Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2208 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 28 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары (келісім бойынша):
      1) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне 2010 жылғы 20 мамырдан және 10 қарашадан кешіктірмей Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2010 жылғы 10 маусымнан және 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 2010 жылғы 10 шілдеден және 2011 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2208 қаулысымен
бекітілген     

Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі
кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі 2010 жылға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.23 N 632, 2010.09.29 № 987, 2010.12.29 N 1443 Қаулыларымен.

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауапты

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

1

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ІІМ

4-тоқсан

2

Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының жобаларына ғылыми сараптама жүргізуді көздейтін заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

Әділетмині, СІМ

1-тоқсан

3

Әділ сотқа қарсы құқық бұзушылықтармен күрес жөніндегі шараларды күшейту туралы ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ПМК, СӘК (келісім бойынша)

1-тоқсан

4

Мамандандырылған қылмыстық соттарды құру және оларды сот жүйесінің объектілеріне қойылатын талаптарға жауап беретін әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз ету мәселесін қарау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ПМК, СӘК (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

1-тоқсан

5

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізуді көздейтін заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ЭҚЖҚКА (келісім бойынша)

2-тоқсан

6

Жеке және мемлекеттік сот орындаушыларының қызметін реттеу мәселелері бойынша заңға тәуелді нормативтік құқықтық базаны дайындау

Үкіметтің қаулылары және СӘК төрағасының бұйрығы

СӘК (келісім бойынша)

3-тоқсан

7

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

8

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

9

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

БП (келісім бойынша)

4-тоқсан

10

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

2-тоқсан

11

«Қазақстан Республикасындағы бақылау және қадағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

Әділетмині, БП (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ

қыркүйек

12

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бақылау және қадағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

Әділетмині, БП (келісім бойынша), ИЖТМ, ЭДСМ

қыркүйек

13

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Конституциялық заң жобасы

ЖС (келісім бойынша)

4-тоқсан

14

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ММ (жинақтау), Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, БҒМ, ДСМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині, АШМ, СІМ, ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

3-тоқсан

15

«Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ЕХӘҚМ

3-тоқсан

16

Алып татсалды - ҚР Үкіметінің 2010.12.29 N 1443 Қаулысымен.

17

Жергілікті соттарда ақпараттық дүңгіршектер енгізу жөніндегі мәселені қарау

Президент Әкімшілігіне ақпарат

ПМК, СӘК (келісім бойынша), ЭДСМ

3-тоқсан

18

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Терроризмге қарсы конвенциясын ратификациялау туралы заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

ҰҚК (келісім бойынша)

3-тоқсан

19

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен жұртшылық өкілдерін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге тарту

Үкіметке ақпарат

Әділетмині, ММ, мүдделі мемлекеттік органдар

3-тоқсан

20

Мәмілелерді жасауда, оның ішінде қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған осындай мәмілелерге уәкілетті органның тарапынан бақылауды күшейту бөлігінде мүдделілік бар мәмілелерді жасау тәртібін жетілдіру

Үкіметке есеп

ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

3-тоқсан

21

Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасалуын және инсайдерлік ақпараттың таралуын бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

Үкіметке ақпарат

ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

3-тоқсан

22

Инвестициялаудың ұжымдық нысандарын жүзеге асыратын инвесторлардың өз қызметі туралы ақпаратты жариялау деңгейін арттыру мүмкіндігін қарастыру

Үкіметке ақпарат

ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

3-тоқсан

23

Инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігінде заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау

ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

3-тоқсан

24

Интернет желісі арқылы сақтандыруды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілеу мүмкіндігі туралы мәселені пысықтау

Үкіметке ақпарат

ҚҚА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

3-тоқсан

25

Мемлекеттік билік деңгейлері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары арасындағы қызметтерді одан әрі ұтымды және дәл бөлу жөніндегі шараларды пысықтау

Үкіметке есеп

ЭДСМ, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар

4-тоқсан

26

Мемлекеттік қызметтер тізілімін кеңейту мақсатында нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу

Үкімет қаулысы

ЭДСМ МҚІА (келісім бойынша), Әділетмині

4-тоқсан

27

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүргізу

Үкіметке есеп

МҚІА (келісім бойынша)

4-тоқсан

28

Қолданыстағы заңнаманы жүйелеу

Үкіметке есеп

Әділетмині

4-тоқсан

29

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу

Жарлық жобасы және МҚІА төрағасының бұйрықтары

МҚІА (келісім бойынша)

4-тоқсан

30

Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

Үкімет қаулылары және ТМРА төрағасының бұйрықтары

ТМРА

4-тоқсан

31

Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы осы саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру мәселесі бойынша заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу

Заң жобасы

Әділетмині

4-тоқсан

32

Инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау

ККА (келісім бойынша), АӨҚОҚРА (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), Қаржымині

4-тоқсан

33

Бағалау қызметі саласындағы мемлекеттік бағалау стандарттарын әзірлеу

Әділет министрінің бұйрықтары

Әділетмині

4-тоқсан

34

Әлеуметтік салада зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін дамыту бөлігінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу

Үкімет қаулылары

Еңбекмині,

4-тоқсан

35

Табиғатты ұтымды пайдалануды ынталандыруға және экологиялық нормативтерді сақтауға, экологиялық таза өндірістерді және азаматтардың экологиялық жағынан қауіпсіз жүріп-тұруын дамытуға бағытталған экологиялық заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу

ВАК отырысында заң жобасының тұжырымдамасын қарау

Қоршағанортамині, АШМ,

4-тоқсан

36

Әкімшілік учаске халқының пікірін ескере отырып, учаскелік полиция инспекторларын тағайындау ережесін әзірлеу

Ішкі істер министрінің бұйрығы

ІІМ

4-тоқсан

37

Қазақстан Республикасының сыртқы барлау органдарының қызметін жетілдіру

Жарлық жобасы және Үкімет қаулылары

Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметі (келісім бойынша)

4-тоқсан

38

Жергілікті соттарда сот процестерін аудио-бейне жазып алу жүйелерін енгізу, жергілікті соттарда және сот орындаушыларының аумақтық бөлімдерінде «Сот органдарының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін» енгізу. Мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін ескере отырып, сот жүйесінің ақпарат кеңістігін мүдделі мемлекеттік органдармен біріктіру

Үкіметке есеп

ЖС (келісім бойынша), СӘК (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

39

Алып татсалды - ҚР Үкіметінің 2010.12.29 N 1443 Қаулысымен.

40

Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру

Үкіметке есеп

Әділетмині, мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

41

Заңдық білім беру деңгейін арттыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

Үкіметке есеп

БҒМ, мүдделі мемлекеттік органдар

4-тоқсан

42

«Студенттік омбудсмен» жобасын іске асыру

Үкіметке ақпарат

БҒМ

4-тоқсан

43

Адамның бас бостандығын және меншікке қол сұғылмаушылықты сотқа дейін шектеуге байланысты қылмыстық-іс жүргізуге мәжбүрлеудің жекелеген шараларын санкциялауды соттың құзыретіне кезең-кезеңімен беру туралы ұсыныстар енгізу

Президент Әкімшілігіне ұсыныс

ЖС (келісім бойынша), ЭСЖҚКА (келісім бойынша), ҰҚК (келісім бойынша), IIM, БП (келісім бойынша), Қаржымині, Әділетмині, ЭДСМ

4-тоқсан

Ескертпелер: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ПМК                    - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
                         Кеңсесі
ІІМ                    - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
                         министрлігі
ДСМ                    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                         министрлігі
СІМ                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                         министрлігі
ММ                     - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
БҒМ                    - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                         министрлігі
Қоршағанортамині       - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                         қорғау министрлігі
Еңбекмині              - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                         әлеуметтік қорғау министрлігі
Қаржымині              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ                   - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
                         және сауда министрлігі
Әділетмині             - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
АШМ                    - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                         министрлігі
ИЖТМ                   - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                         технологиялар министрлігі
ҚНРА                   - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен
                         қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
                         агенттігі
ТМРА                   - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
                         реттеу агенттігі
БҚА                    - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                         агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
АӨҚОҚРА                - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
                         өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
                         агенттігі
МҚІА                   - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
                         істері агенттігі
ЭСЖҚКА                 - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
                         және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
                         агенттігі (қаржы полициясы)
БП                     - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы
ҰҚК                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
                         комитеті
ЖС                     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
СӘК                    - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
                         жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
ҰБ                     - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ВАК                    - Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі
                         ведомствоаралық комиссия