Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттар мен өнімдерді, газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 331 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 1 мамырға дейінгі мерзімге жеңіл дистилляттар мен өнімдердің (КО СЭҚ ТН коды 2710 11) әкетілуіне 10 000 тонна көлемінде сандық шектеу енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1139 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 565-құжат):
      тақырыбындағы «Жеңіл дистилляттарды және өнімдерді, керосинді» деген сөздер «Керосинді» деген сөзбен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «және тұрмыстық пеш отынынан», «жеңіл дистилляттарды және өнімдерді (КО СЭҚ ТН 2710 11),» деген сөздер алынып тасталсын;
      2) «Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 қаулысында:
      2-тармақтағы «Ауғанстан Ислам Республикасына» деген сөздерден кейін «және Қырғыз Республикасына» деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      «Көлемі, тонна» деген бағанда:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «20 000» деген сандар «30 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жиыны» деген жолдағы «145 000» деген сандар «155 000» деген сандармен ауыстырылсын;
      3. Қырғыз Республикасына әкету мақсатында «ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамына 10 000 тонна көлеміндегі жеңіл дистилляттар мен өнімдерге (КО СЭҚ ТН коды 2710 11) квота бөлінсін.
      4. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен келісім бойынша 10 000 тонна көлеміндегі жеңіл дистилляттар мен өнімдердің әкетілуіне лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға сәйкес жеңіл дистилляттар мен өнімдердің әкетілуін бақылауды қамтамасыз етсін.
      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 31 наурыздағы  
№ 331 қаулысына       
қосымша           

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2011 жылғы 24 ақпандағы 
№ 180 қаулысымен    
бекітілген       

Әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі

КО СЭҚ ТН коды

Атауы

Көлемі (тоннамен)

Қолданылу мерзімі

2710 19 410 0

Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,05 мас. % аспайтын газойлдар

155 000

2011 жылғы 1 мамырға дейін

2710 19 450 0

Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,05 мас. % асатын, бірақ 0,2 мас. % аспайтын газойлдар

2710 19 490 0

Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,2 мас. % асатын газойлдар