Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.06.2014 № 707 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:
1) Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери институтының курсанттарын «әскери аударма ісі» мамандығы бойынша оқытуды аяқтауды қамтамасыз етсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов