Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарында:
5-бағандағы реттік нөмірі 6-жолда «1-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 13-жолда:
4-бағандағы «, СӘК (келісім бойынша)» деген сөздер алып тасталсын;
5-бағандағы «3-тоқсан» деген сөздер «4-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 167-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірлері 29 және 30-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-1-жолмен толықтырылсын:
«
43-1 |
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
ЖС (келісім бойынша) |
Қазан |
Қараша |
Желтоқсан |
А.Д.Тәшенова |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов