Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Қайырбекова - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Салидат Зекенқызы сақтау министрі,
Кененбаев - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының
Серік Барменбекұлы президенті (келісім бойынша),
Шаяхметов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Саят Болатұлы министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
орынбасары, хатшы;
мына:
«Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің ректоры»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі, төрағаның орынбасары»;
көрсетілген құрамнан Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Жақсылық Ақмырзаұлы Досқалиев, Айдар Бексұлтанұлы Жақыпов, Виктор Иванович Дробжев, Баян Шұрымбайқызы Әлімғазинова шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов