Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 240 Қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Жастар ісі жөніндегі кеңесті құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 396-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамына:
      мына:

Жұмағұлов                - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы         ғылым министрі, төраға

      енгізілсін;

«Орсариев                - «Астана қаласының Ішкі саясат
Арын Амангелдіұлы          департаменті» мемлекеттік мекемесінің
                           директоры»;

      деген жол алынып тасталсын;
      мына:

«Қожахмет                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Мадияр Дүйсенбайұлы        министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар
                           саясаты департаменті директорының міндетін
                           атқарушы, хатшы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қожахмет                - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Мадияр Дүйсенбайұлы        министрлігі Жастар саясаты департаментінің
                           директоры, хатшы»;

      көрсетілген құрамнан Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев шығарылсын;
      2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 256-құжат):
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы «2009/2010» деген сандар «2010/2011» деген сандармен ауыстырылсын;
      3) «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Өркен» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 532 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 314-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
      10-тармақтың үшінші абзацындағы «7» деген сан «13» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            K. Мәсімов