Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 418 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 220-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуын және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесінде:
      А тізімі мынадай мазмұндағы 31, 32, 33, 34, 35-тармақтармен толықтырылсын:
      «31. Этилдиэтаноламин
      32. О,О-диэтил-фосфоротиоат
      33. О,О-диэтил-фосфородитиоат
      34. Натрий гексафторосиликаты
      35. Метилфосфонотионды дихлорид»;
      2) «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
      «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» және «токсиндер» деген 1-санат бөлімінде:
      «Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:» деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын:
      «55. Этилдиэтаноламин;
      56. О,О-диэтил-фосфоротиоат;
      57. О,О-диэтил-фосфородитиоат;
      58. Натрий гексафторосиликаты;
      59. Метилфосфонотионды дихлорид.»;
      «Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:» деген 1С351 бөлік мынадай мазмүндағы d, e, f тармақшаларымен толықтырылсын:
      «d. WB1, WB2, WB3 түрлерінің бактериялары;
      e. F1 Coccidiodes immitis және F2 Coccidiodes posadasii саңырауқұлақтары;
      f. Генетикалық түрлендірілген ағзалар;»;
      «Мыналар секілді жануарларға қауіпті патогендер:» деген 1С352 бөлік мынадай мазмұндағы с, d тармақшаларымен толықтырылсын:
      «с. АВ2 mycoplasmacapricolum (штамм F38) бактериялары;
      d. Тізімге қосылған микроағзалардың кез келгенінің патогендігіне байланысты нуклеин қышқылының тізбектерінен құралатын AG2 генетикалық түрлендірілген ағзалары.»;
      «Мыналар секілді өсімдіктерге қауіпті патогендер:» деген 1С354 бөлік мынадай мазмұндағы d, е тармақшаларымен толықтырылсын:
      «d. PV1 және PV2 вирустары;
      e. Генетикалық түрлендірілген ағзалар.»;
      «Материалдарды өңдеу» деген 2-санат бөлімінде:
      «Мыналар секілді химиялық өндірістік қондырғылар мен жабдық:» деген 2В350 бөлік мынадай мазмұндағы k, l, m, n, о тармақшаларымен толықтырылсын:
      «k. Реакциялык түтікшелер, реакторлар;
      l. Сақтауға арналған бактар, контейнерлер немесе қабылдағыш резервуарлар;
      m. Жылу алмастырғыштар немесе конденсациялық аппараттар;
      n. Ректификациялық немесе сіңіргіш бағаналар;
      о. Қалпақшалар.»;
      «Мына секілді биологиялық материалдарды өңдеуге арналған жабдық:» деген 2В352 бөлік мынадай мазмұндағы b, с, d, e тармақшаларымен толықтырылсын:
      «b. Тозаңдату немесе ұсақ тамшы бүрку жүйелері және олардың құрамдауыштары;
      с. Фазааралық поликонденсаторлар;
      d. Фазалық бөлгіштер;
      e. Кәдімгі үй-жайлар немесе турбулентті ауа ағыны бар үй-жайлар.».
      2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов