«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 936, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес туралы» 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 1116 жарлықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 1164 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумда:
«Қорды басқару мәселелері» деген 4-бөлімде:
төртінші бөліктегі «Экономика және бюджеттік жоспарлау», «Энергетика және минералдық ресурстар», «Индустрия және сауда» деген сөздер тиісінше «Экономикалық даму және сауда», «Мұнай және газ», «Индустрия және жаңа технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қорды басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын, консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Қорды басқару жөніндегі кеңес құрылады.»;
2) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 желтоқсандағы № 2095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоғамды басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын, консультативтік-кеңесші орган болып табылатын, Қоғамды басқару жөніндегі кеңес құрылады.»;
3) «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 29, 220-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесінде:
14-тармақтың 3) тармақшасындағы «Директорлар кеңесі мақұлдаған» деген сөздерден кейін «, ал Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына қатысты - Директорлар кеңесі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес мақұлдаған» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов