Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 ақпандағы № 181 Қаулысы

Жаңартылған

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1327 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы және «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1327 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2) жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1327 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2011 жылғы 25 ақпандағы  
№ 181 қаулысымен      
бекітілген         

Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау қағидасы

      Ескерту. Қағида алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.11.11 N 1327 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 25 ақпандағы 
№ 181 қаулысымен    
бекітілген      

Жеке сот орындаушыларының қызметіне қойылатын
біліктілік талаптары

      1. Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін жеке тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      2) жиырма бес жасқа жетуі;
      3) жоғары заңгер білімінің болуы;
      4) жеке сот орындаушысында кемінде бір жыл мерзіммен үздіксіз тағылымдамадан өтуі;
      5) біліктілік емтиханын тапсыруы.
      2. Жеке сот орындаушысының қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарының 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптары:
      1) тұрақты судьяларға;
      2) өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және зандылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға;
      3) теріс қылықтары бойынша босатылғандарды қоспағанда, уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдарға;
      4) прокуратура органдарындағы еңбек өтілі кемінде он жыл прокурорларға қолданылмайды.