Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1327 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1327 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2) жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1327 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-3-жолмен толықтырылсын:
«
17-3 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитеті |
жеке сот орындаушыларының қызметі |
».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасы
Ескерту. Қағида алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1327 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 25 ақпандағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын
біліктілік талаптары
1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін жеке тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жиырма бес жасқа жетуі;
3) жоғары заңгер білімінің болуы;
4) жеке сот орындаушысында кемінде бір жыл мерзіммен үздіксіз тағылымдамадан өтуі;
5) біліктілік емтиханын тапсыруы.
2. Жеке сот орындаушысының қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары:
1) тұрақты судьяларға;
2) өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және зандылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға;
3) теріс қылықтары бойынша босатылғандарды қоспағанда, уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдарға;
4) прокуратура органдарындағы еңбек өтілі кемінде он жыл прокурорларға қолданылмайды.