Күзет қызметі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау мен қайта даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталығын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 287 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «АСАР» даярлық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке күзетшілерді, жеке күзет ұйымында, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшесінде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлімшесінде күзетші қызметін атқаратын қызметкерлерді даярлау және қайта даярлауды (арнайы оқыту курсы) жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының бірі ретінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов