Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қазандағы N 1288 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 968 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 87 Қаулысымен

       1-бап.  "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 2, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 447-құжат; 2001 ж., N 23, 309, 321-құжаттар; N 24, 338-құжат; 2003 ж., N 10, 54-құжат; 2004 ж., N 18, 110-құжат; N 23, 142-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      13-баптың бірінші бөлігінде:
      төртінші абзацта:
      "өзімен бірге 7 жасқа дейінгі" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

      "әуе," деген сөз алып тасталсын;

      бесінші абзац "билеттің толық құнының" деген сөздердің алдынан "әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

      алтыншы абзац "тасымалдау кезінде" деген сөздерден кейін ", әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы жетінші - тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      "- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;
      - халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға;
      - Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.".

       2-бап.  Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті