Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 15, 142-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасында (құпия).
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі:
1) Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери институтының курсанттарын «әскери аударма ісі» мамандығы бойынша оқытуды аяқтауды қамтамасыз етсін;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов