Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 240 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен;
      2) «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2010/2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 6 мамырдағы № 384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 32, 256-құжат):
      1-тармақтың 1) тармақшасындағы «2009/2010» деген сандар «2010/2011» деген сандармен ауыстырылсын;
      3) «Астананың жаңа университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының және «Өркен» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 532 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 314-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларда:
      10-тармақтың үшінші абзацындағы «7» деген сан «13» деген сандармен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 № 970 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            K. Мәсімов