Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары мен оларды табыс ету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 212 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерінің нысандары;
      2) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен  
бекітілген      

№ 1 есептілік нысаны

Шикізат бойынша мәліметтер

СТН-і
Салық төлеушінің атауы
Есепті кезең ____ жыл ___ ай

Құжаттың тіркеу кіріс нөмірі            ККААЖЖЖЖ

Р/с

КО СЭҚ БТН кодына сәйкес шикізат түрі он сандық белгіде

Есепті кезеңнің басындағы қалдық, тонна

Шикізаттың келіп түскені, тонна

Биоотын өндірісінде қолданылған өзі өсірген тамақ шикізаты

Тамақ шикізатын жеткізушінің атауы, орналасқан жері (облыс, аудан)

Тамақ шикізатын жеткізу шартының күні, нөмірі

Қатыстырған қалдықтар, тонна

Қайта өңделген шикізат, тонна

Шикізаттың бүлінгені, жоғалғаны, тонна

Нормалар шегіндегі шығасы, тонна

Есепті кезеңнің соңындағы қалдық, тонна

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12














Жиыны











      Ескертпе:
      Нысанда есепті кезеңде сатылған шикізаттың барлық көлемі көрсетіледі.
      Ілеспе жүкқұжаттың жоғарғы бөлігінде, ортасында орналасқан ұйымдарда ілеспе жүкқұжаттың нөмірі мен ресімдеу күні көрсетіледі.
      «СТН-і» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Салық төлеушінің атауы» жолында осы мәліметтерді ұсынатын өндірушінің атауы көрсетіледі.
      «Есепті кезең» жолында табыс ететін есепті кезең көрсетіледі.
      1-бағанда жолдың реттік нөмірі көрсетіледі.
      2-бағанда Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі - КО СЭҚ БТН) сәйкес ондық белгіде шикізат түрі көрсетіледі. Бидай үшін жақшаның ішінде бидайдың сыныбы, нөмірі және осы бидай тобына сәйкестікті растау саласындағы құжаттың нөмірі.
      3-бағанда есепті кезеңнің басында шикізаттың тоннадағы жалпы қалдығы көрсетіледі.
      4-бағанда шикізатының тоннадағы барлық келіп түсуі көрсетіледі.
      5-бағанда биоотын өндірісінде пайдаланылған өзі өсірген тамақ шикізатының, егер оны өсіру көзделген болса, саны көрсетіледі.
      6-бағанда тамақ шикізатын жеткізушінің атауы, орналасқан жері (облыс, аудан).
      7-бағанда тамақ шикізатын жеткізу шартының күні, нөмірі көрсетіледі.
      8-бағанда қатыстырылған қалдықтар тоннада көрсетіледі.
      9-бағанда қайта өңделген шикізаттың тоннадағы саны көрсетіледі.
      10-бағанда бүлінген, жоғалған шикізаттың тоннадағы саны көрсетіледі.
      11-бағанда нормалар шегіндегі зияндардың тоннадағы саны көрсетіледі.
      12-бағанда есепті кезеңнің соңындағы тоннадағы барлық қалдығы (4-баған + 8-баған - 9-баған - 10-баған - 11-баған) көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен  
бекітілген     

№ 2 есептілік нысаны

Биоотын өндірісі жөнінде есеп беру

СТН-і
Салық төлеушінің атауы
Есепті кезең ____ жыл ___ ай

Құжаттың тіркеу кіріс нөмірі            ККААЖЖЖЖ

Р/с

Биоотынның ДСН-коды

Есепті кезеңнің басындағы қалдық, литр

Өндірілген, литр

Өндірушінің сатқаны, тонна

Бүлінгені, жоғалғаны, литр

Нормалар шегіндегі шығасы

Өнімді қайтару, литр

Есепті кезеңнің аяғындағы қалдық, литр

Барл ығы

Биоотын өндірісі бойынша тұлғаларға

Биоотынды компаундирлеуге лицензиясы бар тұлғаларға

Өз өндірістік қажеттіліктеріне Пайдаланылған

Экспортқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13














Жиыны













      Ескертпе:
      Нысанда есепті кезеңде өндірілген биоотынның барлық көлемі көрсетіледі.
      «СТН-і» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Салық төлеушінің атауы» жолында осы есептерді ұсынатын өндірушінің атауы көрсетіледі.
      «Есепті кезең» жолында табыс ететін есепті кезең көрсетіледі.
      1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі.
      2-бағанда биоотынның дербес сәйкестендірілген нөмір-коды (ДСН-коды) көрсетіледі.
      3-бағанда есепті кезеңнің басында биоотынның литрдегі жалпы қалдығы көрсетіледі.
      4-бағанда өндірілген биоотынның литрдегі саны көрсетіледі,
      5-бағанда сатылған биоотынның литрдегі жалпы саны (5-баған = 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) көрсетіледі.
      6-бағанда биоотын өндірісі бойынша тұлғаларға сатылған биоотынның литрдегі саны көрсетіледі.
      7-бағанда биоотынды компаундирлеуге лицензиясы бар тұлғаларға сатылған биоотынның литрдегі саны көрсетіледі.
      8-бағанда өз өндірістік қажеттіліктеріне пайдаланылған биоотынның литрдегі саны көрсетіледі.
      9-бағанда экспортқа сатылған биоотынның литрдегі саны көрсетіледі.
      10-бағанда өндірушімен бүлінген, жоғалған биоотынның литрдегі саны көрсетіледі.
      11-бағанда нормалар шегіндегі шығындар литрдегі саны көрсетіледі.
      12-бағанда өндірушіге қайтарылған биоотынның литрдегі саны көрсетіледі.
      13-бағанда өндірушіде есепті кезеңнің соңындағы биоотынның тоннадағы жалпы қалдығы (13-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 11-баған + 12-баған) көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен  
бекітілген     

№ 3 есептілік нысаны

Биоотын жеткізушісі туралы мәліметтер

СТН-і
Салық төлеушінің атауы
Есепті кезең ____ жыл ___ ай

Құжаттың тіркеу кіріс нөмірі            ККААЖЖЖЖ

Р/с

Жеткізу түрі

Жеткізу мақсаты

Жеткізуші туралы мәлімет

Жеткізген өнім көлемі (биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін, алдында сатылған өнімнің қайтарылымы), литр

БСК

өнімнің түрі

СЭҚ ТН коды

ЖКД №

ЖКД күні

СТН-і

атауы

лицензия №

лицензия алған күні

лицензияның қолданыс мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14















Жиыны:














      Ескертпе:
      Осы нысан есепті айда басқа жеткізушілерден биоотынның кірісі бар болған жағдайда, оның ішінде алдында сатылған биоотынның қайтарылымы толтырылады.
      «СТН-і» жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      «Салық төлеушінің атауы» жолында осы мәліметтерді ұсынатын биоотын өндірушісінің атауы көрсетіледі.
      «Есепті кезең» жолында биоотын өндірушісі осы қосымшаны табыс ететін есепті кезең көрсетіледі.
      1-бағанда жолдың реттік немірі көрсетіледі.
      2-бағанда өнімді жеткізудің түрі (импорт, ішкі нарықтың жеткізулері) көрсетіледі.
      3-бағанда биоотынды жеткізудің мақсаты (биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін, техникалық қажеттіліктер үшін, бұрын жеткізілген өнімді қайтару және өзге де мақсаттар) көрсетіледі.
      4-бағанда өнімді жеткізушінің СТН-і көрсетіледі.
      5-бағанда биоотынды жеткізушінің атауы көрсетіледі.
      6-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткізуші лицензиясының нөмірі көрсетіледі.
      7-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткізушінің лицензияны алған күні көрсетіледі.
      8-бағанда лицензия болған кезде биоотынды жеткізуші лицензиясының қолданыс мерзімі көрсетіледі.
      9-бағанда биоотынның есепті кезеңнің ішінде жеткізуші алынған импорттық, сондай-ақ ішкі өндіріс өнімінің даладағы көлемі көрсетіледі.
      10-бағанда бюджеттік сыныптама коды көрсетіледі.
      11-бағанда жеткізілген өнімнің түрі көрсетіледі.
      12-бағанда Қазақстанның кедендік шекарасынан өткен кезде тауарға берілетін сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды көрсетіледі. Жеткізілген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
      13-бағанда алынған биоотынға жүк кедендік декларацияның нөмірі көрсетіледі. Жеткізілген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
      14-бағанда алынған биоотын жүк кедендік декларацияны ресімдеу күні көрсетіледі. Жеткізілген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 2 наурыздағы
№ 212 қаулысымен  
бекітілген      

Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін табыс ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5 бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын өндірушілердің биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға биоотын өндірісіне мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерін (бұдан әрі - биоотын өндірісі бойынша есептер) табыс ету тәртібін айқындайды.
      2. Биоотын өндірушілер осы Қағидада белгіленген тәртіппен № 123 есептілік нысандарын ұсынады.
      3. Ұсынылған есептердің мониторингі нәтижесі бойынша биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл қорытындысы бойынша талдамалы ақпарат ұсынады.

2. Биоотын өндірісі бойынша есептерді табыс ету тәртібі

      4. Есептерді жасау кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
      5. Осы Қағидаға сәйкес биоотын өндіруші табыс ететін есептерге биоотын өндірушінің басшысы, бас бухгалтері қол қояды және биоотын өндірушінің мөрімен бекітіледі.
      6. Құжаттар пошта арқылы, не уәкілетті органның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі арқылы қолма-қол жіберіледі.
      7. Биоотын өндірісі бойынша есептер уәкілетті органға ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсынылады.