Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 592 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2) "Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
"Материалдар, химикаттар, "микроорганизмдер" және "токсиндер" деген 1-санат бөлімінде:
"Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін химикалийлер:" деген 1С350 бөлік мынадай мазмұндағы 55, 56, 57, 58, 59-тармақтармен толықтырылсын:
"55. Этилдиэтаноламин;
56. О,О-диэтил-фосфоротиоат;
57. О,О-диэтил-фосфородитиоат;
58. Натрий гексафторосиликаты;
59. Метилфосфонотионды дихлорид.";
"Мыналар секілді адам және жануарлар үшін қауіпті патогендер және токсиндер:" деген 1С351 бөлік мынадай мазмүндағы d, e, f тармақшаларымен толықтырылсын:
"d. WB1, WB2, WB3 түрлерінің бактериялары;
e. F1 Coccidiodes immitis және F2 Coccidiodes posadasii саңырауқұлақтары;
f. Генетикалық түрлендірілген ағзалар;";
"Мыналар секілді жануарларға қауіпті патогендер:" деген 1С352 бөлік мынадай мазмұндағы с, d тармақшаларымен толықтырылсын:
"с. АВ2 mycoplasmacapricolum (штамм F38) бактериялары;
d. Тізімге қосылған микроағзалардың кез келгенінің патогендігіне байланысты нуклеин қышқылының тізбектерінен құралатын AG2 генетикалық түрлендірілген ағзалары.";
"Мыналар секілді өсімдіктерге қауіпті патогендер:" деген 1С354 бөлік мынадай мазмұндағы d, е тармақшаларымен толықтырылсын:
"d. PV1 және PV2 вирустары;
e. Генетикалық түрлендірілген ағзалар.";
"Материалдарды өңдеу" деген 2-санат бөлімінде:
"Мыналар секілді химиялық өндірістік қондырғылар мен жабдық:" деген 2В350 бөлік мынадай мазмұндағы k, l, m, n, о тармақшаларымен толықтырылсын:
"k. Реакциялык түтікшелер, реакторлар;
l. Сақтауға арналған бактар, контейнерлер немесе қабылдағыш резервуарлар;
m. Жылу алмастырғыштар немесе конденсациялық аппараттар;
n. Ректификациялық немесе сіңіргіш бағаналар;
о. Қалпақшалар.";
"Мына секілді биологиялық материалдарды өңдеуге арналған жабдық:" деген 2В352 бөлік мынадай мазмұндағы b, с, d, e тармақшаларымен толықтырылсын:
"b. Тозаңдату немесе ұсақ тамшы бүрку жүйелері және олардың құрамдауыштары;
с. Фазааралық поликонденсаторлар;
d. Фазалық бөлгіштер;
e. Кәдімгі үй-жайлар немесе турбулентті ауа ағыны бар үй-жайлар.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.02.2015 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |