"Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру", "Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.12.2015 № 1034 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығын қараңыз.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      2) «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияға телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      4) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен 
бекітілген     

«Жергілікті маңызы бар объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен 
бекітілген    

«Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.11.2013 № 1254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
      1) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
      2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жобалау қызметіне лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензия беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
      Жобалау қызметіне лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      8. Жұмыс кестесі:
      1) орталық – көрсетілетін мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
      Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
      2) порталда – тәулік бойы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
      1) лицензия алған кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) және өтініш беруші – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама;
      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
      дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
      өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      құрылтайшыларының кемінде біреуінің жобалау саласында кемінде отыз жыл халықаралық тәжірибесі бар және бірінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерді жобалауды орындаған заңды тұлғалар үшін қызметінің негізгі нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу болып табылатын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаның ұсынымдары;
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
      шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін жобалау қызметіне тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі;
      2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
      4) лицензияның телнұсқасын берген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 7 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы; дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін; лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында орталықтың қызметкері өзі алады;
      5) лицензия алған кезде порталға:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі);
      төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі;
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
      шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін жобалау қызметіне тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
      6) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде порталға:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі);
      төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі;
      7) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:

      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді;
      құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
      сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;
      сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
      құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
      көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында қызмет беруші өзі алады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      10. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынса;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;
      3) қызмет алушы біліктілік талаптарына сай келмесе;
      4) өтініш берушіге қатысты оның қызметтің жекелеген түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес қолхат береді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

3. Шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым қызмет алушының қалауы бойынша;
      1) азаматтарды қабылдау кестесі қызмет берушінің интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша орналасқан қызмет берушінің басшысына;
      2) қызмет берушінің 8 (7172) 74-22-43, 74-19-45 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;
      3) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша қызмет берушінің интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» бөліміне;
      4) қызмет беруші басшысының блогына (www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша қызмет берушінің интернет-ресурсының «Қызмет беруші төрағасының блогы» парағына);
      5) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кіреберіс мекенжайы бойынша қызмет берушіде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
      6) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кіреберіс мекенжайы бойынша қызмет берушіге жазбаша шағым беру арқылы жіберіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде дөрекі қызмет көрсету туралы шағымды қызмет алушы мынадай жолмен береді:
      1) орталықта – орталық филиалының басшысына тікелей не Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй мекенжайы, 8 (7172) 94-99-95 телефоны, www.con.gov.kz. интернет-ресурсы бойынша орталық басшысына береді;
      2) порталда – мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі бойынша (1414) береді.
      13. Шағым құзыретіне шағымда көтерілген мәселелерді шешу кіретін субъектінің немесе лауазымды адамның атына жіберілуге тиіс.
      Шағымда шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болса), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде іс-әрекетіне шағым беріліп отырған субъектінің атауы немесе лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, шағым беру себебі мен талаптары көрсетіледі.
      14. Қызмет беруші мен орталықтың атына түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Қабылданған шағым қызмет берушінің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі, бұл ретте қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Орталықта қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның орталықтың кеңсесiнде тіркелгені болып табылады (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күні шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады). Қызмет алушының шағымы қабылданғаны туралы растау үшін оған шағымды қабылдаған адам талон береді, онда шағымның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiледі.
      Шағым тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қызмет алушыға оны қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      Қызмет алушының уәкілетті органның атына түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағым тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қызмет алушыға оны қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      Портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін порталда қызмет алушы өзінің «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол мемлекеттік орган өтінішті өңдеген кезде жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      15. Қызмет берушінің шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Өзге талаптар

      16. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыдан (қағаз жеткізгішті толтырған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің kds.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген мемлекеттік органның minregion.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      Орталықтардың мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      18. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      19. Қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету дәрежесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі қызмет алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады.
      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414.

«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның  
телнұсқасын беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша           

Орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс кестесі

Р/с

Орталықтың атауы

Орталық орналасқан мекенжай

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

5

6

1

Ақмола облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а»

40-10-76

40-10-63 қабылдау бөлмесі

2

Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109

56-40-34

56-57-87 қабылдау бөлмесі

3

Алматы облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б»

21-24-35

24-41-33 қабылдау бөлмесі

4

Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б»

21-29-42

21-37-17 қабылдау бөлмесі

5

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а»

78-42-90

78-42-36 қабылдау бөлмесі

6

Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232

56-90-07

56-90-01 қабылдау бөлмесі

7

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81

28-29-14

28-29-14 қабылдау бөлмесі

8

Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7

44-64-61

41-12-85 қабылдау бөлмесі

9

Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114

53-46-15

54-10-20 қабылдау бөлмесі

10

Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-08-05

23-07-16 қабылдау бөлмесі

11

Маңғыстау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б»

42-21-25

42-23-11 қабылдау бөлмесі

12

Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48

33-47-54

33-47-35 қабылдау бөлмесі

13

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157

33-31-03

33-12-57 қабылдау бөлмесі

14

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-96

30-06-79 қабылдау бөлмесі

15

Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51

247-14-33

247-16-25 қабылдау бөлмесі

16

Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А

57-07-71

57-07-71 қабылдау бөлмесі

«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның  
телнұсқасын беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша           

Нысан

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін
жеке тұлғаның
ӨТІНІШІ

Кімге _______________________________________________________________
                         (лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
         (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке
                           сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
        (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште ________________________________________ беруді сұраймын.
            (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет
             болған жағдайда, Х белгісін қою керек)
Жеке тұлғаның тұратын жері __________________________________________
                           (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді
                         мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық поштасы _________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
               (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызмет жүзеге асырылатын мекенжай(лар) ______________________________
         (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты,
                    үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

Қоса берілген құжаттар _______________________________________ парақ.

      Осы арқылы:
      көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыс деректері болып
табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген
ақпаратты жіберуге болатыны;
      өтініш берушіге сот лицензияланатын қызмет түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;
      қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні
әрі жарамды болып табылатыны куәландырылады.

Жеке тұлға ____________         _____________________________________
              (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөрдің орны
(бар болса)             Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________.

«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның  
телнұсқасын беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша           

заңды тұлғаның

         (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

Басшы ____________              _____________________________________

Мөрдің орны             Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________.

«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның  
телнұсқасын беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша           

Жобалау қызметіне лицензияға мәліметтер нысаны

Жеке тұлға үшін өтініш берушінің біліктілігі және заңды тұлға үшін
инженер-техник қызметкерлері туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

1) ТАӘ ______________________________________________________________
2) Лауазымы _________________________________________________________
3) Осы ұйымда ________________________________________ жұмыс істейді.
         (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
4) Жұмыс өтілі ______________________________________________________
                (мамандығы бойынша және атқарып отырған жұмысындағы
                                   өтілін көрсету)
5) Оқу орнының атауы ________________________________________________
6) Бітірген жылы ____________________________________________________
7) Дипломы бойынша біліктілігі ______________________________________
8) Сейсмикалық қаупі жоғары аудандарда жұмыс істеуге рұқсатының болуы
_____________________________________________________________________
         (құжаттың нөмірін, берілген күні мен орнын көрсету)

Өндірістік база туралы мәліметтер

қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

9) Өндірістік базаның мекенжайы _____________________________________

10) Ауданы __________________________________________________________
11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ______________

12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі _________________________________
13) База мыналармен жарақталған: (болған жағдайда, «Х» белгісін қою
қажет)
Өтініш берілген жұмыс түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші
түрін орындау үшін қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және
үй-жайлармен ________________________________________________________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен ___________

14) Жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін
регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулықтың
деректемелері (норманы бақылау, жұмыс жүргізудің сапасын бақылау) ___

15) Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша
бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтардың деректемелері ______________

Өзге талаптар
(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде
толтырылады)

16) Жұмыс тәжірибесі ________________________________________________
17) Іске қосылған объектілер ________________________________________

18) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар актілерінің
деректемелері _______________________________________________________

19) Іске қосылған объектілер бойынша пікірлердің деректемелері ______

Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер

қосымшаны алған кезде толтырылады)

20) Атауы ___________________________________________________________

21) Өлшем бірлігі ___________________________________________________
22) Саны ____________________________________________________________

23) Пайдалану мерзімі _______________________________________________
24) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ____________________

25) Ескертпе ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның  
телнұсқасын беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша           

Нысан

Кімге _______________________________________________________________
                       (лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуді сұраймын.
Тұратын жері ________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _________, сериясы ____________,
№ ______________, кім берді _______________ қашан берді _____________
Банктік шоты (бар болса) ____________________________________________
                  (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса берілген құжаттар:

____________                     ____________________________________
    (қолы)                            (тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш 20__ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды.

    (лицензиардың жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның  
телнұсқасын беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша           

              (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

Мекенжайы ___________________________________________________________

  (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс,
                                 e-mail)
Банктік шоты ________________________________________________________
               (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) ___________

               (орналасқан жері және деректемелері)

Басшы ____________               ____________________________________
         (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты)

Мөрдің орны                      20__ жылғы _________________________

           (жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

«Жобалау қызметіне лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның  
телнұсқасын беру»       
мемлекеттік қызмет стандартына
7-қосымша           

жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
телнұсқасын беруді сұраймын.

Жеке басын куәландыратын құжат: түрі __________, сериясы ___________,

8-қосымша           

Мөрдің орны 20__ жылғы ___________________

мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына          
9-қосымша           

нысан

(көрсетілетін қызметті алушының                        
тегі, аты, бар болса – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
ұйымының атауы)                                        
________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)       

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      Ескерту. Стандарт 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет
көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды
қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ….
      ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Аты-жөні (ХҚО қызметкері)                                (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________________________________
      Телефоны ______________________________________________________
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ ж. «___» ________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен 
бекітілген     

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 22.11.2013 № 1254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші):
      1) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
      2) www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 471-бабына сәйкес алынады және ол лицензияны беру үшін 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) және лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.
      Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын беруге электрондық сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      8. Жұмыс кестесі:
      1) орталық – көрсетілетін мемлекеттік қызмет еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесі бойынша күн сайын, дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 9.00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.
      Қабылдау «электрондық кезек» тәртібімен жеделтетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Қызмет алушының қалауы бойынша портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
      2) порталда – тәулік бойы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      9. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
      1) лицензия алған кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) және өтініш беруші – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама;
      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
      дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
      өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
      шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі;
      2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі – салыстырып тексеру үшін;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
      4) лицензияның телнұсқасын берген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 7 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы; дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін; лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында орталықтың қызметкері өзі алады;
      5) лицензия алған кезде порталға:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде қоса беріледі);
      төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі;
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
      шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі;
      6) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде порталға:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі);
      төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі;
      7) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде порталға:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша қызмет алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда, сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі);
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны, ол электронды көшірме түрінде электрондық сұрауға қоса беріледі.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға орталық ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім береді;
      құжаттар орталық арқылы қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:
      сұратудың нөмірі мен қабылданған күнін;
      сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
      құжаттардың берілетін күнін (уақытын) және орнын;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдап алған орталық қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
      көрсетілетін қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушының өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерді, лицензия туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ қойылған электронды құжаттар нысанында қызмет беруші өзі алады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      10. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынса;
      2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмесе;
      3) қызмет алушы біліктілік талаптарына сай келмесе;
      4) өтініш берушіге қатысты оның қызметтің жекелеген түрімен айналысуына тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
      5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салса, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылады.
      Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып, осы стандартқа 9-қосымшаға сәйкес қолхат береді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

3. Шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым қызмет алушының қалауы бойынша;
      1) азаматтарды қабылдау кестесі қызмет берушінің интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша орналасқан қызмет берушінің басшысына;
      2) қызмет берушінің 8 (7172) 74-22-43, 74-19-45 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;
      3) www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша қызмет берушінің интернет-ресурсындағы «сұрақ-жауап» бөліміне;
      4) қызмет беруші басшысының блогына (www.ads.gov.kz мекенжайы бойынша қызмет берушінің интернет-ресурсының «Қызмет беруші төрағасының блогы» парағына);
      5) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кіреберіс мекенжайы бойынша қызмет берушіде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;
      6) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 10-кіреберіс мекенжайы бойынша қызмет берушіге жазбаша шағым беру арқылы жіберіледі.
      12. Мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде дөрекі қызмет көрсету туралы шағымды қызмет алушы мынадай жолмен береді:
      1) орталықта – орталық филиалының басшысына тікелей не Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А үй мекенжайы, 8 (7172) 94-99-95 телефоны, www.con.gov.kz. интернет-ресурсы бойынша орталық басшысына береді;
      2) порталда – мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірі бойынша (1414) береді.
      13. Шағым құзыретіне шағымда көтерілген мәселелерді шешу кіретін субъектінің немесе лауазымды адамның атына жіберілуге тиіс.
      Шағымда шағым берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болса), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға қызмет алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде іс-әрекетіне шағым беріліп отырған субъектінің атауы немесе лауазымды адамдардың лауазымы, тегі және аты-жөні, шағым беру себебі мен талаптары көрсетіледі.
      14. Қызмет беруші мен орталықтың атына түскен қызмет алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Қабылданған шағым қызмет берушінің ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі, бұл ретте қызмет алушыға күні мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Орталықта қолма-қол және пошта арқылы түскен шағымның қабылданғанын растау оның орталықтың кеңсесiнде тіркелгені болып табылады (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күні шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады). Қызмет алушының шағымы қабылданғаны туралы растау үшін оған шағымды қабылдаған адам талон береді, онда шағымның нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, байланыс деректерi көрсетiледі.
      Шағым тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қызмет алушыға оны қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      Қызмет алушының уәкілетті органның атына түскен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Шағым тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қызмет алушыға оны қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
      Портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін порталда қызмет алушы өзінің «жеке кабинетінен» өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, ол мемлекеттік орган өтінішті өңдеген кезде жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
      15. Қызмет берушінің шағымды қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4. Өзге талаптар

      16. Денсаулық жағдайына байланысты орталыққа өзінің келу мүмкіндігі жоқ көрсетілетін қызметті алушыдан (қағаз жеткізгішті толтырған кезде) мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдауды орталықтың қызметкері көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      17. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің kds.gov.kz және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген мемлекеттік органның minregion.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      Орталықтардың мекенжайлары www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      18. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетіледі.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      19. Қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету дәрежесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі қызмет алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады.
      20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 1414.

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша          

Орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс кестесі

Р/с

Орталықтың атауы

Орталық орналасқан мекенжай

Операциялық залдың телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3

5

6

1

Ақмола облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а»

40-10-76

40-10-63 қабылдау бөлмесі

2

Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109

56-40-34

56-57-87 қабылдау бөлмесі

3

Алматы облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б»

21-24-35

24-41-33 қабылдау бөлмесі

4

Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б»

21-29-42

21-37-17 қабылдау бөлмесі

5

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а»

78-42-90

78-42-36 қабылдау бөлмесі

6

Жамбыл облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Тараз қаласы, Абай даңғылы, 232

56-90-07

56-90-01 қабылдау бөлмесі

7

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81

28-29-14

28-29-14 қабылдау бөлмесі

8

Қарағанды облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7

44-64-61

41-12-85 қабылдау бөлмесі

9

Қостанай облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114

53-46-15

54-10-20 қабылдау бөлмесі

10

Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-08-05

23-07-16 қабылдау бөлмесі

11

Маңғыстау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Ақтау қаласы, 15-шағын аудан, 67 «б»

42-21-25

42-23-11 қабылдау бөлмесі

12

Павлодар облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48

33-47-54

33-47-35 қабылдау бөлмесі

13

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157

33-31-03

33-12-57 қабылдау бөлмесі

14

Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-96

30-06-79 қабылдау бөлмесі

15

Алматы қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 51

247-14-33

247-16-25 қабылдау бөлмесі

16

Астана қаласы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А

57-07-71

57-07-71 қабылдау бөлмесі

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша          

Нысан

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін
жеке тұлғаның
ӨТІНІШІ

Кімге _______________________________________________________________
                         (лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
         (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке
                           сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
        (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште ________________________________________ беруді сұраймын.
            (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет
             болған жағдайда, Х белгісін қою керек)
Жеке тұлғаның тұратын жері __________________________________________
                           (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді
                         мекен, көшенің аты, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық поштасы _________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
               (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызмет жүзеге асырылатын мекенжай(лар) ______________________________
         (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты,
                    үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

Қоса берілген құжаттар _______________________________________ парақ.

      Осы арқылы:
      көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыс деректері болып
табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген
ақпаратты жіберуге болатыны;
      өтініш берушіге сот лицензияланатын қызмет түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;
      қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні
әрі жарамды болып табылатыны куәландырылады.

Жеке тұлға ____________         _____________________________________
              (қолы)            (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөрдің орны
(бар болса)             Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________.

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша          

Нысан

Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін
заңды тұлғаның
ӨТІНІШІ

Кімге _______________________________________________________________
                      (лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
         (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
_____________________________________________________________________
         (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз
жеткізгіште ________________________________________ беруді сұраймын.
            (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет
             болған жағдайда, Х белгісін қою керек)
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
         (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты,
                    үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық поштасы _________________________________________________
Телефоны ____________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банктік шоты ________________________________________________________
               (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызмет жүзеге асырылатын мекенжай(лар) ______________________________
         (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің аты,
                    үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

Қоса берілген құжаттар _______________________________________ парақ.

      Осы арқылы:
      көрсетілген деректердің бәрі ресми байланыс деректері болып
табылатыны және лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру
немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша оларға кез келген
ақпаратты жіберуге болатыны;
      өтініш берушіге сот лицензияланатын қызмет түрімен және
(немесе) кіші түрімен айналысуға тыйым салмағаны;
      қоса беріліп отырған құжаттардың бәрі шындыққа сәйкес келетіні
әрі жарамды болып табылатыны куәландырылады.

Басшы ____________              _____________________________________
         (қолы)                 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

Мөрдің орны             Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _________.

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша          

Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензияға мәліметтер нысаны

Жеке тұлға үшін өтініш берушінің біліктілігі және заңды тұлға үшін
инженер-техник қызметкерлері туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

1) ТАӘ ______________________________________________________________
2) Лауазымы _________________________________________________________
3) Осы ұйымда ________________________________________ жұмыс істейді.
         (тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
4) Жұмыс өтілі ______________________________________________________
                (мамандығы бойынша және атқарып отырған жұмысындағы
                                   өтілін көрсету)
5) Оқу орнының атауы ________________________________________________
6) Бітірген жылы ____________________________________________________
7) Дипломы бойынша біліктілігі ______________________________________
8) Сейсмикалық қаупі жоғары аудандарда жұмыс істеуге рұқсатының болуы
_____________________________________________________________________
         (құжаттың нөмірін, берілген күні мен орнын көрсету)

Өндірістік база туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта
ресімдеген кезде толтырылады)

9) Өндірістік базаның мекенжайы _____________________________________
_____________________________________________________________________
10) Ауданы __________________________________________________________
11) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі ______________
_____________________________________________________________________
12) Жалға алу туралы шарттың нөмірі _________________________________
13) База мыналармен жарақталған: (болған жағдайда, «Х» белгісін қою
қажет)
Өтініш берілген жұмыс түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші
түрін орындау үшін қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және
үй-жайлармен ________________________________________________________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен ___________
_____________________________________________________________________
14) Жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін
регламенттейтін сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулықтың
деректемелері (норманы бақылау, жұмыс жүргізудің сапасын бақылау) ___
_____________________________________________________________________
15) Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша
бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтардың деректемелері ______________
_____________________________________________________________________

Өзге талаптар
(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде
толтырылады)

16) Жұмыс тәжірибесі ________________________________________________
17) Іске қосылған объектілер ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
18) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар актілерінің
деректемелері _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
19) Іске қосылған объектілер бойынша пікірлердің деректемелері ______
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға
қосымшаны алған кезде толтырылады)

20) Атауы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
21) Өлшем бірлігі ___________________________________________________
22) Саны ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
23) Пайдалану мерзімі _______________________________________________
24) Сипаттамасы (маркасы, қуаты), сапалық құрамы ____________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
25) Ескертпе ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша          

Нысан

Кімге _______________________________________________________________
                       (лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуді сұраймын.
Тұратын жері ________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі _________, сериясы ____________,
№ ______________, кім берді _______________ қашан берді _____________
Банктік шоты (бар болса) ____________________________________________
                  (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

____________                     ____________________________________
    (қолы)                            (тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш 20__ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
    (лицензиардың жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
6-қосымша          

Нысан

Кімге _______________________________________________________________
                       (лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
              (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
         (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта
ресімдеуді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс,
                                 e-mail)
Банктік шоты ________________________________________________________
               (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) ___________
_____________________________________________________________________
               (орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Басшы ____________               ____________________________________
         (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты)

Мөрдің орны                      20__ жылғы _________________________

Өтініш 20__ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
           (жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
7-қосымша          

Нысан

Кімге _______________________________________________________________
                        (лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
        (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН деректемелері)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
телнұсқасын беруді сұраймын.
Тұратын жері ________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат: түрі __________, сериясы ___________,
№ ______________, кім берді _______________ қашан берді _____________
Банктік шоты (бар болса) ____________________________________________
                  (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

____________                     ____________________________________
   (қолы)                             (тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш 20__ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
     (лицензиардың жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
8-қосымша          

Нысан

Кімге _______________________________________________________________
                        (лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
              (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері)

ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
        (қызметтің түрін және (немесе) кіші түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
телнұсқасын беруді сұраймын.
Мекенжайы ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
  (индексі, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі, телефон, факс,
                                e-mail)
Банктік шоты ________________________________________________________
               (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Филиалдары (өкілдігі, объектілері, пункттері, учаскелері) ___________
_____________________________________________________________________
               (орналасқан жері және деректемелері)
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Басшы ____________               ____________________________________
         (қолы)                       (тегі, аты, әкесінің аты)

Мөрдің орны 20__ жылғы ___________________

Өтініш 20__ жылғы _______________________________ қарауға қабылданды.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
          (жауапты адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына 
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына         
9-қосымша          

нысан

(көрсетілетін қызметті алушының                        
тегі, аты, бар болса – әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
ұйымының атауы)                                        
________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының мекенжайы)        

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      Ескерту. Стандарт 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.02.2014 № 166 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет
көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды
қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында
көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) …
      ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      Аты-жөні (ХҚО қызметкері)                                (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. _____________________________________________
      Телефоны ______________________________________________________
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__ ж. «___» ___________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен 
бекітілген     

«Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен құрастырмаларын (сертификатталған өнімдерді қоспағанда) өндіруге (шығаруға) лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты

      Ескерту. Стандарт алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 7 қазандағы
№ 1036 қаулысымен 
бекітілген     

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету түрлеріне лицензиялар беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты