Экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 431 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 21 сәуірдегі
№ 431 қаулысымен
бекітілген  

«Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беруді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Өнеркәсіп комитеті) жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07, факс: 24-16-05.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 8) тармақшасы, «Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулысы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар, сондай-ақ олардың үлгілері туралы толық ақпарат Өнеркәсіп комитетінің www.соmрrоm.kz интернет-ресурсында орналасқан.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесін (түпкі пайдаланушының сертификаты) беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Қабылдау сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет «Транспорт Тауар» ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсатнама арқылы жүзеге асырылады. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализациялар және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Ғимарат:
      1) физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен;
      2) ішінде ақпараттық стенділермен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды береді:
      1) кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) алуға еркін нысандағы өтініш;
      2) импорттаушының (түпкі пайдаланушының) белгіленген нысандағы кепілдік міндеттемесі;
      3) экспорттаушымен тиісті мәміленің нотариалды куәландырылған көшірмесі және оларды сәйкестендіру үшін түпнұсқа.
      12. Импорттаушының (түпкі пайдаланушының) кепілдік міндеттемесінің белгіленген нысаны өнеркәсіп комитетінің www.соmрrоm.kz интернет-ресурсында орналасқан.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға құжаттарды Өнеркәсіп комитетінің кеңсесі мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 24-14-07, факс: 24-16-05.
      14. Өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі Өнеркәсіп комитетінің кеңсесінде тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген тіркеу туралы белгі растайды.
      15. Кепілдік міндеттемені (түпкі пайдаланушының сертификатын) беру тұтынушының немесе сенімхат бойынша оның өкілетті өкілінің жеке келу жағдайында мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, Өнеркәсіп комитеті, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 24-14-07, факс: 24-16-05.

3. Жұмыс қағидаттары

      16. Өнеркәсіп комитетінің қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты орындауда заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) түпкілікті және толық ақпаратты беру;
      5) ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      17. Өнеркәсіп комитетінің жұмыс нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      18. Өнеркәсіп комитетінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      19. Өнеркәсіп комитеті қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі № 1704 кабинетте тел.: 8 (7172) 240745 түсіндіріледі.
      20. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Өнеркәсіп комитеті төрағасының атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      21. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Өнеркәсіп комитеті төрағасының атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      23. Шағым еркін нысанда жасалады. Қажет болған жағдайда шағымға тұтынушы сілтеме жасайтын жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
      24. Шағымды қабылдау кезінде тұтынушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
       Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 24-14-07, факс: 24-16-05.

«Кепілдік міндеттемені (түпкі
пайдаланушының сертификатын) беру
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша           

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткішті ң келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

100

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)

100

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

100

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына канағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 21 сәуірден
№ 431 қаулысымен 
бекітілген   

«Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды беру»
мемлекеттік қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды беруді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Өнеркәсіп комитеті) жүзеге асырады.
      Мемлекеттік қызмет мына мекенжай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 29-90-73, 24-14-07, факс: 24-16-05.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 6-бабының 10) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Өнеркәсіп комитетінің www.соmрrоm.kz интернет-ресурсында орналасқан.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қағаз жеткізгіштегі экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытындыны беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген өтініш және құжаттар берілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей жүзеге асырылады. Құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 20 минуттан аспайды. Құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат берілген ең көп уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.
      9. Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Қабылдау сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет «Транспорт Тауар» ғимаратында көрсетіледі. Үй-жай режимі: ғимаратқа кіру жеке кіреберісі бар рұқсат беру бюросында берілетін бір реттік рұқсатнама арқылы жүзеге асырылады. Ғимаратта құқық тәртібін қолдау үшін тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы сигнализациялар және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Ғимарат:
      1) физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен;
      2) ішінде ақпараттық стенділермен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды алу үшін тұтынушы мынадай мәліметтерді қамтитын еркін нысандағы өтініш береді:
      1) тауардың атауы;
      2) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасы бойынша коды (он таңбалы);
      3) тауардың техникалық сипаттамасы (сипаты), химиялық құрамы;
      4) тауардың фотосуреті (бар болған жағдайда);
      5) сатушы ұйым, экспорттаушының елі;
      6) тауардың функциялары;
      7) тауардың қолданылу саласы (аясы);
      8) соңғы пайдалану, түпкі пайдаланушы.
      12. Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды алу үшін тұтынушы еркін нысандағы өтініш береді.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға өтінішті Өнеркәсіп комитетінің кеңсесі мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 24-14-07, факс: 24-16-05.
      14. Өтініштің қабылданғанын оның көшірмесіндегі Өнеркәсіп комитетінің кеңсесінде тіркеу күні мен нөмірі көрсетілген тіркеу туралы белгі растайды.
      15. Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытындыны беру тұтынушының немесе сенімхат бойынша оның өкілетті өкілінің жеке келу жағдайында мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, Өнеркәсіп комитеті, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 24-14-07,  факс: 24-16-05.

3. Жұмыс қағидаттары

      16. Өнеркәсіп комитетінің қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты орындауда заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) түпкілікті және толық ақпаратты беру;
      5) ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      17. Өнеркәсіп комитеті қызметінің нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      18. Өнеркәсіп комитетінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      19. Өнеркәсіп комитеті қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі № 1704 кабинетте тел.: 8 (7172) 240745 түсіндіріледі.
      20. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Өнеркәсіп комитеті төрағасының атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      21. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым Өнеркәсіп комитеті төрағасының атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1706 кабинет, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 29-90-73.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      23. Шағым еркін нысанда жасалады. Қажет болған жағдайда шағымға тұтынушы сілтеме жасайтын жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі.
      24. Шағымды қабылдау кезінде тұтынушыға күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      Берілген шағымға жауапты не шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты мына мекенжай бойынша алуға болады: Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауар» ғимараты, № 1711 кабинет, тел: 8 (7172) 24-14-07, факс: 24-16-05.

«Экспорттық бақылауға жататын
өнімге тауарларды, технологияларды,
жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты
жатқызу туралы қорытынды беру»