Қазақстан Республикасының аумағынан газойлдарды әкетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 ақпандағы № 180 Қаулысы

      «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер енгізілетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.29 № 456 Қаулысымен.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тәжікстан Республикасына және Қырғыз Республикасына әкету мақсатында газойлдарға берілетін квота заңды тұлғалар арасында бөлінсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 N 331, 2011.04.07 N 405, 2011.04.29 № 456 Қаулыларымен.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен келісім бойынша бекітілген тізбеге сәйкес лицензиялар беруді жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға сәйкес газойлдардың әкетілуін бақылауды қамтамасыз етсін.
      5. «Жеңіл дистиляттарды және өнімдерді, керосинді және газойлды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1139 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы «және газойлды» деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтағы «және газойлды (коды КО СЭҚ КС 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0)» деген сөздер алынып тасталсын.
      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интерграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 180 қаулысымен  
бекітілген     

Әкетуге қатысты көлемде сандық шектеулер
енгізілетін тауарлардың тізбесі

      Ескерту. Тізім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.03.31
N 331 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.07 N 405,
2011.04.29 № 456 Қаулыларымен.

КО СЭҚ ТН коды

Атауы

Көлемі (тоннамен)

Қолданылу мерзімі

2710 19 410 0

Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,05 мас. % аспайтын газойлдар

165 000

2011 жылғы 1 шілдеге дейін

2710 19 450 0

Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,05 мас. % асатын, бірақ 0,2 мас. % аспайтын газойлдар

2710 19 490 0

Тұрмыстық пеш отынын қоспағанда, басқа мақсаттарға арналған құрамында күкірт көлемі 0,2 мас. % асатын газойлдар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 24 ақпандағы
№ 180 қаулысына   
қосымша      

Газойлдарға арналған квотаны бөлу

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 N 331, 2011.04.07 N 405 Қаулыларымен.

Р/с

Заңды тұлғалардың атауы

Көлемі, тонна

1

«ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркентинг» акционерлік қоғам

40 000

2

«Refinery Company RT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50 000

3

«Петро Қазақстан Сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20 000

4

«Литаско С.А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20 000

5

«Санойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

35 000


Жиыны:

165 000