарды кезең сайын тексеру туралы куәліктерімен бірге оларды берген уақыттан бастап 3 жыл бойы сақтайды;
3) қолдарында бар толтырылған диаграммалық дискілерді пайдалана отырып, жүргізушілердің автокөлік құралдарын басқарудың уақыт нормаларын, басқа жұмыс пен демалыс кезеңдерін сақтауын үнемі бақылайды, диаграммалық дискілердегі деректерді талдайды және бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, оларды жою шараларын қабылдайды;
4) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттарды көліктік бақылау жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органның қызметкерлеріне ұсынады.
36. Тасымалдаушы көлік құралдарын жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі туралы ақпаратты бағдарламалық-техникалық құралдарда сақтайды.
37. Көлік құралдарын жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі туралы ақпаратты сақтау оны электрондық (цифрлық) тахографтан немесе жүргізуші карточкасынан автомобиль тасымалдаушысының бағдарламалық-техникалық құралына көшіру арқылы жүзеге асырылады.
38. Тасымалдаушы ақпаратты сақтау үшін қолданатын бағдарламалық-техникалық құралдары:
1) ақпаратқа заңсыз түрде қол жеткізудің алдын алады;
2) ақпараттың өзгертілмеуін және сақталуын қамтамасыз етеді;
3) ақпаратты ауыспалы тасығышқа резервтік көшіруді жүзеге асыруға арналған құралмен жарақталады;
4) тіркелген ақпаратты көшіру үшін электрондық (цифрлық) тахографқа немесе жүргізуші карточкасына қосылуды қамтамасыз етеді.
39. Көлік құралдарын жүргізушілердің жұмыс режимі туралы ақпарат тасымалдаушыда 3 жылдан кем емес сақталады.
40. Сервис орталығы автомобильдерге орнататын электрондық (цифрлық) тахографтар мынадай талаптарға сай болады:
1) автомобильдерге орнатылатын электрондық (цифрлық) тахографтардың түрі мен маркасы «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне (бұдан әрі – МӨЖ тізілімі) енгізілуі қажет;
2) тексерілген, дұрыс істейтін және қолдануға жарамды болуы қажет.
41. Электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату және дәлдеу электрондық (цифрлық) тахографты дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.
42. Көлік құралы жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін бақылауды көліктік бақылау посттарында Көліктік бақылау комитетінің қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында автомобильдерді өткізу пункттерінде Кедендік бақылау комитетінің қызметкерлері жүзеге асырады.
43. Бақылауды жүзеге асыру:
1) диаграммалық дискілердің дешифраторларының;
2) электрондық (цифрлық) тахографтардағы басылымды тексерудің;
3) электрондық (цифрлық) тахографтарға карточкаларды қолдану арқылы бақылау құрылғыларының көмегімен жүргізіледі.
44. Көліктік бақылауға мыналар жатады:
1) тахографтардың бар болуы, дұрыстығы және осы Қағиданың 2-тармағындағы 29, 30-тармақшаларының талаптарына сәйкестігі, сондай-ақ жүргізушінің осы Қағиданың 34-тармағында көрсетілген оны пайдалану шарттарын сақтауы;
2) жүргізуші автокөлік құралын басқарған алдыңғы 28 күннің диаграммалық дискілердегі жазбалар (қозғалыстың жылдамдық режимдерін, еңбек және демалыс режимін сақтау);
3) тахографтағы белгі бедерлемесінің жай-күйі, жөндеп күйге келтіру параметрлері бар тақтайшаның болуы.
45. Бақылау жүргізілгеннен кейін бақылауды жүргізуші диаграммалық дискіде бақылаушы орган мөртабанын қояды.
46. Тасымалдаушымен осы тасымалдаушының көлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін бақылауы электрондық (цифрлық) тахографтарда немесе жүргізуші карточкасында тіркелген ақпарат бойынша төмендегі параметрлер бойынша жүзеге асырылады:
1) жұмыс басталған және аяқталған орындарда тіркелетін деректерге;
2) көлік құралы қозғалысының жиынтық уақытына;
3) көлік құралының тоқтап тұру уақытына;
4) көлік құралы жүргізушісінің демалу уақытына;
5) көлік құралының қозғалыс жылдамдығына;
6) электрондық (цифрлық) тахографтарды немесе жүргізуші карточкасын пайдалану бұзушылықтарының фактісіне.
47. Тасымалдаушы автокөлік құралы жүргізушісінің еңбек және демалыс режимі туралы ақпаратты кәсіпорынның бағдарламалық-техникалық құралдарына көшіреді.
48. Жүргізуші карточкасынан немесе электрондық (цифрлық) тахографтан көлік құралы жүргізушісінің еңбек және демалыс режимі туралы ақпаратын тасымалдаушының бағдарламалық-техникалық құралдарына көшіру:
1) кезеңмен, бірақ жүргізуші картасынан 28 күнде бір реттен және электрондық (цифрлық) тахографтан 90 күнде бір реттен кем емес;
2) көлік құралын иеліктен шығару алдында;
3) көлік құралын жалға (лизингке) беру алдында;
4) көлік құралын пайдаланудан шығару алдында жүзеге асырылады.
49. Электрондық (цифрлық) тахографтан ақпаратты бағдарламалық-техникалық құралдарға көшіру мүмкін емес болған жағдайда тасымалдаушы ақпаратты ауыстыру мүмкіндігінің жоқтығы жөніндегі анықтаманы алу үшін сервис орталығына хабарласады.
50. Автокөлік құралы жүргізушісінің еңбек және демалыс режимі туралы ақпаратты жүргізуші карточкасынан тасымалдаушының бағдарламалық-техникалық құралдарына көшіру:
1) көлік құралы жүргізушісінің әрбір жол парағын өткізу кезінде, бірақ 28 күнде бір реттен кем емес;
2) көлік құралы жүргізушісінің еңбек қызметі тоқтатылған кезде, бірақ оның осы тасымалдаушыдағы жұмыс істеген соңғы күнінен кеш емес жүзеге асырылады.
51. Көлік құралы жүргізушісінің жұмыс режимін бақылау көлік құралы жүргізушісінің еңбек және демалыс режимі туралы ақпараттың бағдарламалық-техникалық құралдарға көшірілген күні жүзеге асырылады.
52. Көлік құралы жүргізушісінің еңбек және демалыс режимі туралы ақпаратты ауыспалы тасығышқа резервтік көшіру бір айда 2 реттен кем емес жүзеге асырылады.
3. Тахогафтарды орнату және пайдалану жөніндегі талаптар
53. Тахографтарды орнату, тексеру және жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізу Осы Қағидаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) бекіткен тізбеге сәйкес сервис орталықтары жүзеге асырады.
Тахографтарды жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуді «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес осы жұмыстарды жүргізу құқығына лицензиясы бар сервис орталықтары жүзеге асырады.
54. Тахограф автокөлік құралында жүргізуші өз орнынан спидометр, жүріс есептеуіш пен сағаттың көрсетулеріне бақылау жасай алатындай етіп орнатылады.
55. Тахограф, орнату кезінде тексерілгеннен (кезеңдік инспекциядан) кейін, автокөлік құралында құрылғының жанында немесе құрылғының өзінде көрінетін жерде орнатылуы туралы деректері бар тақтайша орнатылады. Әрбір тексеруден кейін, құрылғының деректерін өзгерту қажет болған жағдайда, бұрынғы тақтайшаның орнына жаңа тақтайша орнатылады.
56. Кезеңдік тексерулер жылына кемінде бір рет жүргізіледі және автокөлік құралдарының техникалық байқауымен бір уақытта өткізілуі мүмкін және мынадай тексерулерді қамтиды:
1) бақылау құрылғысы жұмысының дұрыстығы;
2) бақылау құрылғысында үлгісінің ресми бекітілу белгісінің бар болуы;
3) орнату немесе тексеру туралы тақтайшаның бар болуы;
4) доңғалақтар шиналарының тиімді шеңберінің нақты мәні;
5) бақылау құрылғысы мен басқа да бөліктердегі пломбалардың бүтіндігі.
57. Пайдалану барысында тахографтармен өлшенетін нақты параметрлердің барынша рұқсат етілген параметрлерден ауытқуын тексеру техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімдерден сиретілмей өткізіледі. Бұл сынақтар барысында орнату деректері бар тақтайшаларды ауыстыру жүргізіледі.
58. Тахографты кезеңдік тексерудің оң нәтижесі оның тексеруден (инспекциядан) өткені туралы сервис шеберханасының мөр бедері бар куәлікпен куәландырылады. Тахографты кезеңдік тексеру (инспекция) туралы куәлік 1 жылдан кем емес мерзім ішінде сақталып және бақылау органдарының талабы бойынша ұсынылады.
59. Тахографтар техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган берген тахографтарды тексеруді жүргізуге құқық беретін аккредиттеу аттестаты бар ұйымдар мен кәсіпорындарда тексеріледі.
60. Тахографтарды тексерудің оң нәтижелері оның тексеру бойынша сертификатымен, және тексеру таңбасымен куәландырылады. Тахографты тексерудің сертификаты кезеңдік тексерудің (инспекцияның) куәлігімен бірге 1 жылдан кем емес мерзім ішінде сақталып, бақылаушы органдардың сұрауымен ұсынылады.
61. Электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату және дәлдеу жұмыстарын жүргізуден бұрын:
1) электрондық (цифрлық) тахографтың таңбалануының және жиынтығының пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкестігін тексеру;
2) электрондық (цифрлық) тахографта үлгінің ресми бекіту белгісі бар екендігін тексеру;
3) электрондық (цифрлық) тахографта көрсеткіштерді алуды қиындататын зақымдардың жоқтығын, электрондық (цифрлық) тахографтың алдыңғы панелінде кнопкаларды ауыстырып қосу мүмкіндігін, термопринтерді ашу және жабу мүмкіндігін, қозғалыс (импульс) датчигінің қосу ажыратқышының тұтастығын, сервис орталығы карточкасының айқын орналасуын және бекітілуін тексеру;
4) электрондық (цифрлық) тахографтың орнатылғаны туралы деректері бар тақтайшаның болуын, сондай-ақ тақтайшада көрсетілген ақпараттың электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадында сақталған ақпаратпен салыстыру;
5) бұрын электрондық (цифрлық) тахографқа және қозғалыс (импульс) датчигіне салынған пломбалардың қалпын қарауды өткізу қажет.
62. Пломбаларды бұзу, жасанды пломбалар фактілері немесе тақтайшада көрсетілген көлік құралының параметрлері туралы ақпараттың электрондық (цифрлық) тахографтағы ақпаратпен дұрыс келмеу фактілері анықталған жағдайда сервис орталығының қызметкері электрондық (цифрлық) тахографпен жұмыстардың есебі журналына осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тиісті жазба жазуы және бұл туралы сервис орталығының басшылығына хабарлауы қажет.
63. Артқы көпірдің екі немесе одан көп жеткізгіштер саны бар көлік құралы бұл жеткізгіштер санын көлік құралында орналастырылған электрондық (цифрлық) тахографтың жеткізгіш санымен автоматты түрде сәйкестендіріп отыратын ауыстырғыш құрылғымен жабдықталуы тиіс.
64. Электрондық (цифрлық) тахографты дәлдеу оны орнатқаннан кейін жүзеге асырылады.
65. Көлік құралының параметрлерін орнату мынадай жағдайларда жасалады:
1) көлік құралына электрондық (цифрлық) тахографты орнату кезінде;
2) егер электрондық (цифрлық) тахографтың дүниежүзілік үйлестіру уақытының қатесі 20 минуттан асатын болса;
3) көлік құралының тіркеу белгісін ауыстырған жағдайда;
4) кезеңдік тексерулер кезінде.
Көлік құралының параметрлерін орнатқанда параметрлер өлшемінің ағаттығы электрондық (цифрлық) тахографты дайындаушы зауыттардың техникалық құжаттамаларына және КҚЕК-дің талаптарына сәйкес анықталады.
66. Көлік құралының параметрлерін орнату өткізілгеннен соң көлік құралының кабинасында электрондық (цифрлық) тахографтың қасындағы көрінетін жерде немесе электрондық (цифрлық) тахографтың өзіне мынадай ақпараттар көрсетілген тақтайша орнатылады:
1) сервис шеберханасының атауы және орналасқан жері;
2) көлік құралының коэффициенті туралы деректер мынадай қалыпта «w = айн/км» немесе «w = имп/км»;
3) доңғалақтар шиналарының тиімді шеңбері туралы деректер мынадай қалыпта: «l = мм»;
4) электрондық (цифрлық) тахографтың тұрақтылығы туралы деректер мынадай қалыпта: «k = айн/км» немесе «k = имп/км»;
5) көлік құралының коэффициенті мен доңғалақтар шиналарының тиімді шеңберін өлшеу күндері;
6) көлік құралы шассиінің нөмірі;
7) электрондық (цифрлық) тахографтың нөмірі.
Тақтайша металдан, полимерлік материалдардан немесе қағаздан жасалады. Тақтайшаны бекіту үшін ажырамайтын біріктіргіш қолданылады. Көлік құралының параметрлерін келесі орнатуды өткізгенге дейін тақтайшаға ақпаратты жазу тәсілі кескіннің айқындылығына және ақпараттың сақталуына әсер етпейді. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақпарат арнайы құралда (принтерде) баспа шрифтімен енгізілуі тиіс, алайда бұрынғы берілген тақтайшалар қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін қолданылатын болып табылады.
67. Электрондық (цифрлық) тахографты орнатқан немесе алмастырған жағдайда сервис орталығы қызметкерінің электрондық (цифрлық) тахографқа ендірген көлік құралының бекітілген параметрлері КҚЕК-ге сай жоғарғы мүмкін ауытқулар талаптарына сәйкес болуы тиіс.
68. Электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадына сервис орталығының механигі ендірген және сервис орталығының карточкасында тіркелген көлік құралының бекітілген параметрлері сервис орталығының карточкасында сақталулы деректерді рұқсатсыз көшіріп алудан немесе өшіріп тастаудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында үнемі компьютерге толтырылады.
69. Электрондық (цифрлық) тахографты дәлденгеннен және электрондық (цифрлық) тахографқа көлік құралының параметрлері ендірілгеннен соң, электрондық (цифрлық) тахограф «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына белгіленген тәртіппен тексеріледі.
70. Пломбалар мынадай элементтерге (егер көлік құралының конструкциясында ескерілген болса) салынады:
1) орнатылғаны туралы деректер бар тақтайшаға, онда көрсетілген таңбаларда зақымдамай (құртпай) оны алу мүмкін болмаған жағдайлардан басқа;
2) электрондық (цифрлық) тахограф пен көлік құралының арасындағы жалғаушы тораптар;
3) жетекші көпірдің екі немесе одан көп жеткізгіштер саны бар көлік құралдары үшін ауыстырғыш механизм;
4) ауыстырғыш механизмді электрондық (цифрлық) тахографтың басқа бөлшектерімен қосатын учаскелер;
5) электрондық (цифрлық) тахографтың және қозғалыс (импульс) датчигінің корпусы;
6) электрондық (цифрлық) тахографты дайындаушы зауыт пломба салуды көздеген жағдайдағы басқа да элементтер.
71. Авторизацияланған сервистік шеберхана бекіткен тексеру белгісінің нысаны, мазмұны және бедері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) бекітеді және КҚЕК талаптарына сәйкес келуі тиіс.
72. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сервистік шеберхана белгісінің сұлбасында (таңба) елдің халықаралық аббревиатурасы мен KZ 000 түріндегі сервистік шеберхана нөмірі болады.
73. Министрлік тексеру белгісі және таңбаның бедері туралы Еуропа комиссиясының көлік жөніндегі сервистік шеберханасына және КҚЕК-ге қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарына мәлімдейді.
74. Электрондық (цифрлық) тахографты орнату, егер ол бұдан бұрын басқа көлік құралына орнатылған болса, немесе оны жөндеу алдында сервис орталығы электрондық (цифрлық) тахографтағы ақпаратты сервис орталығының бағдарламалық-техникалық құралына немесе ауысымды ақпарат тасығышқа көшіреді.
75. Электрондық (цифрлық) тахографтағы ақпаратты көшіру электрондық (цифрлық) тахографтың моделіне тәуелсіз жүзеге асырылады.
76. Электрондық (цифрлық) тахографтан сервис орталығының бағдарламалық-техникалық құралына көшірілген ақпарат жазбаша өтініш бойынша көлік құралының иесіне немесе оның жазбаша өтініші бойынша үшінші тұлғаға берілуі мүмкін.
77. Электрондық (цифрлық) тахографтағы ақпаратты көшіру мүмкін болмаған жағдайда көлік құралының иесіне ақпаратты көшіру мүмкінсіздігі туралы еркін формадағы құжат беріледі. Бұл құжат басшының қолымен және сервис орталығының мөрімен бекітіледі.
Егер ақпаратты тек жарым-жартылай көшіру мүмкін болса, онда көрсетілген құжатта электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадынан оқылуы мүмкін емес ақпарат туралы ғана деректер көрсетіледі.
78. Электрондық (цифрлық) тахографты орнату және дәлдеу бойынша жүргізілген барлық жұмыс осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес тахографпен жүргізілген жұмыстар есебі журналына жазылады.
4. Тахографтарды орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтарына қойылатын талаптар
79. Сервис орталығы аумағының өлшемдері онда мынадай элементтерді орналастыру мүмкіндігін қарастыру қажет:
1) өндірістік үй-жайларын;
2) интернетке қосылған жабдықтарын;
3) көлік құралының параметрлерін қою үшін арнайы роликті стенд немесе ұзындығы 35 метрден кем емес түзу жол учаскесі;
4) өндірістік үй-жайға кірме жол;
5) көлік құралдарына арналған тұрақтар.
80. Сервис орталығының аумағын жобалау кезінде мынадай нормалар ескеріледі:
1) тәуліктің қараңғы уақытында сервис орталығының аумағын, сондай-ақ кіретін (шығатын) жолдарда жасанды жарықтың болуы;
2) кірме жолдардың тегіс және қатты қабаты, көлік құралдары үшін тұрақтардың болуы;
3) тұрақ аумағында қоршаудың болуы.
81. Автокөлік құралына электрондық (цифрлық) тахографты орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қарау шұңқырының немесе көтергіш механизмдерінің болуы қажет.
82. Қарау шұңқырының өлшемі онда қызмет көрсетілетін көлік құралдарының ең үлкен ұзындығы және кіру мүмкіндігін есепке алып, анықталады.
83. Автокөлік құралына параметрлерді жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш жағдайында орнатуды іске асыратын жұмыс орны көлік құралының түтін мұржасынан шығатын лас газдарды аластату мен тазалау жүйелерімен жабдықталады.
84. Өндіріс алаңы тахографтарды жөндеуді жүзеге асыру, электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадынан немесе шеберхана карточкасынан тасымалданған ақпараттарды сақтайтын бағдарламалық-техникалық құралдарды орналастыру үшін бөлек үй-жаймен жабдықталуы қажет.
Үй-жай жалпы алмасымдық кіру-шығу ауа тазартқышымен, жарықпен, жылумен, өрт сөндіру құралдарымен, сондай-ақ сервистік шеберхананың карточкаларын және ақпараттың резервтік көшірмесін ауысымды тасығышта сақтау үшін сейфпен немесе темір жәшікпен жабдықталады.
85. Сервис орталығы электрондық (цифрлық) тахографты орнату, дәлдеу мен жөндеу үшін қолданатын өлшеу құралдары ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілуі және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен тексерілуі тиіс.
86. Сынау жабдықтары белгіленген тәртіппен аттестатталады.
87. Сервис орталықтары, номенклатурасы электрондық (цифрлық) тахографтарды жасаушы зауыттардың техникалық құжаттамасымен анықталған, қажетті технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
88. Көлік құралының өлшемдерін орнату роликті стендте немесе ұзындығы 35 метр түзу жол бөлігінде жүзеге асырылады.
89. Сервис орталығы электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадындағы ақпаратты оқуға, электрондық (цифрлық) тахографтың жұмыс істеу қабілетін тексеруді жүзеге асыруға және оны бағдарламалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдары және бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталады.
90. Жұмыс жүргізу кезінде кернеу қоректілігі 36 В аспайтын етіп есептелген тасымалды жарық аспаптарын, қарау шұңқырындағы жұмыстар кезінде қолданылатын тасымалды жарық аспаптарының кернеу қоректілігі 12 В аспайтын аспаптарын қолдануға болады.
91. Тахографтарды орнату, қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тиісті тахограф дайындаған зауыт немесе олардың уәкілетті ұйымында оқыған сервис орталығы мамандары жүзеге асырады.
92. Сервис орталығының қызметкері оның атына берілген сервис орталығының карточкасын тек қана электрондық (цифрлық) тахографтардың орнату немесе дәлдеу үдерістерінде пайдалана алады.
93. Электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату және дәлдеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырушы сервис орталығының қызметкері:
1) көлік құралының параметрлерін орнату жөніндегі деректерді сервис орталығының карточкасына жазады;
2) сервис орталығының басшылығына сервис орталығы карточкасының жоғалғаны, ұрланғаны немесе зақымданғаны туралы шұғыл түрде хабарлайды;
3) сервис орталығы карточкасының PIN-кодын басқа адамдарға жария етпейді;
4) сервис орталығының басшылығына сервис орталығы карточкасының PIN-коды басқа адамдарға мәлім болғаны туралы шұғыл түрде хабарлайды;
5) сервис орталығы карточкасын басқа адамдардың қолдану ықтималдығы туралы хабарлайды;
6) сервис орталығы карточкасын тек қана сервис орталығының аумағында қолданады;
7) тұрақты, бірақ 28 күнде бір реттен кем емес, ақпаратты сервис орталығы карточкасынан сервис орталығының ақпараттық базасына көшіруді қамтамасыз етеді.
94. Сервис орталығының бағдарламалық-техникалық құралдары:
1) электрондық (цифрлық) тахографқа, онда тіркелген ақпаратты көшіру үшін, қосылуды;
2) сервис орталығының карточкаларына, онда тіркелген ақпаратты көшіру үшін, қосылуды қамтамасыз етеді;
3) ауысымды ақпарат тасығышқа ақпаратты резервті көшіруді жүзеге асыру үшін құрылғылармен жабдықталады.
95. Электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадынан немесе сервис орталығының карточкаларынан көшірілген ақпарат үшінші адамдардың қол жетімділігін болдырмайтын жағдайда сақталады.
96. Электрондық (цифрлық) тахографтан көшірілген ақпараттың сақталу мерзімі 12 айдан кем емес, сервис орталығының карточкасынан көшірілген ақпарат – 24 айдан кем емес уақытты құрайды.
Көшірілген ақпараттың резервтік нұсқасы сервис орталығының сейфінде немесе металлды жәшігінде 24 айдан кем емес мерзімде сақталады.
5. Электрондық (цифрлық) тахографтар орнатуды жүзеге асыратын сервис орталықтары тізбесіне енгізу тәртібі
97. Жеке және заңды тұлғалардың тахографтарды орнату, дәлдеу, кезеңдік тексеру және жөндеуді жүзеге асыруға жіберуді ұйымдастыруды Комитеттің аумақтық бөлімшелері – Өңіраралық көліктік бақылау инспекциялары (бұдан әрі – Өңіраралық инспекция), КҚЕК-дің сервис орталықтарына қойылатын тахографтарды орнату, дәлдеу, кезеңдік тексеру және жөндеу бойынша ережелердің және осы Қағиданың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жеке немесе заңды тұлғалардың тахографтарды жөндеуді және тексеруді жүзеге асыруға жіберуді техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.
98. Тахографтарды орнату, дәлдеу және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге аттестатталған сервис орталықтарының тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) кіру үшін жеке немесе заңды тұлға тиісті Өңіраралық инспекцияға осы Қағиданың 5-қосымшасындағы нысанға сәйкес өтінім жолдайды.
99. Өңіраралық инспекция 10 жұмыс күн ішінде алынған өтінімді қарап, аумақты, өндірістік үй-жайды, құрылыстарды, олардың құрылымын, сондай-ақ сервис орталығының технологиялық үдерісі мен жабдықтарын тексереді.
100. Тізбеге енгізу туралы өтінім түскен жағдайда Өңіраралық инспекциялар төмендегі шараларды:
1) Тізбеге енгізу үшін өтінімдерді қабылдауды және қарауды;
2) сервис орталығы аумағының, өндірістік үй-жайларының, технологиялық үдерістерінің және жабдықтарының бекітілген талаптарға сәйкестігін тексеруді;
3) дайындаушы зауыт талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарының болуын тексеруді;
4) маманның тиісті оқып-үйренуден өткендігі туралы уәкілетті органның немесе тахографты шығарған зауыт сертификатының маманда болуын тексереді;
5) сервис орталығының оларға қойылған талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды дайындауды жүзеге асырады.
101. Сервис орталығы жағдайын тексеруге мыналар жатады:
1) аумақ;
2) өндірістік үй-жайлар;
3) электрондық (цифрлық) тахографтарға қызмет көрсеткенде технологиялық жабдықтардың және бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы мен жағдайы;
4) тексеруге құқық беретін аккредитация аттестаты болған жағдайда өлшеу жабдықтарының, сынау жабдықтарының метрологиялық қамтамасыз етілуі мен жағдайы;
5) персоналдың біліктілігі;
6) бағдарламалық-техникалық құралдарының болуы мен жағдайы;
7) тахографтарды орнату, дәлдеу мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың орындалғаны туралы ақпараттарды тіркеу мен есепке алу журналын жүргізу;
8) үй-жайлардың электрондық (цифрлық) тахографтарға қызмет көрсету кезінде ақпараттардың ауыспалы тасымалдаушыларды резервтік көшірмесінің және сервис орталығы карточкаларының сақталуы үшін арнайы құралдармен жабдықталуы.
102. Тексеру нәтижесін Өңіраралық инспекция еркін нысандағы тексеру актісін және осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысандағы қорытындыны ресімдеумен аяқталады, және Комитетке тізбеге енгізу жөніндегі шешім қабылдау үшін жолданады.
103. Заңды тұлғаның иесі ауысқанда, атауы, орналасқан жері, өзгергенде, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері өзгергенде, сервис орталығы көрсетілген өзгерістерден бастап 10 күн ішінде тізбеге тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін Өңіраралық инспекцияға өтініш жасайды.
104. Сервис орталықтарының бекітілген талаптарын орындауын қамтамасыз ету үшін Өңіраралық инспекциялар олардың жұмыстарына бақылау жүргізеді.
105. Сервис орталығы бақылаушы органдардың талабы бойынша сервис орталығының карточкаларын, пломбирлерді, сондай-ақ соңғы 12 айдағы сервис орталығының бағдарламалық-техникалық құралына немесе электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадынан ауысымды тасығышқа көшірілген ақпаратты тексеру үшін ұсынады.
106. Сервис орталықтарын инспекциялық бақылау жүргізген кезде тексеруге мыналар жатады:
1) аумақтың, өндірістік үй-жайлардың жай-күйі;
2) өлшеу құралдары мен сынау жабдықтарының жай-күйі;
3) техникалық құжаттамалардың болуы және оның жай-күйі;
4) тахографтарды орнату, дәлдеу және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
5) жұмыс жүргізу қауіпсіздігінің талаптарын сақтау;
6) персоналдың біліктілігі;
7) өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету;
8) бағдарламалық-техникалық құралдардың жай-күйі;
9) сервис орталығының жұмыс істейтін карточкаларының болуы, олардың сақталуы мен басқаруын ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық (цифрлық) тахографқа қызмет көрсету кезінде қуат күшіне тәуелсіз жадындағы көшірілген ақпараттың сақталуын ұйымдастыру;
10) ұсынылатын қызметтердің сапасы, атқарылған жұмыстар бойынша тіркеудің және ол бойынша есептің жағдайы;
11) көрсетілген қызметтер туралы ақпараттың болуы және оның жағдайы;
12) ескертулер мен ұсыныстар кітабында қамтылған ақпарат;
13) өлшеуіш құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетуге қолданыстағы лицензияның болуы.
107. Инспекциялық бақылаудың қорытындысы еркін түрдегі актімен ресімделеді, онда бақылау нәтижелерінің бағасы келтіріледі.
Белгіленген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда анықталған жетіспеушіліктерді жоюы және жою мерзімі бойынша нұсқамасымен акт ресімделеді.
108. Сервис орталығын тізбеден шығару туралы шешімін Өңіраралық инспекцияның тексеру қорытындылары бойынша Комитет қабылдайды.
109. Сервис орталығын тізбеден шығару туралы шешімі мынадай жағдайларда қабылданады:
1) тахографтарды орнату, дәлдеу және жөндеу бойынша технологиялық үдерісінің бұзылуында;
2) жұмыста жарамсыз немесе белгіленген тәртіппен тексеруден өтпеген өлшеуіш құралдары мен жабдықтарды жұмыста пайдаланғанда;
3) персоналдың біліктілігінің сәйкессіздігінде;
4) сервис орталығы карточкаларын сақтау және басқару жағдайлары, электрондық (цифрлық) тахографтарға қызмет көрсету кезінде электрондық (цифрлық) тахограф қуат күшіне тәуелсіз жадынан көшірілген ақпараттың сақталу мен пайдалануы қамтамасыз етілмеген жағдайда;
5) электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату, дәлдеу және жөндеу, сондай-ақ көлік құралының параметрлерін орнату бойынша атқарылған жұмыстардың тіркеуі және ол бойынша есептің қанағаттанарлық емес жай-күйде;
6) инспекциялық бақылау кезінде берілген актідегі нұсқамалардың белгіленген уақытта орындалмауы немесе тиісінше орындалуы;
7) өлшеуіш құралдарын жөндеу бойынша қызмет көрсетуге лицензияның жұмыс істейтін мерзімінің аяқталуы, тоқтатылуы немесе күшінің жойылуы.
Технологиялық үдерістің бұзушылықтарына мыналар жатады: тахографты орнату кезінде тахографтарды дайындаушы зауыттардың техникалық құжаттамаларындағы талаптардың бұзылуы, орнату бойынша деректері бар тақтайшаның болмауы немесе ондағы ақпараттың дұрыс толтырылмауы; электрондық (цифрлық) тахографтарды дайындаушы зауыттың және КҚЕК талаптарына электрондық (цифрлық) тахографтың өлшеу қателігінің сәйкес еместігі; электрондық (цифрлық) тахографтың қуат күшіне тәуелсіз жадына дұрыс емес деректерді енгізу, сервис орталығы карточкаларын сервис орталығы аумағынан тыс жерде пайдалану.
110. Сервис орталығының жұмысы анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін және Өңіраралық инспекция қайта тексеруді өткізіп оның нәтижесінде ескертулердің жойылғаны тіркеліп тиісті акт шығарылғаннан кейін қайтадан басталады.
111. Анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін сервис орталығы тізбеге енгізіледі.
6. Электрондық (цифрлық) тахографтың электрондық карточкаларын сертификаттау және беру тәртібі
112. Карточкаларды әзірлеу мен беруін ұйымдастыруды Министрлік жүзеге асырады.
113. Карточкалар өзінің функционалдық мүмкіндіктері бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жүргізуші карточкасы;
2) тасымалдаушы карточкасы;
3) сервис орталығының карточкасы;
4) бақылау карточкасы.
114. Карточканың графикалық ресімделуі КҚЕК-нің 1 В-қосымшасына сәйкес оларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі қажет.
115. Карточка бланкісі реңінің түстік бояуында оның түріне байланысты мынадай түстер басым болады:
1) жүргізуші карточкасы – ақ түс;
2) тасымалдаушы карточкасы – сары түс;
3) бақылау карточкасы – көк түс;
4) сервис орталығы карточкасы – қызыл түс.
116. Барлық түрдегі карточка бланкілерінің беткі жағында кем дегенде:
1) карточка типінің атауы және «Қазақстан Республикасы» деген жазу;
2) «Бәйтерек» символының бейнесі;
3) карточка ұстаушының суреті мен қолын көрсету үшін орын;
4) реңнің гильоширлік суреті;
5) «Қазақстан Республикасы» деген микро мәтіні бар гильоширлік жолақтар.
117. Жүргізуші карточкасының сыртқы жағында:
1) осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес мәтіндік ақпарат;
2) реңктің гильоширлік суреті;
3) КҚЕК талаптарына сәйкес ресми бекітілген белгі;
4) «...қайтаруды өтінеміз» деген жазу, карточканы берген мекеменің атауы мен орналасқан жері;
5) карточка бланкісін жасаушының атауы және өндіруге берілген тапсырыс нөмірі болуы қажет.
118. Тасымалдаушы карточкасының сыртқы жағында:
1) осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес мәтіндік ақпарат;
2) реңктің гильоширлік суреті;
3) КҚЕК талаптарына сәйкес бекітілген ресми белгі;
4) «...қайтаруды өтінеміз» деген жазу, карточканы берген ұйымның атауы мен орналасқан жері;
5) карточка бланкісін жасаушының атауы және өндіруге берілген тапсырыс нөмірі болуы қажет.
119. Бақылау карточкасының сыртқы жағында:
1) осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес мәтіндік ақпарат;
2) реңктің гильоширлік суреті;
3) КҚЕК талаптарына сәйкес бекітілген ресми белгі;
4) «...қайтаруды өтінеміз» деген жазу, карточканы берген ұйымның атауы мен орналасқан жері;
5) карточка бланкісін жасаушының атауы және өндіруге берілген тапсырыс нөмірі болады.
120. Сервис орталығының карточка бланкісінің сыртқы жағында:
1) осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес мәтіндік ақпарат;
2) реңктің гильоширлік суреті;
3) КҚЕК талаптарына сәйкес бекітілген ресми белгі;
4) «...қайтаруды өтінеміз» деген жазу, карточканы берген ұйымның атауы мен орналасқан жері;
5) карточка бланкісін жасаушының атауы және өндіруге берілген тапсырыс нөмірі болуы қажет.
121. Жүргізуші карточкасының беткі жағы осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Жүргізуші карточкасының беткі жағында карточка ұстаушының суреті мен қолы қойылады. Сурет орналасатын жерде гильоширлік рең сурет бейнесіне қойылады.
Тасымалдаушы карточка бланкісінің беткі жағы 8-қосымшаға сәйкес мәліметтермен толтырылады.
Бақылау карточкасы бланкісінің беткі жағы осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Сервис орталығының карточка бланкісінің беткі жағы осы Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес толтырылады.
Бақылау карточкасы бланкісінің беткі жағында карточка ұстаушының суреті және қолы қойлады. Сурет орналасатын жерде гильоширлік реңк сурет бейнесіне қойылады.
122. Электрондық (цифрлық) тахограф карточкаларын сертификаттау КҚЕК 1В-қосымшасының VIII бөлімінде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жасалады.
123. Өтініш берушіге бірінші рет карточка беру жағдайында карточканың нөмірінде "0" қойылған реттік индексі (қажетті жағдайда), ауыстыру индексі және қайта жаңарту индексі болады.
124. Егер бір бақылау органына немесе бір сервис орталығына немесе бір тасымалдаушыға берілген барлық жекешеленбеген карточкалар жағдайында, карточка нөмірінің бірінші 13 саны бірдей, бірақ реттік индексі өзге болады.
125. Бар карточканы ауыстыру тәртібімен берілген карточкада 1-ге көбейетін (0, …, 9, А, …, Z тәртібімен) ауыстыру индексінен басқа ауыстырылған карточканың нөміріндей нөмір болу керек.
126. Бар карточканы ауыстыру тәртібімен берілген карточкада жұмыс істейтін аяқталу мерзімі ауыстырылған карточканың жұмыс істейтін аяқталу мерзімімен бірдей болады.
127. Бар карточканы қайта жаңарту тәртібімен берілген карточканың номерінде "0" қойылған реттік индексінен және 1-ге көбейетін (0, …, 9, А, …, Z тәртібімен) ауыстыру индексінен басқа қайта жаңартылған карточканың нөміріндей нөмір болады.
128. Әкімшілік күнді ауыстыру мақсатында бар карточканы ауыстыру қайта жаңарту ережелеріне сәйкес дайындалады, егер ол сол КҚЕК Келісетін жақта болса немесе карточканы бірінші беру ережелеріне сәйкес, егер ол басқа КҚЕК Келісетін жақта болса.
129. Егер сервис шеберхананың немесе бақылаудың жекешеленбеген карточкалары жағдайында «card holder surname» (карточка ұстаушысының тегі) шеберхананың немесе бақылау органының аты қойылады.
130. Электрондық (цифрлық) тахограф карточкаларының берілуі және күшінің жойылуы КҚЕК және оның 1В-қосымшасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
131. Электрондық (цифрлық) тахограф карточкаларының беруді және олардың күшін жою туралы шешім қабылдауды Өңіраралық инспекциялар жүзеге асырады.
132. Электрондық (цифрлық) тахограф карточкасын беру мынадай жағдайларда жасалады:
1) бірінші рет берілген кезде – осы Қағидаға сәйкес белгілі мерзімге;
2) бұрынғы карточканың жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін;
3) бұрынғы карточканы жасау кезінде Өңіраралық инспекцияға берілген деректер өзгергенде;
4) егер сервис шеберханасы карточкасының PIN-код жоғалғанда немесе үшінші жақтарға белгілі болған уақытта;
5) егер карточка жоғалса, ұрланса немесе бүлінсе.
133. Жүргізуші карточкасы Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы немесе Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік жылдың 185-тен кем емес күнінен тұратын және Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұруға рұқсат етілген азаматтығы жоқ көлік құралдарын басқаратын жеке адамдарға беріледі.
Көлік құралын басқаратын жеке адам тек қана жұмыс істейтін бір карточкаға ие бола алады.
Жүргізуші карточкасы бес жылғы мерзімге беріледі.
134. Жүргізуші карточкасын беру үшін Өңіраралық инспекцияға мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағиданың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) бет пішіні танымал анық суреті бар нотариалдық куәландырылған төлқұжаттың немесе жеке басын куәландыратын басқа куәліктің көшірмесі;
3) бет пішіні танымал анық суреті бар Қазақстан Республикасы жүргізуші куәлігінің немесе шетел мемлекетінің механикалық көлік құралдарын басқаруға халықаралық жүргізуші куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) карточканың жоғалу (ұрлану) немесе бүліну туралы карточканың жоғалу (ұрлану) жағдайында жоғалуды (ұрлануды) растайтын құжатпен қоса еркін түрдегі өтініш;
5) Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаттың немесе шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаттың нотариалды расталған көшірмесі;
6) фотосурет;
7) карточканы беруге төлемді растайтын құжаттың түпнұсқасы.
135. Тасымалдаушы карточкасы Қазақстан Республикасында тіркелген және КҚЕК талаптарына сәйкес электрондық (цифрлық) тахографпен жабдықталған көлік құралдарын қолданатын тасымалдаушыға беріледі.
Тасымалдаушы карточкасы бес жылғы мерзімге беріледі.
136. Тасымалдаушы карточкасын беру үшін Өңіраралық инспекцияға мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағиданың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) карточканың жоғалу (ұрлану) немесе бүліну туралы мән-жайды көрсетіп карточканың жоғалу (ұрлану) жағдайында жоғалу (ұрлану) фактісін растайтын құжатпен қоса еркін түрдегі өтініш;
3) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) карточканы беруге төленген төлемді куәландыратын, құжаттың түпнұсқасы.
137. Сервис орталығының карточкасы электрондық (цифрлық) тахографты орнататын және тексеретін сервис орталықтарында жұмыс істейтін және осы Қағиданың 92-тармағына сәйкес оларға қойылған талаптарды қанағаттандыратын жеке тұлғаларға беріледі.
Жеке тұлға бірнеше жұмыс істейтін сервис орталығының карточкасына, бірақ әрбір жұмыс істейтін сервис орталығының жеке карточкасына ие бола алады.
Сервис орталығының карточкасы бір жылғы мерзімге (12 ай) беріледі.
138. Сервис орталығының карточкасын беру үшін Өңіраралық инспекцияға мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағиданың 13-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) бет пішіні танымал анық суреті бар карточка ресімделетін қызметкердің нотариалды куәландырылған төлқұжатының немесе жеке басын куәландыратын басқа куәлігінің көшірмесі;
3) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) тахографты жөндеу бойынша өлшеу құралдарын жөндеуге қызмет көрсету үшін лицензияның нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) карточканың жоғалу (ұрлану) немесе бүліну туралы мән-жайды көрсетіп карточканың жоғалу (ұрлану) фактісін жағдайында жоғалу (ұрлану) фактісін куәландыратын құжатпен қоса еркін түрдегі өтініш;
6) сервис орталығының карточка ресімделетін сервис орталығы қызметкерінің еңбек кітапшасының немесе қызметкер мен сервис орталығының арасындағы қызметтік қарым-қатынасты куәландыратын басқа құжаттың өтініш беруші қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсаттың немесе шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
8) электрондық (цифрлық) тахограф дайындаушысының немесе оның уәкілетті ұйымының сервис орталығының қызметкеріне берілген электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату және дәлдеу бойынша оқудан өткенді растайтын құжаттың (сертификаттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
9) карточканы беруге төленген төлемді куәландыратын, құжаттың түпнұсқасы.
139. Бақылау карточкасы көліктік бақылау саласындағы уәкілетті органның қызметкерлеріне беріледі.
Көліктік бақылау инспекторы немесе кедендік бақылау инспекторы тек қана бір жұмыс істейтін бақылау карточкасына ие бола алады.
Бақылау карточкалары бес жылғы мерзімге беріледі.
140. Бақылау карточкасын беру үшін Өңіраралық инспекцияға мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Осы Қағидаға сәйкес 14-қосымшадағы нысан бойынша өтініш;
2) бет пішіні танымал анық суреті бар карточка ресімделетін қызметкердің төлқұжатының немесе жеке басын куәландыратын басқа куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) карточканың жоғалу (ұрлану) немесе бүліну туралы мән-жайды нұсқап карточканың жоғалу (ұрлану) жағдайында жоғалу (ұрлану) фактісін растайтын құжатпен қоса еркін түрдегі өтініш;
4) қызметкердің өкілеттігін растайтын көліктік бақылау саласындағы уәкілетті органның хаты;
5) қызметкерлердің фотосуреті;
6) карточканы беруге төлемді растайтын құжаттың түпнұсқасы.
141. Карточканы беруге өтініш қоса берілген құжаттардағы деректерге сәйкес толтырылады.
Өтініш шарикті қалам арқылы үлкен баспа әріптермен және араб цифрларымен немесе компьютерлік техниканы пайдалану арқылы толтырылады. Әріптер мен цифрлар оларға арналған орындарға дәл жазылады. Өтінішті шарикті қалам арқылы толтырылған уақытта көк немесе қара сияны пайдалану рұқсат етіледі.
142. Өтініш беруші толық байланыс ақпараты (байланысатын тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты, толық пошталық мекенжайы, байланыс телефон, электронды пошта мекенжайы) және бұрын тапсырған құжаттар бойынша толық ақпараты бар (құжаттарды қабылдаудан бас тарту себебінен оларды қайта тапсыру жағдайында) құжаттарды тапсырады.
143. Карточканы дайындауға өтініш, егер бұрынғы карточканы дайындау кезінде Өңіраралық инспекцияға берген деректер өзгерсе, тиісті өзгерістер енгізілген сәттен бастап 15 күннен кешіктірмей беріледі.
144. Фотосурет осы Қағиданың 15-қосымшадағы талаптарға сәйкес болуы тиіс.
145. Өңіраралық инспекция осы Қағиданың 135, 137, 139, 141-тармақтарында көрсетілген Өтініш беруші берген құжаттардағы деректерді тіркейді.
146. Берілген карточкаларды және карточкаларға беруге өтінімдерді тіркеуді Өңіраралық инспекциялар арнайы журналда жүргізеді.
147. Өңіраралық инспекция карточка беру үшін тіркелген тапсырыстар туралы деректерді Комитетке ұсынады. Комитет Өңіраралық инспекция берген деректерді тексеріп карточкаларды даярлауға Министрлік белгілеген даярлаушыға жолдайды немесе Өтініш берушіде карточкалар болған жағдайда беруден бас тартады және кері қайтарады.
148. Өңіраралық инспекция Комитет жағынан карточканы беруге бас тарту алған жағдайда, ол қабылдаған құжаттар қайта қолдану үшін мұрағатқа қойылады. Құжаттар мұрағатта кем дегенде үш ай сақталады.
149. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту жағдайында, Өтініш беруші карточка алу үшін, осы Қағидада көрсетілген барлық жағдайлар қамтамасыз етілгеннен кейін электрондық (цифрлық) тахограф карточкаларын дайындауға қайтадан жүгінуіне болады.
150. Берілген карточкалар бойынша құжаттар карточканың қолданылу кезеңі біткенге дейін Өңіраралық инспекцияда сақталады.
151. Карточкалардың күшін жою және күшін жоюдан бас тарту туралы шешім шығарған кезде Өңіраралық инспекция ол туралы карточканы қолданушыны хабардар етеді.
152. Комитет электрондық (цифрлық) тахографтың карточкасын беру және карточканың күшін жою туралы деректерді Комитеттің жанында құрылған тізілімге енгізеді.
153. Карточаны дайындаудан бас тарту, оның күшін жою немесе күшін жоюдан бас тарту туралы хабарламаға осындай шешім қабылдауға не себеп болғаны туралы баяндау қоса беріледі.
154. Карточканы ұрлатып немесе жоғалтып алғанды қоспағанда, карточканың күші жойылғаны туралы шешім қабылданған жағдайда карточканы ұстаушы карточканы 15-күннің ішінде Өңіраралық инспекцияға қайтарады.
155. Карточка мынандай жағдайларда жарамсыз деп танылады:
1) оның қолдану мерзімі біткенде;
2) карточканы беру кезінде Өңіраралық инспекцияға ұсынылған деректер өзгергенде;
3) карточка атына тіркелген сервис орталығы қызметкерімен еңбек шарттары бұзылғанда;
4) сервис орталығының PIN-коды жоғалғанда немесе үшінші жаққа белгілі болғанда;
5) оның күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде.
156. Өңіраралық инспекция карточканың күшін жою туралы шешімді мынадай жағдайларда қабылдайды:
1) егер карточканың шындыққа сәйкес келмейтін деректердің негізінде берілгені анықталса;
2) егер ұстаушы немесе өзге адамдар карточкаға заңсыз өзгерістер енгізсе;
3) оның ұстаушысы болып табылмайтын адам карточканы пайдаланса;
4) карточканы ұстаушының қайтыс болуы, тасымалдаушының, сервис орталығының немесе бақылау органының жойылуы (қызметін тоқтатуы);
5) көліктік бақылау саласындағы уәкілетті орган берген электрондық (цифрлық) тахографтарды орнату және дәлдеу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін берілген рұқсаттың қызмет мерзімі күшін жойса немесе тоқтатылса;
6) егер карточканы ұстаушыдан карточканың бүлінуі, ұрлануы және жоғалуы туралы ресми хабарлама келсе немесе оның күшін жоюға басқа себептер болса;
7) егер өтінім беруші өтінім берген күнінен бастап 6 ай ішінде карточканы алуға келмесе;
8) егер карточка ұстаушыда Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күші жойылса.
Карточканың күші жойылған жағдайда өтінім беруші карточканы алу үшін осы Қағидада көзделген тәртіппен Өңіраралық инспекцияға өтініш жасауға құқығы бар.
158. Карточка ұстаушы:
1) КҚЕК талаптарына сәйкес карточканы пайдалану тәртібін сақтайды;
2) карточканы тек мақсатқа сай қолданады;
3) тек өз карточкасын қолданады;
4) карточканы пайдалануға үшінші адамға бермейді;
5) карточканы атмосфералық қар-жаңбырдан, механикалық және өзге де зақымданулардан, күшті электромагнитті өрістен, жылу әсерінен сақтауды қамтамасыз етілетін жағдайларда пайдаланылады;
6) сервис орталығы (шеберхана) карточкасының PIN-кодын үшінші адамдарға бермейді;
7) егер сервис орталығы карточкасының PIN-коды жоғалған болса немесе үшінші тұлғаға белгілі болса, сервис орталығынан жаңа карточка алуға Өңіраралық инспекциясына құжаттар тапсырады немесе карточканың күшін жоюға жазбаша өтінішті өз еркімен береді;
8) карточканың бүліну, жоғалу немесе ұрлану фактілері белгілі болғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Өңіраралық инспекцияға жаңа карточканы беруге немесе карточканың бүліну, жоғалу немесе ұрлану жағдайын көрсету арқылы еркін нысандағы жазбаша өтініш және карточка жоғалған не ұрланған жағдайда карточканың жоғалғанын не ұрланғанын растайтын құжаттарды береді;
9) алдыңғы карточканы беру кезінде Өңіраралық инспекцияға ұсынылған деректер өзгертілсе, күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей Өңіраралық инспекцияға жаңа карточканы беруге құжаттарды немесе карточканы жоюға еркін нысандағы жазбаша өтінім береді;
10) карточка жарамсыз болып табылғанда оның қолдануын тоқтатады;
11) карточканың жоғалту, ұрлау жағдайларын қоспағанда, карточка жарамсыз болып табылса, күнтізбелік 15 күн ішінде карточканы Өңіраралық инспекцияға өткізеді.
7. Электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың жұмыс істеу тәртібі
159. Тахографтар бойынша дерекқор Министрліктің қарамағында болады.
160. Электрондық (цифрлық) тахографтар бойынша ұлттық дерекқордың (бұдан әрі – Тахографтар бойынша дерекқор) жұмыс істеуі 2012 жылдың 1 қаңтарынан басталады.
161. Тахографтар бойынша дерекқорда берілген, қолданыстағы, жоғалған және ауыстырылған барлық электрондық (цифрлық) тахограф карточкаларының және сервис шеберханалары автокөлік құралдарына орнатқан электрондық (цифрлық) тахографтардың есепке алынуы жүргізіледі.
162. Көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде анықталған жүргізушілердің еңбегі мен демалыс режимдерінің бұзушылықтары Тахографтар бойынша дерекқорларда белгіленеді.
163. Карточкаларды жасауға өтініш берілген кезде Өтініш берушіде карточкалардың болуы немесе болмауы КҚЕК-ге мүше мемлекеттер арасындағы деректердің сенімді және қорғалған алмасуын қамтамасыз ететін ТАХОнет телематикалық желісіне сұрау салу арқылы Тахографтар бойынша дерекқорда тексеріледі.
164. Тахографтар бойынша дерекқорға барлық жазуды Комитет анықтайтын оператор жүзеге асырады.
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
1-қосымша
Диаграммалық диск
Беткі жағы Сыртқы жағы
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
2-қосымша
Диаграммалық дискіні толтыру тәртібі
1. Жұмыс күнінің басында әрбір жүргізуші жаңа диаграммалық дискінің ортаңғы бөлігін қолдан жазып, алдын ала толтыруы тиіс:
1) - тегі, аты, әкесінің аты;
2) - жөнелту пункті;
3) Dat. – дискінің орнатылған күні (сызықшаның үстінде);
4) NО – автокөлік құралының тіркеу нөмірі;
5) - жүрген жол есептегішінің бастапқы көрсеткіштері.
2. Тәуліктік жұмыс аяқталғаннан кейін диаграммалық дискті бақылау құрылғысынан алып, мынадай жазулармен толықтыру керек:
6) - келу пункті;
7) Dat. - дискінің алынған күні (сызықшаның астында);
8) - жүрген жол есептегішінің соңғы көрсеткіштері;
9) КМ – сапар бойынша есептелген жол жүру.
3. Бір жұмыс күн ішінде автокөлік құралын ауыстыру кезінде диаграммалық дискінің арғы жағының ортаңғы бөлігі қолдан жазылып толтырылады:
1) - автокөлік құралының ауыстырылған уақыты;
2) NО - жаңа автокөлік құралының тіркеу нөмірі;
3) - жүрген жол есептегішінің бастапқы көрсеткіштері;
Осылай толтырылған диаграммалық диск басқа автокөлік құралының бақылау құрылғысына көшіріледі. Сапар аяқталғаннан кейін дискіні деректермен толтыру қажет:
4) - жүрген жол есептегішінің соңғы көрсеткіштері;
5) КМ - сапар бойынша есептелген жүрген жол.
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
3-қосымша
ATTESTATION OF ACTIVITIES* / FORMULAIRE D’ATTESTATION D’ACTIVITЙS*
Қызметті растау бланкісі*
(ЕК) 561/2006 регламенті немесе КҚЕК**)/
(REGULATION (EC) 561/2006 OR THE AETR**)
Басылымды латын әріптерімен толтырып рейске дейін қол қою/ To be filled in by typing in Latin characters and signed before a journey
Сақталуы тиіс бақылау құрылғыларының жазбаларына қоса беру / To be kept with the original control device records wherever they are required to be kept Растау бланкінің қолдан жасалуы құқық бұзушылық болып табылады / False attestations constitute an infringement
Кәсіпорын толтыру қажет бөлім 1. Кәсіпорын атауы /Name of the undertaking................
3. Телефон нөмірі (халықаралық кодты қоса алғанда)/Telephone number (including international prefix)..................... |
21. Мен, төменде қол қойған жүргізуші, жоғарыда көрсетілген кезең ішінде, (ЕК) 561/2006 регламентінің немесе КҚЕК ережесінің қолданысына түсетін көлік құралын басқармағанымды растаймын.
(I, the driver, confirm that I have not been driving a vehicle falling under the scope of the (EC) Regulation 561/2006 or AETR during the period mentioned above).
22. Орын/Place:___________________ Күні/date:_________________
Жүргізуші қолы/signature of the driver
* Осы формулярды электронды және баспа нұсқада мынадай мекен жай бойынша алуға болады/ This form is available in electronic and printable versions at the following address: http://www.unece.org/trans/main/sc1/aetr.html
** Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропа Келісім/European Agreement concerning the Work of Crews of Vehicles engaged in International Road Transport.
*** Тек қана бір позицияны таңдау/Choose only one box.
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
4-қосымша
Тахографтармен жұмысты есепке алу журналы
№ Р/с |
Күні |
Қызметкердің Т.А.Ә. |
К/Қ тіркеу нөмірі |
К/Қ иесінің атауы |
Жұмыс түрі |
Пломбаның бұзылуы |
Ақпараттың сәйкес келмеуі |
Автомобильдің белгіленген параметрлері |
Шинаның түрі |
Ескертпе |
Механиктің қолы |
||
Көлік құралының сипаттамалық коэффициенті, айналым/км |
Цифрлы тахографтың тұрақты шамасы, айналым/км |
Дөңгелектің тиімді шеңбері, мм |
|||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
5-қосымша
тахографтарды орнатуды, калибрлеуді, кезеңдік тексеруі және жөндеуді жүзеге асыратын сервис орталықтарының тізбесіне енгізуге арналған
ӨТІНІМ
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, дара кәсіпкердің аты, тегі,
әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
(орналасқан орны, заңды мекенжайы)
телефон____________факс _____________ СТН _____________________
_______________________________________________________________атында
(заңды тұлға басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні)
мынадай мекенжайда орналасқан аумақтың, өндірістік үй-жайлардың жай-күйін және технологиялық үдеріс пен жабдықтардың сәйкестігін тексеруді
_____________________________________________________________________
(толық пошталық мекенжай)
_____________________________________________________________________
және мынадай жұмыстарды атқаруға сервис орталықтары тізбесіне
енгізу үшін қорытынды беруді сұрайды:
- тахографтарды орнату
- тахографтарды калибрлеу
- тахографтарды кезеңдік тексеру
- тахографтарды жөндеу
(қажеттісін белгілеу)
Заңды тұлғаның басшысы
(дара кәсіпкер) ___________ ___________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О.
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
6-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Көліктік бақылау комитеті
_______________Өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының
_______________________________________________________________
(уәкілетті ұйымның атауы)
Қорытынды № _________
Тіркелген « ____ » ______________ 20__ ж.
_____________________________________________________________________
(атауы, орналасқан орны, заңды мекенжай)
_____________________________________________________________________
аумақты және өндірісті тексеру нәтижесінде аумақ, өндірістік үй-жайлар, технологиялық үдеріс және пайдаланылатын жабдықтар нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігі (сәйкес еместігі) анықталған
Инспекция маманы ______________________________
(лауазымы)
________ ___________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Уәкілетті ұйымның
басшысы ________ ___________________
М.О. (қолы) (тегі, аты-жөні)
«____ » _________________ 20__ ж.
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
7-қосымша
Жүргізуші карточкасында көрсетілетін ақпарат
1. |
Тегі |
2. |
Аты және әкесінің аты |
3. |
Туған күні |
4a. |
Карточканың берілген күні |
4b. |
Карточканың қолданылу мерзімінің аяқталу күні |
4c. |
Карточканы берген ұйымның атауы |
5a. |
Жүргізуші куәлігінің нөмірі |
5b. |
Карточка нөмірі |
6. |
Жүргізушінің фотосуреті |
7. |
Жүргізушінің қолы |
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
8-қосымша
Автомобиль тасымалдаушысының карточкасында көрсетілетін ақпарат
1. |
Автомобиль тасымалдаушысының атауы |
4a. |
Карточканың берілген күні |
4b. |
Карточканың жұмыс істеу мерзімінің аяқталу күні |
4c. |
Карточканы берген ұйымның атауы |
5b. |
Карточка нөмірі |
8. |
Автомобиль тасымалдаушысының орналасқан жері |
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
9-қосымша
Бақылау карточкасында көрсетілетін ақпарат
1. |
Бақылаушы органның атауы |
4a. |
Карточканың берілген күні |
4b. |
Карточканың қолданылу мерзімінің аяқталу күні |
4c. |
Карточканы берген ұйымның атауы |
5b. |
Карточка нөмірі |
8. |
Бақылаушы органның орналасқан жері |
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
10-қосымша
Сервис орталығының карточкасында көрсетілетін ақпарат
1. |
Сервис шеберханасының атауы |
2. |
Тегі |
3. |
Аты және әкесінің аты |
4a. |
Карточканың берілген күні |
4b. |
Карточканың қолданылу мерзімінің аяқталу күні |
4c. |
Карточканы берген ұйымның атауы |
5b. |
Карточка нөмірі |
6. |
Сервис шеберханасы қызметкерінің фотосуреті |
7. |
Сервис шеберханасы қызметкерінің қолы |
8. |
Сервис шеберханасының орналасқан жері |
Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын
ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды
қолдану қағидасына
11-қосымша
|
ЖҮРГІЗУШІНІҢ КАРТОЧКАСЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШ |
|
Жүргізушінің қолы |
1. Жүргізушінің деректері
Фамилия |
Тегі |
Surname |
Имя |
Аты |
Given names |
Отчество |
Әкесінің аты |
Туған күні |
- |
- |
Туған жері |
Жеке басын куәләндратын құжаттың |
Құжаттың |
Берілген |
- |
- |
Жеке басын |
Телефон (жұм.) |
Телефон (үй) |
2. Тұратын орны
Пошта |
Облысы |
Ауданы |
Елді мекені |
Көшесі |
Үй |
Корпус |
Пәтер |
3. Жүргізуші куілігі
Санаты |
А |
В |
С |
D |
Е |
Жүргізуші куәлігінің |
Берілген |
- |
- |
Мынаған |
- |
- |
Жүргізуші куәлігін берген орган
4. Бұрын берілген карточка
Карточканың иесі болып табыласыз ба
Ия - Жоқ -
Егер Ия болса, карточканы берген орган
Берілген |
- |
- |
Мынаған |
- |
- |
Карточка нөмірі |
Карточка мәртебесі
жарамды - жарамсыз - ұрланған/жоғалған -
5. Карточканы алу:
1. Алғашқы рет -
2.
Қайта |
Себебі: |
||||||||||||||||||||||||
Мен растаймын:
- жүргізуші карточкасын пайдаланудың қағидаларымен және шарттарымен таныстым және келісемін;
- өтініште көрсетілген және қосымша берілген құжаттардағы ақпараттар дұрыс және толық.
Күні |
- |
- |
Өтініш берушінің |
Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын
ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды
қолдану қағидасына
12-қосымша
|
АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАУШЫСЫНЫҢ КАРТОЧКАСЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШ |
---|
1. Автомобиль тасымалдаушысының деректері
Автомобиль тасымалдаушысының атауы
Автомобиль тасымалдаушысының орналасқан жері
Автомобиль тасымалдаушысының пошталық мекенжайы
Тел. Факс |
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
Нөмір |
Берілген күні |
- |
- |
Берген |
Цифрлы тахографтармен жабдықталған көлік құралдарының саны |
Кәсіпорын басшысы
Тегі |
Аты |
Әкесінің |
2.Бұрын берілген карточка
Карточканың иесі болып табыласыз ба
Ия - Жоқ -
Кәсіпорында бар карточкалардың саны |
3. Карточканы алу:
1. Алғаш рет -
2.
Қайта |
Себебі: |
||||||||||||||||||||||||
Карточкалар саны |
Мынаны растаймын:
- жүргізуші карточкасын пайдаланудың қағидаларымен және шарттарымен таныстым және келісемін;
- өтініште көрсетілген және қосымша берілген құжаттардағы ақпарат дұрыс және толық
Күні |
- |
- |
Өтініш берушінің |
Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын
ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды
қолдану қағидасына
13-қосымша
|
СЕРВИС ОРТАЛҒЫНЫҢ КАРТОЧКАСЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШ |
---|
1. Сервис орталығының деректері
Сервис орталығының атауы
Сервис орталығының орналасқан жері
Сервис орталығының пошталық мекен жайы
Тел. Факс |
Сервис орталығының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі
Нөмір |
Берілген |
Берген |
Сервис орталығы басшысының дербес деректері
Тегі |
Аты |
Әкесінің аты |
Сервис орталығы қызметкерінің дербес деректері
Фамилия |
Тегі |
Surname |
Имя |
Аты |
Given names |
Отчество |
Әкесінің аты |
Туған күні |
- |
- |
Туған жері |
Жеке басын |
Құжаттың түрі |
Берілген күні |
- |
- |
Жеке басын |
Телефон (жұм.) |
Телефон (үй) |
2. Бұрын берілген карточка
Карточканың иесі болып табыласыз ба
Ия - Жоқ -
Егер Ия болса, карточканы берген орган
Берілген күні |
- |
- |
Мынаған дейін қолданылады |
- |
- |
Карточканың |
Карточканың мәртебесі
жарамды - жарамсыз - ұрланған/жоғалды -
3. Карточканы алу:
1. Алғаш рет -
2.
Қайта |
Себебі: |
||||||||||||||||||||||||
Мынаны растаймын:
- жүргізуші карточкасын пайдаланудың қағидаларымен және шарттарымен таныстым және келісемін;
- өтініште көрсетілген және қосымша берілген құжаттардағы ақпарат дұрыс және толық
Күні |
- |
- |
Сервис орталығы |
Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын
ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды
қолдану қағидасына
14-қосымша
|
БАҚЫЛАУ КАРТОЧКАСЫН ЖАСАУҒА АРНАЛҒАН ӨТІНІШ |
1. Бақылаушы органның деректері
Бақылаушы органның атауы
Бақылаушы органның орналасқан жері
Бақылаушы органның пошталық мекен жайы
Тел. Факс |
Бақылаушы орган басшысының дербес деректері
Тегі |
Аты |
Әкесінің аты |
2. Бұрын берілген карточка
Карточканың иесі болып табыласыз ба
Ия - Жоқ -
Қолда бар карточканың саны |
3. Карточканы алу:
1. Алғаш рет -
2.
Қайта |
Себебі: |
||||||||||||||||||||||||
Карточканың саны |
Мынаны растаймын:
- жүргізуші карточкасын пайдаланудың қағидаларымен және шарттарымен таныстым және келісемін;
- өтініште көрсетілген және қосымша берілген құжаттардағы ақпарат дұрыс және толық
Күні |
- |
- |
Қолы |
Жүргізушілердің еңбегі мен
тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ
тахографтарды қолдану қағидасына
15-қосымша
Карточканы жасауға арналған қажетті фотосуретке қойылатын талаптар
Фотосурет мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1. Өлшемі 45 х 35 мм ± 1 мм.
2. Фотосуретте ақ бұрыш болмауы тиіс.
3. Фотосуреттегі бет-жүзінің өлшемдері:
көз қарашығының арасындағы қашықтық 6±3 мм;
көздің ортаңғы сызықшасынан иек сызықшасына дейінгі қашықтық
(шеткі нүктелер) 15 ± 2 мм;
бас пен фотосуреттің жоғарғы шетінің арасындағы қашықтық 6 ± 2
мм.
4. Фотосурет түрлі-түсті болуы тиіс.
5. Фотоқағаз тегіс, жылтыр немесе орташа күңгірт.
6. Фотосурет реңі біркелкі болуы тиіс.
7. Жарық түсіру бет-жүзінің екі жағынан бірдей болуы тиіс.
8. Бейне анық, сызатсыз және ақаусыз болуы тиіс.