"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 52 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту және олардың іске асырылуын бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                         К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 31 қаңтардағы
№ 52 қаулысымен   
бекітілген     

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының
2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы

1. Ағымдағы жағдайды талдау

Сыртқы ортаны талдау

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің ағымдағы жағдайы

      Ауыл шаруашылығына пайдалануға арналған жердің жалпы көлемі 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда 215,6 миллион гектарды (бұдан әрі - млн. га) құрайды, оның ішінде егістігі 24,1 млн. га (11,2 пайыз (бұдан әрі - %), шабындық - 4,8 млн. га (2,2 %), жайылым - 182,1 млн. га (84,4 %).
      2010 жылғы 1 қаңтарға ауыл тұрғындарының саны 7 миллион (бұдан әрі - млн.) 428,6 мың адамды құрады, немесе ел тұрғындарының жалпы санының 46,32 %-ы; 2009 жылдың аяғында ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың саны 3 млн. 797,4 мың адамды құрады, немесе ол шамамен ауыл тұрғындарының жалпы санының 52 %-ы.
      Топырақ қыртысы мен өсімдік қабатының көлденең және тік аймаққа бөлінуі айқын көрінеді. Барлық жердің орманды дала мен далалық аймақтар 10 %-ын, шөл және шөлейт жерлер - шамамен 60 %-ын, таулы аймағы - шамамен 5 %-ын құрайды.
      Елдің барлық егін шаруашылығы аймақтарындағы жауын-шашынның жылдық көлемінің төмендігімен сипатталады - 150-320 миллиметр (бұдан әрі - мм).
      Теңізге шығар жол жоқ, бұл сыртқы нарықтарға қол жеткізуге едәуір қиындық келтіреді.
      Тамақ өнімдерінің негізгі тобы бойынша тұрғындардың қажеттілігі ұлттық нормаға сәйкес отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етіледі.
      Тұрғындардың нан, нан-тоқаш және макарон өнімдері бойынша (астыққа айналдырғандағы) жылына 2,6 млн. тонна көлеміндегі ұлттық тұтыну мөлшері кезінде 2010 жылы 13,5 млн. тонна астық жиналды.
      Ет және ет өнімдерін тұтыну бойынша жылдық қажеттілік 757,3 мың тоннаны құрайды, 2009 жылы 896,3 мың тонна өндірілді.
      Сүт және сүт өнімдері бойынша - жылдық тұтыну нормасы 4,1 млн. тоннаны құрайды, 2009 жылы 5,3 млн. тонна өндірілді.
      Жұмыртқа мен жұмыртқа өнімдерін жылдық тұтынуға қажеттілік 2,2 млрд. дананы құрайды, 2010 жылы 3,3 млрд. дана шығарылды.
      Көкөніс пен бақша дақылдары өндірісінің көлемі қазіргі уақытта ұлттық тұтыну мөлшерінен екі есеге артық. Қажеттілік 1,6 млн. тоннаны құрайды, ал 2009 жылғы өндіріс көлемі - 3,3 млн. тонна.
      Ұлттық тұтынудың жылдық мөлшеріндегі картопты пайдалану 1,4 млн. тонна болғанда 2009 жылы оның өндірісі 2,8 млн. тоннаны құрады.
      Осылайша, жоғарыда аталған азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өндіріс көлемі тұтынудан едәуір асып кетеді.
      Елдің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне сәйкес ішкі нарықтағы отандық қант қызылшасынан шығарылған ақ қантқа қажеттілік тек 6 %-ға, жеміс пен жидекке - 29,7 %-ға, өсімдік майына - 77,5 %-ға, ерте көкөніске - 4,2 %-ға қанағаттандырылады және жетіспейтін көлем импорт есебінен қамтамасыз етіледі.
      Солтүстік өңірлер дәнді дақылдар өсіруге және мал  шаруашылығына мамандандырылған. Суарудың маңызы зор болып табылатын оңтүстік аймақтар өңделетін дақылдарды көптеп әртараптандырады (дәнді, майлы, жеміс-жидек дақылдары, көкөністер, мақта).
      2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 1 гектар (бұдан әрі - га) егістіктегі өндірісі 67,2 мың теңгені (455 Америка Құрама Штаттарының доллары (бұдан әрі - АҚШ долл.)) құрады, ауыл шаруашылығымен айналысатын 1 жұмыскер өндіретін өнімнің жалпы қосымша құны 3000 АҚШ долл. құрады.
      2009 жылы Қазақстанның аграрлық секторына елдің жалпы ішкі өнімінің 6,3 %-ы тиесілі болды. 1-қосымшаның 1.1-диаграммасына сәйкес 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1640,2 миллиард теңгені (бұдан әрі - млрд. теңге) құрады және 2008 жылмен салыстырғанда 13,9 %-ға артты, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 936,9 млрд. теңге (23,9 %), мал шаруашылығы - 703,3 млрд. теңге (12,8 %).
      2009 жылы агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі - АӨК) мемлекеттік қолдауға республикалық бюджеттен 97,0 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде субсидия - 41,8 млрд. теңге, кредит - 15,7 млрд. теңге.
      Аграрлық сектор тұрақты экономикалық өсіммен көрінеді, 1-қосымшаның 1.2-диаграммасына сәйкес соңғы 7 жыл ішіндегі нақты көлемнің өсімі өткен жылмен салыстырғанда орташа пайызбен алғанда жыл сайын 4,5 %-ды құрады.
      Ауыл шаруашылығында жыл сайынғы еңбек өнімділігінің оң беталысы байқалады, 2004 жылғы салыстырмалы бағамен есептегенде 2005 жылдан бастап 2009 жылға дейін ол орташа алғанда жыл сайын 1 %-ға артты, 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 9 %-ға артты.
      Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестицияның көлемі жыл сайын артады. Егер 2002 жылы инвестиция салымы 17,3 млрд. теңгені құраса, ал 2007 жылы - 55,9 млрд. теңгені құрады немесе 3,2 есеге артық. Бірақ әлемдік қаржы дағдарысы нәтижесінде 2009 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестицияның көлемі 78,75 млрд. теңгені құрады, 2008 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестицияның көлемі 7,1 %-ға төмендеді.

Өсімдік шаруашылығы саласының дамуын талдау

      2009 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңының барлығы 21424,9 мың га құрады, ол 2008 жылғы деңгейден 7,2 %-ға артық. 1-қосымшаның 1.3-диаграммасына сәйкес 2009 жылы дәнді дақылдардың жалпы егістігі 17208,8 мың га. құрады, майлылар - 1185,4 мың гектарды (бұдан әрі - мың га), картоп 172,2 мың га, көкөністер - 112,2 мың га құрады.
      2009 жылы ылғал үнемдеуші технологияларды қолдану арқылы дәнді дақылдар 10,3 млн. га алаңда өңделді, ол 2008 жылмен салыстырғанда 2,7 млн. гектарға немесе 34 %-ға артық.
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы түсімінің құрылымында дәнді мен бұршақты дәнді дақылдар үстем жағдайға ие, бұл ретте 1-қосымшаның 1.4, 1.5, 1.6-диаграммаларына сәйкес бидай дара дақылды болып табылады.
      Бидай өндірісінің көлемі ұлттық тұтыну деңгейінен асып кетеді, ал оның артылғаны жыл сайын соңғы 2 жыл ішінде қазақстандық экспорттаушыларға құбылмалылығымен қолайсыз болып отырған орташа әлемдік бағамен экспортталады.
      Қазақстан жыл сайын экспортқа орташа 6-8 млн. тонна бидай өткізеді, оның ішінде шамамен 2 млн. тонна ұн, ол астық түрінде есептегенде 2,8 млн. тоннаны құрайды. Қазақстан астығы экспортының негізгі бағыттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД), Еуропа Одағы, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка елдері болып қалады. Қазақстан астығы өзінің жоғары сапасының арқасында тұрақты сұранысқа ие, үшінші сыныпты бидайдағы маңыздың пайыздық құрамы 23-28 %-ды құрайды.
      Сала Ресей мен Украина тарапынан бәсекелестіктің артуы жағдайында дамиды. Жағдайдың шиеленісуі Украинаның және Ресейдің теңіз порттары Қазақстан астығы экспортының батыс бағытындағы негізгі каналдары болуына байланысты.
      Әлемдік нарықтан қашық орналасу және теңіз порттарына тура жолдың болмауы Қазақстан астығын өткізу нарықтарына жылжыту жолдарына айтарлықтай кедергі болады, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің перспективалы экспорттық нарықтарына көліктік-логистикалық жылжытудың басқа да проблемалары толық шешілген жоқ, Ресей Федерациясының порттары арқылы алыс шетелдерге экспортқа шығарылатын Қазақстан бидайының бір тоннасының бәсекеге қабілетті бағасына қол жеткізу үшін Ресей Федерациясының аумағы арқылы теміржол көлігімен бидайды тасымалдауды субсидиялаудың талап етілетін деңгейі жоғары.
      Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы төмен (центнер/гектар): 2009 жылы Қазақстанда - дәнді дақылдар 12,6, картоп - 160,0, күнбағыс - 5,7 құрады. Салыстыру үшін: 1-қосымшаның 1.7-диаграммасына сәйкес 2009 жылы Ресейде дәнді дақылдар - 23,2, күнбағыс - 11,5; 2007 жылы Канадада бидай - 23,9; картоп - 313 болды.

Мал шаруашылығы саласының дамуын талдау

      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 1-қосымшаның 1.8-диаграммасына сәйкес шаруашылықтың барлық санаттарындағы ірі қара малдың басы 103,6 мың басқа, яғни 1,7 %-ға көбейді және 6095,2 мың басты құрады, тиісінше қой мен ешкі - 599,3 мың басқа, яғни 3,6 %-ға көбейді және 17369,7 мың басты құрады, жылқы - 68,2 мың басқа, яғни 4,9 %-ға көбейді және 1438,7 мың басты құрады, түйе - 7,2 мың басқа, яғни 4,8 %-ға көбейді және 155,5 мың басты құрады, құс - 2537,1 мың басқа, яғни 8,4 %-ға көбейді және 32686,5 мың басты құрады.
      Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы жануарлардың түрлері бойынша 6-12 %-ды құрайды, генетикалық әлеуетінің деңгейі төмен, өнімділігі жоғары мал мен құсты жылдамдатып өсіріп-өндіру үшін өсімпаздық базасы әлсіз.
      Мал шаруашылығы негізінде мал басының жеке үй шаруашылықтарында бытырап орналасуымен сипатталады. Шамамен 80% мал басы (ірі қара мал басының шартты есебімен) тұрғындардың шаруашылықтарында орналасқан 5,2% мал ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және 12,8 %-ы шаруа (фермер) қожалықтарының қолында.
      1-қосымшаның 1.9-диаграммасына сәйкес 2003 жылдан бастап 2009 жылға дейін мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемі орташа ет өндіру бойынша - 4,37 %-ға, сүт - 3,4 %-ға, жұмыртқа - 6,47 %-ға және жүн - 5,2 %-ға артты.
      Өндіріс көлемі мал басының көбеюімен және малдың өнімділігінің болмашы артуының есебінен өсті, ол өнімділігі төмен малдың басым болуына байланысты.
      Мал басын және құсты орналастыру республиканың табиғи-климаттық жағдайына әрдайым сәйкес келе бермейді, ал малдың негізгі көлемін тұрғындардың шаруашылықтарында шоғырландыру мал шаруашылығының әрі қарай дамуын тежейді және олардың талаптарына сәйкес келетін малдың түрлерін өсіруге өңірлерді мамандандырудың артықшылығын пайдалануға мүмкіндік бермейді.
      Өзіндік құны мен ассортименті бойынша бәсекеге қабілетсіздігіне бола құс етінің импорты көлемінің ұлғаю үрдісі байқалады. Қазіргі жұмыс істеп тұрған құс фабрикаларының қуаттылығының жылына 100 мың тоннадан артық құс етін шығару мүмкіндігі бола отырып, құс етінің импорты оның өндірісі көлемінен 1,37 есеге жоғары.
      Ел аумағының 70 %-ға жуығы күндізгі және түнгі мезгілде температурасы айрықша өзгеріп тұратын күрт континенталды климаттық аймақта орналасқан, осы аумақта тиісті мал түрлерін жылдың суық мезгілінде 6 айға дейін еріксізден қораға қамап ұстауға тура келеді, ол халықаралық салыстыру кезінде сектордың бәсекеге қабілеттілігі мен шығындылығына кері әсерін тигізеді. Оңтүстік және батыс өңірлердегі ауыл шаруашылығына арналған ұлан-байтақ жерлер мен жайылымдардың табиғи сумен өте аз деңгейде қамтамасыз етілуі жауын-шашынның төмен деңгейімен (жылына 400 мм. аз) бірге мал шаруашылығын дамыту үшін қосымша кедергі болады.

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласының дамуын және азық-түлік қауіпсіздігін талдау

      Қазіргі уақытта тұрғындардың ұлттық норма бойынша негізгі тағам өнімдеріне қажеттілігі отандық өнімдердің есебінен қанағаттандырылады. Маңызды бөлігі әлемдік нарыққа экспортталатын азық-түлік астығы өндірісінің ішкі қажеттілігі бірнеше есе артады. Маусымдық кезеңде жас көкөністер мен бақша дақылдарына, картопқа, ішетін сүтке, жұмыртқаға қажеттілік қанағаттандырылады.
      2009 жылы ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласының өнімдері 721,9 млрд. теңге сомасына өндірілді, ол 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,2 %-ға аз.
      2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет және ет-өсімдік консервілері өндірісінің 8,5 %-ға (5290 тоннадан 5740 тоннаға дейін), сүт пен қойылтылған қаймақ 3,5 %-ға (9466 тоннадан 9795 тоннаға дейін), маргарин 30,6 %-ға (34708 тоннадан 45342 тоннаға дейін), шоколад 18 %-ға (76834 тоннадан 90737 тоннаға дейін), өсімдік майы 12,4 %-ға (183939 тоннадан 206720 тоннаға дейін), кондитер өнімдері 11 %-ға (20218 тоннадан 22440 тоннаға дейін), шырындар 8,7 %-ға (121622,3 мың литрден 132162,4 мың литрге дейін) және ұнның 1,8 %-ға (3405,9 мың тоннадан 3467,6 мың тоннаға дейін) өсімі байқалады. Шұжық өнімдері өндірісінің көлемі 1,3 %-ға, басқа қышқыл сүт өнімдері 8,0 %-ға, өңделген сүт 10,3 %-ға, сары май 11,2 %-ға, ірімшік пен сүзбе 12,3 %-ға және құрғақ сүт 15,4 %-ға, жарма 5,8 %-ға, жеміс консервілері 7,8 %-ға, өңделген күріш 14,8 %-ға, қант 24,3 %-ға және көкөніс консервілері 44,2 %-ға төмендеді.
      1-қосымшаның 1.10-диаграммасына сәйкес нарықтарда ет-сүт, майдан жасалған өнімдер мен жеміс-көкөніс консервілері импортының үлесі жоғары.
      Елдің шикізатпен қамтамасыз етілуіне қарамай, қайта өңдеу деңгейі әлі де төмен болып отыр. Соңғы 5 жыл ішінде тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өндірістің жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің үлесі мынадай: ет - 19%, сүт - 28%, жеміс-көкөніс дақылдары бойынша - 4,8%.
      Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу деңгейінің төмен болуының негізгі себебі өнеркәсіптік өңдеуге жарамсыз болатын оның сапасының төмендігі, шикізатты дайындау мен жеткізу инфрақұрылымының, шикізатты тасымалдау, сақтау және өткізудің дамымауы, сондай-ақ шикізатты маусымдық сатып алуға арналған айналым қаражатының жетіспеушілігі болып табылады.
      Елдегі ауыл шаруашылығы өнімін жеткіліксіз қайта өңдеудің басқа өткір проблемалары мыналар:
      бағасы мен сапасы бойынша бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік бермейтін ескірген жабдықтар (шамамен 60% жабдықтың тозуы);
      сауда желілерінің монополиясы (консигнациясы 4-5 айға барады, ол кәсіпорынның айналым қаражатын «тоқтатып қояды», өнімді орналастыру үшін пайдалы сату орындарына қолжетімділіктің болмауы).

Агроөнеркәсіптік кешенді техникалық-технологиялық жаңарту саласындағы жағдайды талдау

      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикада 159143 бірлік (бұдан әрі - бірл.) шынжыртабанды және доңғалақты тракторлар, 91725 бірл. тұқым сепкіш, 45503 бірл. астық жинайтын комбайндар, 2408 бірлік егістік кешендері, 336542 бірл. топырақ өңдеуші техника, 85761 бірл. трактор тіркемелері, 51026 бірл. жүк автомобилі есепке алынды, нормативтік пайдалану мерзімі 7-10 жыл болғандағы ауыл шаруашылығы техникалары паркінің орташа жасы 13—14 жылды құрайды, қазіргі қолда бар ауыл шаруашылығы техникалары паркінің 70 %-ы - 1991 жылға дейін шығарылғандар.
      2009 жылы 4233 бірл. ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, оның ішіндегі негізгі түрлері: тракторлар - 950 бірл., астық жинайтын комбайндар - 1150 бірл., жемшөп жинайтын комбайндар 11 бірл., тұқым сепкіштер - 430 бірл., егістік кешендері - 334 бірл., дестелегіштер - 172 бірл., басқа техникалар - 533 бірл.
      Лизинг және кредит беру бағдарламасы шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгроҚаржы» АҚ) арқылы АӨК субъектілеріне 34,3 млрд.теңге сомасына кредит берілді, 1363 бірл. ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды, соның ішінде тракторлар - 375 бірл., тұқым сепкіштер - 111 бірл., комбайндар - 690 бірл., арнаулы техникалар - 59 бірл. және қайта өңдеуші жабдықтар - 8 бірл.

Ауыл шаруашылығы өнімі экспортының жағдайын талдау

Астық және ұнның экспорты

      Ауыл шаруашылығының негізгі экспорттық саласы дара дақыл - астық болып табылады. Қазақстаннан дәнділер экспортының орташа жылдық  көлемі 5,5-6 млн. теңгені құрайды, бұл ретте Қазақстан Республикасындағы астықтың экспорттық әлеуеті 10 млн. тоннадан артықты құрайды. АҚШ-тың Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылғы мәліметтері бойынша астық экспортының көлемі бойынша Қазақстан әлемде алтыншы орынға ие болды, ұн экспорты бойынша Қазақстан әлемде қатарынан үш жыл бойы бірінші орынды сақтап келеді.
      2009 жылы 632,9 млн. АҚШ долларына 3229 мың тонна бидай, 2248,1 мың тонна бидай ұны мен қара бидай ұны экспортталды. Астық баламасындағы экспорттың жиыны 6394,9 мың тонна.
      2009 жылы Қазақстанға әлемдік астық экспорты көлемінің 3 %-ы тиесілі болды. 1-қосымшаның 1.11-диаграммасына сәйкес экспорттаушы алғашқы көшбасшы үштіктің қатарына Америка Құрама Штаттары (бұдан әрі - АҚШ) (26 %), Канада (15 %), Австралия (14 %) кірді. ТМД елдерінің ішінен негізгі импорттаушы елдер Тәжікстан (бидайдың жалпы экспортының 11,5%), Қырғызстан (10%), Әзірбайжан (7,9%), әлемнің басқа елдерінен Иран (22,8%), Түркия (13,6%), Ауғанстан (9,9%) болып табылады.
      Ұнның жалпы әлемдік экспортындағы Қазақстанның үлесі қазіргі таңда 14 %-дан астамды құрайды. Қазақстан ұнының негізгі импорттаушылары орта азиялық өңірлердегі мемлекеттер мен Ауғанстан болып табылады, 2008 - 2009 жылдары олардың үлесіне Қазақстан ұны экспортының 98 %-ы тиесілі болды.
      Жыл сайын қайта өңделген өнімдердің үлесі ұлғайып отырған қазіргі уақытта дәнді дақылдар экспортының шикізаттық бағытының төмендеу процессі байқалады. Мысалы, егер 2003 жылы астық экспортының жалпы көлеміндегі ұнның үлесі 10,6 пайызды құраған болса, онда 2009 жылы Қазақстан астық өнімінің жартысына жуығын ұн түрінде экспорттады. Соңғы 3 жыл ішінде елдегі ұн экспортының көлемі 2 есеге өсті. Қазақстандағы ауыл шаруашылығының қайта өңделген өнімдері  экспортының жалпы көлемінде ұн жалпы көлемнің шамамен 80 %-ын алатынын айта кету қажет.

Ет экспорты

      Әлемдегі еттің негізгі түрлері өндірісінің абсолюттік озық өндірушілері Қытай, АҚШ және Бразилия болып табылады. Бұл үш елге еттің негізгі түрлерінің әлемдік өндірісінің 50 %-ы тиесілі. Ет өндірісінің ішінде Қытайда шошқа еті, АҚШ пен Бразилияда - сиыр және тауық еттері басымдыққа ие. Ет өндірісі бойынша ТМД елдерінің ішінен Қазақстан 10-шы орындағы Ресейге және 28-ші орындағы Украинаға ғана жол береді. Әлемдегі сиыр етінің ең ірі экспорттаушылары Австралия, АҚШ, Бразилия, Аргентина және Канада болып табылады. Бұл елдерге сиыр етінің әлемдік экспортының жартысы тиесілі.
      2007 жылы сиыр етінің әлемдік саудасының көлемі 7517 мың тоннаны құрады. Осы өнімнің әлемдік нарықтағы негізгі экспорттаушылары Бразилия мен Австралия болып табылады, нәтижелері 2,4 млн.тонна (28,8%) және тиісінше 1,5 млн. тонна (18,4%). Австралия және Жаңа Зеландия - қой етінің ең ірі экспорттаушылары (әлем нарығын жабдықтау үлесінің 80 %-ы). 2009 жылы Қазақстан шамамен 300 тонна ет пен ет алмастырушы ет өнімдерін 1-қосымшаның 1.12-диаграммасына сәйкес негізінен Ресей Федерациясы мен Қырғызстанға экспорттады.

Мақта экспорты

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша:
      2008 жылы 93,2 мың тонна қазақстандық мақта талшығы экспортталды (экспорттың ақшалай түсімі 128,0 млн. АҚШ долларын құрады), ол республикадағы мақта талшығы өндірісінің жалпы көлемінің шамамен 70 %-ын құрайды.
      2009 жылы - 69,0 мың тонна экспортталды, ол 2008 жылдың ұқсас кезеңіндегі деңгейден 24,2 мың тоннаға немесе 26 %-ға аз. 1 тонна мақта талшығының экспорттық бағасы орташа 1204,5 АҚШ долларын құрады.
      Мақта өңдеумен айналысатын жүз елдің ішінен жиынтығы әлемдік өндірістің шамамен 71 %-ын құрайтын бесеуі ғана оны ірі көлемде өндіреді. Жетекші өндірушілер - Қытай (әлемдік көлемнің 25%), АҚШ (21%), Үндістан (12%), Пәкістан (8%), Өзбекстан (5%). Басқа мақта өндірушілер қатарынан Египетті, Түркияны, Австралияны, Бразилияны және Түркіменстанды атап өту қажет.

Холдинг қызметін тұтынушыларды талдау

      Қаржы ресурстарына қол жетімділік АӨК даму тұрақтылығының аса маңызды компоненті болып табылады. Қазіргі уақытта түрлі нысандардағы арзан қаржыландыруға іс жүзінде барлық аграрлық өндіріс субъектілері мұқтаж болып отыр. Ауыл шаруашылығында 2009 жылы 175636 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс істеді, олардың ішінде: мемлекеттік кәсіпорындар - 35 бірлік, мемлекеттік емес кәсіпорындар - 5408 бірлік, шаруа (фермерлік) қожалықтар - 170193 бірлік. 2009 жылдың аяғында тұрғындардың үй шаруашылығының саны 2248000 бірлікті құрады.
      2009 жылдың басында ауыл тұрғындарының өз бетінше жұмыспен қамтылған 1792,9 мыңы және 236,1 мың адам жұмыссыз бөлігі ауылдағы шағын кредит беру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде табыс деңгейі және шаруашылықтағы тәжірибесі бойынша басымдықты әлеуметтік топ ретінде қаралады.
      Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - холдинг) еншілес ұйымдарының қызметін пайдаланушылардың маңызды бөлігінің олардың толық қаржыландырылуына кедергі болатын негізгі проблемалары, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру тиімділігінің төмендігімен, ұсынылатын кепілдік мүлкі сапасының жеткіліксіз деңгейімен, активтерінің мөлшері мен өндіріс көлеміне әсерін тигізетін ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлығына байланысты жоғары тәуекелдер болып табылады.

Холдингтің бәсекелес ортасын талдау

      АӨК субъектілеріне қызмет көрсетудегі холдингтің еншілес ұйымдарының бәсекелестері екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі - БДБ), лизингілік компаниялар, шағын кредит беру ұйымдары (бұдан әрі - ШКҰ), даму институттары және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар болады.
      Холдингтің еншілес ұйымдарының нарықтың басқа қатысушыларымен салыстырғандағы негізгі бәсекелік артықшылықтары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру және лизингілік қаржыландыру құнының аса төмен болуы және АӨК қолдауға арналған мемлекеттік қаражатты тарту мүмкіндігімен байланысты қаржыландырудың аса ұзақ мерзімі болып табылады.

Кредит беру нарығын талдау

      2009 жылы Қазақстан Республикасының ЕДБ банкілердің несие қоржынындағы 7644 млрд. теңге есебінен ауыл шаруашылығына 281,8 млрд. теңге сомасында кредит берді.
      Соңғы жылдары ауыл шаруашылығына кредит беру үлесінің банкілердің жиынтық несие қоржынына қатысты өзгеру динамикасының кері үдерісі байқалады. ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша 2003 жылдан бастап 2006 жылға дейін бұл көрсеткіш 12 %-дан 4,4 %-ға дейін қысқарды; 2009 жылы экономикаға берілген кредиттің жалпы сомасынан 3,69 %-ға дейін қысқарды.
      95 %-дан аса кредит ірі және орташа ауыл шаруашылығы тауарын өндіретін (бұдан әрі - АШТӨ) заңды тұлғаларға беріледі, кредиттің тек 4 %-ы ғана шаруа (фермер) қожалықтарына беріледі.
      ЕДБ кредит беруінің орташа көлемі 15-22 %-ды құрайды, кепілдікті талап етудің қатаң түрлері көптеген АӨК субъектілері үшін орындалуы қиын жағдай болып табылады.
      ЕДБ несие қоржынының құрылымында қысқа мерзімді кредиттер басым, ол банк секторы тарапынан салаға сенімділік деңгейінің төмен болуының куәсі.
      «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ) АШТӨ кредиттік серіктестіктері (бұдан әрі - КС) арқылы соңғы қарыз алушылар үшін жылына орташа 8-9 %-ға дейінгі сыйақы ставкасымен кредит беруді жүзеге асырады (4% - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ маржасы, 4-5 % - КС). АШТӨ бірлестіктеріне жылдық 5 %-ға дейінгі пайыздық сыйақы ставкасымен кредит беріледі. Кепілдік базасына талап қою ЕДБ қарағанда жеңілдеу және АШТӨ қолдағы мүлкінің өтімділік ерекшеліктерін есепке алады. 2009 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ барлығы 11192,7 млн.теңге сомасына 153 КС кредит берді.
      Ауылдық жерлерде барлығы 161 КС құрылды, олардың құрамына 6,7 мың АШТӨ кірген. Бірлескен өндірісті жүргізу үшін ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірігуін ынталандыру бойынша жұмыс жалғасуда. 2009 жылы 737,6 млн. теңге сомасына 27 бірлестікке кредит берілді. Бірлестіктің құрамына 471 қатысушы кірді, оның 169 АШТӨ және 302 жеке үй шаруашылықтары.
      «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ) республикадағы АШТӨ көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарына бір жылдық несиелеу мерзімімен, жылдық 8% сыйақы ставкасы бойынша кредит беруді жүзеге асырады. 2009 жылы көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілеріне кредит беруге 52896,76 млн. теңге бөлінді. Осы қаражатқа 393 отандық ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге кредит берілді. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ сонымен қатар, тұқымдық кредит беру және егіс жұмыстарын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қордан тұқым сатуды жүзеге асырады.

Лизинг қызметінің нарығын талдау

      2009 жылдың аяғындағы жағдай бойынша республикада шамамен 46 лизингілік компания жұмыс істеді, 2008 жылы оның саны 48 болатын, олардың 12 ЕДБ еншілес құрылымдары болып табылады. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2009 жылдың бірінші жартысында лизингілік компаниялар үшін өзінің қызметін ұсынатын негізгі салалар көлік және байланыс - шарттың жалпы құнынан 40%, ауыл шаруашылығы - 36%, құрылыс - 12%, өнеркәсіп - 9% болды. 2008 жылы ауыл шаруашылығына - шарттың жалпы құнының 64%, өнеркәсіпке - 9%, құрылысқа - 8%, көлік және байланысқа - 6 %-ы тиесілі болды.
      Банктермен (БТА Лизинг, Центр Лизинг, АТФ Лизинг, Темір Лизинг сияқты) аффилиирленген лизингілік компаниялардың сыйақы ставкасы орташа жылдық 14-24 %-ды құрады, лизинг мерзімі 5 жылға дейін, лизинг алушылар үшін алдын ала төлем көлемі лизинг заты құнының 15-40 %-ын құрайды.
      «ҚазАгроҚаржы» АҚ бюджеттік қаржыландыру көздерінен жылына 4 %-дан бастап сыйақы ставкасы бойынша және бюджеттен тыс қаржыландыру көздерінен 12,5 %-ға дейінгі сыйақы ставкасы бойынша лизинг қызметін көрсетеді, лизингтің мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін, алдын ала төлем жарнасының көлемі лизинг заты құнының 15-20 %-ын құрайды.

Шағын кредит беру нарығын талдау

      2009 жылы елімізде 1317 бірл. ШКҰ тіркелді, олардың жұмыс істейтіндері жалпы тіркелгендер санының 1088 бірл. немесе 83 %-ды, оның белсенділері 549 ШКҰ құрайды, оның ішінде ауылда жұмыс істейтіні 135 ШКҰ. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық жерлерде 465 ШКҰ орналасқан (тіркелгендердің жалпы санының 35 %-ы), оның жұмыс істейтіні - 404 (87%) ШКҰ, белсенділері - 147 (32%).
      2009 жылдың қорытындысы бойынша ШКҰ берілген жалпы 40,8 млрд. теңге сомасындағы шағын кредиттердің жалпы саны 197 мыңнан астам кредитті құрады, оның жалпы сомасы 4,2 млрд.теңгеге 7 мыңы ауылдық жерлерге берілген кредиттер.
      Берілген шағын кредиттер бойынша ШКҰ орташа сараланған сыйақы ставкасы 2009 жылы қысқа мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 31,5 %-ды және ұзақ мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 22,3 %-ды құрады; ауылдық жерлерде сыйақы ставкалары: қысқа мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 17,9 %-ды және ұзақ мерзімді шағын кредит бойынша жылдық 13,9 %-ды құрады.
      ШКҰ қаржыландыру мемлекеттік даму институттары - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ) және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ) арқылы жүзеге асырылады.
      2005 - 2009 жылдар аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын кредит беру жүйесін дамытуға 17 млрд. теңге қаражат бөлінді.
      2005 - 2009 жылдар аралығында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауылдағы шағын кредит беру жүйесін дамыту жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру аясында 8,5 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 2009 жылы бюджеттік қаражат есебінен жалпы сомасы 1000 млн. теңгеге 44 ШКҰ кредит берді. Кредит тендерлік негізде жылдық 7,5% сыйақы ставкасы бойынша берілді.
      «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ 2009 жылы бұрын берілген шағын кредиттер бойынша өтелген қаражаты есебінен жалпы сомасы 1789,9 млн. теңгеге 5083 шағын кредит берді. Шағын кредиттер 400 мың теңгеге дейінгі көлемде жылдық 9,5% сыйақы ставкасы бойынша берілді.
      Ауыл тұрғындарына шағын кредит беру бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2009 жылы шамамен 5 мың адам жұмыспен қамтылды.

Астық қолхаттарына кепілдік беру нарығын талдау

      Астық қолхаты эмиссиялық емес ордерлік бағалы қағаз ретінде астық қабылдау кәсіпорындарымен астық иесінен астықты сақтауға қабылдағанын растау үшін беріледі, астық саласына қаржы тарту үшін өтімді кепілдікті аспап түрінде қолданылуы мүмкін.
      «ҚазАгроКепіл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгроКепіл» АҚ) АӨК субъектілерінің міндеттерін орындауға кепілдік беру жүйесін дамыту арқылы аграрлық секторға инвестиция тартуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады.
      Қазіргі уақытта «ҚазАгроКепіл» АҚ астық және мақта қолхаттары бойынша міндеттерін орындауға кепілдік беру жөніндегі республикадағы жалғыз ұйым болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша астық қолхаттары бойынша міндеттерін орындауға кепілдік беру жүйесінің қатысушылары - астық сақтау сыйымдылығы шамамен 4,4 млн. тоннаны құрайтын 53 астық қабылдау кәсіпорны (бұдан әрі - АҚК) болып табылды, мақта қолхаттары бойынша міндеттерін орындауға кепілдік беру жүйесінің қатысушылары - жалпы мақта өңдеу қуаты 180 мың тоннаны құрайтын 4 мақтаны қайта өңдеуші ұйым болып табылды.
      «ҚазАгроКепіл» АҚ бәсекелестері сақтандыру ұйымдары болып табылады. АҚК сақтандыру шарттарын талдау, азаматтық-құқықтық жауапкершілік (бұдан әрі - АҚЖ) сақтандыру шарты бойынша жеке жағдайларда франшиза сақтандыру сомасынан 95 %-ға жететінін көрсетеді, бұл ретте сақтандыру шарты әрбір астық қолхаттары бойынша жасалуы қажет. Сақтандыру басталған жағдайда астық қолхатын ұстаушы - астық иесі барлық астық бағасының 5 %-на тең өтемақы алады, осылайша сақтау шарты бойынша АҚЖ сақтандырудың барлық мәнісі жойылады, осыған сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың - олардың құқығы мен заңды мүдделерін толық көлемде қорғаудың басты мақсатына жету мүмкіндігі болмайды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі ақпараттық-маркетингтік қызмет нарығын талдау

      Бүгінгі күні республикада ақпараттық-маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсету нарығында қызмет атқаратын 100-ге жуық фирмалар мен компаниялар бар. Дегенмен олардың бәрі санаулы бағыттарда ғана жұмыс істейді, толық ақпаратпен қамтамасыз етілмеген және тарамдалған аймақтық желілері жоқ.
      Қазіргі уақытта АШТӨ төлем мүмкіншілігінің төмендігіне және осы саладағы білікті мамандардың жеткіліксіз болуына сәйкес нарықтың тартымсыздығы салдарынан аграрлық сектор саласында осы қызмет түрі іс жүзінде дамымаған.
      Бүгінгі күні «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы (бұдан  әрі - «Қазагромаркетинг» АҚ) Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы аграрлық нарықтың қатысушыларына аграрлық сектордың түрлі бағыттары бойынша ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қызмет көрсету бойынша қызмет кешенін жүзеге асыратын мамандандырылған жалғыз компания болып табылады, соның ішінде ол ақысыз негіздегі ақпараттық қызметтің кепілдендірілген көлемін ұсынады.
      «Қазагромаркетинг» АҚ 13 облыстық филиалдар, 2 өкілдік пен 160 ауылдық ақпараттық-консультациялық орталықтары (бұдан әрі - ААКО) ұсынатын аграрлық нарық субъектілерін ақпараттық-консультациялық және маркетингтік қамтамасыз етуді дамытуды жүзеге асырады.
      «Қазагромаркетинг» АҚ өкілдіктері мен ААКО арқылы тізімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен жыл сайын бекітілетін 50 мыңнан артық АӨК субъектілеріне ақысыз негізде ақпараттық қызмет топтамасын ұсынады.
      «Қазагромаркетинг» АҚ АШТӨ мен мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша ай сайын бюллетень басып шығарады, нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізеді, консультациялық қызмет көрсетеді, оқыту семинарларын өткізеді, бизнес-жоспарлар әзірлейді.

Сыртқы ортаның жаһандық факторларының әсері

Құқықтық факторлар

      Холдинг өзінің қызметінде 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексінің құқықтық нормаларын, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңын басшылыққа алады.
      Холдингті құрудың және қызметінің құқықтық негіздері мынадай нормативтік құжаттар болып табылады:
      1) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8  шілдедегі Заңы;
      2) «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы;
      3) «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі Заңы;
      4) «Кредиттік серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы Заңы;
      5) «Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 21 шілдедегі Заңы;
      6) «Шағын несиелеу ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 6 наурыздағы Заңы;
      7) «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығы;
      8) «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысы;
      9) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 қаулысы.

Саяси факторлар

      Холдингтің қызметі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің АӨК саласында мемлекеттік саясаттың бағыттары мен артықшылықтарын айқындайтын құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
      Холдинг өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының АӨК дамыту жөніндегі мемлекет қойған міндеттерді басшылыққа алады.
      Мемлекеттің аграрлық саясатына тұрақты түрде холдинг ескеруі тиіс болатын түзетулер енгізіледі. Бұл ретте осы салада қысқа мерзімді сияқты ұзақ мерзімді құбылыстар бағдарламалық іс-шараларды және қабылданатын шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының тарапынан тұрақты талдаумен, мониторингпен сүйемелденеді.

Шаруашылық факторлары

      Холдингке холдинг компаниясының клиенттері ұшырайтын мүмкін болатын шаруашылық тәуекелдерін ескеруі қажет. Шикізатқа, материалға, жиынтықтаушыларға, энергия қорына сыртқы және ішкі бағалардың әрдайым өзгеруі холдинг компанияларының қарыз алушыларының қызметінің табыстылығына маңызды ықпалын тигізуге қабілетті.
      Экономиканың нақты секторларына инвестицияланған мемлекеттік қаражатты қайтарудың мерзімінің ұзақтығын ескере отырып, сондай-ақ өндірістің және өнімді өткізудің көлемін, материалдық шығындар мен үстеме шығыстардың құнын, өнім бағасын маңызды өзгерту, шикізат пен материалдардың қол жетімділігін, жалпы нарық конъюнктурасын өзгерту сияқты агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің шаруашылық қызметінің басты факторларының әлеуетті өзгерістерін ерекше ұқыпты өлшеп және бағалау кажет.
      Отандық АӨК тиімді қызметіне ықпал етуге қабілетті маңызды факторы алдағы уақыттағы Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі нәтижесінде азық-түлік нарығындағы бәсекелестіктің өсуі және аграрлық саясаттың түрлі шараларын қолдану бойынша, соның ішінде ауыл шаруашылығын ішкі қолдау, тарифтік квоталау және кеден бажы деңгейі бойынша шектеулерді күшейту болуы мүмкін.

Демографиялық факторлар

      Әлемдегі халық санының өсуіне байланысты ауыл шаруашылығының дамуының мәселелері одан әрі аса жоғары маңыздылыққа ие болады. Зерттеушілер халықтың демографиялық өсімінің әлемдік азық-түлік өндірісінің өсуіне қатысты жоғарылауын атай отырып, 21 ғасырдың басында пайда болған ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін әрі қарай дамыту мүмкіндігін тарылтудың кері үрдісін, тамақ өнімдерін шығарудың бәсеңдеуін, ауыл шаруашылығымен байланысты экологиялық жүктеменің өсімін көрсетеді.
      Сонымен катар, дамушы елдерде халықтың әл-ауқатын жоғарылатумен қатар мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдеріне, ауыл шаруашылығында қайта өңделген өнімге сұранысты арттыру жоспарланады.
      Осылайша, ғаламшардағы халықтың демографиялық өсімі және азық-түлікке жаһандық қажеттіліктің артуы холдингке елдің АӨК өнімінің экспорттық әлеуетін дамытуға көмек көрсету бойынша іс-шараларды ұзақ мерзімді негізде табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстан халқының саны баяу қарқынмен өсіп келеді, осылайша көз жеткізерлік келешекте елдің ауыл шаруашылығы өндірісі көлемінің өсімі импорттық өнімді ығыстыру және экспортқа жіберілетін өнімнің көлемін ұлғайту есебінен қамтамасыз етілетін болады.
      Сонымен қатар, халықтың қалаға шоғырлануы, қала тұрғындарының ерте шыққан жеміс-көкөніс өніміне қажеттілігін, жаңа көкөніс қоймалары мен жылыжай кешендерінің құрылысының қажеттігінің артуына алып келеді. Бұдан басқа, қалалану және халықтың әл-ауқатының деңгейінің өсу факторы тұтыну құрылымының сапалық өзгеруіне алып келеді: тұтыну қоржынында жартылай дайындалған өнімнің және дайын азық-түлік өнімінің үлесі ұлғаятын болады.

Технологиялық факторлар

      АӨК технологиялық дамуына ықпал ететін басты факторлар өндірістің тиімділігі және техникалық қайта жарақтану, өнімнің жаңа түрлерінің өндірісін игерудің жылдамдығы және жаңа агротехнологияларды тарту болып табылады. АӨК технологиялық дамуына осы факторлардың ерекше әсері құрылымға, ағымдағы жағдайға және қазақстан экономикасының даму үрдісіне, елдің ғылыми-техникалық саласындағы қалыптасқан жағдайларына байланысты.
      АӨК жаңа технологияларды енгізетін ағымдағы жағдай қажет деңгейге сәйкес келмейді және АӨК өнімінің тұрақты өсімін, жаңа тауарларды әзірлеуді және енгізуді, оларды бәсекеге қабілеттіліктің ең жоғары деңгейіне шығаруды қамтамасыз етпейді.
      Осылайша, АӨК кәсіпорындары өнімділігі төмен және еңбекті көп қажет ететін жабдықты қазіргі заманғы және аса тиімді жабдықпен алмастыруға мүмкіндік беретін толық көлемді технологиялық жаңартуды жүргізуді қажет етеді.
      Қазіргі уақыттағы АӨК-де саланы технологиялық жеделдетіп дамытуды қамтамасыз ету үшін жеткілікті дамыған ғылыми-зерттеу базасының болмауы және қазіргі заманғы, әлемдік стандарттарға жауап беретін жабдықтардың өндірісі бойынша отандық қуаттың болмауы Қазақстанның АӨК техникалық және технологиялық жаңарту үдерісін импорттық технологияларды тартуға тәуелді етеді.
      Осыған байланысты, отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің технологиялық деңгейінің жоғарылауы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жоғары технологиялық және жоғары өнімді жабдықтар мен техникаларды сатып алуы бойынша холдинг құрылымының қызметіне сұраныстың артуына бұлжытпай алып келеді.

Климаттың өзгеруінің әсері

      Әлемдегі климаттың өзгеруі әсіресе ауыл шаруашылығында қатты сезілетін болады. Қазақстанды қоса алғандағы көптеген аймақтар жылдық және маусымдық жауын-шашынның мөлшерінің кенеттен төмендеуінен болашақта зардап шегуі мүмкін. Құрғақшылық, су тасқыны, дауылдар - осының бәрі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізеді, және сөзсіз егін алқаптары құрылымына өз түзетулерін енгізеді. Соңғы жылдары, Қазақстанның батыс аймақтарында ыстыққа және құрғақшылыққа байланысты жыл сайын 40 %-дан 50 %-ға дейінгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі есептен шығарылады.
      Көкейкесті проблемалар сондай-ақ су ресурстарының жағдайына климаттың әсер етуімен де байланысты. Ірі және ұсақ су қоймалары таяздалып жатыр, егіс алқаптарында суару мүмкіндігі төмендеуде, астық өндіретін аймақтарда жер асты суын тартып шығару өсуде.
      Егін шаруашылығы жағдайларының нашарлауына соқтыратын мүмкін болатын климаттық өзгерістер, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне әлемдік қажеттіліктің артуы сияқты суландыру жүйесі мен басқа да суаратын жабдықтарға сұранысты да жоғарылатуға алып келуге қабілетті. Бұл холдингке өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортын ұлғайтуға және АӨК қажет жабдықтар мен өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге өзінің ықпалын күшейтуге мүмкіндік береді.
      Холдинг үшін табиғи-климаттық жағдайлардың өзгеру тәуекелдері, ауыл шаруашылығы елеулі деңгейде табиғи-климаттық жағдайларға тәуелді салаға жататын болғандықтан, сондай-ақ ауа-райы жағдайының ауытқуы болжанған көрсеткіштерге қол жеткізу дәрежесіне маңызды әсері болатын ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығына, оларды өндіру көлеміне және холдинг компаниясы тобы қаржыландыратын инвестициялық жобалардың көрсеткішіне қол жеткізу дәрежесіне маңызды ықпалын тигізуі мүмкін мал шаруашылығының жемшөп қорымен қамтамасыз етілуімен маңызды болады.

Ішкі ортаны талдау

      Операциялық қызметі. Холдинг АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын еншілес акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - ЕАҚ) инвестициялық активтерін тиімді басқаруды және корпоративтік мәдениетін дамытуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасының АӨК дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады.
      ЕАҚ Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалған қызметтің бағыттары бойынша АӨК қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асырады. ЕАҚ қызметінің мықты жақтары қызметінің нақты бағыттары шеңберінде АӨК қолдаудың жинақталған тәжірибесінің болуы, сондай-ақ АӨК субъектілеріне қаржылық және басқа қызметтерді көрсету бойынша аймақтық желілері мен қалыптасқан инфрақұрылымының болуы болып табылады.
      Холдинг компаниясының тобында қаржылық, өндірістік және инфрақұрылымдық ресурстарды шоғырландыру, АӨК дамуына бірлескен және келісілген қолдау көрсетуден синергетикалық тиімділікке қол жеткізуге ықпал етеді.
      Осы ретте, холдингтің ЕАҚ өзінің операциялық қызметінде едәуір өзгешеленеді, олардың қызметінің бейіні біртекті емес, холдингтің кейбір қаржы институттарында қосарланушылық элементтері бар. Осыған байланысты, ЕАҚ функциясын олардың негізгі мамандануына сәйкестендіріп қайта құрылымдау қажет.
      Сондай-ақ холдинг пен ЕАҚ арасында бірыңғай ақпараттық кеңістік жоқ, бұл олардың өзара іс-қимылының тиімділігін төмендетеді.
      ЕАҚ одан әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін олардың қызметін елдің АӨК қолдаудың нақты нәтижелеріне қол жеткізуге, соның ішінде Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында анықталған қызметке шоғырландыру қажет.
      Қазіргі уақытта холдинг пен ЕАҚ қызметінде нақты құрылымдалған бизнес-процестің болмауына байланысты холдинг пен ЕАҚ бизнес-процестерінің біртұтас корпоративтік стандарттарын енгізуді жүзеге асыру қажет, ол АӨК дамуын қолдау бойынша холдинг компаниясы тобының қызметінің операциялық нәтижелілігін жоғарылатуға ықпал етеді.
      Холдингтің мықты жағы АӨК қаржылық сияқты әкімшілік-ұйымдастыруды да мемлекеттің қолдауы болып табылады. Холдингтің АӨК қажеттілігін қаржыландыру үшін бюджеттік ресурстарды тартуға мүмкіндігі бар, ол холдинг компаниясы тобының қызметінде басты рөл атқарады.
      Қаржылық жағдайы. Компания тобының қаржы-шаруашылық қызметіне талдау активтерінің табыстылығын және капиталдың орташа нарықтық деңгейден төмен пайдалылығын көрсетеді, ол Қазақстан Республикасының нормативтік актілерімен келісілген ставка бойынша «арзан» кредит ресурстарын беру арқылы АӨК субъектілерін қаржыландырудың жеңілдікті сипатымен байланысты.
      Қазіргі уақытта ұлттық банк жүйесі институционалдық қиындықты бастан кешіріп отырғанын және елдің АӨК дамыту үшін толық бағалы ресурстың көзі бола алмайтынын, ал отандық инвесторлардың инвестициялық капиталы өз көлемі бойынша өте шектеулі екенін есепке ала отырып, холдинг компаниясы тобы орта мерзімді болашақта АӨК субъектілерінің қажеттілігін қаржыландыру нарығына өзінің қатысуын кеңейтеді және осылайша АӨК қолдаудың нәтижелілігін жоғарылатады.
      Корпоративтік басқару. Корпоративтік басқарудың жалпыға бірдей принциптеріне сүйене отырып, холдинг пен ЕАҚ тәуелсіз директорлардың, корпоративтік хатшының, ішкі аудит қызметінің институттары енгізілген. ЕАҚ корпоративтік құнын жоғарылату, сондай-ақ синергия тиімділігін күшейту мақсатында холдинг олардың қызметіне, оларды кеңейту немесе біріктіру мүмкіндігіне тұрақты негізде талдау жүргізеді.
      Осы ретте, холдингте және ЕАҚ корпоративтік басқару рейтингі жоқ екенін айта кету қажет, ол холдинг компаниясы тобы шеңберінде корпоративтік басқарудың озық тәжірибесін қолданудың тиімділігін төмендетеді.
      Холдинг компаниясы тобының АӨК субъектілерін нәтижелі қолдауды жүзеге асыру үшін негізгі қатер АӨК жағдайының жалпы төменгі деңгейі болуы мүмкін:
      1) жеткілікті кепілдікті қамсыздандыруды тартуға мүмкіндік бермейтін АӨК субъектісінің материалдық-техникалық базасының әбден тозуы;
      2) еншілес қоғамдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шығындарын жоғарылататын көліктік-логистикалық инфрақұрылымның дамуының төменгі деңгейі;
      3) мал шаруашылығы саласында жобаларды іске асыру тәуекелдерін жоғарылататын мал шаруашылығындағы эпизоотикалық қолайсыз жағдайдың сақталуы;
      4) қаржыландырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру тиімділігін төмендететін АӨК субъектілерінің жер, су және қаржы ресурстарының тиімсіз пайдаланылуы;
      5) еншілес қоғамдардың ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен қайта өңдеудің перспективалық салаларын қаржыландыру мүмкіндігін төмендететін Қазақстанның аграрлық секторының тауар номенклатурасы бойынша әлемдік саудаға тартылуының төменгі деңгейі.
      Ұсынылған талдау, холдинг өзінің мықты жақтарының есебінен, анықталған әлсіз жақтарын күшейту және қазіргі қатерлерді бейтараптандыру арқылы қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану кезінде қол жеткізе алатын дамудың стратегиялық бағытын және мақсатын анықтау мақсатында жүргізілді.

2. Миссиясы мен пайымдауы

Холдингтің миссиясы

      Холдингтің миссиясы нәтижелілік, ашықтық және холдингтің құрылымдарын тиімді корпоративтік басқару принципінде АӨК индустриялық дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

Холдингтің пайымдауы

      Холдинг 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының АӨК салаларының тиімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласында жетекші басқарушы компания болады.
      Ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды стратегиялық жобаларының қаржылық операторы бола отырып, холдинг АӨК өндірістік, ақпараттық және сервистік инфрақұрылымын әрі қарай дамытуды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік және тартылған қаражатты қолжетімді, мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін болады.
      2020 жылы холдинг және оның барлық еншілес құрылымдары корпоративтік басқару рейтингіне ие болады, ол қызметінің ашықтығы мен адам әлеуетін дамытудың жоғары өлшемі негізінде холдинг компаниясы тобының корпоративтік дамуының жоғары мәдениетін дәлелдейді.

3. Қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қызметінің басты көрсеткіштері, күтілетін нәтижелер

      1-стратегиялық бағыт. Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің артуын ынталандыру.
      1-мақсат. Жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды және өндіріс технологиясы мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді қаржыландыру есебінен еңбек өнімділігінің өсіміне көмек көрсету.
      Міндеттері:
      1) АӨК инвестицияның негізгі бағыттарын анықтау;
      2) қазіргі заманғы технологияларды енгізуді көздейтін және АӨК еңбек өнімділігінің артуына ықпал ететін жоғары технологиялық инвестициялық жобалар тізімін қалыптастыру;
      3) шикізатты өндіру және қайта өңдеудің тиімді технологияларын қолданудағы АШТӨ қажеттілігін анықтау;
      4) жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды және ауыл шаруашылығы шикізатының өндірісі мен қайта өңдеудің қазіргі заманғы технологиясын енгізу бойынша АӨК кәсіпорындарын қаржыландыру үшін бюджеттік және бюджеттен тыс инвестицияларды тарту;
      5) жоғары технологиялық өндіріс пен инфрақұрылым объектілерін құруға қатысу;
      6) жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасының, арнаулы техниканың және қайта өңдеу жабдықтарының лизингі.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) холдингпен қаржыландырылған кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі, 1 жұмыскерге мың АҚШ долл.;
      2) холдингпен сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасының саны, бірл.;
      3) республиканың жалпы қажеттілігіндегі сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасының үлесі, %-бен.
      Күтілетін нәтижелер.
      1-стратегиялық бағыттың мақсаттарына қол жеткізу нәтижесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізуді көздейтін және еңбек өнімділігінің артуына ықпал ететін жоғары технологиялық жобаларды іске асыру арқылы агроөнеркәсіптік секторды индустрияландыру және әртараптандыру деңгейі көтеріледі.
      Холдинг қаржыландырған кәсіпорындардағы еңбек өнімділігінің артуы 2015 жылға қарай бір жұмыскерге - 20 мың АҚШ долл. және 2020 жылы бір жұмыскерге - 40 мың АҚШ долларына жетеді.
      Республиканың жалпы қажеттілігіндегі холдингпен сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасының үлесі он жыл ішінде орташа 0,98 %-ды құрайды.
      Холдингтің инвестициялық жобаларын іске асыру мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында жаңа жүйе құрушы өндіріс құруға мүмкіндік береді, ауыл шаруашылығы өнімі экспортының инфрақұрылымын, көлемін және географиясын кеңейтеді.
      Холдингтің инвестициялық жобалары АӨК ілеспелі салаларының дамуына аса маңызды мультипликативті тиімділік көрсетеді.
      2-стратегиялық бағыт. Ішкі азық-түлік нарығын дамыту және реттеу арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу.
      1-мақсат. Ішкі аграрлық азық-түлік нарықтарын тұрақтандыру
      Міндеттері:
      1) астықтың мемлекеттік ресурсын қалыптастыру және тиімді басқару;
      2) Астана мен Алматы қалаларының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі АӨК субъектілері жобаларының тізімін қалыптастыру және қаржыландыру;
      3) ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме сауда жүйесін және тамшымен суару технологиясын қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдарының өндірісін дамытуға қатысу;
      4) КС және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары мен тамақ өнімдерінің өндірісіне кредит беру;
      5) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сатып алу бойынша АӨК субъектілерін қаржыландыру;
      6) міндетті сақтандыру жүйесінің әрі қарай дамуын ынталандыру;
      7) аграрлық азық-түлік нарықтарының мониторингі және талдау жүргізу;
      8) Қазақстан Республикасының көтерме сауда базарларында ақпараттық-логистикалық орталықтардың желісін дамыту және жұмыс істеуі;
      9) Азық-түлік корпорациясының құрамына кіретін астық базаларының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      10) мал шаруашылығы өнімін сатып алуды және өткізуді жүзеге асыру.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) астықтың мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру бойынша тапсырманы 100 %-ға орындау;
      2) 1-сұрыпты бидай ұны нанының (формалы) 1 кг бағасының ұйғарымды құбылмалық деңгейін қамтамасыз ету, теңге;
      3) етті, сүтті, жеміс пен жидекті қайта өңдеудің республикадағы олардың жалпы өндірісінің көлеміндегі үлесі %-бен;
      Күтілетін нәтижелер.
      2-стратегиялық бағыттың мақсаттарына жету нәтижесінде азық-түлік астығының мемлекеттік қорын жаңарту және ішкі астық нарығын реттеу үшін отандық АШТӨ мемлекеттік ресурсқа астық сатып алу арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігі және мобилизациялық мұқтаждығы қамтамасыз етіледі.
      Отандық АШТӨ қолжетімді қаржы қаражатымен қамтамасыз етіледі, ол ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің, қайта өңдеудің және өткізудің инфрақұрылымының жаңа объектілерін құруға ықпал етеді.
      Облыс орталықтары мен ірі қалалардағы азық-түліктің көтерме сауда базарларын тиімді дамыту үшін 20 ақпараттық-логистикалық орталықтар жұмыс істейтін болады.
      Холдингтің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласындағы қаржыландыратын инвестициялық жобалары нәтижесінде өндірілген өнімнің көлемінің ұлғаюы қамтамасыз етіледі.
      3-стратегиялық бағыт. АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға көмек көрсету.
      1-мақсат. Ауыл шаруашылығы өнімі экспортының көлемін арттыру.
      Міндеттері:
      1) экспортқа бағдарланған жобаларды қаржыландыру, іске асыру;
      2) астықты сақтау және экспорттау үшін инфрақұрылымды кеңейту;
      3) ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның қайта өңделген өнімдері экспортының географиясын кеңейту;
      4) мемлекет аумағында және шет елдерде көрме-жәрмеңке іс-шараларын, бизнес-форумдар, конференциялар өткізу.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) аграрлық саланың экспортындағы холдингтің үлесі, %;
      2) холдингтің астық терминалдары арқылы астық аудару көлемін 2015 жылға қарай - 1800 мың тоннаға, 2020 жылға қарай - 3650 мың тоннаға дейін жеткізу;
      Күтілетін нәтижелер.
      3-стратегиялық бағыттың мақсаттарына жету нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімінің және оның қайта өңделген өнімдерінің географиясы Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және басқа елдерге кеңейетін болады.
      Аграрлық саланың экспортындағы холдингтің үлесі 2015 жылға қарай 4,8 %-ды, ал 2020 жылға қарай 5,9 %-ды құрайды.
      Астықты сақтау және экспорттау үшін экспорттық инфрақұрылымды кеңейту астық терминалдары арқылы астық тасымалдау көлемін 2015 жылы - 1800 мың тоннаға, ал 2020 жылы - 3650 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
      4-стратегиялық бағыт. Корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын жоғарылату.
      1-мақсат. Холдингтің активтерін басқарудың тиімділігін жоғарылату.
      Міндеттері:
      1) меншікті капиталы мен активтерінің тиімділігін жоғарылату;
      2) қаржыландырылған жобалардың мониторингі жүйесін жетілдіру;
      3) несие қоржынының сапасын жақсарту;
      4) холдинг компаниясы тобының қызметінде тәуекел-менеджменттің рөлін арттыру;
      5) борыш жүктемесінің коэффициенттерін белгілеу арқылы холдинг компаниясы тобының борыштарын басқару.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) ROA, ROE;
      2) холдингтің еншілес акционерлік қоғамдарының несие қоржыны бойынша қалыптасқан резервтердің (провизиялар) үлесін төмендету, %;
      2-мақсат. АӨК қол жетімді қаржылық, өндірістік және сервистік инфрақұрылымын дамыту.
      Міндеттері:
      1) ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің түрлерін қолдау;
      2) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдауды бірлесіп жүргізетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен ауыл тұрғындарының бірлестігін құруды, тауарлық-материалдық құндылықтармен жабдықтауды ынталандыру;
      3) астық және мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындауға кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығын дамыту және қамтамасыз ету, сондай-ақ АӨК субъектілеріне қаржы институттары берген қарыздары бойынша міндеттерін орындауға кепілдік беру жүйесін құру және дамыту;
      4) АӨК ақпараттық технологияларды дамыту;
      5) инвестициялық жобалардың мәліметтер базасын қалыптастыру мен жұмыс істеуі және оны аналитикалық сүйемелдеу;
      6) агробизнесті дамыту үшін ақпараттық-маркетингтік қызмет көрсету;
      7) ауылдық жерде шағын кредит берудің институционалдық инфрақұрылымын дамыту;
      8) мақта саласын дамытуға қатысу.
      Қызметінің түйінді көрсеткіші: холдинг компаниясы тобының қызметін пайдаланушылардың өсімі, %.
      3-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігінің артуы;
      Міндеттері:
      1) холдингтің еншілес акционерлік қоғамдарының қызметін оңтайландыру;
      2) агробизнеске қызмет ұсыну бойынша бизнес-процестерді оңтайландыру;
      3) холдингте адам әлеуетін дамыту;
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) холдинг компаниясы тобының 2020 жылға дейін корпоративтік басқару рейтингін алуы;
      2) жыл бойы оқу жүйесімен қамтылған қызметкерлердің %-ы (25 %-дан кем емес);
      3) қызметкерлердің моральдық-психологиялық климатқа және еңбекақы төлеу жүйесіне қанағаттанушылығының %-ы (80% қызметкерден кем емес);
      4-мақсат. Холдинг компаниясы тобы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
      Міндеттері:
      1) 2011 - 2012 жылдары холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының біртұтас брендін әзірлеу және жылжыту;
      2) холдинг компаниясы тобын басқару органына қоғамдық ұйымдардың өкілдерін кіргізу;
      3) БАҚ-да холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының ақпараттық-имидждік қызметін жандандыру.
      Қызметінің түйінді көрсеткіштері:
      1) 2011 - 2012 жылдары холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдары үшін біртұтас бренд құру;
      2) холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының қызметі туралы БАҚ-да ескерілуінің жыл сайынғы санының 5 %-ға өсуі.
      Күтілетін нәтижелер.
      4-стратегиялық бағыттың мақсаттарына қол жеткізу нәтижесінде КС желілері кеңейтілетін болады, алынған кредит қаражаттары ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсіміне ықпал ететін қазіргі заманғы агротехнологияны және жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникасын енгізуді қамтамасыз етеді.
      Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдаудың инфрақұрылымын дамыту, тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету АШТӨ мен ауыл тұрғындарының өнім шығару шығындарын төмендетуге ықпал етеді, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді және ауылдық жердегі табыстылықты жоғарылатады.
      Балық өнімдерін көбейту және өсіру, туризмді, қонақ үй бизнесі  және жол бойы сервисі, қоғамдық тамақтану пункттері сияқты ауылдық инфрақұрылымды дамыту ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс істемейтін ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді, және ауылдық жердегі табыстылықты жоғарылатуға ықпал етеді.
      Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеудің және тамақ өнімдері өндірісінің ірі және орташа кәсіпорындарын дамыту ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілетті, сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге ықпал етеді және азық-түліктің импортын төмендетеді.
      Инвестициялық жобаларды іске асыру Қазақстанның ірі астық экспорттаушылардың қатарына кіруін қамтамасыз етуге ықпал етеді, жоғары сапалы мал шаруашылығы өнімінің экспортын кеңейтеді.
      АӨК субъектілерін ақпараттық-маркетингтік қолдау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді маңызды және оперативтік ақпаратпен, елдің агроөнеркәсіптік нарығындағы аналитикалық шолумен қамтамасыз етеді.
      Холдингте және ЕАҚ корпоративтік басқаруды дамыту ұйым қызметінің тиімділігін маңызды жоғарылатуға ықпал етеді, сондай-ақ АӨК жұмыс істейтін жеке компанияларда қолдану үшін дайын басқару жүйесінің ашық үлгісі болады.
      Холдингтің ЕАҚ тәуекел-менеджментін дамыту олардың қызметінің ашықтығына қол жеткізуге, сондай-ақ ресурстарды тиімді және ашық басқаруға ықпал етеді, ол сыртқы кредиторлар үшін тартымдылықты жоғарылатады.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы  
холдингі» акционерлік қоғамының
2011 - 2020 жылдарға арналған 
даму стратегиясына       
1-қосымша          

1.1-диаграмма

1.2-диаграмма

1.3-диаграмма

1.4-диаграмма

1.5-диаграмма

1.6-диаграмма

1.7-диаграмма

  1.8-диаграмма

1.9-диаграмма

1.10-диаграмма

1.11-диаграмма

1.12-диаграмма

 

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы  
холдингі» акционерлік қоғамының
2011 - 2020 жылдарға арналған 
даму стратегиясына       
2-қосымша          

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің түйінді көрсеткіштерінің (бұдан әрі - ҚТК) мағынасын ашу

      1-стратегиялық бағыт. «Индустрияландыру және әртараптандыру арқылы АӨК еңбек өнімділігінің артуын ынталандыру»
      1-мақсат. Жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды және өндіріс технологиясы мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді қаржыландыру есебінен еңбек өнімділігінің өсіміне көмек көрсету

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

ҚTК1.
Холдингпен қаржыландырылған кәсіпорындардағы еңбек өнімділігі, 1 жұмыскерге мың АҚШ долл.

1,5

2,9

9

11

13

16

20

22

25

29

35

40

ҚТК2.
Холдингпен сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасының саны, бірл.

1363

1009

1535

1768

2070

2192

2223

2261

2378

2495

2613

2793

ҚТК3.
Республиканың жалпы қажеттілігіндегі сатып алынған ауыл шаруашылығы техникасының үлесі, %

0,67

0,44

0,67

0,77

0,90

0,95

0,97

0,98

1,04

1,09

1,14

1,22

2-стратегиялық бағыт. «Ішкі азық-түлік нарығын дамыту және реттеу арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу»
1-мақсат. Ішкі аграрлық азық-түлік нарықтарын тұрақтандыру

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

ҚTК1.
Астықтың мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру бойынша тапсырманы орындау, %

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

100

ҚТК2.
1 сұрыпты бидай ұны нанының (формалы) 1 кг бағасының ұйғарымды құбылмалық деңгейін қамтамасыз ету, теңге*

72

70

60-тан 80-ге дейін

68-ден 92-ге дейін

80-нен 105-ке дейін

90-нан 120-ға дейін

X

X

X

X

X

X

ҚТК3.
Етті, сүтті, жеміс пен жидекті қайта өңдеудің республикадағы олардың жалпы өндірісінің көлеміндегі үлесі %-бен

0,27

0,28

0,43

0,55

0,76

0,96

1,12

1,32

1,49

1,65

1,8

1,88

ет

0,12

0,12

0,13

0,19

0,33

0,46

0,6

0,77

0,92

1,08

1,23

1,31

сүт

0,15

0,15

0,3

0,35

0,39

0,43

0,43

0,43

0,43

0,43

0,43

0,43

жеміс пен жидек

0,01

0,01

0,01

0,02

0,04

0,07

0,09

0,12

0,14

0,14

0,14

0,14

       Ескерту: * нанның бағасының құбылмалылығы астық өнімділігінің маусымдық ауытқуына байланысты 5 жыл уақыт аралығында орташа өлшенген шама ретінде есептеледі, 2015 жылы көрсеткіштер қайта есептеледі

3-стратегиялық бағыт. «АӨК экспорттық әлеуетін дамытуға және іске асыруға көмек көрсету»
1-мақсат. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты көлемінің артуы

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

ҚТК1.
Аграрлық саланың экспортындағы холдингтің үлесі, %

2,8

2,2

3,1

3,5

3,8

4,1

4,8

6,0

6,0

6,0

5,9

5,9

ҚТК2.
Холдингтің астық терминалдары арқылы астық аудару көлемін 2015 жылға қарай - 1800 мың тоннаға, 2020 жылға қарай - 3650 мың тоннаға дейін жеткізу

568,5

894,7

1020

1500

1550

1700

1800

2050

2400

3000

3450

3650

4-стратегиялық бағыт. «Корпоративтік басқару сапасын және холдинг қызметінің ашықтығын жоғарылату»
1-мақсат. Холдингтің активтерін басқару тиімділігін жоғарылату

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

ҚТК1.
ROA, %

-2,68

1,0

1,1

1,27

1,46

1,59

1,76

1,46

1,48

1,56

1,67

1,84

ROE, %

-6,31

2,84

2,72

2,82

2,9

2,81

2,92

2,29

2,23

2,23

2,31

2,48

ҚТК2.
Холдингтің еншілес акционерлік қоғамдарының несие қоржыны бойынша қалыптасқан резервтердің (провизиялар) үлесін төмендету, %

9

17,9

15,5

14,5

15,0

14,1

13,3

12,8

12,6

12,4

11,9

11,4

2-мақсат. АӨК қол жетімді қаржылық, өндірістік және сервистік инфрақұрылымын дамыту

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

KTК1.
Холдинг компаниясы тобының қызметін пайдаланушылардың өсімі, %

100

100

101

101

100

101

100

101

100

100

100

101

3-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігінің артуы
ҚТК1. Холдинг компаниясы тобының 2020 жылға дейін корпоративтік басқару рейтингін алуы

Компанияның атауы

Жоспарлы күні

1

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

2015

2

ҚазАгроҚаржы» АҚ

2015

3

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ

2016

4

«Қазагромаркетинг» АҚ

2017

5

«ҚазАгроКепіл» АҚ

2017

6

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

2018

7

«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ

2019

8

Холдинг

2020

ҚТК2. Жыл бойы оқу жүйесімен қамтылған қызметкерлердің %-ы (25 %-дан кем емес)   

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жыл бойы оқу жүйесімен қамтылған қызметкерлердің %-ы (25 %-дан кем емес)

36,8

73,6

25

25

25

25

25

25

25

25

25

25

ҚТК 3. Қызметкерлердің моральдық-психологиялық климатқа және еңбекақы төлеу жүйесіне қанағаттанушылығының %-ы (80% қызметкерден кем емес)

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Қызметкерлердің моральдық-психологиялық климатқа және еңбекақы төлеу жүйесіне қанағаттанушылығының %-ы (80% қызметкерден кем емес)

80

80

80

82

84

86

88

90

92

94

96

100

4-мақсат. Холдинг компаниясы тобы қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету
ҚТК 1. 2011 - 2012 жылдары холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдары үшін біртұтас бренд құру

Компанияның атауы

Жоспарлы күні

1

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

2012

2

«ҚазАгроҚаржы» АҚ

2012

3

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы ҰК» АҚ

2012

4

«Қазагромаркетинг» АҚ

2012

5

«ҚазАгроКепіл» АҚ

2012

6

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

2012

7

«Мал өнімдері корпорациясы» АҚ

2012

8

Холдинг

2012

ҚТК2. Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының қызметі туралы БАҚ-ғы мақалалардың жыл сайынғы санының 5 %-ға өсуі

ҚТК-нің атауы

2009

2010

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Холдинг пен оның еншілес акционерлік қоғамдарының қызметі туралы БАҚ-ғы мақалалардың жыл сайынғы санының 5 %-ға өсуі

100

50

5

5

5

5

5

5


5

5

5

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы 
холдингі» акционерлік қоғамының
2011 - 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына      
3-қосымша          

Бағыттар бойынша 2011 - 2020 жылдарға арналған ( «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Даму стратегиясын іске асыру үшін қаржыландыру көлемінің болжамы*

млн. теңге

Іc-шаралардың атауы

Жылдар

2009 факт

2010 бағалау

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


бағыттар бойынша Барлығы

209 811,5

177 371,2

203 821,9

205 050,6

193 068,6

245 094,8

234 728,1

236 809,4

229 023,4

224 790,4

224 857,7

225 488,1

Бюджеттік инвестиция

5 976,8

35 410,0

28 900,0

18 000,0

18 000,0

63 720,1

51 510,6

41 764,7

30 852,1

26 959,7

25 814,7

26 117,6

Бюджеттік несиелеу


80 000,0

78 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

80 000,0

Бюджеттен тыс инвестициялар, соның ішінде:

203 834,7

61 961,2

96 921,9

107 050,6

95 068,6

101 374,7

103 217,5

115 044,7

118 171,3

117 830,7

119 043,0

119 370,5

- Ұлттық қордың қаражаты**

141 590,0

28 942,7

40 394,3

45 240,0

10 475,9

14 768,9

13 337,6

12 933,2

12 805,8

10 609,3

9 913,8

8 923,7

- меншікті қаражаты

25 646,2

22 169,9

45 871,9

50 510,6

68 692,7

79 105,8

82 379,9

93 611,5

95 865,5

96 721,4

97 629,2

97 946,8

- сыртқы капитал нарығынан тарту

20 979,0

6 778,5

3 057,0

5 300,0

7 300,0

7 300,0

7 300,0

8 300,0

9 300,0

10 300,0

11 300,0

12 300,0

- ішкі капитал нарығынан тарту

15 619,5

4 070,0

7 598,6

6 000,0

8 600,0

200,0

200,0

200,0

200,0

200,0

200,0

200,0

       * көрсетілген кестедегі сандық көрсеткіштер бағалаушы болып табылады және нақты бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру көлеміне сәйкес өзгеруі мүмкін
       ** қайтарылған несие ресурстарын қайта қаржыландыруды қоса есептегендегі Ұлттық қордың қаражаты