"Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 969 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 272 қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 13.05.2019 № 272 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 969 қаулысымен
бекітілген

"Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы

      1. Осы "Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы, "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленген және гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін әзірлеу, өндіру, айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын барынша аз қажетті талаптарды белгілейді.

      2. Осы Техникалық регламент Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (КО СЭҚ БТН) 02, 03, 09, 13, 18 және 21 тауар топтарына, 0401-0406, 0407 00, 0408 19 810 0, 0408 19 890 0, 0408 99 800 0, 0409 00 000 0, 0410 00 000 0, 0712-0714, 0801-0806, 0811-0813, 0814 00 000 0, 0901, 0902, 0903 00 000 0, 0904, 0905 00 000 0, 0906, 0907 00 000 0,0908-0910, 1101 00, 1102, 1103, 1105-1108, 1208, 1210, 1212, 1501 00, 1501 00-1503 00, 1504, 1506 00 000 0, 1507-1517, 1601 00, 1602, 1603 00, 1604, 1605, 1701, 1702, 1704, 1801 00 000 0, 1803, 1804 00 000 0, 1805 00 000 0, 1806, 1901, 1902-1905, 2001-2003, 2005-2009, 2101-2104, 2105 00, 2106 тауарлық позициясына, кіретін гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдеріне қолданылады.

      3. Техникалық реттеу объектілері:

      1) бір немесе бірнеше гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктерді және жануарларды толық не ішінара қамтитын немесе олардан алынған;

      2) өзінің құрамы гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктерден және жануарлардан өндірілген ингредиенттерді қамтитын тамақ өнімі болып табылады.

      4. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдері үшін төрт әлеуетті қауіпті (проблемалық) фактор белгіленген:

      1) енгізілген гендер (гендік өнімдер);

      2) "бөгде" және "туған" гендер арасындағы өзара әрекет;

      3) "жаңа" гендерді тарату;

      4) гендік түрлендірілген технологияларға тән алдын ала болжанбаған ("белгісіз") әсерлер.

      5. Жүргізілген қауіп-қатерді бағалауды ескере отырып, қауіп-қатерді жоюға немесе гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін әзірлеу, өндіру және айналымы кезінде оны рұқсат етілген деңгейге дейін азайтуға арналған шаралар кешені айқындалады.

      6. Рұқсат етілген қауіп-қатерлерді айқындау кезінде:

      қауіп-қатерлерді бағалау нәтижелері;

      өзгерген тірі организмдерді қолдану аясы есепке алынады.

      7. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіп-қатерлерін бағалау зертханалық зерттеулер барысында қауіп-қатерлерді кешенді бағалау ретінде жүзеге асырылады және мыналарды:

      1) негізгі компоненттердің қауіп-қатерін бағалауды, метаболиттерді айқындауды, тамақ өнімдерін өндіру технологиясының нәтижелерін, тағамдық өзгерісті;

      2) өзгерген тірі организмдер құрамына кіретін белоктардың физикалық-химиялық қасиеттерін бағалауды (рН, су дисперсияларының ерігіштігі, реологиялық қасиеттері, суды ұстап қалу және майды ұстап қалу қабілеті, гельдің пайда болуының күрделі шоғырлануы, эмульсиялық тұрақтылығы);

      3) өзгерген тірі организмдердің физикалық-химиялық қасиеттерін, олардың тағамдық және биологиялық құндылықтарын, сондай-ақ тамақ өнімі қауіпсіздігінің гигиеналық айғақтарын бағалауды;

      4) өзгерген тірі организмдердің микроорганизмдерге медициналық-биологиялық әсерін бағалауды қамтиды. Өзгерген тірі организмдердің медициналық-биологиялық әсерін айқындау жануарларға жүргізілген тәжірибелер нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Ол уыттылықты, эмбриуытты, гонадотроптық, тератогендік, мутагендік әсерлерді, иммундық модульдеуші, аллергиялық қасиеттерді, макроорганизмнің әртүрлі биотоптарының микробиоценозға әсер етуін бағалауды, гемотологиялық және биохимиялық зерттеулер жүргізуді көздейді.

      8. Тағамдық мақсаттарға арналған өзгерген тірі организмдер үшін болуы мүмкін уыттылықтың және айқын заттардың патогенетикасымен байланысты басқа да ерекшеліктерінің, иммунологиялық әсердің, адамның асқазан-ішек жолында микроорганизмдер болуының және олардың өмір сүруге қабілеттілігінің, антибиотикорезистенттіктің және өзгерген тірі организмдердің гендерін ауыстырып қондырудың қауіпсіздігін бағалау жүргізіледі.

      9. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің адамның денсаулығына және Қазақстан Республикасының қоршаған ортасына қауіп-қатерін бағалау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген немесе аттестатталған зертханаларда жүзеге асырылуы тиіс.

      10. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін сәйкестендіру:

      1) көзбен қарау;

      2) тұтыну (топтық, көліктік) қаптамасында ұсынылған терминологияға және ақпаратқа енгізілген сипаттамалық белгілерді бағалау;

      3) нормативтік, техникалық, өзге де ілеспе құжаттарда немесе тамақ өнімнің нақты түрлерін жеткізуге арналған шарттарда-келісімшарттарда көзделген көрсеткіштер бойынша ұсынылған ақпаратты бағалау әдістерімен жүргізіледі.

      11. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін сәйкестендіру осы Техникалық регламентке қосымшаға сәйкес схема бойынша жүргізіледі.

      12. Осы Техникалық регламенттің 10-тармағында көрсетілген әдістердің кез келгенімен алынған ақпарат жеткіліксіз болған кезде белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері бойынша зертханалық (полимераздық тізбек реакциясы әдісімен) бағалау және сынау жүргізеді.

      13. Сәйкестендіруді қамтамасыз ету мақсатында гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдеріне арналған ілеспе құжаттар мынадай ақпаратты:

      1) өндірушінің атауы мен мекенжайын;

      2) өзгерген тірі организмдер үшін атауы және сәйкестендіру деректерін;

      3) мыналар:

      тамақ өнімдері және тағамдық қоспалар ретінде және өндіру кезінде пайдалану үшін және (немесе) азық және азықтық қоспалар ретінде және өндіру кезінде пайдалану үшін өзгерген тірі организмдерді қолданудың рұқсат етілген саласын қамтуы тиіс.

2. Терминдер мен анықтамалар

      14. Осы Техникалық регламентте мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) бастапқы контейнер - гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін тікелей қоршайтын контейнер (тасымалдау ыдысы, қаптама);

      2) "бұзылмайтын" - қысым, күш, әсер, температура және ылғалдылық тәрізді тасымалдаудың саналы түрде күтілетін жағдайында тұтастықты сақтау мүмкіндігі;

      3) гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлар - тамақ өнімі ретінде не тамақ өнімін ендіру үшін бастапқы материал ретінде пайдаланылуы мүмкін өзгерген тірі организмдер;

      4) екінші (сыртқы) контейнер - бастапқы контейнерді тікелей қоршайтын контейнер (тасымалдау ыдысы, қаптама);

      5) компонент (ингредиент) - жануардан немесе өсімдіктен алынатын зат немесе өнім, сондай-ақ тамақ өнімін дайындау немесе өндіру кезінде пайдаланылатын және дайын өнімде бастапқы немесе өзгерген түрде болатын тағамдық қоспалар;

      6) "мөр соғылған" - тасымалданатын және тасымалдаудың стандартты рәсімі кезінде жабық күйде қалуы мүмкін өзгерген барлық тірі объектілерді немесе репродуктивті материалды (оның ішінде тозаң) ұстап тұру қабілеті;

      7) өзгерген тірі организмдер - гендік инженерия әдістерін пайдалану нәтижесінде алынған генетикалық материалдың жаңа комбинациясына ие, тұқым қуалайтын генетикалық материалды өндіруге немесе беруге қабілетті кез келген тірі организмдер (микроорганизмдер);

      8) сәйкестендіру деректері - өзгерген тірі организмдерді (генетикалық түрлендірілген объектілер) айқындауға мүмкіндік беретін толық ақпаратты қамтитын деректер;

      9) тасымалдау - тауарларды (өнімді) жөнелту пунктінен мақсатты пунктке көшіру;

      10) уәкілетті орган - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган.

3. Қазақстан Республикасы нарығындағы айналым шарттары

      15. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің айналымы осы Техникалық регламентке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 маусымдағы № 630 қаулысымен белгіленген Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган беретін Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікпен қоса жүреді.

      16. Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, генетикалық түрлендірілген объектілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімінің айналымына жол берілмейді.

      17. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімінің үлгілерін әкелу (импорттау) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 165 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін қадағалауды (қауіп-қатерлерді басқаруды) қамтамасыз ету мақсатында өндірушілер (өткізушілер) тіршілік циклдың барлық сатыларында:

      1) өнімнің (постнарық мониторингі) қайда және қай жерден сатылғандығын қадағалау жүйесінің болуы;

      2) өнімнің сәйкестендіру деректеріне қатысты ақпарат беру;

      3) сипаттамасында өзгерген тірі организмдер туралы ақпарат болуы немесе егер өнім өзгерген тірі организмдерден өндірілген болса, ақпаратты 5 жыл бойы сақтау және тиісті уәкілетті органдар үшін олардың талабы бойынша оның қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Қадағалауды қамтамасыз ету жауапкершілігі осы тамақ өнімін өндірушіден басталады.

      19. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардың айналымы кезінде пайдаланылатын көлік құралдары тасымалдау кезінде оларды кез келген жоғалтудан немесе кездейсоқ шығудан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс.

      20. Тасымалданатын гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер, оның ішінде өзгерген тірі микроорганизмдерді қамтитын өсімдіктер "мөр соғылған", "бұзылмайтын" бастапқы контейнерлердің ішінде толық болуы тиіс.

      21. Тасымалдау ғимараттың ішінде болатын жағдайларды қоспағанда, тасымалдау рәсімдері өзгерген тірі организмдерді қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында құжатталған болуы тиіс.

4. Тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

      22. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін өндіру, тасымалдау және өткізу "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңында және осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімі уытты, аллергиялық, иммундық-модульдеуші, гендік-уыттылық әсер бермеуі, өндіру функциясына, гормондық реттеуішке әсер етпеуі, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына олардың дәстүрлі ұқсастарына қарағанда үлкен дәрежеде өзге де зиян келтірмеуі тиіс.

      24. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімі қауіпсіздігінің гигиеналық көрсеткіштері (органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, уытты, паразитологиялық, радиологиялық, энергетикалық және тағамдық құндылығы) тамақ өнімінің жекелеген түрі үшін белгіленген қолданыстағы техникалық регламенттер немесе санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      25. Қазақстан Республикасында дайындалған және айналымға алғаш рет түсетін гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімінің қауіпсіздігі нарыққа шыққанға дейін осы Техникалық регламенттің 1-бөлімінде белгіленген талаптарға сәйкес, сондай-ақ Монреальда 2000 жылғы 29 қаңтарда қол қойылған Биологиялық түрлілік туралы конвенцияға Биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасында көзделген талаптарға сәйкес оның қауіпсіздігін ғылыми негізде растау жолымен дәлелденген болуы тиіс.

      26. Қазақстан Республикасында гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін өндіру (алу) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың он қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған қорытындылар болмаған кезде гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін пайдалануға тыйым салынады.

      27. Қазақстан Республикасының аумағында гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін арнайы мақсаттағы өнімдер, балаларға арналған тамақ және (немесе) оларды өндіруге арналған шикізаттар (ингредиенттер) ретінде пайдалануға тыйым салынады.

      28. Өзгерген тірі организмдер жоғалған немесе босатылған, оның ішінде алушыға жеткізілмеген жағдайда жоғалған өзгерген тірі организмдерді табу және (немесе) ұстап тұру, не орнына қою немесе өзгерген тірі организмдерді өмір сүруге қабілетсіз етуді қамтамасыз ететін қажетті шаралар дереу қабылдануы тиіс.

      29. Тасымалдау кезінде өзгерген тірі организмдерді сыртқы контейнерден тыс кез келген абайсызда босату (оның ішінде төгілуі немесе ағып кетуі) зарарсызданған (дезактивтенген) болуы тиіс.

      30. Тасымалдау кезінде босатылмаған өзгерген тірі организмдерді кез келген жоғалту немесе кездейсоқ шығару (оның ішінде жоғалту, төгу, ағу немесе босату) дереу уәкілетті органға хабарлануы тиіс.

      31. Кәдеге жаратуға мына себептер бойынша сапасыз және қауіпті деп танылған:

      1) осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмейтін;

      2) жарамсыздықтың айқын белгілері бар;

      3) шығарылу орны, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (дайындаушының) немесе өнім берушінің құжаттары жоқ;

      4) Қазақстан Республикасының Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында және осы Техникалық регламентте көзделген мәліметтерді қамтитын таңбалаулары жоқ;

      5) жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе асып кеткен;

      6) адамдар мен жануарлардың аурулары мен уланулары пайда болу және таралу қаупін тудыратын, адамның және жануарлардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тікелей қауіп төндіретін гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімі жатады.

      32. Жоюға мына себептер бойынша сапасыз және қауіпті деп танылған:

      1) мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

      2) кәдеге жаратуға жарамсыз гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімі жатады.

      33. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін кәдеге жаратуды және жоюды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекітілген Адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған ортаға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою ережесіне және осы Техникалық регламентке сәйкес өндіруші (дайындаушы) немесе сатушы жүзеге асырады.

      34. Тасымалданғаннан кейін ол сертификатталған үй-жайда тұрған кезден басқа жағдайларда қаптау әдістердің кез келгенімен (будың қысымымен стерилдеу (автоклавта) немесе басқа термиялық өңдеу немесе химиялық өңдеу немесе өртеу не уәкілетті орган жазбаша түрде бекіткен кез келген басқа әдіспен) зарарсыздандырылуы тиіс.

5. Қаптауға және таңбалауға қойылатын талаптар

      35. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін қаптау және таңбалау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 277 қаулысымен бекітілген "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентінің және осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келуі және шынайы болуы, тұтынушыны жаңылыстырмауы және оның құрамы мен қасиеттері туралы қате түсінік бермеуі тиіс.

      36. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімі туралы ақпарат, егер өзгерген тірі организмдердің құрамы осындай компонентте 0,9 және одан астам пайыз қамтыған болса, оларды қолдану арқылы алынған (немесе) компоненттерден тұратын тамақ өнімдерінде болуы туралы мәліметті қамтуы тиіс. Бұл ретте өзгерген тірі организмдер үшін "Осы өнім генетикалық түрлендірілген организмдерді қамтиды" деген сөздер жеке сөйлеммен көрсетілуі, соңғы тұтынушыға сату кезінде қаптама өнімдері үшін - заттаңба, қапталмаған өнімдер үшін - өнім туралы нұсқауларда көрсетілуі тиіс.

      Кездейсоқ немесе техникалық түзетілмейтін қоспа болып табылатын өзгерген тірі организмдерді қолдану арқылы алынған құрамы 0,9 және одан астам пайыз компонентті қамтитын тамақ өнімдері өзгерген тірі организмдерге жатпайды.

      37. Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін таңбалау "генетикалық түрлендірілген" немесе "генетикалық түрлендірілуден алынған (шикізатты көрсету)" немесе "осы өнімнің құрамы генетикалық түрлендірілген организмдерді қамтиды" делініп:

      бір компонентті өнімдер үшін - көрінетін бір бөлігінде анық, ажыратылатын қаріппен өнімнің атауын;

      көп компонентті өнімдер үшін - тамақ өнімінің құрамын таңбалау кезінде - тікелей тиісті ингредиенттен кейін, не жалпы топтық атаумен біріккен ингредиенттердің тізімінен кейін. Мәтінге бір мәнде түсінілетін, нақты ингредиентке не тамақ өнімі құрамының көрсеткішінен кейін тікелей орналасқан ингредиенттердің тізіміне қатысты, құрам туралы ақпарат жазылған қаріппен көрінетін бөлікке жасалған "генетикалық түрлендірілген" немесе "генетикалық түрлендірілгеннен (шикізат көрсетіледі) алынған" деген сілтемемен таңбалауға жол беріледі.

      38. Өзгерген тірі микроорганизмдерді пайдалана отырып (немесе) алынған тамақ өнімдері үшін мынадай:

      құрамы өзгерген тірі микроорганизмдерді қамтитын тамақ өнімі үшін - "Өнім өзгерген тірі микроорганизмдерді қамтиды";

      құрамы өмір сүруге қабілетсіз өзгерген тірі микроорганизмдерді қамтитын тамақ өнімі үшін - "Өнім өзгерген тірі микроорганизмдерді пайдалану арқылы алынған";

      технологиялық өзгерген тірі микроорганизмдерден (бактериялар, грибоктар, вирустар және кейбір көп жасушалы организмдер) босатылған тамақ өнімі үшін немесе өзгерген тірі микроорганизмдерден босатылған компоненттерді пайдалану арқылы алынған тамақ өнімі үшін - "Өнім өзгерген тірі микроорганизмдерді пайдалану арқылы алынған компоненттерді қамтиды" деген ақпарат болуы міндетті.

      39. Қаптау материалдары, сондай-ақ гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін өлшеп-орау және қаптау тәсілдері олардың қоршаған ортаға кездейсоқ шығуын болдырмау мақсатында тасымалдау және сақтау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс.

      40. Тасымалдау ғимараттың ішінде болатын жағдайларды қоспағанда, осы Техникалық регламенттің 28-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында сыртқы контейнерде тасымалдауға жауапты адамның аты, мекенжайы және байланыс деректері болуы тиіс.

6. Сәйкестікті растау

      41. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган беретін Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімін растау болып табылады.

7. Қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттары

      42. Осы Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Техникалық регламентке
қосымша

Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерін сәйкестендіру схемасы

      __________

      | Жоқ |

      ----------

      |

      _____________ ГТО айқындау |

      | Тамақ өнімі |-------------------------------------|

      ------------- |

      |

      _________

      ГТО сәйкестендіру | Бар |

      ---------

      |

      ------------------------------------------------|

      | | |

      | | |

      | | |

      _________________ ______________________ ____________________

      |Тағам мақсатында | | Тіркеу жүйесінен | | Тағам мақсатына |

      | рұқсат етілген | | өтпеген | | тыйым салынған |

      ----------------- ---------------------- --------------------

      |

      |

      | _________________

      | _________|Таңбалануға жатады|

      __________________ | ------------------

      | Санын айқындау |__________|

      ------------------ |

      | _________________

      ----------| Таңбалануға |

      | жатпайды |

      -----------------