Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 87 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасының жер қойнауын мемлекеттік сараптау
туралы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысы (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 43, 411-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 968 қаулысы
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 501-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 8 ақпандағы
№ 87 қаулысымен  
бекітілген    

Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (бұдан әрі - ҚР ҚМК) және пайдалы қазбалар қоры жөніндегі өңіраралық комиссиялар (бұдан әрі - ҚӨК) жер қойнауын мемлекеттік сараптауды (бұдан әрі - Сараптама) жүзеге асырады.
      2. ҚР ҚМК мен ҚӨК қызметін ұйымдастыру, олардың құрамы, жұмыс регламенті және іс жүргізу осы Ережемен белгіленеді.
      3. ҚР ҚМК жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның жанынан құрылады және жұмыс істейді, ҚӨК Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменттерінің (бұдан әрі - өңіраралық департаменттер) жанынан құрылады және жұмыс істейді.
      4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, ҚР ҚМК-нің құзыретіне пайдалы қазбалардың барлық түрлері бойынша Сараптама жатады. ҚӨК-нің құзыретіне кең таралған пайдалы қазбалардың түрлері бойынша Сараптама сондай-ақ ҚР ҚМК-нің Сараптамасына келіп түсетін материалдарды алдын ала қарау жатады. Мұнай қорлары мен мұнай алу деңгейін қоспағанда, ҚР ҚМК-нің жеке тапсырмаларына сәйкес комиссияның аумақтық жауапкершілігі шегінде нақты кен орындары бойынша пайдалы қазбалардың басқа түрлеріне ҚӨК-ның Сараптамасына рұқсат беріледі.

2. ҚР ҚМК және ҚӨК-нің міндеттері мен функциялары

      5. Негізгі міндетке сәйкес ҚР ҚМК және ҚӨК Сараптама барысында:
      пайдалы қазбалар қорларының саны, сапасы, құрамы, технологиялық және өзге де қасиеттері, сондай-ақ жер қойнауының өзге де ерекшеліктері туралы деректердің дұрыстығын;
      пайдалы қазбаларды өндіру және өндіруге байланысты емес мақсатта жер қойнауы учаскелерін пайдалану шарттары үшін геологиялық, кен-техникалық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, техникалық-экономикалық және өзге де деректердің толықтығы мен дұрыстығын;
      кен орындарын әзірлеудің экономикалық тиімділігінің техникалық-экономикалық негіздемесін, көмірсутек шикізатын алу коэффициенттерін, минералдық-шикізаттық базаны кеңейту жөніндегі қорытындылар мен ұсыныстарды пайдалануға арналған қорлар мен жер қойнауы учаскелерінің дайындығы дәрежесін;
      іздеу, барлау, тәжірибелік-пайдалану және жер қойнауын геологиялық зерделеу мен бағалау жөніндегі өзге де жұмыстардың нәтижелері мен сапасын;
      пайдалы қазбалардың кен орындарын жою немесе консервациялаудың пайдалы қазбаларды есептен шығарудың немесе қалған қорлардың теңгерімділік тиесілілігінің өзгерту негізділігін айқындайды.
      6. ҚР ҚМК және ҚӨК өз қызметінде жүргізудегі Сараптаманың шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      мемлекеттік теңгерімге қоюға негіз болып табылатын барланған пайдалы қазбалардың қорын игерудің рентабельділігі туралы қорытынды береді;
      пайдалы қазбалар қорының мөлшері мен сапасын, олардың республика экономикасы үшін маңызын, өндірудің тау-кен техникалық, гидрогеологиялық, экологиялық және басқа да жағдайларына объективті баға береді;
      келісімшарттық аумақтағы барлау нәтижесінде коммерциялық табу фактісін растайды.
      7. ҚР ҚМК және ҚӨК Сараптама, оның ішінде алдын ала Сараптама жүргізу барысында:
      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан, Геология жер қойнауын пайдалану комитетіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелерден және жер қойнауын пайланушылардан өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұратуы және алуы;
      Сараптама жүргізу кезінде өз құзыретінің шегінде тәуелсіз сарапшылар мен сарапшы топтарды тартуы;
      қажетіне қарай Сараптама жүргізілетін объектілерде көшпелі отырыстарды өткізуі;
      жер қойнауын пайдаланушы құзыретті орган қолданыстағы келісімшартқа тиісті өзгерістер енгізгенге дейін, келісімшарттық талаптарда келісілген жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу мерзімін бұзған жағдайда Сараптамаға берілген материалдарды кері қайтаруы;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде шешімдер қабылдауы мүмкін.

3. ҚР ҚМК және ҚӨК қызметін ұйымдастыру

      8. ҚР ҚМК және ҚӨК-нің отырыстары қажеттілігі бойынша, бірақ айына кемінде бір рет өткізіледі.
      9. ҚР ҚМК және ҚӨК-нің отырыстары жұмыс және пленарлық отырыстар болып бөлінеді. Жұмыс бабында қарау нәтижесі ҚР ҚМК немесе ҚӨК шешімнің жобасы болып табылады. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің пленарлық отырысында сарапталатын материалдар бойынша шешім қабылданады.
      10. ҚР ҚМК және ҚӨК алқалы органдар болып табылады. Шешім отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің басым даусымен қабылданады. Шешімдерді қабылдау кезінде дауыстар тең болғанда төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
      11. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің Жер қойнауының сараптамасы басқармасы ҚР ҚМК-нің жұмыс органы болып табылады. Қарауға келіп түскен материалдардың салалық бағыты бойынша тиісті өңіраралық департаменттердің мамандарынан құрылатын жұмыс топтар ҚӨК-нің жұмыс органдары болып табылады.
      12. ҚР ҚМК және ҚӨК отырыстарына комиссияның мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар шақырылуы мүмкін.
      13. ҚР ҚМК-нің төрағасы оның қызметін басқарады, әдістемелік басшылықты жүзеге асырады және ҚӨК-нің қызметіне жетекшілік етеді. Төрағасы жоқ болғанда оның міндетін ҚР ҚМК төрағасының орынбасары  атқарады.
      14. ҚӨК төрағалары тиісті өңіраралық комиссияның қызметін басқарады.
      15. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ҚР ҚМК-ге және ҚӨК-ге жүктелген міндеттерді орындауда оларға көмек көрсетеді.
      16. ҚР ҚМК мен ҚӨК-нің ғылыми хатшылары Сараптамаға материалдардың қабылдауын ұйымдастырады және оларды комиссиялардың пленарлық отырыстарына дайындайды.
      17. Сараптаманың нәтижелері пайдалы қазба қорларын бекіту туралы қорларды санаттар бойынша бөлу, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді мерзімдері, көмірсутекті шикізаттарды есептен шығару, жер қойнауы туралы ақпаратты өнеркәсіптік, ғылыми және басқа мақсаттарда қолдану мүмкіндіктері, ұсыныстар, сондай-ақ ҚР ҚМК мен ҚӨК-ның құзыреті жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер көрініс табатын хаттамамен ресімделеді.
      18. Сараптаманың нәтижелерін көрсететін хаттамаға отырыстан төрағалық етушінің бұрыштамасы және ҚМК немесе ҚӨК-нің барлық қатысқан мүшелерінің қолдары қойылады.

4. ҚР ҚМК-нің және ҚӨК-нің құрамы

      19. ҚР ҚМК және ҚӨК құрамы төрағадан, оның орынбасарларынан, ғылыми хатшыдан және комиссиялар мүшелерінен құрылады.
      20. ҚР ҚМК төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің орынбасары болып табылады. ҚР ҚМК төрағасының ҚР ҚМК төрағасы жоқ болған мерзімде ҚР ҚМК-ның құзыреті шегінде құжаттарға қол қою құқығын иеленетін орынбасары бар.
      21. ҚР ҚМК төрағасының орынбасары ҚР ҚМК жұмыс органының басшысы болып табылады.
      22. Тиісті өніраралық департаменттердің басшылары ҚӨК төрағасы болып табылады. ҚӨК төрағасының орынбасарлары геология мәселелері бойынша тиісті өңіраралық департаменттердің басшыларының орынбасарлары болып табылады.
      23. Комиссия мүшелері жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің геологиялық мамандықтары бар білікті қызметкерлері болып табылады.
      ҚР ҚМК және ҚӨК-нің жеке құрамы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

5. ҚР ҚМК мен ҚӨК-нің жұмыс регламенті және іс қағаздарын жүргізу

      24. ҚР ҚМК мен ҚӨК-нің кезекті жылға арналған жұмыс жоспары жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері негізінде қалыптастырылады.
      25. Жер қойнауын пайдаланушылар Сараптамаға есеп материалдарын ұсыну мерзімін көрсетумен өтінімдерді тиісті өніраралық департаментке жоспарланатын жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде жібереді.
      26. Өңіраралық департаменттер жоспарланатын жылдың 30 қаңтарына дейінгі мерзімде ҚР ҚМК атына жер қойнауын пайдаланушылардың өтініші бойынша жиынтық мәліметтерді жібереді.
      27. ҚР ҚМК жұмысының жиынтық жоспарын ҚР ҚМК төрағасы бекітеді. ҚӨК жиынтық жоспарларын олардың төрағалары бекітеді.
      28. Жоспарланатын жылдың 20 қаңтарынан кейінгі түскен жер қойнауын пайдаланушылардың өтінімдері ҚР ҚМК-де және ҚӨК-де тіркеледі. Аталған материалдарға Сараптама мына түрде жүргізіледі:
      бірінші кезекте жиынтық жұмыс жоспарына сәйкес материалдар қарастырылады;
      екінші кезекте бекітілген тәртіппен өтінім берілген материалдар ұсынылмағанда, жоспарланатын жылдың 20 қаңтарынан кейін келіп түскен өтінімдер бойынша материалдар қарастырылады.
      29. Жер қойнауын пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға геологиялық зерделеу және жер қойнауын игеру бойынша орындалған жұмыстар туралы материалдарды Сараптамаға есеп түрінде ұсынады. Сараптамаға ұсынылатын геологиялық ақпаратқа қойылатын талаптарды пайдалы қазбалар қорларын бағалаудың дәлдігі мен толықтығы, кен орындардың зерделенгендігі, геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі туралы ақпараттарды қоса алғанда индустриялық саясат саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      30. Жер қойнауын пайдаланушы материалдарды - кемінде екі данада, есепке қосымша берілген анықтамалар мен тәуелсіз сарапшылардың сараптау қорытындыларын - кемінде төрт данада Сараптамаға жібереді. Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушы тәуелсіз сарапшыларды қызметкерлермен және сараптама жүргізу уақытында оған тікелей байланысты (талап ету бойынша) қосымша материалдармен қамтамасыз етеді.
      31. ҚР ҚМК-нің қарауына түсетін материалдар алдын ала тиісті ҚӨК-де қаралады және оның қорытындысы қоса жіберіледі.
      32. Сараптамаға келіп түскен материалдарды ғылыми хатшы қолданыстағы белгіленген заңнамалық талаптарға сәйкестігі нысанына бағалайды.
      33. Ұсынған материалдар белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде, оларды ғылыми хатшы тіркейді, одан кейін сараптамаға қабылданған болып саналады, бұл туралы жер қойнауын пайдаланушыға жазбаша түрде хабарланады.
      34. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің мүшелеріне тіркеу бойынша материалдардың келіп түсуі туралы ғылыми хатшы мәлімдейді.
      35. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің қарауына түскен және белгіленген тәртіппен тіркелген материалдар комиссия төрағасының орынбасарына беріледі, ол келіп түскен материалдардың салалық бағытына қарай комиссия мүшелерінің ішінен сараптама жүргізуге жауаптыларды анықтайды.
      36. Сараптама тәуелсіз сарапшылар мен сарапшы топтарды тарту арқылы материалдар тіркелген күнінен бастап үш ай мерзімде жүргізіледі. Аса күрделі не көлемі үлкен материалдарды қараған жағдайда Сараптаманы жүргізу мерзімі комиссия төрағасының шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін. Тәуелсіз сараптаманы жүргізу шығындарын, сарапшылардың қызметтік міндеттерін орындауға байланысты іссапар шығыстарын жер қойнауын пайдаланушы өтейді.
      37. Тиісті салалардың білікті мамандары тәуелсіз сарапшылар болып табылады. Тәуелсіз сарапшылардың және сарапшы топтардың тізімін ҚР ҚМК төрағасының ұсынуы бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
      38. Тәуелсіз сарапшылардың материалдарды қарау мерзімі материалдарды тіркеу кезінен бастап екі айға дейінгі мерзімді құрауы мүмкін және комиссия төрағасының шешімі бойынша аса күрделі не мөлшері көп материалдарды қараған жағдайда, төрт айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      39. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-ның Сараптамасын жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылардың кандидатураларын, сараптаманың түрлері мен санын ұсынылған материалдар бойынша комиссия орынбасарының ұсынуы бойынша төраға бекітеді.
      40. Тәуелсіз сарапшылардың қорытындыларын алғаннан және комиссияның жауапты мүшелері материалдарды зерттегеннен кейін жер қойнауын пайдаланушы өкілдерінің, есеп авторларының, тәуелсіз сарапшылардың және шақырылған мамандардың қатысуымен ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің жұмыс отырысы өткізіледі. Қажет болған жағдайда ҚР ҚМК-нің жұмыс отырысына тиісті ҚӨК-нің мүшелері шақырылады.
      41. ҚР ҚМК-нің жұмыс отырыстары ҚР ҚМК төрағасы орынбасарының, ал ол жоқ болғанда комиссияның Сараптама өткізуге жауапты мүшесінің төрағалық етуімен жүргізіледі. ҚӨК-нің жұмыс отырыстарына ҚӨК төрағасының орынбасары төрағалық етеді. Жұмысты қарау нәтижесі ҚР ҚМК немесе ҚӨК шешімнің жобасы болып табылады.
      42. Комиссиялардың пленарлық отырыстары ҚР ҚМК немесе ҚӨК төрағасының төрағалық етуімен өткізіледі. Төраға болмаған жағдайда отырысты оның орынбасары жүргізеді.
      43. Пленарлық отырыс өткізілгенге дейін үш күн бұрын ғылыми хатшы ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің мүшелеріне қаралатын объект бойынша материалдардың негізгі мазмұны қысқаша түрде көрсетілген авторлық анықтаманы танысу үшін береді. ҚР ҚМК немесе ҚӨК мүшесінің талабы бойынша оған тәуелсіз сарапшылардың қорытындылары және өзге материалдар ұсынылады.
      44. Егер ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің пленарлық отырысына комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда, ол заңды деп саналады. ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің мүшелері өзінің отырысқа қатысу жөніндегі уәкілеттігін басқа тұлғаға беруге құқығы жоқ.
      45. Пленарлық отырыстарда шешімдер оның мүшелері даусының көпшілігімен қабылданады.
      46. Шешім қабылдауда комиссия мүшелері тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
      47. Қабылданған шешімге келіспейтін ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің мүшелері ерекше пікір білдіруге құқығы бар. Ерекше пікір оның негіздемесі бар жеке құжатпен ресімделеді және қаралатын материалдарға қоса беріледі.
      48. ҚР ҚМК немесе ҚӨК төрағасының, ал ол жоқ болған кезде орынбасарының тапсырмасы бойынша шешімнің жобасы сырттай дауыс беру тәртібімен комиссия мүшелеріне жіберілуі мүмкін.
      49. Комиссия мүшелерінің сырттай дауыс беруге арналған мерзімі дауыс беру үшін жоба бойынша материалдарды таратқан күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. Сырттай дауыс беру мерзімі аяқталғанша комиссия мүшелері ғылыми хатшыға өздерінің пікірін білдіретін жазбаша жауаптарды жібереді. Көрсетілген мерзімде жазбаша жауап ұсынбаған жағдайда, комиссия мүшесі қабылданған жоба шешіміне дауыс берді деп саналады. Егер жоба бойынша комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берген жағдайда, сырттай дауыс беру өтті деп саналады. Қаулы жобасы бойынша сырттай дауыс берудің нәтижелері хаттамамен ресімделеді.
      50. ҚР ҚМК немесе ҚӨК-ның пленарлық отырысының хаттамасы отырыс өткен күннен бастап он төрт жұмыс күні ішінде жасалады. Хаттамада Сараптамаға ұсынылған материалдар туралы мәліметтер, сараптама барысында анықталған ескертулер, ҚР ҚМК немесе ҚӨК шешімі және олардың ұсыныстары қамтылады.
      51. ҚР ҚМК пленарлық отырысының хаттамасы бір ай мерзімде тиісті өңіраралық департаментке және «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығының (бұдан әрі «Қазгеоақпарат» РГАО) қорына жіберіледі. Сараптамадан өткен материалдарды «Қазгеоақпарат» РГАО геологиялық қорына тұрақты сақтауға тапсыру туралы хабарландырудың көшірмесін алғаннан кейін ғылыми хатшы жер қойнауын пайдаланушыға ҚР ҚМК-нің пленарлық отырысының хаттамасын екі апта мерзімде жібереді.
      52. ҚӨК-нің пленарлық отырыстарының хаттамалары бір ай мерзімде «Қазгеоақпарат» РГАО геологиялық қорына, сондай-ақ кемінде бір тоқсанда бір рет ҚР ҚМК-ге жіберіледі. Ғылыми хатшы Сараптамадан өткен материалдарды тиісті өңіраралық департаменттің геологиялық қорына тұрақты сақтауға беру туралы хабарландырудың көшірмесін алған кезден бастап екі апта мерзім ішінде жер қойнауын пайдаланушыға ҚӨК-нің пленарлық отырысының хаттамасын жібереді.
      53. Сараптамадан өткен материалдарға есеп орындаушылары пленарлық отырыста қабылданған, және ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің хаттамасында көрініс тапқан қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізіледі.
      54. Енгізілген түзетулердің сәйкестігін ұсынылған материалдарды сараптаудан өткізуге жауапты тұлғалар тексереді, есеп орындаушылардың, ескертулер жөніндегі тәуелсіз сарапшылардың және ҚР ҚМК-нің немесе ҚӨК-нің жұмыс органы мамандарының қолдары қойылған актімен куәландырылады.
      55. Сараптамадан өткен материалдарға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін, сондай-ақ оларды қосымша түзетулерсіз қабылдаған жағдайда Сараптамадан өткенін куәландыратын мөртабан қойылады.
      56. Қабылданған қорлардың санаттары, хаттаманың нөмірі, пленарлық отырыс өткізілген уақыты, сондай-ақ сарапталатын материалдардың қаралуына жауапты тұлғаның қолы мөртабанда көрініс табады. Мөртабан есеп мәтінінің титул парағында және графикалық қосымшаларда қорлардың блокталғаны мен санаттарға бөлінгені  көрсететін әр парақта қойылады.
      57. Егер сарапталатын материалдарға жасалған Сараптаманың нәтижесі бойынша ҚР ҚМК-ден немесе ҚӨК-ден теріс қорытынды алынса, жер қойнауын пайдаланушы хаттамада баяндалған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып пысықтаған жағдайда материалдарды қайтадан Сараптамаға ұсына алады.