Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
2) «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімі мынадай мазмұндағы 14-бөліммен толықтырылсын:
«
14-бөлім. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметтер |
||||||
207 |
Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ҚТК ШІА |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО |
Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде |
208 |
Жобалау-іздестіру қызметіне лицензиялар беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ҚТК ШІА |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО |
Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде |
209 |
Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиялар беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ҚТК ШІА |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО |
Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде |
210 |
Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ҚТК ШІА |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО |
Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде |
211 |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсетуге лицензиялар беру |
Жеке және заңды тұлғалар |
ҚТК ШІА |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармалары, ХҚКО |
Алушының қызметті ұсынушы тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы кезінде |
».
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекенжайлары және жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары (бұдан әрі – орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «электрондық лицензиялау» порталы (бұдан әрі – портал): www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі 32-бабының 3-тармағына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2) тармағына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz;
2) орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) орталықтың филиалдарындағы стенділерде;
4) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі порталда уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында жобалау қызметіне лицензия, лицензияның телнұсқаларын беру немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті беруден дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы орталыққа немесе порталға өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) мемлекеттік қызметті алуға дейін ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) өтініш берген күні мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес лицензиялық алым алынады және лицензияны және лицензияның телнұсқасын беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін 1 АЕК-ті құрайды.
Жобалау қызметіне лицензиялар алуға, лицензияларға телнұсқаларды қайта ресімдеуге, алуға портал арқылы электрондық сауал берген жағдайда төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесі:
1) орталықтың филиалы – мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.
Орталықтардың мобильдік филиалдары көші-қон полициясы мен жергілікті атқарушы органдардың аумақтық басқармаларымен бірлесіп бекітілген кестеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес.
2) порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша орталық филиалының ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне жағдай жасалған. Орталық филиалының үй-жайларында күту залы, ақпараттық стендтер бар.
2) порталда – «жеке кабинетте».
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
1) орталықтың филиалына:
лицензиялар алған кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
лицензияның телнұсқасын берген кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен жарғысының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);
жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжатының көшірмесі;
жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);
өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме) (2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылады);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);
осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергеруінің себептері бойынша лицензияны қайта ресімдеген кезде, жеке кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде – жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергеруінің себептері бойынша лицензияны қайта ресімдеген кезде, жеке кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, лицензияның заңды тұлғасының атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде – лицензия және лицензияға қосымшаның көшірмелері (болған жағдайда);
санаттар бере отырып, лицензияларды қайта ресімдеген кезде - осы стандартқа 8-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар, лицензияның көшірмесі;
2) порталда:
лицензия алған кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сауал;
лицензияларды қайта ресімдеген кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сауал;
лицензияларға телнұсқа берген кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сауал;
Құжаттардың деректері:
жеке тұлға үшін – мемлекеттік қызмет алушыны куәландыратын құжаты;
жарғы электрондық сканерден өткен көшірме түріндегі электрондық сауалмен қоса беріледі;
заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын ақпарат;
осы стандартқа 8-қосымша бойынша біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық сауалға қоса беріледі;
лицензияны қайта ресімдеген кезде:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергеруінің себептері бойынша, жеке кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде – жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын ақпарат;
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергеруінің себептері бойынша, жеке кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, лицензияның заңды тұлғасының атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде – лицензияның деректері және лицензияға қосымшалары;
санат берген кезде - осы стандартқа 8 қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар және лицензияның көшірмесі сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық сауалға қоса беріледі;
мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңба қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.04 № 1530 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
12. Орталықтардың филиалдарында мемлекеттік қызметті алу үшін бекітілген нысандардағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz орналастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сауал нысанын толтыру қажет.
13. Орталықтардың филиалдарында құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Порталда электрондық сауалды қабылдау мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың барлығы тапсырылған кезде мемлекеттік қызмет алушыға:
1) орталықтың филиалына өтініш берген кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық филиалыны қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
2) портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін тұтынушының алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Орталықтың филиалдарында мемлекеттік қызмет алушыға дайын құжаттарды беруді күн сайын «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзім негізінде филиалдың қызметкері жүзеге асырады.
Егер мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталықтың филиалы оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.
Порталдағы «жеке кабинетте» мемлекеттік қызмет алушы өз бетімен сауалды жолдай отырып, өтініш береді.
16. Мынадай жағдайларда, егер:
1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттар ұсынылмаса. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген кедергіні жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;
2) жобалау қызметімен айналысуға құқық, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым енгізілмесе;
3) мемлекеттік қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болғанда;
5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда орталық филиалының қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік органнан немесе порталдағы «жеке кабинеттен» электрондық құжат түрінде алады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі мемлекеттік қызмет алушыға қатысты мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызмет алушымен жұмыс кезінде сыпайылық;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
6) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 15-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін орталық филиалының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Осы стандарттың 21-тармағында уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауда жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.
Орталық филиалы қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны (1414) және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша;
1) уәкілетті органның басшысына, азаматтарды қабылдау кестесі уәкілетті органның интернет-ресурсында www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша орналасқан;
2) уәкілетті органның 8 (7172) 74-22-43, 74-19-45 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;
3) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» деген бөліміне;
4) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсындағы уәкілетті орган басшысының блогына («Уәкілетті орган төрағасының блогы» парағына);
5) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кірберіс мекенжай бойынша уәкілетті органда орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
6) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кірберіс мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне жазбаша шағым беру арқылы жолданады.
22. Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде дөрекі қызмет көрсету туралы шағымды тұтынушы шағым жасау арқылы:
1) орталықтың филиалына мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген орталық филиалының тікелей басшысына не орталықтың басшысына беріледі;
2) порталда – call-орталығының телефон нөмірі бойынша (1414).
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағым құзыретіне шағымда көтерілген мәселелерді шешу кіретін субъектінің немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуге тиіс.
Шағымда шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжат болған кезде), пошталық мекенжайы, шағымның күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде іс-әрекеттеріне шағым беріліп отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі және аты-жөні, шағым беру себебі мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым уәкілетті органның ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Орталықта қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымдардың қабылданғанын растау оларды орталықтың кеңсесiнде оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын талон береді, онда шағымның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға почта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Портал арқылы электрондық өтінішті жібергеннен кейін порталда мемлекеттік қызмет алушы өзінің «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, осы ақпарат мемлекеттік орган өтінішті өңдеген кезде жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің орталығы мына мекенжайы бойынша орналасқан: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
1-қосымша
Орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс кестесі
Р/с № |
Орталықтың атауы |
Орталықтың мекенжайы |
Операциялық залдың телефон нөмірі |
Басшының телефон нөмірі |
1 |
2 |
3 |
5 |
6 |
1 |
Ақмола облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» |
40-10-76 |
40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 |
Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109 |
56-40-34 |
56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 |
Алматы облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» |
21-24-35 |
24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 |
Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» |
21-29-42 |
21-37-17 қабылдау бөлмесі |
5 |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» |
78-42-90 |
78-42-36 қабылдау бөлмесі |
6 |
Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232 |
56-90-07 |
56-90-01 қабылдау бөлмесі |
7 |
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81 |
28-29-14 |
28-29-14 қабылдау бөлмесі |
8 |
Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7 |
44-64-61 |
41-12-85 қабылдау бөлмесі |
9 |
Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114 |
53-46-15 |
54-10-20 қабылдау бөлмесі |
10 |
Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж |
23-08-05 |
23-07-16 қабылдау бөлмесі |
11 |
Маңғыстау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» |
42-21-25 |
42-23-11 қабылдау бөлмесі |
12 |
Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48 |
33-47-54 |
33-47-35 қабылдау бөлмесі |
13 |
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157 |
33-31-03 |
33-12-57 қабылдау бөлмесі |
14 |
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж |
21-48-96 |
30-06-79 қабылдау бөлмесі |
15 |
Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51 |
247-14-33 |
247-16-25 қабылдау бөлмесі |
16 |
Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А |
57-07-71 |
57-07-71 қабылдау бөлмесі |
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)
ӨТІНІШ

(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ____________, сериясы _____________, №_______________, кім және қашан берді _______________

Банктік шоты (бар болса) ____________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса берілген құжаттар:

____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш 20__ жылғы ______________________ қарауға қабылданды.

(лицензиардың жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша

(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс, e-mail)
Банктік шоты ________________________________________________________
(шоттың №, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары, өкілдіктері (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) _________________________________________________________

(орналасқан жері және деректемелері)

Басшы ____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөрдің орны 20__ жылғы ___________________

(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
4-қосымша

жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын.

5-қосымша

6-қосымша

жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді сұраймын.

7-қосымша

8-қосымша
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар
(материалдар мен құжаттар)
Р/с |
Құжаттың атауы |
Құжатқа материалдардың атауы |
Қосымшаның нөмiрi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Жобалау қызметiнiң кiшi жұмыс түрлерi мен жұмыстар тiзбесi |
- |
9 |
2 |
Мамандардың (ИТЖ) бiлiктiлiк құрамы туралы деректер |
Дипломдар көшiрмелерi, жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшiрмелерi, сейсмикалық қауіпті аудандарда жұмыс жүргізуге рұқсатының көшірмесі (санат беріп лицензияларды қайта ресімдеген кезде 10-қосымшаны толтыру қажет, құжаттарды ұсыну қажет емес). |
10 |
3 |
Өндiрiстiк база туралы ақпарат |
Өзiнiң жеке меншiк базасы болған жағдайда: жылжымайтын мүлiк объектiсiн тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi. |
11 |
4 |
Техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат |
Жалға алған машиналары мен механизмдер болған жағдайда: жалға алу шартының көшiрмесi (санат беріп лицензияларды қайта ресімдеген кезде талап етілмейді) |
12 |
5 |
Сапаны ішкі бақылау жүйесi жөніндегі ақпарат |
Сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулықтың көшірмесі |
|
6 |
Еңбектi қорғау жүйесi және қауiпсiздiк техникасы |
Тиiстi оқуды өткенi туралы құжаттың көшiрмесiмен бiрге еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жүйелері бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтың көшірмелері (санат беріп лицензияларды қайта ресімдеген кезде талап етілмейді) |
13 |
7 |
Іске асырылған объектілер туралы ақпарат (II және I санат берген кезде) |
Объектілерді пайдалануға беру бойынша қол қойылған актілердің көшірмелері, тапсырыс берушілерден не пайдаланушы ұйымдардан пікірлер |
14 |
Ескертпе: ұсынылатын материалдар мен құжаттарға бiрiншi басшы не оны алмастыратын адам қол қояды және мөрмен куәландырылады |
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
9-қосымша
Жобалау қызметiндегi кiшi жұмыс түрлерi мен жұмыстар тiзбесi
_____________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
Кiшi жұмыс түрлерi мен жұмыстар атауы
|
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
10-қосымша
Мамандардың (ИТҚ) бiлiктiлiк құрамы туралы деректер
Р/с № |
Лауазымы |
Т.А.Ә. |
Осы ұйымда жұмыс iстейдi (тұрақты, уақытша) |
Жұмыс стажы |
Оқу орнының атауын, бітірген жылын, диплом бойынша мамандығын көрсете отырып білімі |
Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда жұмыс жүргізуге рұқсатының болуы (нөмірі және кім берген) |
|
мамандығы бойынша |
атқаратын лауазымында |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
11-қосымша
Өндiрiстiк база туралы ақпарат
Р/с |
Өндiрiстiк базаның функционалдық құрамы |
Алаңы |
Меншiк құқығын куәландыратын құжат |
Мекенжайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
12-қосымша
Техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат
Р/с № |
Атауы |
Өлшем бiрлiгi |
Саны |
Пайдалану мерзiмi |
Сипаты (маркасы, қуаты) сапалық құрамы |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
13-қосымша
Еңбектi қорғау жүйесi және қауiпсiздiк техникасы
1. |
Жұмыстардың қауiпсiз өндiрiсiн қамтамасыз ету қызметiне жауапты адамның Т.А.Ә., лауазымы |
|
2. |
Кәсiпорында: |
|
3. |
Кәсiпорынның: |
|
4. |
Өндiрiстiк персоналды оқыту жүйесi: |
|
5. |
Қауiпсiз жұмыс жасау бойынша талаптарға жабдықтардың сәйкестiгi |
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
14-қосымша
Іске асырылған объектілер туралы ақпарат
Р/с |
Объектінің атауы |
Тапсырыс берушінің (бас мердігердің немесе пайдаланушы ұйымның) атауы |
Объектіні пайдалануға беру деректемелері немесе орындалған жұмыстың актісі |
Байланыс деректері |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
қызмет стандартына
15-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақыттылығы |
|||
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.2. Электронды форматта қол жетімді ақпараттық қызметтің %-ы (үлесі) |
|||
4. Шағымдану процесі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыс-тағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылы-ғына қанағаттанған тұтынушы-лардың %-ы (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган), мекенжайлары және жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары (бұдан әрі – орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «электрондық лицензиялау» порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабының 3-тармағына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2) тармағына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:
1) уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz;
2) орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
3) орталық филиалдарының стенділерде;
4) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны бойынша алуға да болады.
5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі порталда уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында жобалау қызметіне лицензия, лицензияның телнұсқаларын беру немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті беруден дәлелді бас тарту болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушы орталыққа немесе порталға өтініш берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі он бес жұмыс күнін құрайды (құжаттарды қабылдаған күн және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) мемлекеттік қызметті алуға дейін ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды;
3) өтініш берген күні мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берілген уақыты – 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес лицензиялық алым алынады және лицензияны және лицензияның телнұсқасын беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК), лицензияны қайта ресімдеу үшін 1 АЕК-ті құрайды.
Жобалау қызметіне лицензиялар алуға, лицензияларға телнұсқаларды қайта ресімдеуге, алуға портал арқылы электрондық сауал берген жағдайда төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесі:
1) орталықтың филиалы – мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбіге дейін түскі үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін көрсетіледі.
Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «броньдауға» болады.
Орталықтардың мобильдік филиалдары көші-қон полициясы мен жергілікті атқарушы органдардың аумақтық басқармаларымен бірлесіп бекітілген кестеге сәйкес құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады, бірақ бір елді мекенде алты жұмыс сағатынан кем емес.
2) порталда – тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша орталық филиалының ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіруіне жағдай жасалған. Орталық филиалының үй-жайларында күту залы, ақпараттық стендтер бар.
2) порталда – «жеке кабинетте».
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
1) орталықтың филиалына:
лицензиялар алған кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
лицензияның телнұсқасын берген кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысанда өтініш;
заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі мен жарғысының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);
жеке тұлға үшін – жеке тұлғаны куәландыратын құжатының көшірмесі;
жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);
өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлігінің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме) (2013 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылады);
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірме);
осы стандартқа 8-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергеруінің себептері бойынша лицензияны қайта ресімдеген кезде, жеке кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде – жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергеруінің себептері бойынша лицензияны қайта ресімдеген кезде, жеке кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, лицензияның заңды тұлғасының атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде – лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаның көшірмелері (болған жағдайда);
санаттар бере отырып, лицензияларды қайта ресімдеген кезде - осы стандартқа 8-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар, лицензияның көшірмесі;
2) порталда:
лицензия алған кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сауал;
лицензияларды қайта ресімдеген кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 4 және 5-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сауал;
лицензияларға телнұсқа берген кезде – заңды және жеке тұлға үшін осы стандарттың 6 және 7-қосымшаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанындағы сауал;
Мемлекеттік қызмет алушының – жеке тұлғаның жеке тұлғасын куәландыратын құжаттардың деректері;
жарғы электрондық сканерден өткен көшірме түріндегі электрондық сауалмен қоса беріледі;
заңды тұлға үшін – заңды тұлға ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
жеке кәсіпкер үшін – жеке кәсіпкер ретінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын ақпарат;
осы стандартқа 8-қосымша бойынша біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық сауалға қоса беріледі;
лицензияны қайта ресімдеген кезде:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергеруінің себептері бойынша, жеке кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде – жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын ақпарат;
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергеруінің себептері бойынша, жеке кәсіпкерді қайта тіркеген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырған кезде, лицензияның заңды тұлғасының атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде – лицензияның деректері және лицензияға қосымшалар;
санат берген кезде - осы стандартқа 8-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар және лицензияның көшірмесі сканерден өткізілген көшірмелер түрінде электрондық сауалға қоса беріледі;
мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық цифрлық қолтаңба қол қойылған электрондық құжат нысанында алады.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.04 № 1530 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
12. Орталықтардың филиалдарында мемлекеттік қызметті алу үшін бекітілген нысандардағы өтініштердің бланкілері күту залындағы арнайы тағанда, сондай-ақ орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz орналастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін электрондық сауал нысанын толтыру қажет.
13. Орталықтардың филиалдарында құжаттарды қабылдау «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Порталда электрондық сауалды қабылдау мемлекеттік қызмет алушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың барлығы тапсырылған кезде тұтынушыға:
1) орталықтың филиалына өтініш берген кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
сұраудың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық филиалының қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
мемлекеттік қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетіледі.
2) портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне мемлекеттік қызметтің нәтижесін тұтынушының алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрауды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Орталықтың филиалдарында мемлекеттік қызмет алушыға дайын құжаттарды беруді күн сайын «терезелер» арқылы қолхатта көрсетілген мерзім негізінде филиалдың қызметкері жүзеге асырады.
Егер мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталықтың филиалы оларды бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға жібереді.
Порталдағы жеке кабинетте мемлекеттік қызмет алушы өз бетімен сауалды жолдай отырып, өтініш береді.
16. Мынадай жағдайларда, егер:
1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттар ұсынылмаса. Мемлекеттік қызмет алушы көрсетілген кедергіні жойған кезде өтініш жалпы негізде қаралады;
2) құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысуға құқық, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым енгізілмесе;
3) мемлекеттік қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған жеке қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болғанда;
5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда орталық филиалының қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік органнан немесе порталдағы «жеке кабинеттен» электрондық құжат түрінде алады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі мемлекеттік қызмет алушыға қатысты мынадай:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік борышын өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
3) мемлекеттік қызмет алушымен жұмыс кезінде сыпайылық;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
5) өтініштерді қарау кезінде лауазымды адамдар қызметінің ашықтығы;
6) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 15-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін орталық филиалының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Осы стандарттың 21-тармағында уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауда жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.
Орталық филиалы қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкіметтің» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны және осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша;
1) уәкілетті органның басшысына, азаматтарды қабылдау кестесі уәкілетті органның интернет-ресурсында www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша орналасқан;
2) уәкілетті органның 8 (7172) 74-22-43, 74-19-45 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;
3) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» деген бөліміне;
4) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша уәкілетті органның интернет-ресурсындағы уәкілетті орган басшысының блогына («Уәкілетті орган төрағасының блогы» парағына);
5) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кірберіс мекенжай бойынша уәкілетті органда орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
6) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кірберіс мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне жазбаша шағым беру арқылы жолданады.
22. Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде дөрекі қызмет көрсету туралы шағымды тұтынушы шағым жасау арқылы:
1) орталықтың филиалына мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген орталық филиалының тікелей басшысына не орталықтың басшысына беріледі;
2) порталда – call-орталығының телефон нөмірі бойынша (1414).
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағым құзыретіне шағымда көтерілген мәселелерді шешу кіретін субъектінің немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуге тиіс.
Шағымда шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжат болған кезде), пошталық мекенжайы, шағымның күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде іс-әрекеттеріне шағым беріліп отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі және аты-жөні, шағым беру себебі мен талаптары көрсетіледі.
25. Қабылданған шағым уәкілетті органның ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады. Мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Орталықта қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымдардың қабылданғанын растау оларды орталықтың кеңсесiнде оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу мерзiмi шағымның екiншi данасында немесе шағымға iлеспе хатта қойылады).
Мемлекеттік қызмет алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растайтын талон береді, онда шағымның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiледі.
Шағымды қарау нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
Портал арқылы электрондық өтінішті жібергеннен кейін порталда мемлекеттік қызмет алушы өзінің «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, осы ақпарат мемлекеттік орган өтінішті өңдеген кезде жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің орталығы мына мекенжайы бойынша орналасқан: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефоны: 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс кестесі
Р/с№ |
Орталықтың атауы |
Орталықтың мекенжайы |
Операциялық залдың телефон нөмірі |
Басшының телефон нөмірі |
1 |
2 |
3 |
5 |
6 |
1 |
Ақмола облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» |
40-10-76 |
40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 |
Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109 |
56-40-34 |
56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 |
Алматы облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» |
21-24-35 |
24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 |
Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» |
21-29-42 |
21-37-17 қабылдау бөлмесі |
5 |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» |
78-42-90 |
78-42-36 қабылдау бөлмесі |
6 |
Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Тараз қаласы, Абай көшесi, 232 |
56-90-07 |
56-90-01 қабылдау бөлмесі |
7 |
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81 |
28-29-14 |
28-29-14 қабылдау бөлмесі |
8 |
Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7 |
44-64-61 |
41-12-85 қабылдау бөлмесі |
9 |
Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114 |
53-46-15 |
54-10-20 қабылдау бөлмесі |
10 |
Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж |
23-08-05 |
23-07-16 қабылдау бөлмесі |
11 |
Маңғыстау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» |
42-21-25 |
42-23-11 қабылдау бөлмесі |
12 |
Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48 |
33-47-54 |
33-47-35 қабылдау бөлмесі |
13 |
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157 |
33-31-03 |
33-12-57 қабылдау бөлмесі |
14 |
Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж |
21-48-96 |
30-06-79 қабылдау бөлмесі |
15 |
Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51 |
247-14-33 |
247-16-25 қабылдау бөлмесі |
16 |
Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы |
Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А |
57-07-71 |
57-07-71 қабылдау бөлмесі |
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ____________, сериясы _____________, №_______________, кім және қашан берді _______________
_____________________________________________________________________
Банктік шоты (бар болса) ____________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш 20__ жылғы ______________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиардың жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс, e-mail)
Банктік шоты ________________________________________________________
(шоттың №, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары, өкілдіктері (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы ____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөрдің орны 20__ жылғы ___________________
Өтініш 20__ жылғы ______________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ____________, сериясы _____________, №_______________, кім және қашан берді _______________
_____________________________________________________________________
Банктік шоты (бар болса) ____________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш 20__ жылғы ______________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиардың жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс, e-mail)
Банктік шоты ________________________________________________________
(шоттың №, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары, өкілдіктері (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы ____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөрдің орны 20__ жылғы ___________________
Өтініш 20__ жылғы ______________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі ____________, сериясы _____________, №_______________, кім және қашан берді _______________
_____________________________________________________________________
Банктік шоты (бар болса) ____________________________________________
(шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Өтініш 20__ жылғы ______________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(лицензиардың жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
7-қосымша
Нысан
_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)
ӨТІНІШ
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беруді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс, e-mail)
Банктік шоты ________________________________________________________
(шоттың №, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары, өкілдіктері (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Басшы ____________ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөрдің орны 20__ жылғы ___________________
Өтініш 20__ жылғы ______________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
8-қосымша
Бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар
(материалдар мен құжаттар)
Р/с |
Құжаттың атауы |
Құжатқа материалдардың атауы |
Қосымшаның нөмiрi |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Құрылыс-монтаж жұмыстарының кiшi жұмыс түрлерi мен жұмыстар тiзбесi |
- |
9 |
2 |
Мамандардың (ИТЖ) бiлiктiлiк құрамы туралы деректер |
Дипломдар көшiрмелерi, жұмыс өтiлiн растайтын құжаттардың көшiрмелерi, сейсмикалық қауіпті аудандарда жұмыс жүргізуге рұқсатының көшірмесі (санаттарды бере отырып, қайта ресімдеу кезінде құжаттарды ұсынбай 10-қосымшаны толтыру қажет) |
10 |
3 |
Өндiрiстiк база туралы ақпарат |
Өзiнiң жеке меншiк базасы болған жағдайда: жылжымайтын мүлiк объектiсiн тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi. |
11 |
4 |
Техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат |
Жалға алған машиналары мен механизмдер болған жағдайда: жалға алу шартының көшiрмесi (санаттарды бере отырып, қайта ресімдеу кезінде қажет емес) |
12 |
5 |
Сапаны бақылау жүйесi |
Сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулықтың көшірмесі (санаттарды бере отырып, қайта ресімдеу кезінде қажет емес) |
|
6 |
Еңбектi қорғау жүйесi және қауiпсiздiк техникасы |
Тиiстi оқуды өткенi туралы құжаттың көшiрмесiмен бiрге еңбектi қорғау және қауiпсiздiк техникасы жүйелері бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтың көшірмелері (санаттарды бере отырып, қайта ресімдеу кезінде қажет емес) |
13 |
7 |
Іске асырылған объектілер туралы ақпарат (II және I санат берген кезде) |
Объектілерді пайдалануға беру бойынша қол қойылған актілердің көшірмелері, тапсырыс берушілерден не пайдаланушы ұйымдардан пікірлер |
14 |
Ескертпе: ұсынылатын материалдар мен құжаттарға бiрiншi басшы не оны алмастыратын адам қол қояды және мөрмен куәландырылады |
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
9-қосымша
Құрылыс-монтаж жұмыстарының кiшi жұмыс түрлерi мен жұмыстар
тiзбесi
_____________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
Кiшi жұмыс түрлерi мен жұмыстар атауы
|
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
10-қосымша
Мамандардың (ИТҚ) бiлiктiлiк құрамы туралы деректер
Р/с № |
Лауазымы |
Т.А.Ә. |
Осы ұйымда жұмыс iстейдi (тұрақты, уақытша) |
Жұмыс стажы |
Оқу орнының атауын, бітірген жылын, диплом бойынша мамандығын көрсете отырып білімі |
Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандарда жұмыс жүргізуге рұқсатының болуы (нөмірі және кім берген) |
|
мамандығы бойынша |
атқаратын лауазымында |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
11-қосымша
Өндiрiстiк база туралы ақпарат
Р/с |
Өндiрiстiк базаның функционалдық құрамы |
Алаңы |
Меншiк құқығын куәландыратын құжат |
Мекенжайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
12-қосымша
Техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат
Р/с № |
Атауы |
Өлшем бiрлiгi |
Саны |
Пайдалану мерзiмi |
Сипаты (маркасы, қуаты) сапалық құрамы |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
13-қосымша
Еңбектi қорғау жүйесi және қауiпсiздiк техникасы
1. |
Жұмыстардың қауiпсiз өндiрiсiн қамтамасыз ету қызметiне жауапты адамның Т.А.Ә., лауазымы |
|
2. |
Кәсiпорында: |
|
3. |
Кәсiпорынның: |
|
4. |
Өндiрiстiк персоналды оқыту жүйесi: |
|
5. |
Қауiпсiз жұмыс жасау бойынша талаптарға жабдықтардың сәйкестiгi |
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
14-қосымша
Іске асырылған объектілер туралы ақпарат
Р/с |
Объектінің атауы |
Тапсырыс берушінің (бас мердігердің немесе пайдаланушы ұйымның) атауы |
Объектіні пайдалануға беру деректемелері немесе орындалған жұмыстың актісі |
Байланыс деректері |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
«Құрылыс-монтаж жұмыстарына
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
15-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері |
Көрсеткіштің нормативтік мәні |
Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні |
Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақыттылығы |
|||
1.1. Құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) |
|||
2. Сапасы |
|||
2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3. Қол жетімділік |
|||
3.1. Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
3.2. Электронды форматта қол жетімді ақпараттық қызметтің %-ы (үлесі) |
|||
4. Шағымдану процесі |
|||
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
|||
5. Сыпайылық |
|||
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын (сертификатталған өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты
Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен
бекітілген
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету түрлеріне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты